Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесіндегі ар-намыс пен қадір-қасиет институтының орны Қалжан Жұлдыз Ғалымжанқызы



Дата11.06.2016
өлшемі53.5 Kb.
#128847
УДК 340.116:130123.4

Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесіндегі ар-намыс пен қадір-қасиет институтының орны
Қалжан Жұлдыз Ғалымжанқызы

alia_akerke@mail.ru

«Ақмешіт» гуманитарлық техникалық институты 1 курс студенті,

Қызылорда, Қазақстан

Ғылыми жетекшісі – Муйденова А.К.


Ар-намыс - ол әр адамның бойындағы өзіне тән құндылығын, өнегелік принциптеріне негізделген оның ой өрісін, әрекет тірлігін мойындау деген сөз. Адам өнегелік және интелектуальдық құнды қасиеттердің көзі болып табылады. Адамның интеллектуалдық қасиеті болып табылатын ар-ожданға келген нұқсанды орынына келтіру мүмкін емес. Себебі, ар-ождан, қадір-қасиет қолға ұсталмайтын, әрі адамның жеке басымен тығыз қатынаста болатын қасиеттер.

Осы адамның «Ар-намысы мен қадір-қасиеті» деген сөздің толық мағынасын зерттеген ғалымдардың көзқарастарына тоқталсақ әр заңгер-ғалымдар бұл ұғымға әр түрлі түсінік береді.

Қазақ Совет Энциклопедиясында «Адамның ар-намысы мен қадір- қасиеті» деген сөзге былайша анықтама берген.

«Ар – адам бойындағы адамгершілік қасиеттің өлшемі, тұлғаның өз әрекеті мен ниеті үшін жауаптылығын сезінуі және адамның өзі ұждан тұрғысынан баға бере білуін бейнелейтін әдептанымдық категория. Этика әдебиеттерінде ар-ождан туралы көптеген анықтамалар бар. Сеника ар деп, адамгершілік өлшемдеріне байланысты, біздің мінез-құлықтарымызды құптайтын немесе айыптайтын ішкі дауысымызды айтамыз Таптық теориясының өкілі Карл Маркстің түсінігінше, «Ар дегеніміз-адамның өзіне деген


ашуы» [1, 47б.].

«Ар, ұят» – адам бойындағы адамгершілік қасиеттің өлшемі, тұлғаның өз әрекеті мен ниеті үшін жауапкершілігін сезінуі және адамның өзіне-өзі ұждан тұрғысынан баға бере білуін бейнелейтін әдептанулық категория [2, 16б.].

Гегель арды жақсылықтың іштей айқындалу процесі ретінде бағалайды. Ж.П.Сартр оны тұлғаның қоғамдық талаптар қысымына берген жауабы деп бағалайды. Қазіргі батыстық этикада ардың беделшілдік және гуманистік түсініктері айқындалған (Э.Форс).

Біріншісі – сырттан танылған құндылықтарға икемделумен байланысты болса, екіншісі, адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты. Қазақ халқының дәстүрлі әдеп жүйесіндегі «ар» ұғымы жоғары бағаланады. Кісіліктің негізгі қасиеттерінің бірі-арға кір түсірмеу. Қазақтың ұлы ақыны, Абай «арды» адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен сөгіп, қылған қысымның аты екенін айтады [3, 250б.]. Шәкәрімде барлық адамның ұят, әдептілік түсініктерін «Ар іліміне» топтастырады. Ар-намыс – жеке адамның қоғамда қалыптасқан моральдық, этикалық және салт-дәстүр нормаларын сақтауынан ұят, адамгершілік принциптерімен қалыптасады.

Қадір-қасиет – адамның сапалық болмасын айқындайтын қасиет. Қадір адамның өзіне айрықша адамгершілік қатынасы мен оған өзгелердің сыйлау, деңгейін көрсететін этикалық категорияға жатқызылады. Қадір ұғымына, абырой, атақ, сый-құрмет, мәртебе, даңқ ұғымдарымен үндес. Қазақ қоғамында беделі жоғары азамат қадірі мол кісі деп аталады. Қадір адамның өзі айналысатын кәсібіне, қабілет-қарымына байланысты. Адамның қадірі оның шыққан тегі, білімі немесе әлеуметтік жағдайына емес, оның жеке тұлға немесе азамат ретіндегі қасиеттерімен айқындалады. Бұл қасиеттер әр адамда өз мүмкіндіктерін пайдалануына орай, әр түрлі дәрежеде көрінеді. Адамның өз қадірін арттыруы оның жеке тұлға ретіндегі қалыптасуы барысында жүзеге асады. Ол өзінің еркі мен ұмтылысы нәтижесінде және өзгелерден артықшылығын көрсетуі арқылы қадірлі болып, халық арасында құрметке ие болады. Адамның өз қадірін білуі- кез келген тұлғаның өзін-өзі бағалау және тану сипаты болғандықтан, ол адамның өзін-өзі бағалау және өз алдындағы жауапкершілігін сезінуіне негізделеді.

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында абыройға мынадай түсінік берілген: «Абырой – қазақтарда кең мағынада, ар, ұят қадір-қасиет, құрмет ұғымдарының жиынтық мазмұнын білдіреді, тар мағынада – сәттілік, істің көңілдегідей ойдағыдай шығуы, пайда, тиімділік ұғымдарының баламасы ретінде қолданады» [4, 56б.].

Абырой – әр азаматқа рухани, әлеуметтік және адамгершілік қасиеттері арқылы бағаланып, берілетін қоғамдық жеке баға болып табылады.

Қадір-қасиет – бұл адамның білім деңгейіне, іскерлік қабілетіне, қоғамдық көзқкарасына және ішкі жан дүниесіне қастерлеп, қадірлеп әрі жеке адамгершілік құндылықтарына берілетін баға өзінің ішкі көзқарасы..

Бұл адамның екі адамгершілік категориясы: ар-намыс мен қадір-қасиеті бір-бірімен өте тығыз байланыста болып келіп жеке тұлғаға белгілі бір сипат қалыптастыратын


қасиеттер. Ар-намыс пен қадір-қасиет тұлға мен қоғам арасында белгілі бір әлеуметтік қатынас орнықтырады және Қылымыстық заңмен қорғалатын қоғамдық маңызы бар құндылықтар.

Заңгер-ғалым Е.О.Алауханов адамның ар-намыс пен қадір-қасиетін былайша түсіндіреді: «Адамның қадір қасиеті оның қоғамдағы орнына, беделіне, өмір – салтына, кәсібіне және басқа мән – жайларға байланысты. Әркім өзінше ойлап, өзінше әрекет жасауға және оны сайлауға тұрарлық. Заңды әрекеттер жүргізгенде, мысалы, әртүрлі тергеу әрекеттерін жүргізгенде куәлендіргенде, сараптама, тінту жүргізгенде, жауап алғанда, беттестіргенде, ұстағанда, тұтқындағанда, тағы басқа жағдайларда адамның қадір қасиетінің мызғымастығын сақтау жөніндегі міндеттер Конституцияда қатаң белгіленген. Қинау, күш қолдану және басқадай адамның қадір қасиетін қорлайтын әрекеттер жасауға тиым салынған.



Ар-намыс дегеніміз тұлғаға берілген қоғамдық баға, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі делінген. Ар намыс – адамға өнегелеу тұрғыдан берілетін қоғамдық баға, адамның азамат, қоғам мүшесі ретіндегі рухани және әлеуметтік өлшемі. Адамның бағасы, негізінен, азаматтың өзіне, оның жүріс тұрысына, мінез құлқына, әлеуметтік және рухани құндылықтарға деген көзқарасына, сондай ақ оның моральдық еңбегіне қаншалықты мойындалғанына байланысты.

Ал, қадір-қасиет – тұлғаның өз қасиетін, қабілетін, көзқарасын, қоғамға құндылығын өзінше іштей бағалауы. Бұл екі түсінік-төменде де «тұлға» деген сөз бар, оны азамат деп те, заңды тұлға деп те түсінуге болады. Осыған байланысты  соттар, 2011 жылғы наурыз айында азаматтық заңнамаға тиісті түзетулер енгізгенге дейін, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауға қатысты журналистер мен Бұқаралық ақпарат құралдарына қойылған талаптарды тек азаматтардан ғана емес, заңды тұлғалардан да алып қарайтын болды. 

Қадір қасиет дегеніміз–өзінің сипатын, қабілетін, білім деңгейін, өмір танымын, қоғамдық маңыздылығын іштей өзі бағалау. Бұл – кез келген жағдайда өзінің адам екендігін естен шығармау деген сөз» деп анықтама береді [5].

Ар-намыс – азаматтың рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы.

Абырой – өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.

Іскерлік абырой – адамның іскерлік (өндірістік мамандылық) беделіне қоғамдық пікірдің дұрыс берген бағасы.»

Екі өнегелік санат – ар намыс пен қадір қасиет өзара байланысты, олар адамның басын сипаттайды, одан бөлініп қарастырылмайды, оның рухани байлығы болып табылады. Ар намыс пен қадір қасиет адам мен қоғам арасындағы белгілі бір әлеуметтік қатынастарды көрсетеді, онда қоғамдық маңызы бар және ол қылмыстық заңмен қорғалады

Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының «Сот тәжірбиесінде жеке тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделдігін қорғау жөнідегі заңдылықты қолдану туралы» 1992 жылғы 18 желтоқандағы № 6 нормативтік қаулысына сәйкес:

Ар-намыс деген –азаматтың рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы.

Қадір-қасиет (абырой) деген-өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.

Жұмыскерлік атақ деген – адамның іскерлік (өндірістік мамандылық) беделдеріне қоғам пікірі бойынша дұрыс берілген баға [6].

Дегенмен ар-амыстың тек қоғамның бағасы ретінде және қадір-қасиетінің тек іштей бағалау ретінде қарастырылуына қарсымыз. Себебі жала жабу мен қорлаудың объектісіне сипаттама бере отырып, профессор Г.Баймурзин: «Ар – намыстың сыртқы объективтік жағы тұлғаның әлеуметтік қасиеттеріне қоғам тарапынан баға беру деп, ал ішкі объективтік жағы бұл тұлғаның өз моральдық беделін өзінің іштей сезініп бағалауы» - деп көрсетіледі [7, 35б.].

Сонымен қатар, ол «Адами қадір – қасиет бұл адамның қоғамдағы маңыздылығын және оның алатын орнын қоғам тарапынан бағалау деп, ал адамның өз қоғамдық маңыздылығын іштей сезіну жеке қадір-қасиет» - деп көрсетіледі.

Дегенмен адамның қадір–қасиетін бұлай бөлудің қажеттілі жоқ деп ойлайды көптеген авторлар. Себебі бұлардың бәрі адамның қадір-қасиетінің белгісі деп дәлел ұсынады.

Ар-намысты сөзін қарастырғанымызда, ар-намыс бостандығы туралы айтып кеткеніміз жөн.

Ар намыс бостандығы адам бостандығының көрінісі болып табылады. Әр адам, өз еркі бойынша, өзінің дінге қатысын өзі белгілеуге құқылы. Егер адам қайсыбір дінге сенетін болса, оның діни рәсімдерді, әдет ғұрыптарды орындалуына ешкімнің кедергі келтіруге құқы жоқ. Әрине, діни рәсімдерді, әдет ғұрыптар мен дәстүрлерді орындау басқа даамның қоғамның заңды мүдделеріне кесел келтірмеуі тиіс. Заң дінге сенетіндердің құқы мен бостандығын тікелей және жанамалап шектеуге немесе оларға жеңілдіктер мен артылықшылықтар беруге тыйым салады. Конституция бірде бір діннің артықшылығын көздемейді. Діни көзқарастары үшін жаулық пен кекшілдікті қоздыру адам құқын бұзу болып есептеледі. Дінге сенетіндер қасиетті деп есептейтін құрылыстар мен орындарды, заттар мен бұйымдарды қорлау мен арамдау құқық бұзушылық болып табылады.

Заң ар намыс, қадір қасиетпен бірге жеке өмірге кім кімнің тарапынан болсын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Мысалы, азаматқа қатысты ақпаратты оның келісімінсіз жинауға, сақтауға пайдалануға және таратуға болмайды. Ол үшін тек азаматтың ғана емес, сондай ақ мұндай ақпараттың заңда қарастырылған сақтау, пайдалану тәртібі де сақталуы тиіс. Егер ол заңдық жауаптылыққа тартылған болса, ақпаратты құқық қорғау органдары мысалы, полиция, прокуратура, сот азаматтың келісімінсіз жинай алады. Егер адам жауаптылыққа тартылмаған болса, аталған органдардың ол туралы ақпарат жинауға, сақтауға, пайдалануға және таратуға құқығы жоқ.


Қолданылған әдебиет

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 8-том – Алматы, 1998.

  2. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы, «Ана тілі», 2002.

  3. Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. - Алматы. 1986.

  4. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. 1-том - Алматы, 2000.

  5. Е.Алауханов. Қазақстан журналисі моральдық зиянды өтеу мәселесіне байланысты құқықтары қорғауды қажет етеді. // http://www.minber.kz.

  6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 1992 жылғы 18 желтоқандағы № 6 «Сот тәжірбиесінде жеке тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделдігін қорғау жөнідегі заңдылықты қолдану туралы» нормативтік қаулысы.

  7. Құлжанова А, Алмуханов Е. Жала жабу мен қорлау: саралау ерекшеліктері. // Тура би, 2007, №1


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет