Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №720 қаулысы



Дата29.02.2016
өлшемі38 Kb.
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №720 қаулысы


«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Пайдалы қазбалар орналасқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 4, 29-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 қаңтардағы № 109 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 800 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 27-28, 247-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы  № 720 қаулысымен  бекітілген


Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидасы

1. Жалпы ережелер


1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республика­сының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі -Заң) 16-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзір­ленген және пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

2. Пайдалы қазбалар жатқан аландарда құрылыс салуға рұқсат беру тәртібі


2. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды алу мүмкіндігін қамтамасыз ету немесе құрылыс салудың экономикалық орындылығы дәлелденген деген шартпен рұқсат етіледі.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат алу үшін заңды немесе жеке тұлға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ерікті нысанда өтінімді жолдайды. Өтінімде пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат сұралатын заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, оның ведомстволық қатыстылығы, мекенжайы, географиялық координаттардағы құрылыс объектісінің орналасатын жері көрсетіледі.
4. Уәкілетті орган заңды немесе жеке тұлғадан келіп түскен өтінімді тіркейді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны құрылыс салу объектісінің аумақтық тиесілігіне сәйкес уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) қарауға жолдайды.
Аумақтық бөлімше өтінім түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны қарайды және қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органға заңды не жеке тұлға мәлімдеген болашақтағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың бар не жоқ екендігі (маңыздылығының аздығы) туралы қорытындыны жолдайды.
5. Аумақтық бөлімшеден уәкілетті органға заңды немесе жеке тұлға мәлімдеген болашақтағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (маңыздылығының аздығы) туралы қорытынды келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде заңды немесе жеке тұлғаға мәлімделген алаңда құрылыс салуға рұқсат беретін құжат болып табылатын пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (маңыздылығының аздығы) туралы қорытындыны береді. Бұл ретте аталған құжатты өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісу қажет емес.
Аумақтық бөлімшеден уәкілетті органға заңды немесе жеке тұлға мәлімдеген болашақтағы құрылыс салу алаңының астында пайдалы қазбалардың бар екендігі туралы қорытынды келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган осындай қорытынды келіп түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органға аталған қорытындының көшірмелерін және заңды немесе жеке тұлғаның өтінімдерін пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру туралы мәселені қарау үшін жолдайды.
6. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті органнан аумақтық бөлімшенің қорытындысының көшірмелері мен заңды немесе жеке тұлғаның өтінімдері келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аталған құжаттарды қарайды және уәкілетті органға пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсатты не осы Қағиданың 8-тармағында көзделген жағдайларда жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.
7. Уәкілетті орган аумақтық бөлімшенің қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оны қарайды және заңды немесе жеке түлғаға уәкілетті органның және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға арналған рұқсатты не осы Қағиданың 8-тармағында көзделген жағдайларда жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
8. Егер кұрылыс салу барысында жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу мүмкін болмаса немесе кұрылыс салудың экономикалық орынсыздылығы дәлелденбесе, уәкілетті органның рұқсатын және пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс орналастыруға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның рұқсатын беруден бас тартылады.
9. Уәкілетті орган өзіне заңды немесе жеке тұлға берген жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі (маңыздылығының аздығы) туралы қорытындыларды және пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға рұқсаттарды, олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсаттарды, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттарды есепке алуды және тіркеуді жүргізеді.
10. Пайдалы қазбалар жатқан аландарда өз бетінше салынып жатқан құрылыстар немесе олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға жұмсалған шығындар және келісімшарттық аумақтың жерлерін рекультивациялау мен салынған объектілерді қайта бұзуға кеткен шығындар өтелмей тоқтатылады.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет