Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1719 қаулысы



Дата24.02.2016
өлшемі16.52 Kb.
#17117
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1719 қаулысы


«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаң­тар­дағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мемлекеттік орган­дардың бірыңғай көлік ортасының операторы болып белгіленсін.
2. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:
1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпарат­тық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;
3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көр­сетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұ­мыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;
4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және байланыс саласындағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы арналарының ақпараттық қауіп­сіздігін қамтамасыз ету жүйесінің және ақпаратты криптографиялық қорғау құрал­дарының жұмыс істеуін жүзеге асырады. Ақпаратты криптографиялық қорғау құрал­дарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының байланыс арналары бойынша ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғау жөніндегі іс-шара­лар бірлескен құпия жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ақпа­ратты қорғау бойынша) жұмыстарын орындау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді қорғау «Ақпарат­тандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы қызметті рет­тей­тін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. «Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторын айқындау конкурсын өткізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1268 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет