Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы №287 қаулысы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі96.45 Kb.
#26048





Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2 наурыздағы №287 қаулысы

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «2» наурыздағы

№287 қаулысымен

бекітілген


Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары
1. Осы Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) мұнайдың әлемдік бағасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсаты мен мұнай өнімдерінің нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбеге енгізілген ақпарат көзінің негізінде тиісті кезеңде «Датированный Брент» (Brent Dtd) стандартты сорты бағасының шетел валютасында орташа белгіленуі;

2) баррельдендіру коэффициенті – өндірілген шикі мұнайдың тығыздығы мен температурасы ескеріле отырып, стандарттық өлшем шарттарына келтірілген өлшем бірлігін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру коэффициенті.

Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

3. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға қосымшада келтірілген нысан бойынша әзірлейтін мұнайдың әлемдік бағасына байланысты бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің шекті бағасы мәндері кестесінің (бұдан әрі  Кесте) негізінде, мынадай формуланың негізінде айқындалады:


мұндағы:
1) P – мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек саудадағы шекті бағасының мәні;

2) PBr – баррельдендіру коэффициенті бойынша ауыстырылған мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;

3) L – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрі бағасының белгіленуіне мұнай бағасының белгіленуін ауыстыру коэффициенті;



L=PNp / PBr ,

PNp – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін шикі мұнайдың және (немесе) газ конденсаты мен мұнай өнімдерінің нарықтық бағалары туралы ресми танылған ақпарат көзінің негізінде Тізбеге енгізілген бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өніміне сәйкес келетін мұнай өніміне әлемдік бағасының белгіленуі;

4) TCEx – өзіне жалдауды (Новороссийск портынан FOB Италия-Августа Жерорта теңізіне дейін теңіз танкерімен мұнай өнімдерін тасымалдау құны), ауыстырып тиеу шығыстарын (мұнай өнімдерін темір жол цистерналарынан құйып алу құны, порттағы қойма резервуарларына құю және қоймадан танкерге құю), Қазақстан Республикасының шекарасына дейін темір жол тасымалын (Новороссийск портынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін темір жол тасымалының құны) қамтитын мұнай өнімдерін Еуропа нарықтарынан (FOB Италия) Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жеткізу жөніндегі көліктік шығыстардың шартты орташа мәні;

5) ECD – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген формула бойынша есептелген мұнай өнімінің тиісті түріне кедендік әкету бажының мәні;

6) С – табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – Уәкілетті орган) Кесте ұсынылған күніне белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша теңгеге АҚШ долларының бағамы;

7) Т – «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес бекітілген мұнай өнімінің тиісті бүр түріне акциз және қосымша құн салығы;

8) TCDom – Қазақстан Республикасы бойынша темір жол көлігімен мұнай өнімдерін тасымалдау құнының орташа арифметикалық мәні;

9) S – мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау бойынша 3% мөлшеріндегі шығыстар;

10) Opex – мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 10% мөлшеріндегі операциялық шығыстарының жиынтығы;

11) М – мұнай өнімдері нарығына барлық қатысушылардың 15% мөлшеріндегі маржасы;

12) Ki – осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес айқындалатын коэффициент;

13) D – қуаты шағын мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шығарушы зауытының техникалық паспортына сәйкес өлшеу шарттары стандартты болған кезде мұнай өнімінің тиісті түрінің орташа тығыздығы.

4. Ki коэффициентінің мәнін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түріне бағалардың тарихи серпініне байланысты бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне мынадай формула бойынша есептейді:



мұндағы:

1) Qmin – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімдерінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәні;

2) O – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ долларына тең келетін мұнай аралығының адымы;

3) U – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;

4) F – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралыққа сәйкес келетін мұнайдың Brent Dtd сортына әлемдік бағаның ең жоғары және ең төменгі мәнінің арасындағы аралық;

5) PBri – бір метрикалық тонна үшін бес АҚШ доллары аралығымен мұнайдың әлемдік бағасының әрбір шекті мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;

6) PBr min – коэффициентті есептеу кезеңіне дейін күнтізбелік екі жыл ішінде қалыптасқан мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының ең төменгі мәніне сәйкес келетін мұнайға әлемдік бағаның белгіленуі;

7) N – Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық кезеңге арналған болжамында айқындалған инфляцияның болжамды деңгейі;

8) PiKi коэффициентінің мәні есепке алынбай осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген мұнай өнімінің тиісті түрінің бөлшек сауда бағасының шекті мәні;

5. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган Уәкілетті органға әзірленген Кестені есептерді, негіздемелер мен тиісті ақпарат көзінің деректерін қоса бере отырып:

1) жыл сайын – жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың он бесінші қарашасынан кешіктірмей;

2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бір және одан көп көрсеткіштер бұрын бекітілген көрсеткіштердің мәнінен 10%-дан астам өзгерген кезде – осындай өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.

6. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган Уәкілетті органға өткен күнтізбелік айдың он бесінші күнінен бастап ағымдағы күнтізбелік айдың он төртінші күні бойынша қалыптасқан мұнайға әлемдік бағаның мәліметтерін ай сайын он бесінші күннен кешіктірмей ұсынады.

7. Уәкілетті орган шекті бағаны белгілеу үшін қажетті қосымша ақпаратты жазбаша нысанда сұратады, ол мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган тиісті сұратуды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.

8. Уәкілетті орган Кестенің және мұнайдың әлемдік бағасы жөніндегі мәліметтердің негізінде бұйрық нысанында қабылданатын шешім қабылдау жолымен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілейді.

9. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрықтың жобасы үш жұмыс күні ішінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолданады.

10. Бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрық (бұдан әрі  Бұйрық):

1) жоспарланып отырған күнтізбелік жылға – жоспарланған жылдың алдындағы жылдың он бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей;

2) осы Қағидалардың 3-тармағының 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген бір және одан көп көрсеткіштер 10%-дан астам өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Кесте алынған кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;

3) Кестеге сәйкес мұнайдың әлемдік бағасының бір шекті мәнінің шегінен асатын мұнайдың әлемдік бағасы өзгерген кезде ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін қалған мерзімге – осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес мұнайға әлемдік баға бойынша деректер алынған кезден бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей бекітіледі.

11. Мемлекеттік органдармен келісілген және Уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қойған бұйрық Уәкілетті органның және мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның Интернет-ресурстарында келісілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жариялануы тиіс.

12. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауға жататын мәмілелерге қолданылмайды.


Бағаларына мемлекеттік реттеу

белгіленген бөлшек саудада

өткізілетін мұнай өнімдеріне

шекті бағаны айқындау

қағидаларына

қосымша
Мұнайдың әлемдік бағасына байланысты мұнай өнімдерінің бөлшек саудасына өткізуге белгіленетін шекті баға мәндерінің кестесі


Р/с



Әлемдік бағаның шегі, $/бар

ДО-ға бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л

Аи-80-ге бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л

Аи-92/93-ге бөлшек саудадағы шекті баға, тг/л














































































































































































































































































































______________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет