Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №551 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



бет1/3
Дата30.06.2016
өлшемі190.5 Kb.
#168534
  1   2   3
«Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 551 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 9 маусымдағы

551 қаулысымен



бекітілген

 

 

»Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне

қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

 

1. Қолданылу аясы

 

1. Осы «Ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы және «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңдарына сәйкес әзірленген және ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне және оның тіршілік циклындағы процестерге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және сатылатын ыдыстарға құйылған ауыз суға қолданылады, олар:

1) табиғи минералды сулар;

2) бұлақ сулары;

3) шығу орны белгіленген сулар;

4) асхана суы;

5) тазартылған сулар.

3. Осы Техникалық регламенттің талаптары Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын ауыз суға қолданылады, олар:



1) табиғи минералды сулар;

2) бұлақ сулары;

3) үшінші елдердің аумағындағы жерасты сулары орналасқан жерлерде өндірілген және ыдыстарға құйылған және техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесімен танылған сулар.

4. Осы Техникалық регламент қолданылатын өнімдердің түрі және олардың коды Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының тауарлар жіктемесінің 2201 позициясына сәйкес келеді.

5. Техникалық регламент мыналарға:

1) табиғи минералды емдік және емдік-асханалық ауыз суларға;

2) термалдық немесе гидроминералдық сумен емдеу орындарында емдік ретінде пайдаланылатын табиғи минералды суларға;

3) қуатты ақпараттық және/немесе өзге де физикалық әдістермен және технологиялармен өңделген және емдік қасиеттері бар суларға;

4) дистилденген суларға;

5) тағамдық қоспаларды, оның ішінде шырындарды, тұнбаларды, эссенцияларды, хош иістендіргіштерді, бояғыштарды, қантты, қантты алмастырғыштарды, тәттілендіргіштерді консерванттарды қолдана отырып дайындалған алкогольсіз сусындарға жататын суларға қолданылмайды.

6. Бастапқы су көзінен бастап соңғы тұтынушыға дейін тіршілік циклінің барлық кезеңінде, объектілердегі ауыз судың қауіпсіздігіне байланысты ықтимал қауіп-қатерлерді талдау жүргізіледі.



Өндіруші ауыз судың қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатерлерді талдау нәтижелерін, сыни бақылау нүктелерін, тексеру мен реттеу рәсімдерін кезең-кезеңімен қарайды, олардың мониторингін жүргізеді.

Өндіруші ыдыстарға құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне байланысты қауіп-қатерлер туындауы мүмкін нүктелерді сәйкестендіреді және қауіп-қатерлі нүктелерді тексеру және реттеу рәсімдерін жүргізеді.

Судың микробиологиялық және химиялық ластануына байланысты қауіп-қатерлер қауіп-қатердің дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін әдістемеге негізделуі тиіс. Ыдыстарға құйылған ауыз суды талдауға пайдаланылатын әдістер сенімді және салыстырмалы нәтижені қамтамасыз етуі тиіс.

7. Ыдыстарға құйылған ауыз су қауіпсіздігінің қауіп-қатерлерін бағалау кезінде қолданыстағы ғылыми деректер, өңдеу және өндірудің (дайындаудың) тиісті әдістері, инспекторлау, іріктеп бақылау, зертханалық зерттеу әдістері, нақты аурулардың таралу дәрежесі туралы деректер пайдаланылуы және аурулардан таза аймақтар болуы тиіс.

8. Бұл деректер ыдыстарға құйылған қауіпсіз ауыз суды өндіру үшін микробиологиялық, химиялық және радиологиялық қауіпсіздікті азайту, жою немесе алдын алу үшін тиісті бақылау шараларын анықтау үшін негіз болады.

 

 

2. Терминдер мен анықтамалар



 

9. Осы Техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ауыз су - сапасы бойынша табиғи жай-күйдегі немесе дайындалғаннан кейін гигиеналық нормативтерге жауап беретін және адамның ауыз су және тұрмыстық мұқтаждығын қанағаттандыруға, сондай-ақ тамақ өнімдерін өндіруге арналған су;

2) табиғи минералды су - адам организміне физиологиялық пайдалы әсерін тигізетін бастапқы химиялық және микробиологиялық құрамымен тұтыну ыдысына құйған кезде сақталып, биологиялық және химиялық ластанудан сенімді қорғалған жерасты суларының шығу жерлерінен өндірілетін ауыз су;

3) бұлақ суы - күндізгі жағдайда жерасты суларының бір немесе бірнеше табиғи шығу жерлерінен өндірілетін су;

4) шығарылатын жері белгіленген су - судың бастапқы физикалық-химиялық сипаттамасын өзгертпейтін және ыдысқа құйылған түрде ауыз судың химиялық, радиациялық және микробиологиялық қауіпсіздігі төмендемейтін ыдысқа құяр алдында суды дайындаудан өткен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен алынған суды қоспағанда, жерасты немесе жерүсті ауыз суымен жабдықтау көздерінен алынған су;

5) асханалық су - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган тамақ өнімдерінде пайдалану үшін рұқсат еткен, биологиялық белсенді макро- және микроэлементтер немесе минералдық тұздар қосылған, жерасты немесе жерүсті ауыз суымен жабдықтау көзінен алынған су;

6) тазартылған су - ауыз сумен жабдықтаудың жерасты немесе жерүсті көзінен алынған, оның ішінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйелерінен алынған, бастапқы судың өзгертілген санитарлық-химиялық сипаттамасы бар және ыдыстарға құяр алдында суды дайындаудан өткізілген су;

7) жерасты суы - жер қойнауындағы су;

8) жерүсті суы - жерүсті суының объектілері: өзендер, көлдер, суқоймалары, теңіздер, мұздықтар суы;

9) ыдыстарға құйылған ауыз су - құрамы, формасы мен сыйымдылығы әртүрлі тұмшаланып жабылған тұтыну орамына (ыдысына) құйылған, бұдан әрі өңдеусіз тікелей пайдалану үшін қауіпсіз ауыз су;

10) ауыз сумен жабдықтау көзі - белгіленген гигиеналық нормативтерге жауап беретін және ауыз сумен жабдықтау жүйесіне су алу үшін пайдаланылуы мүмкін жерасты немесе жерүсті су объектісі;

11) жерасты сулары шығатын жер - оларды пайдалану қоры «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының талаптарына сәйкес бағаланған жерасты суларынан тұратын жер қойнауының бөлігі;

12) жерасты суларының пайдаланылатын қоры - берілген режимде және пайдалану шарттарымен, сондай-ақ табиғатты қорғау шектеулерін есепке ала отырып, суды тұтынудың есептік мерзімі ішінде нысаналы пайдалану талаптарын қанағаттандыратын су сапасымен ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі техникалық негізделген су алу құрылыстарының көмегімен жер қойнауында алынуы мүмкін жерасты суының мөлшері;

13) орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесі - су алуға, дайындауға, сақтауға, ауыз суды тұтыну орындарына беруге арналған және жалпы пайдалану үшін ашық құрылғылар, құрылыстар мен құбырлар кешені;

14) орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау жүйесі - ауыз суды оның жұмсалатын жеріне бермей-ақ, ауыз суды алуға арналған, жалпы пайдалануға ашық немесе жеке пайдалануда тұрған құрылғылар мен құрылыстар;

15) физиологиялық толыққанды су - оның ионды-тұзды құрамына, физикалық-химиялық қасиеттеріне, оның құрамындағы биологиялық белсенді және өзіндік ерекше микроэлементтердің болуына, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау көзі суының бастапқы микробиологиялық құрамына байланысты адам организміне физиологиялық қолайлы әсер ететін ауыз су;

16) ыдыстарға құйылған ауыз суды тану рәсімі - ыдыстарға құйылған ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі сәйкестігін, сондай-ақ оларды өндірудің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша Қазақстан Республикасының құзырлы органы жүргізетін рәсім;

17) автохтонды бактериялар - осы ауыз сумен жабдықтау көзіне тән жерасты суында ылғи болатын, табиғи қалпына келтірілетін, оның ішінде бактериялардың ерекше физиологиялық топтарының жиынтығы;

18) ауыз судың физиологиялық толыққандылығын медициналық-биологиялық бағалау - олардың процесінде ауыз судың физиологиялық толыққандылығы мен оның қауіпсіздігі негізделетін ғылыми-эксперименталдық клиникаға дейінгі және клиникалық, оның ішінде гидрогеологиялық, физикалық-химиялық, микробиологиялық, санитарлық-гигиеналық, физиологиялық зерттеулер кешені;

19) медициналық қорытынды - ауыз судың физиологиялық толыққандылығын жүргізілген медициналық-биологиялық бағалау негізінде берілетін ауыз судың құрамы, сапасы, қауіпсіздігі мен адам организміне физиологиялық қолайлы әсер етуі туралы қорытынды.

 

 

3. Ыдысқа құйылған ауыз судың нарықтағы



айналымының шарты

 

10. Ыдысқа құйылған ауыз су егер осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына жауап берген жағдайда ғана ол нарыққа шығарылуы мүмкін.

11. Асханалық және тазартылған ауыз суды таңбалауда:



1) тұтынушыны табиғи минералдық, бұлақ суымен және шыққан жері бойынша сумен жаңылыстыруға ықпал ететін және байланыстыратын;

2) оны шығаратын белгілі бір географиялық ауданды көрсететін немесе оған күмән туғызатын белгілерді, мәліметтер мен басқа да ақпараттарды пайдалана отырып, нарықта орналастыруға рұқсат етілмейді.

  

4. Ыдысқа құйылатын ауыз су қауіпсіздігіне



қойылатын талаптар

 

12. Ыдысқа құйылатын ауыз су тамақ өнімі болып есептеледі.

Ыдысқа құйылатын ауыз су қауіпсіздігі ауыз судың қауіпсіздігіне: химиялық және тұздық құрамының көрсеткіштеріне, микробиологиялық, радиологиялық, токсикологиялық көрсеткіштеріне, өндірісіне, тұтыну орамына (ыдысқа) және таңбалауға, тұтынушыларға арналған ақпаратқа қойылатын талаптардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі.

Ыдысқа құйылатын ауыз су оны құю, тасымалдау, сақтау кезінде, сол сияқты көтерме және бөлшек саудада сатудың барлық рұқсат етілген мерзімінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

13. Ыдысқа құйылған ауыз судың қасиеттері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленетін критерийлермен анықталады.



Ыдысқа құйылған ауыз суда әртүрлі көзге көрінетін қосындылардың, пленка қабаттары мен тұнбалардың болуына рұқсат етілмейді.

14. Ыдысқа құйылған ауыз судың қауіпсіздігі химиялық құрамы, негізгі тұзды компоненттердің, уытты металдар мен металл емес элементтердің болуы бойынша халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталады.



Өнеркәсіптік құюға арналған ауыз судың химиялық құрамының өңірлік ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштері халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары әрбір су көзі үшін жеке белгілейді.

Суда осы Техникалық регламентте көрсетілмеген өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және тұрмыстық химиялық заттардың болуы шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы су объектілерінің суындағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген шоғырлануының белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағына белгіленген тәртіппен импортталатын табиғи минералды және бұлақ суларын ресми тану рәсімі кезінде ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын халықаралық талаптарға қатысты түпкілікті мәні ретінде суда нитраттар шоғырлануының мейлінше төмен көрсеткішін алуға тиіс.

15. Ыдысқа құйылған ауыз судың радиациялық қауіпсіздігі қолданыстағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес альфа- және бета- белсенділіктің салмақтық жиынтық көрсеткіштері бойынша радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкестігімен анықталады.



Ыдысқа құйылған суды жыл бойы тұтыну кезінде болатын альфа-радиа белсенділігінің меншікті жиынтығы бір литрге 0,1 Беккерельден (БК/л) аспауы, ал бета-радиа белсенділігінің меншікті жиынтығы - бір литрге 1.0 Беккерельден (БК/л) аспауы тиіс.

Суда бірнеше радионуклидтердің бірге болуы кезінде халықты сәулелендірудің тиімді дозасы жылына 0,1 микрозиветтен (жылына/мЗв) аспауы тиіс.

Ауыз судың радиациялық қауіпсіздігінің мониторингі кезінде анықталған альфа- және бета- белсенділіктің бір немесе екі көрсеткіші артқан жағдайда радиациялық қауіпсіздіктің санитарлық ережесі мен нормаларының талаптарына сәйкестігін радионуклидтік талдау жүргізіледі.

16. Ыдысқа құйылған ауыз судың қауіпсіздігі эпидемиологиялық жағынан халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша анықталады.

17. Ыдысқа құйылатын ауыз су консерванттары ретінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган қолдануға рұқсат еткен реагенттерге рұқсат етіледі.

18. Ауыз судың макро- және микроэлементтік құрамы бойынша физиологиялық толыққандылығы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көрсеткіштер бойынша анықталады.



 

 

5. Ыдысқа құйылған ауыз суды өндіру



қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

19. Табиғи минералды және бұлақ сулары жерасты ауыз суымен жабдықтау көздерінің белгіленген санитарлық аймақтары болған кезде өнеркәсіптік санаттар бойынша бекітілген суды пайдалану қоры бар жерасты сулары орналасқан жерлерде ғана өндіріледі.

20. Ауыз сумен жабдықтау кезіндегі табиғи минералды және бұлақ суларының құрамы, температурасы мен басқа да елеулі сипаттамалары көзді пайдалану кезеңінде жерасты суларының табиғи гидродинамикалық режимінің ауысуы шегінде тұрақты болып қалуға тиіс.

21. Ауыз суды өндіруге арналған жабдық судың ластану мүмкіндігін толдырмайтындай және су көзінен шығардағы сол суға тән қасиеттерін сақтайтындай етіп орнатылуға тиіс.

22. Табиғи минералды және бұлақ суы алынған көзіне жақын жерде ыдысқа құйылады.



Осы Техникалық регламент күшіне енгенге дейін табиғи минералды суды шығарған өндірістер үшін алған көзінен құю орнына дейін мамандандырылған цистерналарда табиғи минералды суларды тасымалдауға жол беріледі.

Табиғи минералды суларды мамандандырылған цистерналарда тасымалдау судың ластануын болдырмайтын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталған кезде, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгіленген тәртіппен берген санитарлық паспорты бар көлік құралдарымен жүзеге асырылады.

23. Табиғи минералды және бұлақ суы ыдыстарға құйылар алдында оларға физиологиялық толыққандылық қасиеттерін беретін, олардың бастапқы химиялық және микробиологиялық құрамын өзгерте алатын қандай да бір өңдеуге ұшырамайды.



Атап айтқанда, УФ-зарарсыздандырудан, озонданудан басқа, қандай да бір тәсілмен дезинфекциялық өңдеуге немесе табиғи минералды және бұлақ суындағы автохтонды бактериялардың тірі тізбегін өзгертуге қабілетті басқа кез келген өңдеуге тыйым салынады.

24. Табиғи минералды және бұлақ суындағы бактериялардың туындайтын тізбектерінің автохтонды жалпы мөлшері тіршілік етуге қабілетті тізбектердің қалыпты мөлшеріне сәйкес келуге және су көзін барлық ластанудан қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.



Тіршілік етуге қабілетті тізбектердің қалыпты мөлшері қандай да бір өңдеуге дейін су көзіндегі тізбектердің жалпы қолданбалы мөлшерін білдіреді.

Ыдыстарға құйылған табиғи минералды және бұлақ суындағы тіршілік ететін тізбектердің жалпы саны жерасты суы көздерінде қандай болса, сол сияқты болуы тиіс.

Су көзінен алынған табиғи минералды су үшін граммен микроорганизмдердің пайда болған бірліктері тізбектерінің (бұдан әрі - ПБТ) саны бактериялардың басталу температурасы жиырма екі градус Цельсий болғанда жиырма граммнан және бактерия бапталуының температурасы отыз жеті градус Цельсий болғанда бес граммнан аспауға тиіс.

Ыдыстарға құйылған табиғи минералды су үшін ПБТ саны бактерияларды баптау температурасы жиырма екі градус Цельсий болғанда бір жүз граммнан және бактерияларды баптау температурасы отыз жеті градус Цельсий болғанда жиырма граммнан аспауға тиіс.

Автохтондық бактериялар тізбегінің сандық және сапалық құрамы табиғи минералды судың физиологиялық толыққандылығын медициналық-биологиялық бағалау кезінде, сондай-ақ суды зерттеу кезінде сәйкестендіру көрсеткіштері ретінде назарға алынады және мезгіл-мезгіл бақыланады.

25. Су көзіндегі жай-күйде болғандағыдай табиғи минералды және бұлақ суларына көмірқышқыл газын енгізуден басқа, ешқандай қоспа қосылмауы тиіс.

26. Табиғи минералды және бұлақ суларын өңдеудің мынадай әдістеріне рұқсат етіледі:

1) оның құрамынан темір және күкірт қосындыларын алып тастау мақсатында аэрациядан кейін суды сүзгілеу немесе декантирлендіру;

2) темірдің, марганецтің, күкірттің, сондай-ақ кейбір табиғи минералды суларда болатын тотияйынның қосындыларын алып тастау үшін озонмен байытылған ауаны өңдеу;

3) тек физикалық әдіспен ғана көмірқышқыл газын толық немесе ішінара алып тастау.

Өңдеу әдістері судың құрамын өзгертпеуі тиіс.

Табиғи минералды және бұлақ суларын өңдеу әдістері туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары хабардар етіледі.

27. Табиғи минералды және бұлақ суларының физиологиялық толыққандылығы ғылыми медициналық-биологиялық зерттеулермен дәлелденуге тиіс.



Ғылыми бекітілген әдістеме бойынша жүргізілуге тиіс талдаулар табиғи минералды сулардың жеке сипаттамасын және оның адам организміне, мәселен, зәр шығаруға, асқазан мен ішектің жұмыс істеуіне, минералдар тапшылығын толтыруға әсер етуін айқындау үшін жарамды болуы тиіс.

Табиғи минералды судың сапасы мен физиологиялық толыққандылығын медициналық-биологиялық бағалау клиникаға дейінгі және қажетіне қарай, клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша беріледі, олар медициналық қорытынды түрінде ресімделеді.

Табиғи минералды суға берілетін медициналық қорытынды егер оны қолданған уақытта су шығатын жерді пайдалану режимінде, судың химиялық және микробиологиялық құрамында, өндіріс технологиясында өзгерістер болса, қайта қарауға жатады.

28. Жерасты сулары шығатын жерді пайдалану процесінде табиғи минералды және бұлақ суы ластанып, осы Техникалық регламенттің 24-тармағында белгіленген талаптарға және химиялық және микробиологиялық сипаттамаларға сай болмағанда, өндіруші су өндіру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ ыдыстарға құю процесін судың ластануы жойылып, әрі ол белгіленген қауіпсіздік талаптарына жауап бергенге дейін дереу тоқтата тұрады.

29. Шығатын жері белгілі ауыз сулар мынадай жалпы сипаттамаларға ие болуы тиіс:

1) жерасты немесе жерүсті ауыз суымен жабдықтау көздерінен өндірілуі;

2) олардың белгілі бір және нақты шығарылатын жері болуға тиіс және орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесі арқылы өтпеуге тиіс; ауыз сумен жабдықтау желісі арқылы берілетін су алдын ала дайындалған деп саналады және осы тармақтың 5-тармақшасының талаптарына жауап бере алмайды, сондықтан шығарылған жеріне қарамастан, шығарылған жерден алынған су ретінде ыдысқа құюға жарамайды;

3) жерасты сулары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтай отырып өндіріледі;

4) суды алу шарттары бойынша оның бастапқы микробиологиялық тазалығының сақталуына кепілдік беруге және оның бастапқы химиялық құрамы сақталуға;

5) суды дайындау тәсілдері оның физикалық-химиялық сипаттамаларын елеулі өзгертпеуге және оның химиялық, радиациялық және микробиологиялық қауіпсіздігін нашарлатпауға;

6) микробиологиялық қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында су суды дайындаудың микробқа қарсы тәсілімен өңделеді.

Ауыз сумен жабдықтаудың бірнеше көздерінен алынған суды тұмшалауға, сондай-ақ судың ластануын болдырмайтын жағдайлар сақталған кезде шығу көзінен құю орнына дейін мамандандырылған цистерналарда су тасымалдауға рұқсат етіледі.

30. Шығатын жері белгілі ауыз суды мынадай әдістермен өңдеуге рұқсат етіледі:



1) ерітілген газдардың құрамын азайту немесе алып тастау;

2) су көзі суының құрамына көмірқышқыл газын қосу немесе оның судағы құрамын қалыпқа келтіру;

3) темірдің, марганецтің, күкірттің құрамын азайту немесе тұрақсыз қосындыларын алып тастау;

4) озонмен өңдеудің қосалқы шоғырлануы рұқсат етілген шоғырланудан төмен болу шартымен ауаны, оттегін немесе озонды қосу.

31. Шығарылатын жері белгілі ауыз суға судың физиологиялық толыққандығын жақсарту мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган қолдануға рұқсат еткен минералды тұздарды қосуға (йодтауға, фторлауға) жол беріледі.

32. Асханалық суды өндіру үшін жер ауыз сумен жабдықтаудың жерасты немесе жерүсті көздерінің суы, оның ішінде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің өңделген ауыз суы, сондай-ақ теңіз суы пайдаланылуы мүмкін.

Жерасты суларын өндіру судың пайдаланылатын қорларының өнеркәсіптік санаттары бойынша бағаланған жерасты сулары шығарылатын жердегі жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттың, сондай-ақ арнайы суды пайдалануға су қорын пайдалану және оны қорғау саласындағы уәкілетті орган берген рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылуға тиіс.

Асханалық суды шығаруда бастапқы судың негізгі физикалық-химиялық құрамы мен микробиологиялық сипаттамаларын елеулі өзгертетін суды дайындау әдістері қолданылуы мүмкін.

33. Асханалық суды жұмсартқанда жалпы судың кермектілігі бір жарым миллиграмнан түспеуге - эквивалент литрге тең болуы тиіс.

34. Асханалық суды дайындау үшін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тамақ өнімдерін өндіруде пайдалануға рұқсат еткен минералды тұздар, оның ішінде натрий хлориді, калий хлориді, кальций хлориді, натрий карбонаты, натрий гидрокарбонаты, калий карбонаты, кальций карбонаты, магний карбонаты, натрий сульфаты, кальций сульфаты, магний сульфаты, сондай-ақ табиғи минералды суларды дегидратациялау нәтижесінде алынған ерітінділер қолданылады.

Асханалық суға 0,2 пайыздан 0,4 пайызға (%) дейінгі көмірқышқыл газын қосуға жол беріледі.

35. Тазартылған суды шығару үшін жерасты немесе жерүсті ауыз сумен жабдықтау көзінің суы, оның ішінде алынған тазартылған осы Техникалық регламенттің талаптарына толық жауап беру шартымен бастапқы судың физикалық-химиялық құрамы мен микробиологиялық сипаттамаларын елеулі өзгертетін, ыдыстарға құяр алдында суды дайындаудан өткен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің суы қолданылады.

36. Судың бактериялық ластануын азайту, жою және болдырмау мақсатында хлорлау, озондау, диоксидті көміртекпен қанықтыру сияқты химиялық әдістер мен физикалық (жоғары температура, ультракүлгін радиация, сүзу) факторлары пайдаланылады. Зарарсыздандырудың таңдаулы әдістері озондау, өңдеудің физикалық әдістері, атап айтқанда УК-сәулелену мен көп реттік мембраналы өңдеу болып табылады.

Судың өңдеудің барлық әдістері улы кері әсері бар өнімдердің пайда болуын қоса алғанда кез-келген ластанудан және суды өңдеу кезінде пайдаланылған химиялық заттардың адам денсаулығына қауіпті мөлшердегі қалдықтарының түсіп кетуінен аулақ болу үшін бақылау жағдайында жүргізілуі тиіс.

37. Ыдыстарға құйылған ауыз судың, өндірістік үй-жайлар микроклиматының, жарықтандырудың, аспаптар мен жабдықтар шуылының, дірілінің, электромагниттік сәулеленуінің деңгейі жұмыс аймағындағы ауадағы зиянды қоспалардың санитарлық-гигиеналық жағдайлары тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары үшін белгіленген санитарлық ереже мен нормалардың талаптарына және ыдысқа құйылған ауыз суды өндіруге қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

38. Ыдыстарға құйылған ауыз суын өндіру қауіпті факторды (ХАССП) талдау кезінде күрделі бақылау нүктелерінің жүйесінде қолданылуға негізделуі мүмкін.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет