Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар
54. Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің (бұдан әрі -- сүт өңдеу объектілері) өндірістік үй-жайларындағы технологиялық жабдықтардың орналасуы технологиялық процестердің айқаса контаминациясын, қарама-қарсы ағынды болуын және қиылысуын болғызбайды.
55. Шикі сүтті тасымалдау кезіндегі және өңдеу басталғанға дейінгі температурасы 80С аспайды.
Қабылдау кезінде белгіленген температураға сәйкес келмейтін шикі сүт дереу қайтадан өңделеді.
56. Жұмысшылар мен қызметкерлердің арнайы аяқ киімдерін дезинфекциялау үшін цехқа (цехтан) және басқа өндірістік үй-жайларға апаратын кіреберістердің (шығаберістердің) бәрінде дезинфекциялау кілемшелері төселеді.
57. Сүт өңдеу объектілері санитариялық шарттардың орындалу кепілдігі үшін ыстық және суық сумен, кәрізбен, жасанды жарықтандырумен, желдетумен қамтамасыз етіледі.
Техникалық су құбыры ауыз су құбырынан бөлінуге тиіс. Сумен жабдықтаудың екі жүйесінің де өзара қосылыстары болуға және құбыржолдары әрқилы түске боялуға тиіс.
Су беруде іркіліс болған жағдайда су берудің кепілдігін қамтамасыз ету үшін сүт өңдеу объектілерінің сумен жабдықтау жүйелерінде таза су толтырылған резервуарлар болуға тиіс.
58. Сүт өңдеу объектілерінің өндірістік үй-жайларындағы қабырғалар, едендер мен төбелер мықты, су өткізбейтін материалдардан салынады, ұдайы жуылады және санацияланады.
59. Өндірістік үй-жайларда қоқыс жинау үшін қақпақтары бар металл немесе пластмасса сыйымдылықтар орнатылады.
60. Сарқынды су кәріз желілерінің бәрінен бөлек немесе лас заттардың өнім өңделетін, айналымда болатын немесе сақталатын жерлерге қайтарылуын болғызбайтындай басқа жолдар арқылы су ағатын жүйеге ағызылады.
61. Тұрмыстық үй-жайлар, киім ауыстыратын бөлмелер, дәретхана бөлмелері өнім өңделетін, айналымда болатын немесе сақталатын үй-жайлар мен бөлімшелерден бөлек болуға, сондай-ақ жақсы жай-күйде ұсталуға тиіс.
62. Сүт пен сүт өнімдерін өлшеп құюға арналған технологиялық жабдық, аппаратура, ыдыс, тара, мүкәммал, пленка мен полимерлік және синтетикалық материалдардан жасалған бұйымдар азық-түлік өнімдерін салуға рұқсат етілген материалдардан дайындалады.
63. Ванналардың, металл ыдыстардың, ағызғыштардың, тартпалардың, науалардың және басқаларының ішкі беті оңай тазартылуға тиіс, тазартуды қиындататын тесіктер, саңылаулар, шығып тұрған болттар немесе тойтарма шегелер болмауға тиіс. Ағаш пен нашар жуылатын және дезинфекцияланатын басқа материалдарды пайдаланудан аулақ болу керек.
64. Азық-түлік өнімдерін өңдеуге арналған үстелдердің жұмыс беттері (жабындары) тегіс, тесіксіз және саңылаусыз болуға, азық-түлік өнімдерімен жанасу үшін рұқсат етілген тот баспайтын металдан немесе полимерлік материалдардан жасалуға тиіс.
65. Технологиялық жабдық пен аппаратуралардың құрамында өнімнің органолептикалық қасиетіне ықпал ететін зиянды қоспалар болмауға тиіс.
66. Жабдықтар, аппаратура мен сүт жүретін құбырлар сүттің, жуу және дезинфекциялау ерітінділерінің толық төгілуін қамтамасыз ететіндей түрде монтаждалады. Сүтпен және сүт өнімдерімен жанасатын бөліктердің бәрі тазартуға, жууға және дезинфекциялауға қолжетімді болады. Сүт жүретін металл құбырлар алмалы-салмалы болады.
Қорғаныш қабығы жоқ шыны термометрлерді пайдалануға жол берілмейді.
67. Сүт, кілегей, қаймақ пен басқа да сүт өнімдерін дайындауға және сақтауға арналған резервуарлар (сүзбе мен ірімшік дайындау үшін пайдаланылатындарынан басқа) тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталады.
68. Сүт өнімдері дайындалатын аппараттар, ванналар мен басқа жабдықтар ағыс сифоны бар воронка арқылы бөлінетін кәрізге қосылады.
Жабдықты тікелей кәрізге қосуға және суды олардан еденге төгуге жол берілмейді.
69. Мүкәммалды, ыдысты, көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау үшін су өткізбейтін едені бар, бу, ыстық және суық су жеткізілген, сарқынды суды ағызуға арналған ағызғышы, желдеткіші бар арнайы жуу үй-жайлары жабдықталады.
70. Сүзгіш материалдарды әрбір қолданылған сайын жуып, дезинфекциялау қажет.
Жеке шаруашылық жүргізуші субъектілерден сүт қабылдаған кезде сүзгіш материалдар әрбір тапсырушыдан сүт қабылданғаннан кейін жуылып, дезинфекцияланады.
Сүт автоматты есептегіштер арқылы үздіксіз қабылданған кезде олардағы сүзгіштерді жуу және дезинфекциялау бір ауысымда кемінде 1 рет жүргізіледі. Сүт кезең-кезеңмен қабылданған кезде сүзгіштерді жуу және дезинфекциялау сүт қабылдаудағы әрбір үзілістен кейін жүргізіледі.
71. Сүт цистерналары сүттен әрбір босатылған сайын жуылып, дезинфекциялануға тиіс. Жуылғаннан кейін цистерналарға пломба салынады, бұл туралы жол құжатына тиісті белгі қойылады.
72. Сүт пен сүт өнімдерін қабылдау, өңдеу, сақтау рәсімдерінің бәрі аса мұқият тазалық және оларды ластану мен бұзылудан, сондай-ақ оларға бөгде заттар мен нәрселердің түсуінен қорғау шарттарында жүргізіледі.
73. Тікелей сүт қабылдау алдында цистерналардың түтіктері мен штуцерлері дезинфекцияланып, ауыз сумен шайылады. Сүт қабылдау аяқталғаннан кейін түтіктер жуылып, дезинфекцияланады, тығындағышпен немесе су өтпейтін қаптамамен жабылады да, кронштейндерге ілініп қойылады. Цистерналардың түтіктері мен түтікшелерін өңдеуге арналған жуу және дезинфекциялау ерітінділері арнайы таңбаланған сыйымдылықтарда сақталады.
74. Шикі және пастерленген сүтті сақтау үшін жеке танктер, ал сүт беру үшін – бөлек сүт құбырлары көзделеді.
Шикі және пастерленген сүтті сақтауға арналған танктер таңбалануға тиіс.
75. Өнім дайындау кезеңінде жөндеу жұмыстарын және дезинфекциялауды жүргізуге жол берілмейді, өндірістік цехтарда жөндеу құралдарын тастап кетуге жол берілмейді; жөндеу жабдығын жылжымалы (қорғаныш) экрандармен міндетті түрде қалқалау шартымен ғана оларды өндірістік цикл уақытында алып өтуге рұқсат етіледі.
Әрбір цехта сынатын заттардың есебі жүргізілуге және сүт өнімдеріне бөгде заттардың түсуін болғызбау туралы нұсқаулықтан үзінді көшірме болуға тиіс.
76. Тоңазытқыш камералардағы барлық (ыдыстағы) жүктер торларға немесе тұғырлықтарға салынады, олар ұдайы жуылып, дезинфекцияланып тұрады. Өнімдерді флягаларға сақтауға рұқсат етіледі.
Балық және балық өнімдерін дайындауды және өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар
77. Балық және балық өнімдерін дайындауды және өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде (бұдан әрі – балық өндіретін объектілер) технологиялық процестердің ағымдылығы және шикізат пен қалдықтар ағынының дайын өніммен араласу мүмкіндігін болғызбау қамтамасыз етіледі.
78. Балық өндіретін объектілерде мыналар болады:
1) конструкциясы таза және лас аймақтарға бөлінуге тиіс жұмыс цехтары;
2) өнімді бөлуге және өңдеуге арналған цехтар, оларда:
тазартуға, дезинфекциялауға және су ағызуға ыңғайлы су өткізбейтін еден жабындары, су ағызуға арналған жабдық;
тазартуға ыңғайлы, беті тегіс, берік және су өткізбейтін материалдан жасалған қабырғалары;
тазартуға ыңғайлы төбелер немесе төбе қаптамасы;
тазартуға ыңғайлы берік материалдан жасалған есіктер;
желдетудің тиісті жүйесі және қажет болған жағдайда тарту жүйесі;
табиғи немесе жасанды жақсы жарықтандыру;
қолды жууға және дезинфекциялауға арналған құрылғылардың жеткілікті саны;
үй-жайларды, жабдықтар мен қалған керек-жарақтарды тазартуға арналған құрылғы болады;
3) балық өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыш камералар;
4) жәндіктерден, құстардан, кеміргіштерден қорғауға арналған құрал-саймандар;
5) тазартуға және дезинфекциялауға ыңғайлы құралдар мен жұмыс жабдықтары (коррозияға төзімді материалдан жасалған бөлшектеу үстелдері, контейнерлер, конвейерлер, пышақтар мен транспортерлер);
6) тұтынуға жарамды балық өнімдеріне арналған су өткізбейтін, коррозияға төзімді арнайы контейнерлер, сондай-ақ контейнерлер жұмыс күнінің соңына дейін босамайтын болса, оларды сақтауға арналған үй-жайлар;
7) ауыз судың қажетті қорымен немесе арнайы жүйеде тазартылатын теңіз суымен қамтамасыз ету жөніндегі жабдықтар;
8) тасымалдау құралдарын тазартуға және дезинфекциялауға арналған қондырғылар;
9) егер балық өндіретін объектіде шаян тәрізділер немесе тірі балық болса, зиянды организмдермен немесе заттармен ластанбаған сумен қамтамасыз етуге арналған тиісті жабдық;
10) қабырғасы, едені тегіс, су өткізбейтін, жуылатын қолжуғыштардың, дәретханалардың және киім ауыстыру бөлмелерінің қажетті саны; дәретханалар тікелей жұмыс цехына ашылмауға тиіс. Қолжуғыштарда тазалау құралдары мен бір рет пайдаланатын сүлгілер болуға тиіс; шүмектер қолмен басқарылмайтын болуға тиіс.
79. Едендер, қабырғалар, төбелер немесе төбе қаптамасы, балық шаруашылығы өнімдерімен жұмыс істеген кезде пайдаланылатын жабдықтар мен құралдар таза және жарамды күйде ұсталуға тиіс.
Жұмыс цехтары, құралдар мен жабдықтар тек қана балық шаруашылығы өнімдерімен жұмыс істеу үшін пайдаланылуға тиіс.
80. Балық және балық өнімдерінің микробиологиялық және паразитологиялық контаминациясына, химиялық ластағыштардың, уытты элементтердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, басқа да зиянды заттар мен олардың қалдықтарының болуына жол берілмейді.
81. Балық өндіретін объектіде балықтың және балық өнімдерінің қауіпсіздігін, сондай-ақ жинау, жуу және дезинфекциялау сапасын ветеринариялық-санитариялық бақылау жүзеге асырылады.
82. Балық өндіретін объектілердегі жұмыс аймағы балық шаруашылығы өнімдерін дайындауға және өңдеуге арналған орын кең болуға, оңай жиналып, дезинфекциялануға, өнімнің кез келген контаминациясын болғызбайтындай түрде орналастырылуға тиіс.
83. Балық өндіретін объектіде дайын өнімді сақтауға арналған жеке аймақ ұйымдастырылады.
84. Буып-түйетін материалдар өнімді дайындау және өңдеу аймақтарынан бөлек сақталады.
Балық шаруашылығы өнімдері ауланғаннан кейін бір сағаттан кешіктірмей мұзбен немесе салқындатылған сумен тоңазытылады.
85. Балық шаруашылығының жас өнімдерін тасымалдауға арналған контейнерлер таза болуға және өнімді тиісті санитариялық-гигиеналық жағдайларға ұстауға, сондай-ақ өнімді ерітудің нәтижесінде пайда болған судың ағып кетуін қамтамасыз етуге тиіс.
Өнімдердің ластануын болғызбау үшін ерітудің нәтижесінде пайда болған суды ағызу жүйесі көзделуге тиіс. Еріту кезінде өнім температурасы шамадан тыс жоғарылатылмауға тиіс.
Балықты ыстау үшін бөлек үй-жай немесе арнайы бөлінген орын көзделеді, олар қажет болған жағдайда басқа үй-жайларда және балық өнімдері бөлшектелетін, өңделетін және сақталатын орындарда түтін мен жылудың жинақталуын болғызбайтын желдету жүйесімен жабдықталады.
Балық пен балық өнімдерін тұздау басқа операциялар жүргізілетін цехтардан бөлек үй-жайларда жүргізіледі. Тұздау үшін пайдаланылатын контейнерлер (күбілер) ластануды болғызбайтындай түрде орналастырылуға және пайдаланудың алдында тазартылуыға тиіс.
86. Балық шаруашылығы өнімдерінің адамдар тұтынуы үшін жарамсыз қалдықтарын сақтауға арналған камералардан қалдықтарды шығару үшін балық өндіретін объект оны шығаруға арналған арнайы жабдықтармен жарақталуға тиіс.
87. Балық өндіретін объект балық шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын персоналдың қол жууына арналған құрылғылармен жабдықталады.
88. Балық шаруашылығы өнімдері кеме бортында суыттылған таза суда үш тәуліктен асырмай сақталады.
89. Тоңазытқыш камераларға балық шаруашылығы өнімдерін тиеуден бұрын олардың ішкі қабырғалары мен төбелері санитариялық өңдеуден өтеді.
Тоңазытқыш пен мұздатқыш камераларындағы балық шаруашылығы өнімдерін қатар-қатар салуға арналған торлар мен тұғырлықтар еденнен кемінде 8 сантиметр биіктікте орналасады.
Қатарлар қабырғалардан, тоңазыту аспаптарынан және бір-бірінен кемінде 30 сантиметр қашықтықта орналасады.
90. Тоңазытылған балық және балық өнімдерін өндіру кезінде мынадай шарттар сақталуы қажет:
1) мүшелеу учаскесінде ауыз судың немесе таза судың болуы;
2) өнім қабатында -180С-тан аспайтын температураға жеткенге дейін өнімді мұздату температурасының -300С-тан жоғары болмауы;
3) балық аулайтын жердің басында қалған балықты ауа температурасы
-120С-тан аспаған кезде мұзды, жақсы желденетін алаңқайларда немесе жел өтінде табиғи жағдайларда мұздату;
4) қажетті өндірістік кезеңдер аяқталғаннан кейін балық және балық өнімдері мұздатылады;
5) шикізат өндіріске түскен сәттен бастап оны мұздатқышқа салғанға дейін балықты сақтау ұзақтығы 4 сағаттан аспайды.
91. Балық өнімдерін шығару процесінде алынған қалдықтар су өткізбейтін, таңбаланған сыйымдылықтарға жиналады және толуына байланысты өндірістік үй-жайлардан шығарылады.
Қалдықтар дайын өнім мен шикізаттан бөлек салқындатылатын камералардағы сыйымдылықтарда сақталады.
Салқындатылмайтын жабық сыйымдылықтарда қалдықтар 2 сағаттан асырмай сақталады.
92. Балыққа кәсіпшілік ауданына тиесілілігі туралы ақпарат жазылған таңба жапсырылады.
93. Азық-түлік шикізаты мен қосалқы материалдарды еденге жинауға рұқсат етілмейді.
94. Қойма үй-жайлары таза ұсталады және ұдайы дезинсекциялау және дератизациялау жүргізіледі.
Балық және балық өнімдерін сақтауға арналған үй-жайлар мен жабдықтар температура көрсеткіштерін жазып алатын термометрлермен жабдықталады.
95. Көлік құралдары өнімді жәндіктерден және шаңнан тиімді қорғауды қамтамасыз ететін құралдармен және су өткізбейтін бақылау-өлшеу құралдарымен жарақталады.
96. Тоңазытылған балық еріп тұрған мұз температурасына жақын температурада сақталады.
Мұздатылған балық және балық өнімдері -18 оС-тан жоғары емес температурада сақталады.
Консерв өндіруге арналған мұздатылған балық бөлінбеген күйінде -90С температурада тұздықта сақталады.
Тірі балық оның тіршілігін қамтамасыз ететін жағдайда ұсталып, сату мерзіміне шек қойылмайды.
Балық және балық өнімдері судың сапасын өзгертпейтін материалдардан жасалған сыйымдылықтарда сақталады.
97. Балық аулайтын кемеде мынадай шарттар сақталады:
1) өнімдердің трюмдық, сарқынды сумен, түтінмен, отынмен, мұнай өнімдерімен, жағармай материалдарымен байланысқа түспеуін қамтамасыз етіледі;
2) үшкір бұрыштар мен шығып тұрған жерлер барынша аз болады;
3) судың қарқынды ағуы қамтамасыз етіледі;
4) балық шаруашылығы өнімдерімен түйісетін қабаттар тегіс, берік, уытты емес болады, оңай жуылып, дезинфекцияланады және коррозияға төзімді материалдардан жасалады;
5) балық шаруашылығы өнімдерін 24 сағаттан астам сақтау жабдықталған трюмдерде, цистерналарда немесе контейнерлерде жүзеге асырылады;
6) балық шаруашылығы өнімдері трюмдерде машина бөлімшелерінен және экипажға арналған үй-жайлардан бөлек сақталады;
7) өнімдер еріген суды өнімдермен араластырмай гигиеналық жағдайларда сақталады;
8) балық шаруашылығы өнімдерін салқындатылған таза теңіз суында тоңазыту үшін жабдықталған кемелерде бүкіл цистернада бірдей температураға қол жеткізуге арналған құрылғылардың болуы;
9) температураны мониторингілеу және тіркеу жүргізіледі.
Кемеге құстардың, жәндіктердің немесе басқа да жануарлардың, паразиттер мен зиянкестердің түсуіне жол берілмейді.
Жүзу базаларында (жүзу құралдарында) оңай жиналатын, балық шаруашылығы өнімдерін бортқа қабылдау үшін резервтелген, өнімді күннен және қыздыру элементтерінен қорғау үшін жобаланған, кез келген контаминация көзін болғызбайтын қабылдау аймақтары ұйымдастырылады.
Балықты қабылдау аймағынан жұмыс аймағына беруге арналған жүйе ұйымдастырылады.
Шағын кемелерде балықты түсіргеннен кейін балық температурасын ауланғаннан бастап 12 сағат бойы -10С және +40С аралығында ұстау қажет.
Қалдықтарды кемеде сақтау 24 сағаттан аспайды.
Мұздатқыш кемелер температураны -180С-қа дейін тез төмендету үшін қуаты жеткілікті мұздатқыш жабдықтарымен жасақталады.
Кемелер сақтауға арналған трюмдерде балық шаруашылығы өнімдерін
-180С-тан аспайтын температурада ұстауға мүмкіндік беретін қуаты жеткілікті тоңазытқыш жабдықтарымен жасақталады.
Балық аулау және мұздату кемелерін сақтауға арналған трюмдер температураны тіркеуге арналған құрылғылармен жабдықталады. Есептегіш құрылғының температура датчигі трюм температурасының ең жоғары аймағында орналастырылады.
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын объектілерге қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар
98. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауға арналған сақтау объектілерінің (бұдан әрі -- сақтау объектілері) үй-жайларында жануарлардың барлық түрлерін және жануарлардың ұрықтарын, ұрықтандырылған уылдырықты, инкубациялық жұмыртқаны, сондай-ақ жануарлардан алынатын техникалық шикізатты (оның ішінде теріні, жүнді, мамықты, түбітті, қауырсынды, эндокриндік және ішек-қарын шикізатын, сүйектерді, шикізаттың басқа түрлерін), жем-шөп пен оның қоспаларын; зоология, жануарлар анатомиясы мен палентологиясы бойынша коллекциялар мен коллекциялау заттарын орналастыруға жол берілмейді.
Сақтау объектілері өндіріс қуатына байланысты қоймалық үй-жайлардың жеткілікті санымен қамтамасыз етіледі.
99. Егер сақтау объектісі теңіз портының аумағында болса немесе сақтау объектісінде жануарлар орналастырылса, оның аумағына кіреберіс дезинфекциялау тосқауылымен жабдықталуға тиіс.
Балық шаруашылығының қапталмаған, дайындалған, мұз астында сақталатын жас өнімдерін жөнелту немесе сақтау үшін пайдаланылатын контейнерлер мұздың еруінің нәтижесінде пайда болған судың өнімдермен араласуын болғызбауды қамтамасыз етуге тиіс.
100. Кіреберіс жолдардың, жүретін жолдар мен жаяу жүргішілер жолдарының, тиеу-түсіру алаңдары мен өткелдердің жабыны қатты (асфальт, бетон), тегіс, су өткізбейтін, оңай жуылатын және дезинфекцияланатын, атмосфералық, еріген және сарқынды суларды кәрізге ағызғышы болуға тиіс.
101. Қоймада тауарларды ветеринариялық тексеруді жүргізуге арналған үй-жай бөлінеді, ол:
1) ветеринариялық бақылауды жүргізу үшін қажетті техникалық құралдармен;
2) тауарларды ветеринариялық (оның ішінде оларды толық түсіре отырып) тексеріп қарауды өткізу үшін қажетті тиеу-түсіру техникасымен;
3) өнімдерді жібітуге арналған стеллаждар жиынтығымен және тот баспайтын металдан жасалған үстелдермен жабдықталады.
Тауарларды ветеринариялық тексеріп қарауды өткізуге арналған үй-жайдың қабырғалары тегіс және мықты, едені су өткізбейтін болуға тиіс, онда құрғату саңылауларының саны жеткілікті болады, ауа температурасы 210С-тан аспауға тиіс. Қойма жарықпен, суық және ыстық сумен, жұмысқа қажетті өзге де жағдайлармен қамтамасыз етілуге тиіс.
102. Ыдысты, мүкәммалды, көлік құралдарын жуу және дезинфекциялау үшін тоңазытқыш камералардан оқшауланған, едені су өткізбейтін, жедел бу, ыстық және суық су жеткізілген, кәрізі, жарығы және желдеткіші, сондай-ақ жуу агрегаты бар арнайы үй-жайлар жабдықталуға тиіс.
103. Өндірістік үй-жайларды, камералар мен қойманың басқа да объектілерін жинауға арналған мүкәммал дәретхана бөлмелерін жинау кезінде пайдаланылатын мүкәммалдан бөлек сақталуға тиіс.
104. Арнайы сақтау шарттары бар жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сақтауға арналған үй-жай мен жабдықтар осы өнімді сақтау шарттарын бағалауға арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықталуға тиіс.
105. Ет және ет өнімдерінің өндірісінде өнімдерді тоңазытып өңдеу және сақтау үшін арнайы дайындалған тоңазытқыш камералар мен мұздатқыштар пайдаланылады. Тоңазытқыш камералар мен мұздатқыштардың көлемі және саны объектінің өндірістік қуаты және өнім түріне байланысты ауа температурасын -300С-тан 00С-қа дейін және ылғалдылығын 65%-дан 95%-ға дейін реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін шарттар ескеріле отырып таңдалады.
Тоңазытқыш камералар мен мұздатқыштардың ішкі қабырғалары мен төбесі оларға ет пен ет өнімдерін тиеуден бұрын олардың ішкі қабырғалары мен төбелері санитариялық өңдеуден өтеді.
Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар
Құрылысқа жер учаскесін таңдауға, объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға және пайдалануға беруге қойылатын талаптар
106. Объектілерді салуға, орналастыруға, жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, қайта жабдықтауға және пайдалануға беруге жер учаскесін таңдау санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болған жағдайда жүргізіледі.
107. Мынадай:
1) ол бұрын мал қорымы, уытты қалдықтарды көметін жер ретінде пайдаланылған;
2) радиациялық қауіпсіздік нормативтерінен асып кеткен;
3) жер учаскесінде түйнеме бойынша топырақтағы ошақтар, осы ауру бойынша стационарлық қолайсыз пункттер орналастырылған;
4) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерден санитариялық қашықтықты ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған жағдайларда жер учаскесінде объектінің құрылысын жобалауға рұқсат етілмейді.
108. Барлық үй-жайлар шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің, персонал мен келушілердің ағындылығы, қозғалысы ескеріле отырып орналастырылады. Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сатуды жүзеге асыратын объектінің аумағына кіру үшін жеке кіреберіс жабдықталады, ол жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына және одан әрі олар сатылатын жерлерге біржақты қозғалысын қамтамасыз етеді.
Үй-жайлардың әрбір тобы жеке блоктарға біріктіріледі: тиеу бөлмелері, қойма үй-жайлары, тамақ өнімдерін сатуға дайындау үй-жайлары; әкімшілік-тұрмыстық, қосалқы, сауда үй-жайлары.
Сауда аймағында жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты сату үшін (бөлек ет, балық, сүт және басқа), қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары мен ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары үшін бөлек алаңдар беріледі.
Қойма аймағында азық-түлік тауарларын сақтауға арналған үй-жайлар, тоңазытқыш құрылғылар орналастырылады.
Шаруашылық аймағында қоқыс жинауға арналған контейнерлер бар алаңқайлар, автокөліктерге арналған тұрақтар, дәретханалар бөлінеді.
Тиеу бөлмелерін, қойма үй-жайларын, тамақ өнімдерін сатуға дайындау үй-жайларын, сауда залдарын орналастыру олардың арасындағы технологиялық байланыс ескеріле отырып жүргізіледі.
109. Объект үй-жайларын ішкі әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді уытты емес әрлеу материалдарын пайдалана отырып орындалады.
110. Базарлардың сауда залының, жуу үй-жайларының, тоңазыту камераларының, санитариялық тораптардың қабырғалары жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдармен қапталады.
111. Едендер санитариялық өңдеуге жарамды, уытсыз, ылғалға төзімді және ылғал өткізбейтін, ойықтарсыз, беті тегіс болуы керек. Түсіру үй-жайларындағы, автомобильдерге арналған алаңқайлардағы жабын су өткізбейтін қатты материалдармен қапталады. Жуынатын бөлмелерде, дәретханаларда және себезгі бөлмелерінде суды су ағызу жүйесіне ағызу үшін траптар көзделеді.
112. Ұша, жарты ұша, ұшаның төрттен бірі ретінде алынатын ет саудасы ұйымдастырылған жағдайда объектіде алаңы кемінде 10 м2 шабуға арналған үй-жай бөлініп, оған жуу раковинасы мен қосымша тоңазытқыш орнатылады.
113. Тез бұзылатын өнімдер саудасының объектілері шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтарымен жарақталуға тиіс. Тез бұзылатын тамақ өнімдерінің қоры тоңазытқыш жабдықтарының сыйымдылығын ескере отырып жинау нормаларына сәйкес болуға тиіс.
114. Объект әкімшілігі (иесі):
1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалаудан және зертханада ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен ет, жануарлардан алынатын басқа да өнімдер саудасы үшін тиісті жағдайларды;
2) базар аумағында зертханада жарамсыз деп таныған тиісті өнімдерді зарарсыздандыруға арналған автоклав орналастырылған оқшауланған үй-жай бөлуді;
3) зертханалық тексерулердің нәтижелері алынғанға дейін етті, ет өнімдерін уақытша сақтау үшін оқшауланған тоңазытқыш камералардың жұмыс істейтін күйде ұстауды;
4) пайдалануға жарамсыз деп танылған етті, ет өнімдерін, оның ішінде конфискаттарды, жануарлардан алынатын басқа да өнімдерді кәдеге жаратуды жүргізуді;
5) тазалық күндерін өткізуді, базар аумағын, сауда орындарын, басқа да қосалқы үй-жайларын, тоңазытқыштары мен мүкәммалын ұдайы жинауды және дезинфекциялауды;
6) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда, нұсқаулықтарда және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерінде көзделген профилактикалық және мәжбүрлі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |