Психологиялық түзету - тұлғаның кейбір келеңсіз сапалары мен
көріністерін түзетуге бағытталған, психолог жүргізетін жүйелі іс-
əрекеттер мен операциялар жиынтығы.
Психоанализ – адамның мінез-құлқының қозғаушы күші мен
шешуші факторы жыныстық елігу (либидо) болып табылады,
нəсіпқұмарлық тіршіліктің арқауы деп түсіндіретін психологиялық
бағыттың атауы.
Релаксация – қатты қобалжудан немесе күшке түскен əрекеттен
кейін адамның босаңсып, тынышталған күйі.
Респондент – сыналушы рөліндегі əлеуметтік-психологиялық
зерттеуге қатысушы.
Рефлекс – организмнің сыртқы жəне ішкі тітіркендіргіштерге
қайтаратын жауап реакциясы.
Рефлексия – адамның өз көңіл күйін, ішкі жан дүниесін, өзіндік
санасын танып-білуге бағытталған процесс.
Сензитивтілік – психиканың қайсыбір жақтарының (ес, ойлау,
т.б.) оқыту мен тəрбиелеуде қолайлы мүмкіндік туғызатын кезеңі.
Сенсибилизация – анализаторлардың тітіркендіргіш əсерінен
сезгіштігінің артуы.
Сенсорлық депривация –адамның сенсорлық əсерлерден толық
айырылуы.
Семантикалық дифференциал əдісі – субъективті семантикалық
мəн-мағыналық кеңістікті құру əдісі.
Семантикалық радикал əдісі – мəндерді олардың ассоциативтік
аймақтарын, өрістерін бөліп шығару арқылы талдаудан тұратын
эксперименталдық семантиканың объективті əдістерінің бірі.
Сомнамбулизм – жүйке ауруына шалдыққан адамдарда
кездесетін ұйқы кезіндегі жүріс-тұрыс.
Социометрия – шағын топтағы адамаралық байланыстарды
зерттеуде қолданылатын əлеуметтік психологиялық тест.
Субъективті семантикалық кеңістік –қандай да бір
290 объектілерді, ұғымдарды олардың мəндерін талдау арқылы класси-
фикациялау арқылы жүзеге асатын жеке-дара сананың категориялық
құрылымының моделі.