Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №715 Қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі214 Kb.
#125210
  1   2   3   4
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.12.2011 16:17:40
Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 715 Қаулысы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 27 маусымдағы

715 қаулысымен



бекітілген

 

 

Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес қабылданған аттестаттау жүргізудің және мен шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктер берудің тәртібін, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды тіркеу тәртібін айқындайды.

2. Аттестаттау кезінде теориялық білімі мен шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдыларын тексеру, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары емтихан комиссияларының (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органдары) емтихан алуы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша кеме жүргізушілерге шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік (бұдан әрі - куәліктер) беріледі.

3. Кеме жүргізушілерді шағын көлемді кемелерді басқару құқығына аттестаттауға жасы он сегізге толған, шағын көлемді кемелерді басқаруға денсаулығының жай-күйі бойынша жарамды деп танылған, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі үлгі бағдарламадан төмен емес шағын көлемді кемені басқару бойынша теориялық және практикалық арнайы дайындығы бар адамдар жіберіледі.

4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен меншік нысандарына қарамастан, олар Комитеттің аумақтық органдарында есепке алынуы тиіс.

 

 

2. Емтихан комиссияларын құру және олардың жұмысын ұйымдастыру тәртібі



 

5. Қазақстан Республикасының әрбір өңірі үшін емтихан комиссияларының құрамы мен олардың жұмыс тәртібі Комитеттің аумақтық органы басшысының бұйрығымен айқындалады.

Емтихан комиссияларының төрағалары болып Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары тағайындалады.

6. Емтихан комиссияларының құрамына Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері, жоғары немесе орта арнайы білімі бар су көлігінің мамандары және тәжірибелі кеме жүргізуші-практиктер, сондай-ақ қызмет бабына сәйкес су қоймаларында құқықтық тәртіпті жүзеге асыратын, су қорғау және балық қорғау талаптарын сақтауға бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.

7. Әрбір кезекті отырысқа емтихан комиссиясының сандық және дербес құрамын алдағы жұмыстың көлемін негізге ала отырып, бірақ үш адамнан кем емес құрамда оның төрағасы белгілейді.

8. Шағын көлемді кемелердің жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстардың оқытушылары өздері сабақ берген топтардың түлектерінен емтихан алу жөніндегі емтихан комиссиясының құрамына енгізілмейді.

9. Емтихан билеттері мен тестілік бағдарламаны осы Қағиданың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітеді.

 

 

3. Емтихан тапсыруға жіберу тәртібі



 

10. Аттестатталушыларды шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсыруға жіберу үшін емтихан комиссиясына мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес кеме жүргізушінің жеке карточкасының бланкісіндесі өтініш;



2) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, дипломның (куәліктің) көшірмесіне кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның (куәліктің) нотариалды куәландырылған көшірмесі не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарын бітіргені туралы анықтама;

3) аттестатталушының тұрғылықты мекенжайы бойынша денсаулық сақтау мекемелері беретін медициналық анықтама (№ 083/у нысаны);



4) 3 х 4 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;

5) аттестатталушы адамның жеке басын куәландыратын құжат (емтихан тапсыратын күні көрсетіледі).

Комитеттің аумақтық органдарының есебінде тұрмайтын шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы құжаттар қабылданбайды.

11. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктен айыру мерзімі аяқталғаннан кейін аттестатталушы тұлға осы Қағиданың 10-тармағына көзделген құжаттарды тапсыра отырып, теориялық дайындық бойынша емтихандар тапсырады.

12. Талап етілетін құжаттарды толық көлемде тапсырмаған аттестатталушы тұлға емтихан тапсыруға жіберілмейді.

13. Аттестатталушы адамды шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсыруға (осы Қағиданың 22-тармағында көзделген мән-жайларға байланысты сұхбаттасуға) жіберуді емтихан комиссиясының төрағасы осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды тексергеннен кейін жүргізеді.

14. Аттестатталушы адамды емтихан тапсыруға жіберу туралы қабылданған шешім кеме жүргізушісіне оған емтихан комиссиясы отырысының орнын, күні мен уақытын хабарланып, жеке карточкасының бланкісінде жазбаша ресімделеді.

Емтихан тапсыруға жіберуден бас тартылған жағдайда тапсырылған сәттен бастап он жұмыс күн ішінде кеме жүргізушісінің жеке карточкасы бас тарту себептері көрсетіліп, ұсынылған құжататтармен бірге кеме жүргізушіге қайтарылады.

15. Аттестатталушы адамның емтихан тапсыруға рұқсат беруден бас тарту себептерімен келіспегені туралы түскен өтінішін Комитеттің аумақтық органының басшысы олар түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды.



 

 

4. Емтихандарды өткізу



 

16. Емтихан комиссиясының хатшысы емтихан тапсыратын адамның жеке басын куәландыратын құжаты негізінде оған емтихан тапсыруға (сұхбаттасуға) жіберу туралы белгісі бар кеме жүргізушінің жеке карточкасын береді, осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес тегін, атын, әкесінің атын жазады және емтихан тапсыру (сұхбаттасу) тәртібін түсіндіреді.

17. Шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихандар осы Қағиданың 5-бөлімінде көзделген тәртіппен тиісті жүзу ауданы үшін кеме жүргізу бойынша шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгі бағдарламасының көлемінде және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Ішкі су жолдарында жүзу қағидасы, Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасы бойынша, сондай-ақ кейіннен шағын көлемді кеменің тиісті үлгісін практикалық басқару дағдыларын тексере отырып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, кеме мен қозғалтқышты орналастыру және техникалық пайдалану бойынша тапсырылады.

18. Емтихан билеттері сұрақнамаларды қолданумен қағаз жеткізгіште тест немесе компьютерде тестілеу үшін тестілік бағдарлама нысанында құрастырылады. Шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсыру нысандарын аттесттатталушы адам таңдайды.

19. Білімді бағалау сынақ жүйесі бойынша жүргізіледі.

Емтихан нәтижелері кеме жүргізушінің жеке карточкасында емтихан алушылардың тиісті жазбасымен ресімделеді («сынақтан өтті» немесе «сынақтан өткен жоқ»).

20. «Сынақтан өткен жоқ» дегенді алған, яғни тестілеу кезінде сексен пайыздан кем дұрыс жауап берген адамдар емтихандарды қайта тапсыруға кемінде жеті жұмыс күні өткеннен кейін жіберіледі.

21. Кеме жүргізушілер курсын бітіргеннен кейін он екі ай ішінде теориялық емтихандарды тапсырмаған немесе он екі ай ішінде теориялық және практикалық емтихандарды үш реттен артық тапсыра алмаған адамдар оқыту курсын қайтадан жалпы негізде өтеді.

22. Осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың құрамында кеме жүргізуші лауазымдарына орналасуға құқық беретін дипломдарын (куәліктерін), сондай-ақ яхта капитандарының дипломдарын, яхта рульдеушісінің куәлігін, ұлттық немесе халықаралық кеме жүргізуші құжаттарын ұсынған адамдар тиісінше өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсырудан босатылады. Бұл адамдарға куәлік беру олармен емтихан комиссиясының отырысында шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидалары талаптарының көлемінде сұхбаттасу нәтижелері бойынша жүргізіледі.



Сұхбаттасу емтихан комиссиясы отырысының хаттамасымен ресімделеді және жеке карточкаға тиісті жазба жазылады.

23. Кеме жүргізушілерінің жеке карточкалары емтихан (сұхбаттасу) нәтижелерімен бірге емтихан комиссиясының хатшысына тапсырылады.

24. Емтихан комиссиясының отырысы аяқталғаннан кейін хаттамаға емтихан комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Хаттамада түзетулерге жол берілмейді.

25. Емтихан комиссиясының хатшысы емтихан тапсырудың нәтижелерін ресімдегеннен кейін шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдыларын тексеруді жүргізудің шарттары және куәлікті алу тәртібі туралы, ал қажет болған жағдайда емтихандарды қайта тапсыру және апелляциялық арыз беру тәртібі туралы мәліметтерді ақпараттық стендіге орналастыру жолымен хабардар етеді.

26. Білімін бағалау нәтижесімен келіспеген жағдайда аттестатталушы адам уәкілетті органға шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі аттестаттауды жүргізудің белгіленген тәртібін бұзу және (немесе) шағын көлемді кеменің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі аттестаттаудың нәтижелерімен келіспейтіні туралы жазбаша апелляциялық арыз (бұдан әрі - апелляция) бере алады.

27. Апелляция уәкілетті органға түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.

28. Аттестатталушы тұлға апелляцияны емтихан бойынша баға жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күні береді. Бұл ретте аттестатталушы адамның нәтижелер жарияланған күні өзінің емтихан жұмысымен танысуына болады.

29. Апелляцияны қарау кезінде уәкілетті орган жұмыс мазмұнына және емтихан комиссиясының оны дұрыс бағалағанына талдау жүргізеді.

30. Апелляцияны қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган емтихан комиссиясы бағасының тестілеу нәтижелеріне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім шығарады.

31. Аттестатталушы адамның өтінішін қанағаттандырудан бас тарту не бағасын өзгерту туралы шешім аттестатталушы адамға және емтихан комиссиясының төрағасына жіберіледі.

32. Уәкілетті органның шешіміне сәйкес емтихан комиссиясы бағаны хаттамаға және аттестатталушы адамның кеме жүргізушінің жеке карточкасына жазады.

33. Хаттамамен ресімделген шешімді емтихан комиссиясының хатшысы аттестатталушы адамның назарына жеткізеді. Көрсетілген шешіммен танысу фактісі аттестатталушы адамның қолтаңбасымен куәландырылады. Емтихан комиссиясының хатшысы аттестатталушы адамға шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдыларын тексеру жүргізудің шарттары және куәлікті алу тәртібі туралы хабарлайды.

34. Емтихан хаттамалары, медициналық анықтамалар, кеме жүргізушілердің жеке карточкалары Комитеттің аумақтық органдарында сақталады.

 

 

5. Шағын көлемді кемелерді басқару дағдыларын тексеру



 

35. Шағын көлемді кемені басқарудың практикалық дағдыларын тексеруді (бұдан әрі - басқару дағдыларын тексеру) кеме жүргізуші жеке куәлігін көрсеткеннен кейін Комитеттің аумақтық органының қызметкері жүргізеді.

36. Басқару дағдылары хаттамада көрсетілген кеме түрін пайдалана отырып, шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы көлемінде тексеріледі.

37. Басқару дағдыларын тексеруді навигация кезеңінде су көлігінде бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органының қызметкері жүргізеді.

38. Басқару дағдыларын тексеруді жүргізетін Комитеттің аумақтық органының қызметкері:



1) пайдаланылатын кеменің (кемелердің) дұрыстығы мен құтқарушы құралдармен жасақталуын тексереді;

2) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламасы шеңберінде емтихан тапсырушыға нұсқау және нақты тапсырма береді;

3) емтихан тапсырушы алған тапсырманы орындауы кезінде кеме бортында оның қасында болады және емтихан тапсырушының іс-әрекетінің (маневр жасау, басқару, механизмдер мен жабдықтарды пайдалану) дұрыстығын қадағалайды;

4) қажет болған жағдайда (кеме жүргізудегі өрескел қателіктер, белгіленген қағидалар мен талаптарды бұзу) емтихан тапсырушыны шағын көлемді кемені басқарудан шеттетеді.

 

 

6. Шағын көлемді кемелерді басқару құқығына арналған куәліктерді ресімдеу және беру



 

39. Теориялық емтихандарды және кеме жүргізу дағдылары бойынша практикалық емтихандарды жақсы тапсырған емтихан тапсырушыларға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес кейіннен ауыстыруға болатын он жыл мерзімге куәліктер беріледі. Емтихан комиссиясы отырысының хаттамасында, кеме жүргізушінің куәлігі мен жеке карточкасында кеме жүргізушіге басқаруға рұқсат етілетін шағын көлемді кемелердің түрлері (қозғалтқыштың қуаттылығы, желкендердің ауданы, жүзу ауданы) туралы тиісті белгілер жасалады.

40. Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілеріне 3,68 киловатт және одан жоғары қозғалтқышы бар шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәліктер беріледі.

41. Желкенді кемені басқару құқығы туралы белгі куәлікке кеме жүргізуші мынадай біліктілік құжаттарын:



1) желкеннің ауданы 60 және одан көп шаршы метр болатын кемені басқару үшін яхта капитанының дипломын;

2) желкеннің ауданы 60 шаршы метрге дейін болатын кемені басқару үшін 1-сыныпты яхта рульдеушісі куәлігін;

3) желкеннің ауданы 22 шаршы метрге дейін болатын кемені басқару үшін 1-сыныпты яхта рульдеушісінің куәлігін;

4) желкеннің ауданы 12 және одан көп шаршы метр болатын кемені басқаруға 3-сыныпты яхта рульдеушісі куәлігін көрсеткен кезде қойылады.

42. Кеме жүргізушіге басқаруға рұқсат етілген қозғалтқыштың қуаты куәлігіне мынадай тәртіппен:



1) шағын көлемді кемені басқаруда практикалық дағдысы жоқ кеме жүргізушіге (курстық желіде практикалық жүргізуден басқа) қозғалтқыш қуаты 25 ат күші жазылады;

2) шағын көлемді кемеге жеке меншік құқығы жоқ, бірақ шағын көлемді кемені пайдалану құқығына сенімхаты бар кеме жүргізушіге кеме жүргізуші кемені пайдалану тәжірибесі бар кемеге орнатылған қозғалтқыштың қуаты жазылады;

3) шағын көлемді кемеге жеке меншік құқығы бар кеме жүргізушіге, оның кемесіне орнатылған, бірақ курстық торапта практикалық жүргізу жүзеге асырылатын кеменің қозғалтқыш қуатынан кем емес қозғалтқыш қуаты көрсетіледі;

4) қозғалтқыштың қуатын ұлғайту туралы келесі жазулар (егер ол қажет болса) қадағалаушылықпен айқындалатын қуат қатарының шегінде кемінде бір навигация мерзімінде жүргізіледі.

Бұл ретте кеме жүргізуші үміттеніп отырған қозғалтқыш қуаты бар шағын көлемді кемені басқару бойынша дағдыларды тексеру жүргізіледі.

43. Желкеннің рұқсат етілген көлемі туралы жазба осы Қағиданың 42-тармағына сәйкес осындай тәртіппен 5,4 шаршы метрден бастап жүргізіледі.

44. Жүзуге рұқсат етілген аудан туралы мынадай белгілер:

1) «ТЖ» - егер кеме жүргізуші Теңізде кемелердің соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары туралы 1972 жылғы Лондон Конвенциясы қабылдаған Теңізде кемелердің соқтығысуынан сақтандырудың халықаралық қағидалары қолданылатын Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда кемені басқару құқығына емтихан тапсырса (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысы);

2) «ІСЖ» - егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының Ішкі су жолдары бойынша жүзу қағидасы қолданылатын ішкі су жолдарында кемені басқару құқығына емтихан тапсырса;

3) «ТЖ» және «ІСЖ» - егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасының теңіз жағалауындағы суларда және ішкі су жолдарында кеме басқару құқығына емтихан тапсырса;

4) «ІСЖӨ» (өзен учаскелері үшін) және «ІСЖК» (көл учаскелері үшін) - егер кеме жүргізуші Қазақстан Республикасында кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдарының тізбесіне енгізілмеген ішкі су қоймаларында ғана шағын көлемді кемені басқару құқығына емтихан тапсырса қойылады.

45. Егер кеме жүргізуші теңізде жүзу мақсатында пайдаланылатын он екіден астам жолаушы таситын серуендік кемені басқару құқығына емтихан тапсырса, рұқсат ететін белгілер «ТЖ» және «Катер» жолдарына қойылады. Бұл ретте куәліктің осы бетінің төменгі жағына «Ерекше белгілер» бөліміне, емтихан комиссиясы отырысының хаттамасына және кеме жүргізушінің жеке карточкасына осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес «Теңізде серуендеу кемесі» деген мөртабан қойылады.

46. Куәлікке енгізілген жүзу ауданын және (немесе) кеме түрін өзгерту тиісті жүзу ауданына және шағын көлемді кеме түріне арналған теориялық және практикалық дағдылар бойынша емтихан тапсырғаннан кейін кеме жүргізушінің жазбаша арызы бойынша жүргізіледі. Мұндай жағдайларда шағын көлемді кемені басқару құқығына жаңа куәлік беріледі, ал бұрынғы куәлік кеме жүргізушіден қайтарылып алынады, оның өтелуі туралы белгі қойылады және бір жылдан кейін жойылады.

47. Куәлік бланкісі хаттаманың негізінде толтырылады, оған Комитеттің аумақтық органының басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады. Ресімделген куәлік емтихан хаттамаларын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде кеме жүргізушіге беріледі.

48. Ресімделген куәлікті беру осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес Комитеттің аумақтық органында жүргізілетін куәліктер беруді тіркеу журналына кеме жүргізушінің жеке қолтаңбасы қойылып жүргізіледі.

49. Куәліктің пайдалану мерзімі өткеннен кейін кеме жүргізуші жаңа куәлік алу үшін Комитеттің аумақтық органына мынадай құжаттарды тапсырады:



1) белгіленген үлгідегі арыз;

2) бұрын берілген куәлік;

3) тұтынушының тұрғылықты мекенжайы бойынша денсаулық сақтау мекемелері беретін медициналық анықтама (№ 083/у нысаны);

4) мөлшері 3х4 сантиметр екі фотосурет;

5) кеме жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты (көрсетеді).

Жаңа куәлікті ауыстыру құжаттарды берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бұрын берілген куәлік кеме жүргізушіден қайтарылып алынады және бір жылдан кейін жойылады.

50. Жоғалған куәлікті қайтадан қалпына келтіру кеме жүргізушінің жазбаша өтініші және хаттама мен куәліктер беруді тіркеу журналындағы деректерге сәйкес тексеру негізінде жүргізіледі.



Жоғалғанның орнына берілген куәлікке «Телнұсқа» деген белгі қойылады, ал кеме жүргізушінің жеке карточкасы мен куәліктер беруді тіркеу журналына оның сериясы мен нөмірін көрсете отырып, куәліктің телнұсқасы берілгені туралы жазба жазылады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет