Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет126/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129
Психологиялық түзету - тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен 
көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-
əрекеттер мен операциялар жиынтығы.
Психоанализ – адамның мінез-құлқының қозғаушы күші мен 
шешуші факторы жыныстық елігу (либидо) болып табылады
нəсіпқұмарлық тіршіліктің арқауы деп түсіндіретін психологиялық 
бағыттың атауы.
Релаксация – қатты қобалжудан немесе күшке түскен əрекеттен 
кейін адамның босаңсып, тынышталған күйі.
Респондент – сыналушы рөліндегі əлеуметтік-психологиялық 
зерттеуге қатысушы.
Рефлекс – организмнің сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіштерге 
қайтаратын жауап реакциясы.
Рефлексия – адамның өз көңіл күйін, ішкі жан дүниесін, өзіндік 
санасын танып-білуге бағытталған процесс.
Сензитивтілік – психиканың қайсыбір жақтарының (ес, ойлау, 
т.б.) оқыту мен тəрбиелеуде қолайлы мүмкіндік туғызатын кезеңі.
Сенсибилизация – анализаторлардың тітіркендіргіш əсерінен 
сезгіштігінің артуы.
Сенсорлық депривация  адамның сенсорлық əсерлерден толық 
айырылуы.
Семантикалық дифференциал əдісі – субъективті семантикалық 
мəн-мағыналық кеңістікті құру əдісі.
Семантикалық радикал əдісі – мəндерді олардың ассоциативтік 
аймақтарын, өрістерін бөліп шығару арқылы талдаудан тұратын 
эксперименталдық семантиканың объективті əдістерінің бірі.
Сомнамбулизм – жүйке ауруына шалдыққан адамдарда 
кездесетін ұйқы кезіндегі жүріс-тұрыс.
Социометрия – шағын топтағы адамаралық байланыстарды 
зерттеуде қолданылатын əлеуметтік психологиялық тест.
Субъективті семантикалық кеңістік – қандай да бір 


290
объектілерді, ұғымдарды олардың мəндерін талдау арқылы класси-
фикациялау арқылы жүзеге асатын жеке-дара сананың категориялық 
құрылымының моделі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет