245
Практикалық тапсырма
Мақсаты: Əлеуметтік талаптардың адамдарды қаншалықты
басқара алатынын түсіне білуге үйрету.
1- тапсырма. Күнделікті тəртіпке қатысты əлеуметтік норманың
бірін таңдаңыз. Ол белгілі бір заң немесе ереже болмағаны дұрыс.
Содан соң таңдап алдынған əлеуметтік
норманы бұзатын немесе
осы нормаға сай келмейтін тəртіптік актіні анықтаңыз, оған талдау
жасаңыз.
2- тапсырма. Бір адаммен сөйлесіп тұрғанда,
оған өте жақын
(25см) немесе одан тым алыс (шамамен 1,5 м) тұрмаңыз. Өзіңіз
таңдаған қашықтықтан еш ауытқымауға тырысыңыз.
Тіпті сіздің
сөйлесіп тұрған адамыңыз жақындағысы немесе алыстағысы келсе
де, бастапқы орныңызды өзгертпеңіз.
3- тапсырма. Қандай да бір адаммен сөйлесіп тұрып, оның көзіне
тіке қарамауға тырысыңыз. Оның орнына əңгіме барысында нақты
бір затқа қараңыз. Мысалы, сөйлесіп тұрған адамыңыздан тыс, басқа
жерге тұрып сөйлесіңіз.
4-тапсырма. Егер біреу сізден «Хал-жағдайыңыз қалай?» деп
сұраса, өзіңіздің денсаулығыңыздың жағдайы жайлы жəне өзіңізде
кездесетін медициналық белгілер, эмоциалық көңіл-күй,
сонымен
қатар, соңғы уақыттағы шаруаңыздың барысы туралы да нақты
əңгімелеп беріңіз.
5-тапсырма. Автобус жəне лифт ішінде қасыңызда өзге адамдар
тұрғанда, бар дауысыңызбен өлең айтып көріңіз.
Өзіңіз таңдаған
қылық түрін бірнеше рет жəне əр түрлі ситуацияларда қолдану ке-
рек. Осы кезде сізге адамдардың реакциясына баға беруге жəне əр
түрлі қызықты заңдылықтарды байқауға мүмкіншілік туады.
Мысалы, реакциялар адамның жынысына, жасына, əрекет ауысу-
ына байланысты болады.
Ескерту: міндетті түрде біреуге немесе өзіңізге зиян келтіретін
қылықтарды істеуіңіз керек.
Достарыңызбен бөлісу: