Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару



Дата08.07.2016
өлшемі38.94 Kb.
#185415




Қазақстан Республикасы

Жер ресурстарын басқару

агенттігі төрағасының

«___»_______ 2011 жылғы

№ ____


Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму

және сауда министрінің

«___» ______ 2011 жылғы

№ ____ бірлескен

бұйрығына 1-қосымша





Жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес жерді пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін әзірленді.

2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел – жер ресурстарына зиян келтіру, салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жер иелерінің жерге және жер пайдаланушылардың құқығының бұзылуының ықтималдылығы;

2) жерді пайдалану мен қорғауға қатысты жеке кәсіпкерлік саласындағы бақылау субъектілері – жер ресукрстарының пайдалану жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асыратын иелігінде құнды ауыл шаруашылығы алқаптары бар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер және жер қойнауын пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар.

3. Бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бірінші кезекті және кейінгі бөлу арқылы жүзеге асырылады.

4. Бірінші кезеңде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер құнды ауыл шаруашылығы алқаптарының көлеміне, ал жер қойнауын пайдаланушылар келісім-шарттың мерзіміне қарай үш топқа бөлінеді:

1) жоғары тәуекел тобына:

5 000 гектардан (бұдан әрі - га) астам бағара егістігі, 100 га астам суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;

жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі бес жылдан аспайтын жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;

2) орташа тәуекел тобына:

3 000 га-дан 5 000 га дейін бағара егістігі, 50 га-дан 100 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;

жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейінгі жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады;

3) төмен тәуекел тобына:

300 га-дан 3 000 га дейін бағара егістігі, 10 га-дан 50 га дейін суармалы егістігі бар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер;

жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт мерзімі 10 жылдан астам жер қойнауын пайдаланушылар жатқызылады.

5. Екінші кезеңде жер ресурстарының жағдайына әсер ететін қызметті жүзеге асырушы бақылау субъектілерін тиісті тәуекел тобына жатқызылған субъектілерге мынадай баллдар беріледі:

1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін:

жерді қорғау бойынша іс-шаралардың болмауы (жердi құнарсыздануын, шөлейттенуін, су және жел эрозиясын, селді, су басуды, батпақтануды, қайталап сортаңдануды, құрғап кетуді, тапталуды және топырақтың бұзылуының басқа да процесстерін болдырмау бойынша агротехникалық іс-шараларды жүргізу) – 20 балл;

жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы – 15 балл;

жерлерді бір жылдан астам пайдаланбау – 10 балл;

егістік алқаптарда дәнді-дақылдардың бір түріне ғана басымдылық беру – 10 балл;

егістік және өнім түсімі бойынша статистикалық есептердің болмауы – 5 балл;

жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;

2) жер қойнауын пайдаланушылар үшін:

бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының болмауы – 20 балл;

жер учаскесіне құқықты белгілейтін және сәйкестендіруші құжаттардың болмауы – 15 балл;

жерлердің өндірістік мониторингінің болмауы – 10 балл;

жерге орналастыру жобасының болмауы (аумақтарды орналастыру жобасы) – 5 балл;

межелеу белгілерін жою – 5 балл.

6. Кейінгі бөлу қорытындылары бойынша аталған субъектілерге тиісті тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәртіпте баллдардың шекті сомасы белгіленеді:

1) жоспарлы тексерістің жылына бір рет реттілігі бар жоғары тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 25 және одан да жоғары балл;

жер қойнауын пайдалану саласында – 20 және одан да жоғары балл;

2) жоспарлы тексерістің үш жылда бір рет реттілігі бар орташа тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 15 баллдан 25 баллға дейін;

жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллдан 20 баллға дейін;

3) жоспарлы тексерістің бес жылда бір рет реттілігі бар төменгі тәуекел дәрежесі:

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерді пайдалану саласында – 15 баллға дейін;

жер қойнауын пайдалану саласында – 10 баллға дейін.

7. Бақылау субъектілері бір тәуекел ету дәрежесінің ішінде болған жағдайда таңдау мынадай тәртіпте жүргізіледі:

1) берілген баллдардың ең көп сомасы бойынша;

2) жер учаскесінің көлеміне байланысты;



3) келісім-шарттың ең қысқа мерзімі бойынша (жер қойнауын пайдаланушылар үшін).

8. Әр бір тексерілетін субъектіге бақылау ісі жүргізіледі, онда тексерістерді тағайындау туралы актілердің, тексеріс бойынша тексеру парақтарының, нұсқамалардың көшірмелері, тексеріс нәтижелері және жер заңнамасының талаптарын орындау бойынша жүргізілетін іс-шаралар туралы мәліметтер тігіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет