284
Психологиялық қызметке байланысты
негізгі ұғымдар:
Абстракция – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау
арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін
ой–тəсілдерінің бірі.
Апперцепция – қабылдаудың адамның өткен тəжірибесінен,
психикалық əрекетінің жалпы мазмұнынан жəне жеке–даралық
ерекшеліктерінен тəуелділігі.
Апраксия – қозғалыс əрекетінің
жоғары деңгейінің бұзылуына
байланысты бағытталған қозғалыстар мен əрекеттердің бұзылуы.
Ассоциация – сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіштердің əсерінен
туындайтын жан қуаттарының арасындағы байланыс.
Ақыл-ой (интеллект) – индивидтің
ақыл-ой қабілеттері
құрылымының салыстырмалы түрдегі тұрақтылығы.
Ақыл-ойдың
мазмұндық құрылымы жəне өлшем
құралдарының қолданылуы
индивидтің тиісті қоғамдық маңызды белсенділігінің (оқу, өндіріс,
саясат ж.т.б.) сипатына тəуелді.
Аутизм – адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен–өзі бо-
лып іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күй.
Афазия – сөйлеу қабілетінен толық немесе ішінара айырылу.
Аффилиация – адамның басқалармен қарым–қатынас
жасауды
қажетсіну.
Əлеуметтену- қарым-қатынаста жəне іс-əрекетте жүзеге асатын
əлеуметтік тəжірибені индивидтің меңгеруі жəне
белсенді қайта
жаңғырту үрдісі мен нəтижесі.
Бақылау локусы – адамның өз əрекетінің нəтижесіне
жауапкершілікті сыртқы күштерден немесе өз қабілеттері талпыны-
старынан көру бейімділігі.
Бихеовиоризм –
психиканы, мінез-құлықтың əр түрлі
көрініс-
терін организмнің сыртқы əсерге қайтаратын жауап реакциясының
жиынтығы деп түсіндіретін психологиялық бағыт.
Галюцинация – айналасында
жоқ заттарды көріп, не
естіп
тұрғандай қабылдайтын жүйке ауруы.
Достарыңызбен бөлісу: