Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі №775 Қаулысы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы»



бет1/12
Дата03.07.2016
өлшемі1.42 Mb.
#174264
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 28.11.2011 16:32:47
Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 Қаулысы

 

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 3 шілдедегі

775 қаулысымен



бекітілген

 

 

Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану

қағидасы

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленген және порт құрылыстары мен теңіз портының акваториясын техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағиданың талаптары теңіз портының барлық жұмыскерлеріне, кеме экипаждарына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан, өз қызметін теңіз портының аумағында жүзеге асыратын басқа ұйымдардың жұмыскерлеріне қолданылады.



3. Негізгі терминдер мен анықтамалар:

1) ағымдағы жөндеу - тірек элементтерді қоспағанда, құрылыс конструкциясының жекелеген элементтерін ауыстыруды немесе қалпына келтіруді көздейтін операциялар кешені;

2) жобалау ұйымы - объектіні (құрылысты) жобалаған кәсіпорын немесе тиісті объектілерді (құрылыстарды) жобалау жөніндегі мамандандырылған кәсіпорын;

3) жөндеу - құрылыс жарамдылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені (жөндеудің түрлері ағымдағы жөндеу мен күрделі жөндеу болып табылады);

4) күрделі жөндеу - құрылыс конструкциясының кез келген элементтерін, оның ішінде тірек элементтерді ауыстыруды немесе қалпына келтіруді көздейтін операциялар кешені;

5) қалыпты пайдалану - құрылысты оның паспорттық параметрлеріне сәйкес пайдалану;

6) қайта жаңарту - құрылыс параметрлерін қалпына келтіру, жақсарту немесе жаңа пайдалану режимі кезінде оның тағайындалуын өзгерту жөніндегі операциялар кешені;

7) пайдаланудан шығару - құрылысты тағайындалуы бойынша одан әрі пайдалану мен жөндеудің мүмкін еместігін немесе тиімсіздігін тіркейтін және белгіленген тәртіппен құжаттамалық ресімделген оқиға;

8) пайдалануға енгізу - құрылыстың тағайындалуы бойынша пайдалануға әзірлігін тіркейтін және белгіленген тәртіппен құжаттамалық ресімделген оқиға;

9) порт құрылыстары - теңіз портының аумағында және (немесе) акваториясында орналасқан, сулы ортамен өзара әрекеттесетін және теңізде жүзу қауіпсіздігі мен кемелер тұрағын қамтамасыз етуге арналған инженерлік-техникалық құрылыстар (жағалау қорғау құрылыстары, толқын тосқылар, дамбалар, тосқауылдар, пирстер, айлақтар, сондай-ақ түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жасалған жақындап келу арналары, суасты құрылыстары);

10) порт құрылысының паспорты - құрылыстың тағайындалуын, сипаттамалары мен техникалық жай-күйін (зақымданулар, жөндеулер, конструктивті өзгерістер, авариялар және пайдаланымдық сенімділігін қалпына келтіру жөнінде қабылданған шаралар) көрсететін техникалық құжат.

11) пайдалану режимі - құрылысты жобада анықталған параметрлері бар немесе құрылысты пайдалану үдерісінде белгіленген параметрлері бар тағайындалуы бойынша пайдалану қарқындылығы;

12) пайдалану шарттары - құрылысты пайдалану кезінде оған әсер ететін факторлар жиынтығы;

13) пайдалану - құрылыс тағайындалуы бойынша пайдаланылатын, жарамды жай-күйде ұсталатын және жобада белгіленген бастапқы параметрлеріне келгенге дейін қалпына келтірілетін құрылыстың өміршеңдік циклының сатысы (пайдалану құрылысты тағайындалуы бойынша пайдалануды және оны техникалық пайдалануды қамтиды);

14) теңізде жүзушілерге хабарлама - теңізде жүзуге арналған навигациялық карталарды, оқулықтар мен нұсқауларды түзету жөніндегі гидрографиялық деректердің өзгерісін қамтитын құжат;

15) техникалық тексеру журналы - құрылыстарға тұрақты техникалық тексеру жүргізу үдерісінде жүзеге асырылатын, порт құрылыстарының техникалық жай-күйін және олардың пайдалану режимін қадағалауларды ескеру жөніндегі құжат;

16) теңіз портының паспорты - теңіз портына жүктелген өндірістік функцияларды орындауға арналған теңіз портының өндіріс құралдары және материалдық ресурстары жиынтығының болуы мен жай-күйін, өндірістік мүмкіндіктерін куәландыратын құжат;

17) теңіз портының режимі - Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде теңіз портында жүзу қауіпсіздігін, сондай-ақ осы теңіз портына келген кемелер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың талаптарын қамтамасыз ету жөнінде теңіз порты белгілеген шаралар жиынтығы;

18) техникалық пайдалану - порт құрылысын немесе теңіз портының акваториясын барынша тиімді пайдалану мен қауіпсіздік талаптарын сақтау кезінде есептік қызмет ету мерзімінің ішінде олардың пайдаланымдық сипаттамаларының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған порт құрылысы мен теңіз портының акваториясына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар кешені;

19) техникалық қызмет көрсету - құрылысты тағайындалуы бойынша пайдалану кезінде оны жарамды күйде ұстап тұру жөніндегі операциялар кешені;

20) техникалық жай-күйі - құрылысты пайдалану үдерісінде өзгеріске ұшыраған, белгілі бір уақыт кезеңінде бақылау арқылы анықталған және оның паспортында көрсетілген белгілермен сипатталатын параметрлер жиынтығы (құрылыстың техникалық жай-күйінің түрлері жарамдылық пен жарамсыздық болып табылады);

21) табиғи тозу - механикалық тозудың, коррозияның, деформациялар мен қираудың салдарынан құрылыстың жобада белгіленген өзінің параметрлерін біртіндеп жоғалтуы.

4. Порт құрылыстары мен акваториясын техникалық пайдалану оларды тиімді пайдаланған және қауіпсіздік талаптарын орындаған кездерде қызмет ету мерзімі ішінде олардың пайдаланымдық сипаттамаларының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Порт құрылыстары мен акваториясының пайдаланымдық сипаттамаларын ұстап тұру және қауіпсіздік талаптарын орындау үшін оларға техникалық қызмет көрсету, олардың техникалық жай-күйін бақылау және оларды жөндеу жөнінде ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар кешені көзделуі тиіс.

5. Порттың құрылыстарын пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын қабылдағаннан кейін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес пайдалануға арналған рұқсат негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

6. Порт құрылыстарын техникалық пайдалану:



1) порт құрылыстарының паспорттарын әзірлеумен және жүргізумен;

2) құрылыстарды пайдалану режимін белгілеумен және оны сақтаумен;

3) порт құрылыстары мен акваториясын техникалық тексеріп қарау мен (тексеруді) жүргізумен;

4) қажетті көлемдегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын уақтылы жүргізумен;

5) аса маңызды құрылыстарды қайта жаңартуды және жөндеуді жаңа құрылыспен байланыстыра және үйлестіре отырып, перспективалы жоспарлаумен;

6) құрылыстарды ағымдағы және күрделі жөндеумен;

7) құрылыстар мен акваториялардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін нұсқаулықтар мен басқа да құжаттарды әзірлеумен және оларды орындаумен;

8) порт құрылыстарына қызмет көрсететін білікті персоналдың болуымен;

9) гидротехникалық құрылыстардың өнеркәсіптік құрылыс талаптарына сәйкестігін Сәйкестік декларациясы нысанында міндетті растаумен қамтамасыз етіледі.

7. Порт құрылыстарын техникалық пайдалануды осы құрылыстарды жалға алушы немесе оның иесі жүзеге асырады.

8. Порт құрылыстары мен акваториясын техникалық пайдалану кезінде олардың жай-күйі мен пайдалану режимінің өрт қауіпсіздігінің, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалардың талаптарына, сондай-ақ заңнамада белгіленген, осы объектілерге қойылатын еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуі тиіс.

9. Теңіз порты үшін тұтастай және порттың әрбір құрылысы үшін бөлек-бөлек паспорттар жасалуы тиіс.

10. Теңіз портының және порт құрылыстарының паспорттарын портты немесе құрылысты салуға, қайта жаңартуға немесе қайта жайластыруға арналған жобаларды әзірлеген ұйым жасайды.

Қолданыстағы құрылыстарға арналған паспорттар болмаған жағдайда, оларды теңіз порттары мен порт құрылыстарын жобалау жөніндегі, қызметтің осындай түрімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның көмегімен қалпына келтіру керек.

11. Құрылыстар кезек-кезек салынған жағдайда, порт құрылыстарының паспорттары құрылыстың әрбір кезегі үшін бөлек, осы кезектің объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жасалады.

12. Порт құрылыстарының паспорттарын жүргізуді порт құрылыстары және күрделі құрылыс қызметі (бұдан әрі - ПҚжКҚҚ) жүзеге асырады, теңіз портының паспортын жүргізу теңіз порты басшысының бұйрығы бойынша теңіз порты қызметіне немесе бөліміне жүктеледі.

Порт құрылыстарының паспортын жасау және жүргізу осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес үлгілік нысандар бойынша жүзеге асырылады.

Теңіз портының паспортын жасау және жүргізу осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес үлгілік нысан бойынша жүзеге асырылады.

Порт құрылыстары паспорттарына порт құрылыстарын техникалық тексеру мен зерттеулердің деректері мен оларды қалыпты пайдалану мүмкіндігі туралы қорытындылар енгізіледі.

Теңіз портының паспорты теңіз портында сақталады.

Порт құрылыстары паспорттарының даналары ПҚжКҚҚ-да, порт құрылысын пайдаланатын ұйымда және жобалау ұйымында сақталады.

13. Порт құрылыстарын қауіпсіз техникалық пайдалануды қамтамасыз ету үшін пайдаланушы ұйым мыналарды:



1) теңіз порты аумағының, онда орналасқан порт құрылыстарының, акваториясының, сондай-ақ олардың ауданындағы атмосфераның ластануын болдырмау жөніндегі нұсқаулықты;

2) Порт құрылыстары мен акваториясын техникалық тексерулердің және зерттеулердің бағдарламасын әзірлейді және бекітеді.

 

 

2-тарау. Порт құрылыстары



 

§1. Пайдалану режимі

 

14. Порт құрылыстарын пайдалану режимі олардың жобалық сипаттамаларына, іс жүзіндегі техникалық жай-күйіне, пайдалану талаптарына, олардың қызмет ету мерзіміне және әрбір порт құрылысының тағайындалуына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Порт құрылысының пайдалану режимін өзгерту жобалау ұйымымен келісіледі, теңіз порты басшысының өкімдік құжатымен ресімделеді   және порт құрылысының паспортында көрсетіледі. Порт құрылысының пайдалану режимі өзгерген жағдайда, теңіз портының басшысы үш жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық бөлімшені хабардар етеді.

16. Порт құрылыстарын пайдаланудан шығарған кезде теңіз портының басшысы үш жұмыс күні ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық бөлімшені бұл туралы хабардар етеді. Порт құрылыстарын пайдаланудан шығару құрылыстың меншік иесі тағайындайтын Жұмыс комиссиясының қорытындысы бойынша жүргізіледі және порт құрылысын пайдаланудан шығару қажеттігі туралы актімен ресімделеді. Актіні теңіз портының басшысы бекітеді.

17. Порт құрылыстарын техникалық пайдалану үдерісінде техникалық құжаттама жүргізіледі. Техникалық құжаттаманың тізбесі осы Қағиданың 3-қосымшасында келтірілген.

18. Қайта жаңарту, жаңғырту немесе күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін порт құрылыстарын пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

19. Порт құрылыстарын салу, қайта жаңарту, жаңғырту, күрделі жөндеу және пайдалануға енгізу жөніндегі барлық құжаттама ПҚжКҚҚ-да және порт құрылысының меншік иесінде сақталады.

20. Порт құрылыстарын пайдалану режимі порт құрылысын пайдаланатын теңіз порты қызметкерлері мен кемелер экипаждары орындайтын шарттар мен талаптардың жиынтығын білдіреді.

21. Порт құрылыстарын пайдаланудың белгіленген режиміне өзгерістер енгізу порт құрылыстарын жүйелі түрде бақылаулар нәтижелерінің және оларды пайдалану шарттарының өзгергені туралы деректердің негізінде жүргізіледі.

22. Порт құрылыстарын техникалық пайдалану:

1) кемелердің жүзуі, арқандап байлануы, тұрақтары мен оларды өңдеу үшін қауіпсіз жағдайларды;

2) құрылыстардың кемелермен өзара әрекеттесуі кезінде, жабдықтар мен көліктің жұмысы кезінде, жүктерді қоймалап жинау кезінде және гидрометеорологиялық факторлардың әсері кезінде қауіпсіздігін, сақталуын және қызмет ету ұзақтығын арттыруды қамтамасыз етеді.

23. Порт құрылыстарын қалыпты пайдалануға кедергі келтіретін немесе құрылыстың жекелеген элементтерінің қирауына әкеп соғатын табиғи тозуы бар порт құрылыстарын пайдалануға жол берілмейді.

24. Барлық айлақтық құрылыстар олардың паспорттарында көрсетілген, жобалау ұйымы әзірлеген олар үшін белгіленген пайдалану жүктемесінің нормаларын қатаң түрде сақтай отырып пайдаланылады.

25. Айлақтық құрылыстарға белгіленген нормалардан жоғары жүктемелерді арттыруға рұқсат етілмейді. Айлақтарды пайдалануды жүзеге асыратын ұйым басшылары теңіз портының айлақтық құрылыстарына, рұқсат берілетін жүктемелер нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

26. Айлақтық құрылыстарға арналған пайдаланымдық жүктемелердің нормалары құрылыстың конструктивтік элементтерінің іс жүзіндегі жай-күйін және оның қызмет ету шарттарының жобалау және салу кезінде алғаш қабылданған шарттарға сәйкестігін ескере отырып, ұдайы қайта қаралады және айлақтық фронттың әрбір учаскесі үшін бөлек белгіленеді. Пайдаланымдық жүктемелер нормаларын қайта қарау жобалау ұйымының зерттеулерден кейінгі ұсынымдары негізінде жүргізіледі.

27. Айлақтарды пайдалану шарттары мен олардың техникалық жай-күйі өзгерген жағдайда, жобалау ұйымы құрылысты салыстырып тексеру есептеулерін жүргізеді, олардың нәтижелері айлақтарды пайдаланудың жаңа режимі тағайындалған кезде ескеріледі.

28. Айлақтық құрылыстарға түсірілетін жүктемелердің схемалары айлақтардағы, тиеу кешендерінің үй-жайларындағы, кордон жанындағы қоймалардағы және айлақтық құрылыстарды пайдаланумен байланысты қызметкерлер бар басқа да қызметтік үй-жайлардағы көрінетін жерде ілінеді.

29. Рейдтік айлақтық құрылыстар (арқандап байланатын палдар мен бөшкелер) арқандап байланатын кемелерден оларға белгіленген түсірілетін жүктемелердің порт құрылыстарының паспортында көрсетілетін нормаларын қатаң түрде сақтай отырып пайдаланылады. Кері итергіш құрылғылар ілінбеген немесе зақымдалған құрылыстарға кемелерді арқандап байлауға рұқсат етілмейді.



Гидротехникалық құрылыстарға орнатылған арқандап байлау және кері итергіш құрылғылардың техникалық жай-күйін бақылауды Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.

30. Айлақтарды пайдалану үдерісінде портты жобалау кезінде осы айлақ үшін есептелген тереңдік сақталады. Тиісті түрдегі тереңдіктердің сақталуын бақылауды Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.



Кемелердің жақындап келуі мен арқандап байлануы, қауіпсіз тұрағы, орын ауыстыруы, кемелердің гидротехникалық құрылыстарды зақымдауларының алдын алу шаралары теңіз портының режимімен белгіленеді.

31. Кордон маңындағы әртүрлі тереңдіктері мен әртүрлі тірек қабілеттері бар айлақтардың шекаралары сол орында тұтас ақ көлденең сызықпен, ал пайдаланымдық жүктемелердің схемалары - айлақтағы сызық үстінде орнатылған көрінетін жердегі плакатта белгіленеді.

32. Кемелердің қауіпсіз арқандап байлануын және айлақтық құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету үшін мынадай талаптар сақталады:

1) айлақтық құрылыстың арқандап байлау және кері итергіш құрылғыларының жарамды техникалық жай-күйде болуы және өздерінің сипаттамалары бойынша айлаққа арқандап байланатын кемелердің сипаттамаларымен сәйкес болады;

2) кемелерді арқандап байлау кезінде айлақтардың еркін ұзындығының іс жүзіндегі қоры арқандап байланатын кеменің ұзындығына байланысты нормативтік қордан кем болмайды.

3) кемелердің айлақтарға жақындап келу жылдамдықтарының қалыпты құрауыштары оларды арқандап байлау кезінде порт құрылысына арналған жобаның талаптарымен сәйкес болады.

33. Кемелердің, порт құрылыстарының зақымдануларын және адамдармен болуы мүмкін қасіретті жағдайларды болдырмау үшін айлақты пайдаланатын ұйым кемені қабылдауға қатысты айлақты алдын ала дайындайды. Айлақты қауіпсіз пайдаланудың қамтамасыз етілуін бақылауды Порттың теңіз әкімшілігі жүзеге асырады.

34. Кемелерді арқандап байлау арқандап байлауға арналған арқандармен жүргізіледі. Арқандап байлауға зәкір шынжырларын ұсынуға тыйым салынады.

35. Теңіз дауылы туралы ескертулер алынғаннан кейін кемелерді арқандап байлау дауылдық арқандап байлау құрылғылары арқылы жүргізіледі, егер олар порт құрылысына арналған жобада көзделген болса.

36. Арнайы арқандап байлау үшін тағайындалмаған кері итергіш құрылғыларға және құрылыс бөліктеріне кемені арқандап байлауға тыйым салынады.

37. Порттық құрылыстарын қысқы кезеңде пайдаланған кезде теңіз порты ауданның климаттық және гидрометеорологиялық сипаттамалары мен гидротехникалық құрылыстардың конструктивтік ерекшеліктерін ескере отырып, порт құрылыстарын, акваториялар мен кеме жүзетін каналдарды қысқы жағдайларда техникалық пайдалану жөніндегі іс-шаралар әзірлейді. Қажет болған жағдайда әзірлемелерге жобалау ұйымдары тартылады.

38. Айлақтық құрылыстар кордон бойынша доңғалақ ұрғыш құрылғылармен жабдықталады.

Еркін жүрісті кемелерді (Ро-Ро үлгідегі) айлақтарда қабылдаған кезде айлаққа аппарелиді түсіруге тек сол үшін арнайы тағайындалған және тиісті жазулармен жабдықталған орындарда ғана рұқсат етіледі. Аппарелиді орнатуға арналған учаске алынбалы-салынбалы доңғалақ ұрғыш білеумен жабдықталады. Аппарели төсеу аймағының өлшемдері айлақта айқын сызықтармен бояумен немесе басқа тәсілмен белгіленеді.

39. Әрбір арқандап байлау тумбасының бас кеңістігінде жағалау жақтан оқылатын цифрлық белгілеулер енгізіледі:



1) жоғарыдан - айлақтың жағалау сызығынан бастап есептелетін тумбаның реттік нөмірі (толассыз нөмірлеу);

2) төменде, көлденең сызықтың астында - ең жақын арқандап байлау тумбаларына дейінгі метрмен алғандағы қашықтық - сол жақтан және оң жақтан бір-бірінен тік сызықтармен бөлінген.

40. Қадалық үлгідегі порт айлағында арқандап байлау, тұраққа тұрған және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде кеменің сыртқы қабырғаға (жаққа) қисаюына жол берілмейді. Гравитациялық үлгідегі айлақта кеменің сыртқы қабырғаға (жаққа) 5о артық емес шамаға қисаюына жол беріледі.

41. Айлаққа жақындап келгенде және одан кері кеткенде кемелер машинамен жұмыс істейді, бұл ретте кеменің алдыңғы бөлігі гидротехникалық құрылыстардан кемінде 10 метр қашықтықта болады.

42. Порт айлағынан жөнелетін ірі тоннажды кемелерге өз машиналарымен айлаққа жақын маңда маневрлеуге тыйым салынады. Олар тіркеп сүйретулердің көмегімен акватория ауданына қарай жылжиды, мұнда маневрлеу басқа кемелердің, гидротехникалық құрылыстардың зақымдану және құрылыс түбін шаю қаупін тудырмайды.

43. Есу бұрандасының жұмысымен байланысты кемелердің арқандап байлау сынақтарын осы мақсатқа тағайындалмаған гидротехникалық құрылыстарда жүргізуге тыйым салынады.

44. Кемелер тікелей айлақта тұрақта тұрған кезде машиналарды жылыту үшін есу бұрандасын барынша аз айналу жиілігімен айналдыруға жол беріледі.

45. Кемелер айлаққа жақын келгенде және айлақтан кеткен кезде тіркеп сүйреуіштерді пайдалану кеменің тіркелімдік сыйымдылығына және порттың жергілікті (географиялық, гидрологиялық және басқа) ерекшеліктерімен байланысты теңіз портының режимімен регламенттеледі.

46. Айлақта тұрған кемелер айлақты артық су балластын айдап шығарған кезде және палубаны жинастырғанда оған су шашырамауы үшін, борт саңылаулары арқылы шығарылатын будың әсерінен қорғау үшін айлақты қоршайды.

47. Айлақ аумағында кеме жабдығын және басқа да ауыр салмақты жүктерді түсіруге тиеу-түсіру кешені басшысының немесе айлақты пайдаланатын бөлімше басшысының рұқсатымен ғана жол беріледі.

48. Айлақ құрылыстарының кордонында кемелерді арқандап байлаудың қажетті жағдайларын және басқа операциялардың орындалуын қамтамасыз ету үшін кордон сызығынан ені кемінде 2 метр жолақ шегінде жүктерді текшелеп қоймалауға тыйым салынады.

49. Құбырлар мен айлақ бетінен жоғары шығып тұрған басқа да коммуникация арқылы адамдардың қауіпсіз жүріп өтуі үшін өтпе көпіршелер орнатылады.

50. Оларға тез тұтанатын және жарылыс қаупі бар сұйық жүктер құйылатын және төгу жүзеге асырылатын қауіпті өндірістік объектілерге жатқызылған сұйықтық құйылатын терминалдар мен айлақтарды техникалық пайдалану белгіленген тәртіппен Сәйкестік декларациясы алынғаннан кейін Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

51. Сұйықтық құйылатын терминалдар мен айлақтарды пайдалану режимі олардың жарамды техникалық жай-күйін, құйма өнімдерді қауіпсіз ауыстырып тиеуді, өрт қауіпсіздігі талаптарының, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі талаптары мен қауіпсіздік техникасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

52. Қауіпті құймалы жүктерді (шикі мұнай мен мұнай өнімдері, сұйық химиялық заттар) ауыстырып тиеу қауіпті жүктің түріне, физика-химиялық қасиеттеріне және адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға төндіретін қауіптілік дәрежесімен байланысты қауіпті жүктің әрбір класы үшін айлақты пайдаланатын ұйым теңіз портымен келісім бойынша әзірлеген технологияға сәйкес, мамандандырылған айлақтарда жүзеге асырылады.



Қауіпті жүктерді қайта ауыстырып тиеу Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияда (СОЛАС-1974) көзделген қауіпті жүктерді теңізде тасымалдау қағидасы талаптары, өрт қауіпсіздігі қағидасы талаптары, сондай-ақ еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария талаптары сақталған жағдайда мамандандырылмаған айлақтарда жүзеге асырылады.

53. Қоршау құрылыстарының және жағалау нығайтқыш құрылыстардың кескіні оларды пайдаланудың барлық кезеңі ішінде жобалық жағдайда ұсталады.

54. Массивтерді, темірбетон бұйымдарды және басқа да жүктерді қоршаулы және жағалау нығайтқыш құрылыстарда олардың көтергіштік қабілеттерін тексермей және оларға жол берілетін жүктемелерді айқындамай қоймалауға тыйым салынады.

55. Қоршаулы және жағалау нығайтқыш құрылыстарға кемелерді арқандап байлауға, осы құрылыстардың конструкциясы кемелердің жақындап келуіне және тұраққа тұруына жол беретін, ал құрылыстардың арқандап байлау мен ұрғыш құрылғылары болған жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады. Белгілі бір өлшемдегі және түрдегі кемелерді қоршаулы және жағалау нығайтқыш құрылыстарға арқандап байлауға рұқсат теңіз портының режимінде алдын ала ескеріледі.

56. Ашық жүк қоймалары тікелей жанаса орналасқан жағалау нығайтқыш құрылыстары үшін кордон жанындағы белдеуде пайдаланымдық жүктеменің теңіз порттарымен порт құрылыстарын жобалау жөніндегі, қызметтің бекітілген нормалары белгіленеді.

57. Төсемесі жоқ жағалау нығайтқыш құрылыстардың беткейін судың шаюынан қорғайды. Жағалау нығайтқыш құрылыстардың беткейінде пайда болатын және олардың төсемесінің қирауына әкелетін өсімдіктер мұқият жүйелі түрде жойылады.

58. Жағалау нығайтқыш құрылыстардың беткейінде қандай да болмасын бір заттарды текшелеп жинауға тыйым салынады.

59. Ішкі және сыртқы рейдтері бар портта рейдте зәкірге тұратын кемелер үшін қоршаулы құрылыстарға және жағалау нығайтқыш құрылыстарға шектік жақындау белгіленеді. Рейдтердегі зәкірлердің тұрақ орындары Теңіз порты әкімшілігі әзірлейтін теңіз портының схемалық жоспарында көрсетіледі.

60. Рейдтердегі кемелерді қою Теңіз порты әкімшілігінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

61. Гидротехникалық құрылыстарға, суасты кабельдерін және құбырларды жағалауға шығару орындарында, тыйым салатын белгілер орнатылады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет