Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №551 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»


Ыдысқа құйылған ауыз суды орау және таңбалау



бет2/3
Дата30.06.2016
өлшемі190.5 Kb.
#168534
1   2   3
6. Ыдысқа құйылған ауыз суды орау және таңбалау

қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

 

39. Ыдыстарға құйылған ауыз суды өндіру кезінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қолдануға рұқсат еткен тұтыну орамы (ыдысы) ретіндегі шыныдан жасалған шөлмектер мен полимерлік материалдар, полимерлік және аралас полимерқатырма материалдардан жасалған, сыйымдылығы әртүрлі контейнерлер мен пакеттер пайдаланылады.

40. Тұтыну орамын (ыдысын) тұмшалау тәсілі ыдысқа құйылған ауыз суды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмауға, сондай-ақ өнімнің жарамдылық мерзімі ішінде тасымалдау, сақтау және тұтынушыға сату кезінде оның тұмшалылығы мен сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.



Тұтыну орамын (ыдысын) жуу және ыдысқа құю шарттары белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.

41. Тұтыну орамына (ыдысына) құйылған ауыз суды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары қолдануға рұқсат еткен орам материалдарынан жасалған көліктік ыдысқа орайды.

42. Ыдысқа құйылған ауыз суда «Орауға, таңбалауға, заттаңба жапсыруға және оларды дұрыс орналастыруға қойылатын талаптар» техникалық регламентімен және тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптарды реттейтін нормативтік құжаттармен белгіленген талаптарға сәйкес орамы және таңбасы болуға тиіс.

43. Таңбалауда осы Техникалық регламенттің 44-49-тармақтарының талаптарына сәйкес ауыз судың тауарлық атауының елеулі ерекшеліктерін сипаттайтын қосымша ақпарат берілуге тиіс.



Ыдыстарға құйылған ауыз судың табиғаты, шығуы, құрамы мен қасиеттері туралы тұтынушыны жаңылыстыратын кез келген атауды немесе графикалық бейнені таңбалауда пайдалануға жол берілмейді.

44. Табиғи минералды судың саудалық атауы  -«табиғи минералды су»:



1) табиғи минералды судың атауына судың шығарылған жері, су көзі орналасқан жергілікті жердің немесе елді мекеннің географиялық атауы енгізілуі мүмкін.

Бір жер қойнауынан шыққан, бірнеше атауы, сондай-ақ судың қасиеттері туралы әртүрлі ақпараттары бар табиғи минералды суды сатуға рұқсат етілмейді.

Егер табиғи минералды судың атауы шыққан жерінің атауынан өзгеше болса, онда таңбалауда судың шыққан жері көрсетіледі.

2) егер ол осы Техникалық регламенттің 27-тармағының талабына сәйкес жалпыға танылған ғылыми әдістемелер бойынша орындалған физикалық-химиялық талдаулардың, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижесінде алынса, заттаңба жапсырмасына, жапсырма қағазына, қосымша бетіне, жарнамалық қағаздар мен проспектілерге физиологиялық қасиеттері туралы ақпаратты беруге рұқсат етіледі.



«Тамақты қорытуға көмектеседі», «бауыр қызметін және бауырдағы бөлу қызметін жеңілдетеді» деген сөздерді және ауыз судың алдын-алу қасиеттерін көрсететін басқа да ақпаратты қолдануға жол беріледі.

Ауруларды емдеуге байланысты ауыз судың емдік әсерін көрсететін белгілерді пайдалануға, сондай-ақ осы ауыз суға сәйкес келмейтін қасиеттері туралы және ауыз судың түпнұсқалығына кепілдік бермейтін ақпаратты жазуға жол берілмейді.

3) таңбалауда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген балалар тағамын дайындау үшін ауыз судың жарамдылығы туралы ақпаратты жазуға жол берілмейді.

Суда фторидтің шоғырлану деңгейі бір жарым литр миллиграммнан (мг/л) астам болғанда, заттаңбасына «емшектегі балалар мен жеті жасқа дейінгі балғындарға үнемі ішуге болмайды» деп көрсету арқылы фторидтің болуы туралы ақпарат жазылуы тиіс.

4) егер ауыз су осы Техникалық регламенттің 19-28-тармақтарының талаптарына жауап бермесе, заттаңбасына «табиғи минералды су» деген сөзді жазуға жол берілмейді.

45. Бұлақ суының саудалық атауы - «бұлақ суы»:

1) бұлақ суы:

осы Техникалық регламенттің 19-21-тармақтарында көрсетілген су көзін пайдалану шарттарын қанағаттандыратын;

осы Техникалық регламенттің 22-тармағына сәйкес цистерналарда тасымалдауды болдырмай отырып, тікелей су көзінде ауыз суды құю талаптарын қанағаттандыратын;

осы Техникалық регламенттің 26-тармағында көрсетілгеннен басқа, ешқандай өңдеуден өтпеген;

осы Техникалық регламенттің 24-тармағында белгіленген микробиологиялық талаптарды қанағаттандыратын ауыз су үшін пайдаланылады;

2) бұлақ суы таңбасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген балалар тағамын дайындау үшін судың жарамдылығы туралы ақпарат жазылуы мүмкін.

3) бұлақ суының таңбасында осы Техникалық регламенттің 44-тармағының 1 және 2- тармақшаларының талаптары қолданылады.

46. Шығарылған жері белгілі ауыз судың нарықтағы атауы - «ауыз су».

1) ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану шарттарын және осы Техникалық регламенттің 29, 30-тармақтарында көрсетілген суды өңдеу тәсілдерін қанағаттандыратын ыдысқа құюға арналған ауыз су;

2) ауыз судың атауына судың шығарылған жері, су көзі орналасқан жергілікті жердің немесе елді мекеннің географиялық атауы енгізіледі.

Егер ауыз судың атауы шығарылған жердің атауынан өзгеше болса, онда таңбалауда міндетті түрде судың шыққан жері, ауыз сумен жабдықтау көзінің атауы, су шығарылған жердің атауы, ұңғыманың нөмірі көрсетіледі.

Егер ауыз сумен жабдықтау көздерінің орналасқан жері осы елді мекеннің шегінде болмаса, ауыз судың атауына тұрғылықты жердің атауын, елді мекеннің географиялық атауын енгізуге рұқсат етілмейді;

3) бірнеше су көздерінен алынған суларды бірге тұмшалаған жағдайда таңбалауда тұмшалау нәтижесінде алынған минералдау мен химиялық құрамы көрсетіледі.

Бірнеше су көздерінен алынған суларды пайдалану кезінде таңбалауда әрбір су көзінің атауы көрсетіледі;

4) ауыз суды таңбалауға егер ол судың сапасы мен физиологиялық толыққандылығы медициналық-биологиялық бағалау бөлігіне осы Техникалық регламенттің 27-тармағының талаптарына сәйкес алынбаса, судың медициналық қасиеттері (алдын-алу, жеңілдететін, емдік) мен судың адам организміне басқа да әсер етуі туралы ақпаратты жазуға жол берілмейді.

47. Асханалық судың нарықтағы атауы - «асханалық су»:

1) ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану шарттарын және осы Техникалық регламенттің 32, 36-тармақтарында көрсетілген суды өңдеу тәсілдерін қанағаттандыруы тиіс ыдысқа құюға арналған асханалық су;

2) асханалық суды таңбалауда өңдегеннен кейін ыдысқа құйылған судың құрамы су көзі суының құрамынан елеулі ерекшеленетіндіктен, тұтынушыны судың табиғи шыққан жері туралы жаңылыстырмау мақсатында ауыз сумен жабдықтау көзінің шығу жерінің географиялық орны, оның орналасқан жері, ұңғыманың нөмірі көрсетілмейді;

3) таңбалауда өңдеуден кейін алынған ыдысқа құйылған судың минералдануы мен химиялық құрамы көрсетіледі;

4) егер ыдысқа құйылған асханалық су үшін су көзі ретінде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен алынған, одан әрі өңделмеген су пайдаланылса, онда таңбалауда «су құбыры суы» деп көрсетіледі;

5) асханалық суды таңбалауға судың медициналық қасиеттері (профилактикалық, жеңілдететін, емдік), физиологиялық толыққандылығы мен судың адам организміне басқа да әсер етуі туралы ақпаратты жазуға жол берілмейді.

48. Тазартылған судың саудалық атауы - «тазартылған су»:

1) өндірілуі осы Техникалық регламенттің 35-тармағының талаптарын қанағаттандыратын ыдысқа құюға арналған тазартылған су;

2) тазартылған суды таңбалауда өңдегеннен кейін ыдысқа құйылған тазартылған судың құрамы су көзі суының құрамынан елеулі ерекшеленетіндіктен, тұтынушыны судың табиғи шыққан жері туралы жаңылыстырмау үшін ауыз сумен жабдықтау көзінің шығу жерінің географиялық орны, оның орналасқан жері, ұңғыманың нөмірі көрсетілмейді;

3) таңбалауда өңдеуден кейін алынған ыдысқа құйылған судың минералдануы мен химиялық құрамы көрсетіледі;

4) егер ыдысқа құйылған тазартылған су үшін су көзі ретінде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінен алынған, одан әрі өңделмеген су пайдаланылса, онда таңбалауда «орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінің суы» немесе «су құбыры суы» деп көрсетіледі;

5) таңбалауға судың медициналық қасиеттері (алдын-алу, жеңілдететін, емдік), физиологиялық толыққандылығы мен судың адам организміне басқа да әсер етуі туралы мәліметті жазуға рұқсат етілмейді.

49. Ыдысқа құйылған ауыз суды таңбалауда көмірқышқыл газымен қанықтырылу дәрежесіне қарай мыналар көрсетілуі тиіс:



1) газдалған;

2) газдалмаған;

3) газсыздандырылған;

4) табиғи-газдалған.

Газдалған суда көмірқышқыл газының салмақтық үлесі бойынша таңбалауда мыналар көрсетілуі тиіс:

1) аз газдалған;

2) орташа газдалған;

3) қатты газдалған.

Газдалған суды таңбалауда мынадай қосымша ақпарат жазылуы мүмкін:

1) «табиғи-газдалған» - суға сол су көзінің газын қосудың жекелеген жағдайларын есепке ала отырып, құрамындағы көмірқышқыл газының болуы құйылғаннан кейін де су көзіндегідей болып қалатын су;

2) «көмірқышқыл газымен байытылған» - көмірқышқыл газымен қосымша байытылған және онда көмірқышқыл газы су көзіндегіден көбірек болған су;

3) «газдалған» - судың өзінен басқа суда көмірқышқыл газымен жасанды байытылған су.

 

 

7. Ыдысқа құйылған ауыз суды тасымалдау және сақтау



кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

 

50. Ыдыстарға құйылған ауыз сулар ауыз судың сақталуын, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шарттарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен ресімделген, санитарлық паспорты бар барлық көлік құралының түрлерімен тасымалданады.

51. Ыдысқа құйылған ауыз судың мерзімдері мен сақтаудың температуралық жағдайы дайын өнімге арналған нормативтік құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

52. Ыдысқа құйылған және тұтыну орамына (ыдысына) оралған ауыз су температурасы екі градустан 20 градус Цельсий, салыстырмалы ылғалдылығы сексен бес пайыздан жоғары емес қараңғыланған қойма үй-жайларында сақталады.

53. Ыдысқа құйылған ауыз судың жарамдылық мерзімін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі органдарының келісімі бойынша дайындаушы белгілейді.



 

 

8. Ыдысқа құйылған ауыз суды жоюға қойылатын талаптар



 

54. Мынадай жағдайларда ыдыстарға құйылған ауыз су жойылуға жатады:

1) жарамдылық мерзімі өтіп кеткенде;

2) су денсаулық үшін зиянды деп танылғанда;

3) жарамсыздығы анықталғанда;

4) су қолдан жасалған деп танылғанда.

Егер ыдысқа құйылған ауыз судың Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгешелігі белгіленбеген болса, ол тұрмыстық қалдық ретінде жойылуы тиіс.

55. Ыдысқа құйылған су басқа тәсілмен жойылуға тиіс болған жағдайда, бұл ыдысқа құйылған ауыз суды өндіруге арналған техникалық құжаттамада туралы көрсетілуі тиіс.

56. Ыдысқа құйылған ауыз су, егер:

1) суды пайдаланғанда ауруды туындататын патогенді ішек микроорганизмдері табылса;

2) индикаторлы бактериялар мен вирустардың болуы анықталса;

3) компоненттерінің бірі бойынша рұқсат етілген шектен тыс шоғырланулар анықталса денсаулық үшін зиянды деп танылады.

57. Ыдысқа құйылған ауыз су, егер:



1) суда индикаторлы бактериялар мен вирустар болса;

2) судың құрамында химиялық, бактериологиялық және радиоактивтік заттардың көрсеткіштерінің рұқсат етілген шектен тыс шоғырлануы анықталса;

3) суда бөтен заттардың қоспалары табылса;

4) орауға және таңбалауға қойылатын талаптар орындалмаса жарамсыз деп танылады.

58. Ыдысқа құйылған табиғи минералды, бұлақ, ауыз су, асханалық, тазартылған сулар, егер көрсетілген су түрін өндіруге берілген талаптар сақталмаса, қолдан жасалған деп танылады.



 

 

9. Сәйкестік презумпциясы



 

59. Үйлестірілген стандарттар талаптарына сәйкес ыдыстарға құйылған, дайындалған және сауда орындарына жеткізілген ыдыстарға құйылған ауыз су осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп саналады.

60. Ыдыстарға құйылған ауыз су егер олардың талаптары осы Техникалық регламенттің талаптарынан төмен болмаған жағдайда, ал ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нормалардан төмен емес болған жағдайда стандарттау жөніндегі өзге нормативтік құжаттар бойынша дайындалуы мүмкін.

61. Ыдыстарға құйылған ауыз сулардың осы Техникалық регламенттің және қолданылу саласына осы өнім жататын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін бағалау мыналарды жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады:

1) ыдысқа құйылған ауыз судың сапасын өндірістік бақылау;

2) сәйкестігін растау;

3) мемлекеттік бақылау.

62. Ыдыстарға құйылған ауыз суларды дайындау кезінде осы Техникалық регламенттің, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары орындалады, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамалардың талаптарын орындауға, ыдыстарға құйылған ауыз сулардың құрамын сипаттайтын органолептикалық, физикалық-химиялық, радиологиялық және микробиологиялық көрсеткіштерді зертханалық зерттеу жүргізу мен сынақтан өткізу арқылы ыдыстарға құйылған ауыз сулардың сапасын өндірістік бақылауды жүзеге асырылады:



1) өндірістік бақылау ыдыстарға құйылған ауыз судың дәл атауы бойынша дайындаушы әзірлеген және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы құзырлы органдарымен келісілген ұйымдастыру стандартының

негізінде жүзеге асырылады;

2) мыналар өндірістік бақылау объектілері болып табылады:

аузы сумен жабдықтау көзінің суы;

суды дайындау сатысындағы су;

құяр алдындағы су;

дайын өнім;

тұтыну орамы (ыдысы) мен тұмшалау құралы;

3) ұйымдастыру стандартында көрсетілген бақылаудағы көрсеткіштердің тізбесі, зертханалық зерттеулердің мерзімділігі сумен жабдықтау көзіне, суды дайындау технологиясына, дайын өнімнің сапасына байланысты белгіленеді;

4) ұйымдастыру стандарты өнімнің сипаттамасына, бақылаудағы көрсеткіштердің номенклатурасына, орауға, таңбалауға, қабылдау тәртібі мен бақылау әдістеріне қойылатын талаптармен қатар, дайын өнімді өндірістік бақылау кезінде мынадай ең төменгі зертханалық зерттеулер өткізуді көздеуге тиіс:

өнімнің әрбір партиясының ауыз суын осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерге қысқаша талдау;



осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсеткіштерге айына кемінде бір рет ауыз суды мерзімдік қысқаша талдау;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық көрсеткіштерге жылына кемінде бір рет ауыз суды толық талдау;

5) зертханалық зерттеулерді өндіруші өндірістік зертханаларда өздігінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен аккредиттелген сынақ зертханаларын тарта отырып жүзеге асырады;

6) ыдысқа құйылған ауыз суды өндірушілер мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының сұрауы бойынша өндірістік бақылаудың нәтижелері туралы ақпарат береді.

 

 

10. Ыдыстарға құйылған ауыз судың сәйкестігін растау



 

63. Ыдыстарға құйылған ауыз судың сәйкестігін растау техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ыдыстарға құйылған ауыз суды осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігіне міндетті сертификаттау өндірушімен жасалған шарт негізінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органмен жүзеге асырылады.

64. Ыдыстарға құйылған ауыз судың осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сәйкестікті растау жөніндегі органның өндірушіге берген сәйкестік сертификатымен расталады.



Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі расталған ыдыстарға құйылған ауыз сулар тауар белгісімен немесе сәйкестік белгісімен таңбаланады. Тауар белгісімен (егер бар болса) таңбалауды өнім өндіруші өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен өздігінен жүзеге асырады.

65. Шетел мемлекеттерінде берілген сәйкестікті растау аясындағы құжаттар техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде таныған жағдайда жарамды болады.



 

 

11. Үйлестірілген стандарттар тізбесі



 

66. Өнімге, арналған стандарттарда орындалуға міндетті болып осы Техникалық регламентке сәйкес қауіпсіздік талаптары табылады.

Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарды орындауды қамтамасыз ететін стандарттарды үйлестіру техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

67. Осы техникалық регламентпен белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар тізбесі (дәлелдеу базасы) осы Техникалық регламентке 2-қосымшада келтірілген.



 

 

12. Техникалық регламентті қолданысқа енгізу



мерзімі және шарты

 

68. Осы Техникалық регламент алғаш ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

69. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін берілген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды деп есептелінеді.



 

Техникалық регламентке



1-қосымша

 

Қысқаша және мерзімдік талдау кезіндегі өндірістік

бақылау көрсеткіштері

 

Көрсеткіш атауы

Талдау түрі

Қысқартылған

(әрбір партияда)

Қысқартылған

мерзімдік

(айына кемінде

бір рет)

Органолептикалық

Иісі 200С-да

+

 

Иісі 600С-да

+

 

Дәмі

+

 

Сутегі көрсеткіші

+

 

Түсі

 

+

Тұнбалығы

 

+

Бактериологиялық

370С температурада КМАФАнМ

+

 

220С температурада КМАФАнМ

 

+

Жалпы колифорды бактериялар

+

 

Глюкоза оң колиформды бактериялар

+

 

Pseudomonas aeruginosa

 

+

Органикалық ластану көрсеткіштері

Перманганаттық тотығуы

+

  

Реагенттердің болуы

Озон

+

 

Күміс

+

 

Иодид-ион

+

 

Фторид-ион

+

 

Көміртегі диоксиді

+

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет