Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 сәуірдегі №392 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



бет6/6
Дата21.06.2016
өлшемі0.53 Mb.
#152641
1   2   3   4   5   6
Ескертпе:*GOOD MANUFACTURING PRACTICE (GMP) - Өнім өндірудің үлкен тәжірибесі. Барлық тағамдық қоспалар жақсы өнім өндіру жағдайында қолданылуға тиіс, ол өзі мыналарды қамтиды:

1. Тағамдық қоспалардың мөлшері талап етілетін әсерге қол жеткізу үшін мейлінше азайтылуға тиіс.

2. Оны өндірісте пайдалану, өңдеу немесе өнімді буып-түю нәтижесінде өнімнің құрамдас бөліктерінің біріне айналатын, сондай-ақ өнімнің физикалық және басқа техникалық қасиеттеріне әсер етпейтін тағамдық қоспаның мөлшері ұтымды кемітілуге тиіс.

3. Тағам қоспасының сапасы өнімнің сапасына сәйкес болуға тиіс. Ол өнімнің басқа да ингредиенттері тәрізді дайындалады және пайдаланылады.

 
«Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі

өнімдерінің, крахмалдар және

крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар»

техникалық регламентіне

4-қосымша

 

 

Ұн тарту, жарма және крахмал-сірне кәсіпорындарының

жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың шекті

рұқсат етілген шоғырлануы

 

Р/с№

Заттардың атауы

ШРШ шамасы,

мг/м3 аспайды

1

2

3

1

Астық шаңы (кремний қос тотықтарының

құрамына қарамастан)

4,0

2

Өсімдіктерден және жануарлардан шығатын шаң:

 

кремний қос тотықтарының қоспасы 10%-дан астам (мақта, мақта-мата, ағаш және басқалары)

2,0

кремний қос тотықтарының қоспасы 2-ден 10%-ға дейін

4,0

кремний қос тотықтарының қоспасы

2%-дан азырақ (ұн, мақта-мата, ағаш және басқалары)

6,0

3

Темір тотығы

6,0

4

Мырыш магниді

6,0

5

Марганец (марганец қос тотығына қайта есептегенде)

 

дезинтеграциялау аэрозолі

0,3

дәнекерлеу аэрозольдеріндегі марганец құрамы: 20%-ға дейін болғанда

0,2

20-дан 30-% дейін

0,1

6

Кобальт тотығы

0,5

7

Окситетрациклин

0,1

8

Тетрациклин

0,1

9

Бромды метил

1,0

10

Металлил

0,3

11

Фосфин

0,1

12

Дихлорэтан

10,0

13

Метитион

0,1

14

Волатон

0,1

15

Карбофос

0,5

16

Аммиак

20,0

17

2

3

18

Бром

0,5

19

Азот қышқылы

2,0

20

Күкірт қышқылы

1,0

21

Сірке қышқылы

5,0

22

Йод

1,0

23

Ацетон

200,0

24

Бензол

15,0

25

Эфирлер

1-10

26

Спирттер: этил

          метил

1000,0

5,0

27

Бензин

100,0

28

Керосин (дизель отыны)

200,0

29

Күйдіргіш сілтілер (NaОН-қа қайта есептегенде)

0,5

 
«Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі

өнімдерінің, крахмалдар және

крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар»

техникалық регламентіне

5-қосымша

Өнімді кәдеге жарату туралы

АКТ

Құрамы________________________________________________________

_______________________________________________________________

(Т.А.Ә. лауазымы)

тұратын комиссия__________________________________________________________

(өнімнің атауы, мөлшері)

_______________________________________________________________

(берілген өнімді азық немесе техникалық мақсатта қолдануға

_______________________________________________________________

болатынын көрсету қажет)

кәдеге жарату жүргізілді.

Негіз___________________________________________________________

(өнім мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамсыз деп танылған

_______________________________________________________________

негіздегі құжатты (нөмірін) көрсету)

Комиссия мүшелерінің

қолдары

200_ж. «__»_________                              ________________

Т.А.Ә.

Дайындаушының (сатушының)

қолы

200_ж. «__»_________                              _________________

Т.А.Ә.

 
«Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі

өнімдерінің, крахмалдар және

крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар»

техникалық регламентіне

6-қосымша

 

 

Өнімді жою туралы

АКТ

Құрамы_________________________________________________________

_______________________________________________________________

(Т.А.Ә. лауазымы)

тұратын комиссия_________________________________________________

(өнімнің атауы, мөлшері)

_______________________________________________________________

(тәсілін көрсету)

_______________________________________________________________

жоюды жүргізді.

Негіз___________________________________________________________

(өнімнің ақауы бар деп танылған

_______________________________________________________________

құжатты (нөмірін) көрсету)

Комиссия мүшелерінің

қолдары

200_ж. «__»_________                              ________________

Т.А.Ә.

Дайындаушының (сатушының)

қолы

200_ж. «__»_________                              _________________

Т.А.Ә.

 

«Ұн тартатын-жарма өнеркәсібі



өнімдерінің, крахмалдар және

крахмал өнімдерінің қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар»

техникалық регламентіне

7-қосымша

 

 

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдері, крахмалдар және крахмал

өнімдерінің сәйкестігін растайтын ұсынылатын рәсімдер

 

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін сәйкестендіру, оларды аккредиттелген зертханаларда сынау нәтижелері, ал сериялық өндіріс үшін оларды өндірудің жай-күйін талдау нәтижелері де сәйкестігін қуаттау үшін негіз болып табылады.

Сәйкестігі осы Техникалық регламенттің талаптарымен расталған өнімге белгіленген тәртіппен таңдап алынған схемаға сай, бірақ үш жылдан аспайтын қолданылу мерзімі бар сәйкестік белгісімен таңбалану құқығымен сәйкестік сертификаты беріледі.

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар және крахмал өнімдерінің сәйкестігін міндетті растау жүргізілген кезде халықаралық стандарттар қағидаттары негізінде іске асырылған өндіріс сапасын басқару жүйелерінің болуы ескеріледі.

Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжат, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес оның мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде танылуы шартымен Қазақстан Республикасында жарамды болып саналады.

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар және крахмал өнімдерінің сәйкестігін растауды жүргізу рәсімдері қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүргізіледі және бес кезеңді қамтиды:

1) сертификаттауға арналған өтінім;

2) сертификаттау объектісінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалау;

3) сәйкестікті бағалау нәтижелерін талдау;

4) сертификаттау жөніндегі шешім;

5) сертификатталған объектіге инспекциялық бақылау.

Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдері, крахмалдар және крахмал өнімдерінің сәйкестігін міндетті растау схемалары мыналар:

1) 1-схема - өткізу көлемі шектеулі, күнібұрын келісілген ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін отандық өндірушілер үшін қолданылады;

2) 2-схема - өткізу саласында іріктеліп алынған үлгілерге сынақтар жүргізу арқылы инспекциялық тексеруді орындай отырып, тұрақты ұзақ мерзімді өнім беру кезінде отандық немесе импортталатын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар мен крахмал өнімдерін өндірушілер үшін қолданылады;

3) 3-схема - дайындаушыдан іріктеліп алынған үлгілерге сынақтар жүргізу арқылы инспекциялық тексеруді орындай отырып, отандық немесе импортталатын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндірушілер үшін қолданылады;

4) 4-схема - оның сипаттамаларының тұрақтылығына жан-жақты бақылау қажет болған кезде отандық немесе импортталатын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдері, крахмал және крахмалдар өнімдері үшін қолданылады;

5) 5-схема - сипаттамалардың тұрақтылығына көтеріңкі талаптар белгіленгенде астықты сертификациялау кезінде отандық немесе импортталатын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдері, крахмалдар мен крахмал өнімдері үшін қолданылады;

6) 7-схема - партияларымен берген кезде отандық немесе импортталатын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдері, крахмал және крахмалдар өнімдері, астық үшін қолданылады;

7) 9-схема - өтініш берушіде олардың қауіпсіздігін растайтын қажетті құжаттар болған жағдайларда партияларымен берген кезде отандық немесе импортталатын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдері, крахмалдар және крахмал өнімдері үшін қолданылады;

8) 10-схема - өтініш беруші шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды табыс ете алатын жағдайларда, ұдайы шығарылмаған немесе ұзақ уақыт шағын көлемде өндірілген кезде отандық немесе импортталатын ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдері, крахмалдар және крахмал өнімдері үшін қолданылады.

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет