Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 (І кезең)



Дата08.07.2016
өлшемі97.18 Kb.
#185516



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 (І кезең) жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ақпараты (2015 жылғы)

( «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 (І кезең) жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың іс шаралар жоспарының тармақтарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 ж. 17 қарашадағы №471 бұйрығының негізінде)

пункт№

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

24

Кейіннен бір өңір мен бір қалаға тарата отырып, 4 мектеп базасында оқытушыларды аттестаттау рәсімін байқаудан өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒСБК,

Аумақтық органдардың қызметін үйлестіру басқармасы,

Сырттай бағалау басқармасы


2013-2015

Қазақстан Республикасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2011-2020 жылдары іске асыру шараларына арналған жобаларының 24 пунктіне сәйкес, аттестаттау тәртібінің апробациясын бір аудан мен бір қалаға таралатын 4 мектеп базасында өткізу қажет. Педагогикалық қызметшілерді квалификациялық тестілеу (бұдан әрі-ПҚКТ) белгіленген тәртіппен 2013 жылы компьютерлік тестілеу түрінде өткізілді. Келесі жылдарда ПҚКТ апробациясын жүргізу web-тестілеу түріне ауысты және апробация өткісі келген барлық тілек білдіруші педагогикалық қызметкерлерді қамтыды. Сынамалы web-тестілеу жыл сайын қыркүйектен қазан айына дейінгі аралықта өткізіледі.

2014 жылдың соңында педагогтардың квалификациялық деңгейін растайтын тест тапсырмаларының соңғы құрылымы анықталды. Бірақ қаржыландыру болмағандықтан, жаңа құрылымға көшу қадам бойынша жүргізіледі. 2015 жылы жаңа құрылым бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие», «Бастауыш сыныптар», барлық тілдік сыныптар үшін қазақ және орыс тілдерінің, «Математика», «Физика» және т.б. көп таралған пәндер бойынша педагогикалық қызметшілер тестілеуден өтеді; барлығы 15 пән, тестілеу екі тілде жүргізіледі. Қалған пәндер 2016 жылы енгізіледі.

Жаңа құрылымға сай келетін тест тапсырмаларының базасын құру 2015 жылы басталды. ПҚКТ апробациясы ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Ақмола және Алматы облыстарында, Астана және Алматы қалаларында өтті.

Алынған мәліметтерге сәйкес, апробацияға 640 тадам қатысты. Апробация тек пәндік тестілеу блогы бойынша өтті. Апробацияға ескі және жаңа құрылым сұрақтары кірді. Ескі құрылым бойынша тестті 70% -ы сәтті тапсырды, жаңа құрылым бойынша белгіленген 70% шектік мөлшерден қатысушылардың 21%-ы өтті.



70

Жазбаша тапсырмаларды қоса отырып, оқушылардың қалыптасу және құзыреттілігі деңгейін анықтауға бағдарланған 12 жылдық мектепті бітірушілер үшін ұлттық тест тапсырмаларын әзірлеу

Бұйрық

БҒСБК,

Сырттай бағалау басқармасы



2015

IV тоқсан



«Мемлекеттік тестілеу» ұғымы ҚР «Білім туралы» Заңына енгізілген жоқ, сонымен қатар 12-жылдық білім беру жүйесіне ауысу нормативтік-құқықтық актілермен расталған жоқ.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшуге арналған тәжірибелік жұмыс 2014-2015 оқу жылдарында аяқталды. Тәжірибелік сыныптардың бітіруші түлектері ҰБТ-2015 қатысты. Олар үшін тәжірибеде қолданылған оқулықтар бойынша тест тапсырмаларының базасы жасалынды.



71

Компьютерлік тестілеуді енгізу арқылы білім беру ұйымдарындағы ОЖБ-ны өткізу технологиясын жетілдіру:

- ОЖБ өткізу технологиясын әзірлеу,

- ОЖБ рәсімін бағдарламалық сүйемелдеуді тәуелсіз сараптамадан өткізу,

- байқаудан өткізу

- жаңа технологияны енгізу



Бұйрық

БҒСБК,

Сырттай бағалау басқармасы



2011-

2014


ОЖСБ өткізу технологиясын жасау

2014ж. компьютерлік тестілеу өткізу үшін 2011 жылы жасалған және 2011, 2012, 2013 жылдары тестілеуге қолданылған қазіргі қолданыстағы бағдарламалық қамтуға өзгерістер енгізілді.

Жүргізілген тәжірибелер бойынша өзгерістер енгізу керектігі анықталды. Министрлік бекіткен жұмыс жоспарларына сәйкес компьютерлік тестілеуді дамыту шараларын жүргізу жалғастырылады

Тәуелсіз сараптама өткізу

Білім беру сапасын бағалау басқармасының мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын жұмыс жоспарына сәйкес, 2011 жылдың 10-14 қазан аралығында сыртқы емтихандардың компьютерлік тестілеуін бағдарламалық қамтамасыз ету үшін тәуелсіз сараптама өткізілді. Аталған сараптама орта білімдегі ОЖСБ-ны өткізу технологиясы мен оның бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық талаптарға сай келуін тексеру үшін жүргізілді. Сонымен қатар, 2011 ж. қараша айында оқу барысының бастапқы деңгейіндегі компьютерлік тестілеуді бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық қауіпсіздік деңгейін тексеру мақсатында сараптама жүргізілді.



Апробация өткізу (пилоттық тестілеу)

Жаңа технологияны енгізу

ҚР Білім және ғылым Министрінің «2015 жылы Қазақстан Республикасындағы орта білім беретін ұйымдарының оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу» туралы 2015 жылғы 6 наурыздағы №118 бұйрығының негізінде , республика бойынша Оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізілді (әрі қарай- ОЖСБ). ОЖСБ 7, 10, 14, 16 сәуірде жоспарланған 1220 мектептің 1209-да 9 сыныпта, 4 ағынмен 1220 білім беру ұйымдарында өткізілді. 11 мектепте су тасқынының кесірінен өткізілген жоқ.

Республика бойынша барлық қатысушылар: 43 780 оқушы: (қаз.- 30 011; орыс.- 13 769); қала– 22 255; ауыл– 21 525.

ОЖСБ 4 пән бойынша өткізілді: қазақ тілі міндетті және Министрлік айқындайтын 3 пән,  2015 жылы таңдамалы 5 пән анықталды:  математика, физика, биология, география және химия. 

Республика бойынша жалпы орташа балл: 37,4: қаз.-36,8; орыс.- 38,6; қала– 39,2; ауыл– 35,4; максималды: Алматы қ. – 52,8; минималды: Атырау облысы – 29,2. 2014 жылы – 39,6 (қаз. – 37,8; орыс. – 42,3).

Бланктік тестілеуге қатысқандар: 967 мектептен 27 655 оқушы (қаз.- 21 113; орыс.- 6 542). Орташа балл: 35,8 (қаз. – 35,9; орыс. – 35,6); максималды: Шығыс Қазақстан облысы– 49,1; минималды: Атырау облысы – 28,3.

Технологияны жетілдіру мақсатында рәсім компьютерлік тестілеу тәсілімен бірге облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларының 243 мектебінде өткізілді. Оған қатысқандар: 16 125 оқушы (қаз.- 8 898; орыс.- 7 227).Республика бойынша орташа балл: 40 (қаз. – 39; орыс. – 41,2); максималды: Алматы қ. – 52,8; минималды: Павлодар облысы– 30,2.
Жоғары оқу орындарындағы ОЖСБ:

«2015 жылы Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беретін ұйымдардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы» бұйрыққа сәйкес, ағымдағы жылы қарашаның 9-нан 14-не дейінгі аралықта 46 ЖОО базасында 5 ағыммен ОЖСБ өткізілді. Оған барлық оқу түрінде оқитын 104 ЖОО-ның бітіруші курстарындағы студенттер сегіз бағыт бойынша қатысты: білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; жаратылыстану ғылымдары; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдары (98 мамандық). Мәлімделген 55 093 студенттің ішінен тестілеуге 49 654-і қатысты; оның ішінде күндізгі оқу бөлімінен – 46 631, сырттай оқу бөлімінен – 3 023; 104 ЖОО, оның ішінде: ұлттық– 4; мемлекеттік – 27; акционерлік – 15; азаматтық емес – 4; жеке – 51.

Тестілеудің объективті және ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ету үшін ЖОО-на БСБД ұсынысы бойынша Министрліктің 266 өкілі қатысты. Жергілікті жерде ОЖСБ-ны ұйымдастырумен Комитеттің территориалдық органдары айналысты. Тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 14 студенттің тестілеу нәтижелері жойылды. БСБД мәліметтері бойынша тестілеу барысында 30 010 тыйым салынған заттар алынған: оның ішінде 22 414 шпаргалка және 9 596 ұялы телефон.

Рәсім кешенді тестілеу түрінде МЖББС (ГОСО) міндетті мамандықтарының негізінде 2 базалық және 2 профильдік пәндер бойынша өткізілді. Әр пән бойынша тесттік тапсырмалардың саны – 25, тестілеу казақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Республика ойынша орта балл: мүмкін болатын 200 баллдан -79 (2014 ж. – 81 балл); казақ тіліндегі оқыту түрінде 78, орыс тілінде – 80,8.

Алынған мониторингтік мәліметтер оқу-әдістемелік курстарды жетілдіруге негіз болып табылады және де мамандарды дайындайтын білім ұйымдарының рейтингін анықтау үшін қолданылады.ОЖСБ нәтижелері Республиканың білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы Ұлттық баяндамада көрсетіледі.



153

Жоғары оқу орындары мен колледждерді мемлекеттік аттестаттауды ұлттық аккредиттеумен ауыстыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒСБК,

Білім саласындағы бақылау басқармасы



2015 ж. I тоқ

сан


Орындалу уақыты: 2015 ж. I тоқсаны.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы № 1118 «2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне сәйкес, ЖОО мен колледждерді мемлекеттік аттестациялаудан ұлттық аккредитацияға ауыстыру біртіндеп жүргізілетін болады. Осыған орай, орындалу уақыты 2016-2020 жылдарға ауыстырылады.



«Қазақстан Республикасының Білім туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашадағы №398 –М ҚРЗ Заңына сәйкес, мемлекеттік аттестация жүргізу 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жоғары оқу орындары үшін, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін күшін жояды.

155

Қазақстанның жоғары оқу орындарын Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасын орындау мен білім беру қызметін лицензиялау қағидаларын орындауды бақылау (лицензиядан кейінгі бақылау) түріндегі мемлекеттік бақылаудан өткізу

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒСБК,

Білім саласындағы бақылау басқармасы



2015

I тоқ


саннан бастап

2015 жылы республикалық маңызы бар 29 ЖОО мен 3 колледжде және 1 республикалық маңызы бар мектепте мемлекеттік аттестация жүргізілді.

Мемлекеттік аттестациялау нәтижесі бойынша 16 ЖОО аттестациядан өтпеді.

Қайта аттестация 25 ЖОО-да өткізілді, оның нәтижесі бойынша 11 ЖОО-ға қатысты ұйғарым шығарылды.

Жоспарлық тексеру 4 ЖОО-да өткізілді.

Жоспарлық тексеру нәтижесі бойынша 3 ЖОО әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1 ЖОО лицензиясын тоқтатпай.

Жоспардан тыс тексеру 34 ЖОО-да өткізілді, нәтижесінде 26 ЖОО-ның лицензиясы жаңартылды.

Сот қаулысымен 4 ЖОО әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және лицензиясы тоқтатылды.


174

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау орталығын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒСБК,

Сырттай бағалау басқармасы



2014-2015

Орындалу уақыты: 2014-2015 жж.

2013-2014 жж. аталған пунктты қаржыландыру туралы бюджеттік сұраныстың РБК тарапынан қолдау таппауына байланысты, оған қаражат бөлінген жоқ. «Қазтест» басқармасының жұмысын Ұлттық тестілеу орталығы атқарады.

Сондай-ақ 2015 жылы мемлекеттік тілдің деңгейін бағалау орталығын құру және пайдалану үшін қаржыландыру бөлу де қолдау таппады.

ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту және жетілдірумен әлі күнге дейін ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы айналысады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет