Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі №675 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



бет1/6
Дата12.06.2016
өлшемі389.5 Kb.
#130892
  1   2   3   4   5   6
«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 Қаулысы

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2008 жылғы 9 шілдедегі

675 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қолданылу аясы

Осы Техникалық регламентті техникалық реттеу объектілері қозғалтқышының жұмыс көлемі 50 см3 асатын және ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағ жоғары М1 М2, М3, N1, N2 және N3 санатындағы механикалық көлік құралдары және осы Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес жіктелетін, Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын және пайдаланылатын, сондай-ақ олардың конструкцияларына өзгерістер енгізген (қайта жабдықтаған) кезде және оларды пайдалану (пайдаға асыру) мерзімі аяқталған кезеңде О1, О2, О3 және О4 санатындағы олардың тіркемелері болып табылады.

Осы Техникалық регламенттің әрекеті мынадай:

ең жоғары конструкциялық жылдамдығы кемінде 25 км/сағ болатын ақырын жүретін;

Қазақстан Республикасының аумағына кемінде алты ай мерзімге әкелінетін немесе олар иеліктен айыру мүмкіндігін көздемейтін кедендік режімдерге орналастырылатын;

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған;

тек қана спорт жарыстарына арналған механикалық көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктеріне қолданылмайды.

2. Техникалық регламентте «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңында белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:



автокөлік құралы - осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген тізбеге кіретін қозғалтқышы бар қондырғы немесе осындай қондырғының тіркемесі (жартылай тіркемесі);

өндірістің жай-күйін талдау - оның аккредиттеу саласына автокөлік құралдары және олардың құрамдас бөліктері, өнімнің өндірісін және өнім жағдайларын (өтініш берілген типтері мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес өнімді өндіру үшін қажетті барабар шаралар мен рәсімдердің болуын сол жерде бағалау) тексеруді ұйымдастыруға қатысты құжаттаманы талдау кіретін, оның құзыретіне сәйкес сәйкестендіруді растау жөніндегі орган атқаратын рәсімдердің жиынтығы;

блоктауға қарсы тежеу жүйесі - шұғыл тежеу кезінде автокөлік құралдарының тежелудегі дөңгелектерінің блокталуын болдырмайтын, жұмыс тежеуі жүйесінің қосымша жүйесі;

қосымша тежеу жүйесі - автокөлік құралдарының жұмыс тежеу жүйесі тежеу тетіктерінің қуат жүктемесін азайтуға арналған тежеу жүйесі;

айналымға шығарылатын автокөлік құралдары - Қазақстан Республикасында дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған автокөлік құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына алты айдан көп уақытқа мақсаты бойынша пайдалануға немесе сату үшін базарға орналастыруға әкелінген автокөлік құралдары;

гигиеналық норматив - зерттеулер белгілеген, оның адам үшін қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан ол болатын ортадағы қандай да бір факторды сипаттайтын көрсеткіштің сандық және (немесе) сапалық мәнінің рұқсат етілген ең жоғары немесе ең төмен мағынасы;

мемлекеттік техникалық байқау (бұдан әрі - техникалық байқау) - пайдаланудағы автокөлік құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалаудың технологиялық рәсімі, оның негізінде оларға жол қозғалысына қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданады;

техникалық құжаттама түпнұсқасын ұстаушы - техникалық құжаттаманың түпнұсқаларына ие және оған өзгерістер енгізуге құқығы бар ұйым немесе кәсіпорын;

дәлелдеу материалдары - техникалық реттеу объектісінің осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты құрайтын құжаттар;

бірегей автокөлік құралы - Қазақстан Республикасында дайындалған немесе оған әкелінген, осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін жеке өтініш жасалған бір данадағы автокөлік құралы;

аяқталған автокөлік құралы - оның конструкциялық мақсатына сәйкес автокөлік немесе көліктік-технологиялық функцияларды орындауға қабілетті автокөлік құралы;

қосалқы тежеу жүйесі - жұмыс тежеу жүйесі істен шыққан кезде автокөлік құралдарының жылдамдығын азайтуға немесе оларды тоқтатуға арналған тежеу жүйесі;

әлемдік өндірушінің сәйкестендіру коды (WMI) - көлік құралының (VIN) көлік нөмірі сәйкестендіру нөмірінің бірінші бөлімі көлік құралын өндірушіні білдіреді. Осы өндірушіні сәйкестендіру үшін көлік құралын өндірушіге WMI кодын береді. WMI коды VIN кодының қалған бөлімдерімен бірге пайдаланылған кезде әлемнің барлық мемлекеттерінде 30 жыл ішінде шығарылған барлық көлік құралдары үшін соңғысының қайталанбастығын қамтамасыз етеді;

көлік құралының сәйкестендіру нөмірі (VIN) - көлік құралын өндірушілерге берілетін белгілердің құрылымды комбинациясы;

дайындаушы - оларды айналымға шығару ниетімен не өзі пайдалану үшін автокөлік құралын немесе оның құрамдас бөліктерін дайындауды жүзеге асыратын, Техникалық регламент талаптарын онда белгіленген шекте орындау үшін жауап беретін заңды тұлға немесе жеке тұлға;

автокөлік құралының конструкциясындағы өзгерістер (қайта жабдықтау) - жабдықтың дайындаушы көздеген құрамдас бөліктері мен бұйымдарын алып тастау немесе көздемегендерді орнату, оның нәтижесінде дайындаушы жоспарлаған автокөлік құралдарының қасиеттері, параметрлері және техникалық сипаттамалары өзгереді;

автокөлік құралының санаты - БҰҰ Еуропа экономикалық комиссиясының Ішкі көлік комитеті қабылдаған Көлік құралдарының конструкциясы туралы жиынтық қарарда (СР. З) қабылданған жіктеуге [1997 жылғы 11 тамыздағы TRANS\WP.29/78/Rеv. 1 құжаты, 7 қосымша] сәйкес көлік құралдарының бөлінуі (осы Техникалық регламентке 1-қосымшаны қараңыз);

құрамдас бөліктер - автокөлік құралдарын жинақтау өндірісіне жеткізілетін (түпнұсқалық жинақтау бөліктері) және (немесе) пайдаланудағы автокөлік құралдарына сатылғаннан кейін қызмет көрсету үшін ауыстыру (қосалқы) бөліктері ретіндегі автокөлік құралдары конструкциясының құрамдас бөліктері;

автокөлік құралының конструкциялық қауіпсіздігі - оны дайындау аяқталғаннан кейін оларға сәйкес болуы тиіс, азаматтың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін тәуекелін болдырмау мақсатында белгіленген, автокөлік құралдарының конструкциясы параметрлерінің жиынтығымен сипатталатын жай-күй;

механикалық көлік құралы - мопедтер мен рельспен жүретін көлік құралдарын қоспағанда, кез келген өзі жүретін жол көлік құралы;

аяқталмаған автокөлік құралы - одан әрі құрастыру мақсатында айналымға шығарылатын, дайындалуы аяқталмаған автокөлік құралы;

қауіпсіздікті қамтамасыз ету - техникалық реттеу объектісін азаматтың өмірі мен денсаулығына, жеке адамдар мен заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін тәуекелі болмайтын жай-күйге келтіруге бағытталған іс-шаралардың кешені;

типін мақұлдау - автокөлік құралы типінің (шасси) Женева Келісімін ратификациялаған елдердің аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының типтеріне қатысты қолданылатын «Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдық бұйымдары мен бөліктеріне арналған бірдей техникалық ұйғарымдарды қабылдау және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми пайымдауларды өзара тану шарттары туралы келісіммен» (1985 жылғы Женева Келісімі) үйлестірілген оған қатысты барлық белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың халықаралық практикаға сәйкес келетін рәсімі;

көлік құралының типін мақұлдау - бір типке жатқызылған, айналымға шығарылатын көлік құралдарының Женева Келісімімен үйлестірілген, «Дөңгелекті көлік құралдарына, дөңгелекті көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдық бұйымдары мен бөліктеріне арналған бірдей техникалық ұйғарымдарды қабылдау және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми пайымдауларды өзара тану шарттары туралы келісімді» ратификациялаған елде оларға қатысты белгіленген барлық талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;

шассидің типін мақұлдау - тиісті типке жатқызылған, айналымға шығарылатын аяқталмаған автокөлік құралдарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат. Талаптар жиынтығы конструкцияның аяқталу дәрежесіне қарай айқындалады;

сатылғаннан кейін қызмет көрсету - автокөлік құралдарын пайдаланудың ыңғайлылығын, жоспарланған қызмет мерзімі шегінде оның сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын шаралар кешені. Оған: жоспарлы техникалық қызмет көрсету, автокөлік құралдарын жөндеу, анықтамалық әдебиет шығару, ауыстыратын (қосалқы) бөліктермен қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерін оқыту, сондай-ақ автокөлік құралдарының пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-шаралар кіреді;

Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропа экономикалық комиссиясының ережесі (БҰҰ ЕЭК ережесі) - 1958 жылғы Женева Келісіміне сәйкес қабылданған және 1958 жылғы Женева Келісіміне қосымшалар болып табылатын техникалық ұйғарымдар, осы Техникалық регламенттің мақсаттары үшін қолданылатын БҰҰ ЕЭК ережесінің тізбесі 2-қосымшада берілген;



автокөлік құралдарын сату кезіндегі өндіріс процесі - өндірушілер автокөлік құралдары үшін ұйғарған және автокөлік құралдарын сатушылар мен автокөлік құралдарын өндірушілер жүзеге асыратын міндетті техникалық ықпал ету кіретін процесс;

автокөлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқау шеңберінде бақылау - диагностикалық жұмыстар жүргізу кезіндегі өндіріс процесі - автокөлік құралдарының пайдалану қауіпсіздігін бағалау үшін қажетті техникалық ықпал етулердің жиынтығы;

автокөлік құралдарына қызмет көрсету және/немесе оларды жөндеу кезіндегі өндіріс процесі - автокөлік құралдарының ақаусыз жай-күйін қалыпқа келтіру үшін қажетті, автокөлік құралдарын өндірушілер ұйғарған техникалық ықпал етулердің жиынтығы;

көлік құралын тіркеу туралы куәлік - көлік құралы иесінің меншік құқығын, оның сәйкестендіру деректерін растайтын және көлік құралының жол қозғалысына қатысуына рұқсатын анықтайтын көлік құралының құжаты;

жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты бөлігінде автокөлік құралының конструкциясын келісу туралы куәлік - жол қозғалысының, нормативтік актілердің талаптарына сәйкес автокөлік құралдары конструкцияларының қандайда бір өзгертілген түрлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжат;

БҰҰ ЕЭК ережелеріне қатысты көлік түрін ресми бекіту туралы хабарлама - көлік құралдарының, көлік құралдарының жабдықтары бұйымдарының және бөліктерінің БҰҰ ЕЭК-ның нақты ережелерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;

пайдаға асыру туралы анықтама - автокөлік құралын пайдаға асыру фактісін растайтын құжат;

мамандандырылған автокөлік құралдары - қандайда бір жүктердің түрлерін тасымалдауды жүзеге асыруға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары;

арнайы автокөлік құралдары - арнайы функцияларды орындауға арналған және жабдықталған автокөлік құралдары;

мамандандырылған жабдық - бұл:

1) бақылау-диагностикалау жабдығы (автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін техникалық диагностикалау құралдары);

2) реттеу жабдығы;

3) жуу-жинау жұмыстарына арналған жабдық;

4) майлау және құю жабдығы;

5) автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін көтеруге және орнын ауыстыруға арналған жабдық;

6) автокөлік құралдарының дөңгелектерін жинап орнына салу, бөлшектеу, жөндеу, оларға ауа толтыру, шиналарды тиектеп бекіту және теңгеру үшін арналған жабдық;

7) автокөлік құралдарын бояуға және коррозияға қарсы өңдеуге, оның ішінде қоректендіру жүйесін сығылған ауамен өңдеуге арналған жабдық;

8) автокөлік құралдарының жетекші жүйелерін қалпына келтіруге және жөндеуге арналған жабдық;

9) жөндеу жұмыстарына арналған гараж жабдығы;

10) гараж компрессорлары;

11) қозғалтқышты іске қосуға дайындауға арналған жабдық, іске қосу-зарядтау қондырғылары;

12) аспап және арнайы гараж құрылғылары кіретін жабдық;

тұрақта тежеу жүйесі - автокөлік құралын үстіңгі таянуға қатысты қозғалмайтын жай-күйде ұстауға арналған тежеу жүйесі;

рульді басқарудағы жалпы люфт - руль дөңгелегінің автокөлік құралдарының басқарылатын дөңгелектерінің бір жаққа бұрылысының басталуына сәйкес келетін жағдайдан олардың қарсы жаққа бұрылуы басталатын жағдайға дейінгі бұрылыс бұрышы;

автокөлік құралдарының және олардың құрамдас бөліктерінің техникалық ақаусыздығы - автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерінің олар үшін шығарушы-кәсіпорын белгілеген норма параметрлері оларға арналған нормативтік мағыналар шегінде болатын техникалық жай-күйі;

автокөлік құралдарының және олардың құрамдас бөліктерінің техникалық жай-күйі - қандайда бір сәтте шығарушы-кәсіпорынның техникалық құжаттамасында белгіленген белгілермен сипатталатын, автокөлік құралдарын және олардың құрамдас бөліктерін пайдалану процесінде өзгеріске ұшыраған олардың қасиеттерінің жиынтығы;

автокөлік құралының түрі - олардың конструкциясын сипаттайтын өлшемдердің жиынтығына қатысты өзгешеліктері жоқ, бір санаттағы автокөлік құралдары;

тежеу жүйесі - автокөлік құралының тежеуін жүзеге асыруға арналған қондырғылардың жиынтығы;

тежеуді басқару - автокөлік құралының барлық тежеу жүйелерінің жиынтығы;

қауіпсіздік талаптары - автокөлік құралының (құрамдас бөлігінің) қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін техникалық регламенттердің талаптары;

пайдаға асыру - автокөлік құралының жекелеген құрамдас бөліктерін қайта пайдалану, қайта өңдеу және оны ол дайындалған материалдардың өндірісіне қайтару, сондай-ақ автокөлік құралының кейбір бөліктерін шығынды ретінде жандыру арқылы энергия алу іс-шараларының кешені;

шасси - жолаушыларды және/немесе жүктерді тасымалдау үшін шанақ және/немесе өзге де жабдықты орнатуға арналған аяқталмаған автокөлік құралы. Мұндай шанақсыз және/немесе жабдықсыз пайдалануға арналмаған;

автокөлік құралын пайдалану қауіпсіздігі - оларды өзгерту пайдалану барысында азаматтың өмірі мен денсаулығына, жеке адамдар мен заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін, автокөлік құралының конструкциясы параметрлерінің жиынтығымен сипатталатын жай-күй.

3. Автокөлік құралдарын пайдалану кезінде туындайтын тәуекелдер



Автокөлік құралдарын және олардың құрамдас бөліктерін пайдалану салдарынан адамдардың өмірі мен денсаулығына, заңды тұлғалар мен жеке адамдардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіру тәуекелдерінің туындау себептері:

пайдалануға енгізілген автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктеріне қатысты қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін конструкциялардың, технологиялық процестердің немесе сериялық және жаппай өндіріс өнімдерін бақылау жүйелерінің жетілдірілмеуі;

автокөлік құралдарының оларды пайдалану процесінде қауіпсіздік көрсеткіштерінің төмендеуі;

олардың конструкциясына рұқсат етілмеген өзгерістерге байланысты автокөлік құралдары қауіпсіздігінің төмендеуі;

оларды дұрыс пайдаланбауға байланысты автокөлік құралдарының жоғары қауіптілігінің туындауы;

пайдалану барысында автокөлік құралдарының зиянды шығындыларымен, сондай-ақ пайдаланудан шығарылған және тиісті түрде пайдаға асырылмаған автокөлік құралдарымен қоршаған ортаны ластау болып табылады.

Автокөлік құралдарын және олардың құрамдас бөліктерін пайдаланумен және автокөлік құралдарының конструкциялық қасиеттеріне және сипаттамаларына қойылатын талаптарға байланысты тәуекелдер:

1) автокөлік құралы конструкциясының жекелеген элементтерінің жетілдірілмеуі, болмауы немесе техникалық ақауы салдарынан жол-көлік оқиғасын (бұдан әрі - ЖКО) жасау тәуекелі;

2) жүргізушінің автокөлік құралын басқару бойынша өз функцияларын тиісті түрде орындау қабілетсіздігі салдарынан ЖКО жасау тәуекелі;

3) ЖКО нәтижесінде ауыр салдарлардың туындауы;

4) автокөлік құралын пайдалану және оны кейіннен пайдаға асыру кезінде қоршаған ортаны ластау тәуекелі;

5) автокөлік құралын пайдалану салдарынан радиохабар беру қондырғылары мен радиоэлектронды аппаратуралардың жұмысында кедергілер туындау тәуекелі;

6) автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдалану тәуекелі;

7) электромобильдер мен троллейбустарды пайдалану кезінде электр тоғына зақым келтіру тәуекелі болып бөлінеді.

Осы Техникалық регламентке 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет