Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №1088 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы»



Дата23.02.2016
өлшемі84.83 Kb.
#2998
«Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1088 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 570 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 38, 330-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларында:

15, 16, 17, 18, 19 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алу үшін балық шаруашылығы субъектілері алдыңғы жылдың 31 желтоқсанына дейін Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне не жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

16. Өтінімде:

1) балық шаруашылығы субъектісінің атауы;

2) Балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың жасалған күні мен нөмірін көрсете отырып, бекітілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы;

3) ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі (теңге);

4) аулау және көлік флотының болуы (бірлікпен);

5) аулау құралдарының, оның ішінде жылымның, тордың, қабадандардың, шаян аулағыштардың, омыртқасыздарды жинау құралдарының және Балық аулау қағидасына сәйкес келетін басқа да аулау құралдарының болуы;

6) бұдан бұрын бөлінген квотаның ағымдағы жылы нақты игерілуі (тоннамен);

7) балықшылардың саны (адам) көрсетіледі.

17. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын мынадай құжаттар өтінімге қоса беріледі:

1) аулау құралдарының болуы және балықшылар саны туралы анықтама;

2) өтінім берілген күнінен бұрын екі ай ішінде алынған аумақтық көліктік бақылау органының аулау және көлік флотын тіркеу туралы анықтамасы;

3) Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесінің ағымдағы жылы бөлінген квотаны игеру, ағымдағы жылы балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы бұзу саны (болған жағдайда), ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі туралы анықтамасы (мың теңгемен).

18: Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері не жергілікті атқарушы органдар балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жануарлар дүниесін алып қоюға арналған лимиттерге сәйкес кәсіпшілік учаскелеріне бөлінбеген су айдындарына бөледі.

19. Әр түрлі балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіліп берілген екі және одан да көп балық шаруашылығы учаскелеріне бөлінген балық шаруашылығы су айдындарына квоталарды бөлу балық шаруашылығы субъектісін рейтингтік бағалау негізінде белгіленген лимиттің түрлік құрамына пайыздық қатынаста жүзеге асырылады.

Су айдынында ғылыми ұйымдардың ұсынымдары бойынша айқындалған балық өсірілетін аудандар (биотоптар) болған жағдайда, квотаны бөлу балық өсірілетін аудандарды (битоптарды) ескере отырып жүргізіледі.»;

«21. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға арналған квотаны алған балық шаруашылығы субъектілері ай сайын Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне оның пайдаланылуы туралы есеп береді.»;

23-тармақта:

3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) ең нашар көрсеткіші бар қатысушыға ең төменгі баға (минус 10 балл) қойылатын Рейтингтік бағалауды есептеу парағының 7-жолын қоспағанда, ең көп (ең үздік) көрсеткіші бар балық шаруашылығы субъектісіне тиісті тармақ бойынша 20 баллдық жүйемен ең жоғарғы баға қойылады;

4) балық шаруашылығы субъектісінің рейтингтік бағасы (бұдан әрі – Р) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген Рейтингтік бағалауды есептеу парағының (бұдан әрі – Есептеу парағы) 3-бағанының көрсеткішін (ең жоғарғы бағалау көрсеткіші) Есептеу парағының 5-бағанына (20 баллдық жүйедегі баға) көбейту және 100-ге бөлу жолымен айқындалады.»;

көрсетілген қаулының 2 және 4-қосымшалары осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 1088 қаулысына 1-қосымша

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларына 2-қосымша


Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға өтінім

1. Балық шаруашылығы субъектісіның атауы _____________________________

2. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің атауы_______________________________________________________

____________________аумақтық бөлімшесімен жасалған Балық шаруашылығын

жүргізуге арналған______ жылғы «_____»______________№____шарт

3. Ағымдағы жылы балық ресурстарының өсімін молайтуға жұмсалған қаржы қаражатының көлемі, (мың/ теңгемен)_____________________________________

4. Аулау және көлік флотының болуы, соның ішінде:

1) қуаты 40 а/к және одан жоғары балық аулау кемелері (бірлік) ______________________________________________________________

2) моторлы қайықтар (бірлік)____________________________________________

3) көлік кемелері (бірлік) _______________________________________________

5. Балық аулау қағидаларына сәйкес келетін балық ресурстарын және басқа су жануарларын аулау құралдары:

1) жылымдар (дана) ____________________________________________________

2) торлар, қабадандар (дана)_____________________________________________

3) басқа да аулау құралдары (дана)________________________________________


6. Ағымдағы жылы бөлінген квотаның нақты игерілуі (тн)____________________

7. Балықшылардың саны (адам) __________________________________________

Берілген күні

МО

Балық шаруашылығы субъектісі



басшысының Т.А.Ә.

Қолы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 қыркүйектегі №1088 қаулысына 2-қосымша

Жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөлу қағидаларына 4-қосымша

Рейтингтік бағалауды есептеу парағы

Балық шаруашылығы субъектісі ________________________

Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі



Р/с



Көрсеткіштердің атауы

Ең

жоғарғы

бағалау

көрсеткі-ші пайызбен

Өтінімдер-

ге сәйкес

көрсеткіш-тер саны

20 балл-

дық

жүйе

бойынша

бағалау

Балық

шаруашылы-

ғы

субъектісі-

нің

рейтингтік

коэффициен-

ті

1

2

3

4

5

6

1.

Ағымдағы жылы балық ресурстарының және басқа су

жануарларының өсімін молайтуға жіберілген қаржы қаражатының көлемі (мың теңгемен)



20










2.

Аулау және көлік флотының болуы, бірлік, соның ішінде

20












1) қуаты 40 а/к және

одан


жоғары балық аулау

кемелері (бірлік)



10












2) моторлы қайықтар

5












3) көлік кемелері

5










3.

Балық аулау және (немесе) су омыртқасыз жануарларын жинау құралдарының болуы, бірлік соның ішінде

20












1) жылымдар

10












2) торлар мен қабадандар

5












3) торлар, шаян аулағыштар, омыртқасыздарды жинау құралдары, дана (шаяндарды және басқа су омыртқасыздарын алып қою квотаны бөлу кезінде толтырылады)

5










4.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу саны (фактілері)

20










5.

Ағымдағы жылғы балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауға бөлінген квоталардың игерілуі (тонна)

10










6.

Балықшылардың болуы (адам)

10










Жиыны

100










Балық, шаян және су омыртқасыздарын алып қою квоталарын бөлу үшін рейтингтік бағалауды есептеу парағы бөлек толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет