111
дауына жəне жіктелуіне қарай қарастырылады. Белгілі оқиғаның
талдануы эксперименттік психология тұжырымына негізделген
тестердің көмегімен жүзеге асады. Мұнда бөлек психикалық функ-
циялар нақты іс-əрекетте, жағдайда өлшенеді де өзара байланысын
құрайды.
«Клиникалық психологияның жеңісі» деген серияда, Д. Шультенің
«Мінез-құлық терапеясындағы диагностика» (1974) деген
кітабы
жарыққа шықты, ол бихевиористік позицияда жазылса да, онда
психодиагностиканың болашақта дамуы үшін өте керекті жағдайлар
бар. Автор өз ойын былай түйіндейді: «Жеке адам диагностика-
сында дəстүрлі əдістер мен мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға
бағытталған болжамдар негізге алынады». Осындай тəсілдер арқылы
өзінің мақсатын білдіру, қазіргі кезде көп қолданылатын жеке адам
тестінен көрінеді.
Психодиагностикалық стандартты əдістердің нормаларының си-
паттамасы тест нəтижелерін талдау барысында қажет етеді. Мысалы:
интеллект тестінің алғашқы IQ көрсеткіштері норма көрсеткішімен
салыстырылады (IQ 43, 44, 45 балл-Равен тесті бойынша). Егер IQ
көрсеткішінен төмен болса, онда ол орташа деп бағаланады.
Психологиялық тесттердің келесі бір түрі
интеллект тесті.
Интеллектіні тестілеу мəселелері,
ақыл-ой тесті немесе жалпы
қабілеттілік тесттер, яғни адамның интеллектуалды даму деңгейін
өлшеу үшін арналған. Интеллект түсінігі ақыл-ой тесттердің дамуы ба-
рысында əртүрлі өзгерістерге ұшырап отырады. 20 жылдары интеллект
психологиясында дағдарыс жағдайлары пайда болды. Психологиялық
ұғымдар қатарында «интеллект» терминін қолданылу барысында
көптеген сұрақтар туындайды. Интеллектуалды
тест ежелгі бағыт
шеңберінде зерттелінеді: тестология жəне эксперименттік психоло-
гия. Тестология бағытының мəні интеллектілік тесттер емес,
нақты
таным қабілеттер жиынтығын өлшеуімен түсіндіріледі. Бұл бағыттағы
дағдарыс себебі «интеллект» түсінігін «оқуға қабілеттілік» деп түсіну.
Интеллекттің неотестологиялық теориясы IQ концепциясын мойын-
дайды, мұнда IQ когнитивті процестердің баламасына сəйкес келеді:
қабылдау, ес, ойлау т.б.
Психологияның эксперименттік бағытын Ж. Пиаже интеллектіні
генетикалық идея ретінде түсіндіреді. Л. С. Выготский интеллект да-
муына əлеуметтік-мəдени фактордың əсерін қарастырады.
IQ түсінігі. Интеллект тесттер бірнеше тапсырмалардан тұрады,
олар интеллект функцияларды өлшеуге бағытталған (логикалық
112
ойлау,мағыналық жəне ассоциативтік ес). Мысалы, Векслер
балалардың интеллектісін зерттеуге
арналған интеллект тестінде
əрбір субътест 11 ұпаймен көрсетеді, яғни əрбір субътестке 1 минут
беріледі. Тест бойынша мəліметтердің нəтижелері профилді түрінде
ұсынылады. Тестті бағалау барлық субътесттер бойынша орта мəнді
табумен жүзеге асырылады. Векслер жалпы нəтижені IQ-дің мəні
ретінде ұсынылады.
IQ – интеллект дамудың сандық көрсеткіші. Ол формула бойын-
ша есептеледі.
Ақыл-ой жасы
IQ_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _* 100
хронологиялық жасы
Математикалық-статистикалық аппараттық даму барысында IQ-
дің сандық көрсеткіші, стандартты IQ көрсеткіштерімен ауыстыры-
лады. Векслер ең бірінші болып IQ стандарттық шкаласын ендірді.
Талдау барысында жалпы IQ көрсеткішіне сүйенуге болмай-
ды. Субътест бойынша нəтижелер профилін талдау мазмұндық
мəлімет береді. IQ-дің мəні қандай субътестте нəтиже орташа, төмен
екендігін анықтауға мүмкіндік
бермейді, сондықтан субътесттерді
бөлек қарастыру керек. Ч. Спирменнің зерттеу нəтижелері, ин-
теллект тесттердің арасында жағымды корреляция бар екендігі
анықтады. Ч. Спирмен пікірінше, жағымды корреляцияның интел-
лект əрекеттердің ортақ факторлардың бар болуымен байланысты.
Бұл факторды Спирмен немесе «G» фактор деп атады. Спирмен со-
нымен бірге, іс-əрекеттің бір түріне тəуелді, басқа факторлар да бар
екендігін атап көрсетеді (S фактор). Терстоун (көпфакторлы теория)
зерттеуі бойынша, тесттер арасындағы
корреляцияның анықталуы
тек бір «G» факторымен түсіндірілмейді. Ол 12 факторды анықтап,
«алғашқы ақыл-ой қабілеттілігі» деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: