Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы



Дата23.02.2016
өлшемі55 Kb.
#10574
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

2013 жыл Астана қаласы


Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:


  1. «Қадағалау сатысындағы қылмыстық iстер жөнiндегі өндiрiстiң тәртiбi туралы» 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 2 қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 16 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «ҚIЖК-нiң 50-тарауына сәйкес кассациялық сатыда оларды қарағаннан кейін ғана бiрiншi, апелляциялық сатылардағы соттардың заңды күшiне енген үкімдері мен қаулылары, сондай-ақ сот ісін жүргізуді қысқарту туралы кассациялық сатыдағы соттың қаулылары шағымдалуға (наразылық келтiрiлуге) және қайта қаралуға жататыны түсiндiрiлсiн. Бiрiншi сатыдағы соттың үкiмi, қаулысы, егер оларға шағым, наразылық келтiрiлмесе, ҚІЖК-нің 423-бабының 3-бөлігінде көрсетілген, жарияланған кезден бастап заңды күшіне енетін апелляциялық үкімдер мен қаулыларды қоспағанда, шағым, наразылық беруге заңмен белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды күшiне енедi. Істi апелляциялық сатыда қараған кезде үкiм, қаулы апелляциялық қаулы шыққан күнi заңды күшiне енедi. Егер шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін керi қайтарылған жағдайда, қаулы апелляциялық саты шағымды, наразылықты қайтарып алуға байланысты іс жүргізуді қысқарту туралы қаулы шығарған күні заңды күшiне енедi.»

- 4-тармақтағы «бұзушылықтар немесе заңды дұрыс қолданбау» деген сөздер «не қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтар» деген сөздермен ауыстырылсын;

- 7-тармақтың 2-абзацындағы «қылмыстардың рицидиві, түзеу мекемесiнiң түрi дұрыс белгіленбеген» деген сөздер алып тасталсын;

- 10-тармақтағы «немесе қылмыстардың рицидивін, түзеу мекемесiнiң түрiн дұрыс танымаған жағдайда» деген сөздер алып тасталсын;

- 12-1, 12-2-тармақтар алып тасталсын;

- 12-3-тармақтың екінші абзацы «Азаматтық талаптың» деген сөздердің алдынан «Талапты қараусыз қалдыру жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

- 13-тармақтың 2-абзацындағы «жауапкерлер,» деген сөз «жауапкер және» деген сөзбен ауыстырылсын;

- 15-тармақтың бірінші сөйлеміндегі өзгерістің мемлекеттік тілдегі мәтінге қатысы жоқ;

- 16-тармақтың 2-абзацындағы «қадағалау шағымы» деген сөздер «қадағалау өтініші» деген сөздермен ауыстырылсын;

- 22, 23-тармақтар «бiрiншi және апелляциялық» деген сөздерден кейін «, кассациялық» деген сөзбен толықтырылсын;

- 26-тармақтағы «үкiмде негiзделмеген сотталғанға түзеу мекемесiнiң анағұрлым жеңiл түрiн тағайындауды бұзумен және ҚК-ң 48-бабына сәйкес түзеу мекемесiн тағайындаумен;» деген сөздер алып тасталсын.

2. «Соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19 нормативтік қаулысына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:

- 13-тармақтың екінші абзацындағы «303-бабында» деген сөздер
«303-бабының 1-бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. «Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулыға, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:

- 3-тармақтағы «мен соттардың» деген сөздер алып тасталсын;

- 5-тармақтағы «немесе төменгі саты сотының қарауы кезінде» деген сөздер алып тасталсын;

- аталған тармақтағы «ҚІЖК-нің 446-8-бабының 6) тармақшасына» деген сөздер «ҚІЖК-нің 446-8-бабының 8) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

- 16-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын: «ҚІЖК-нің 59-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес, қадағалау сатысындағы сот ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде ҚІЖК-нің 448-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын жеке қаулы шығарады.»;

- 16, 17-тармақтар тиісінше 17, 18-тармақтар деп есептелсін.

4. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы»


2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге:

- 39-тармақтың екінші абзацы «575» деген цифрдан кейін «575-1» деген цифрмен толықтырылсын, «қадағалау тәртібінде» деген сөздердің алдынан «талап қараусыз қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кассация тәртібінде, сондай-ақ» деген сөздермен толықтырылсын.

5. «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулыға:

- 9-тармақтың үшінші абзацы «сотталушымен» деген сөзден кейін «соның ішінде медиация тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;



- 12-тармақтағы «391» деген цифрлар «393» деген цифрлармен ауыстырылсын.


  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болады әрі жарияланған күннен бастап күшіне енеді.



Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы Б.Бекназаров
Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының судьясы,

жалпы отырыс хатшысы Д.Нұралин

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет