Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1479 қаулысы



бет1/3
Дата24.02.2016
өлшемі390.43 Kb.
#12281
  1   2   3
Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1479 қаулысы


«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйым болып айқындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары;
2) Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары;
3) Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кедендік бақылау комитетi асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмастарды кедендік декларациялау және кедендік тазарту орнын айқындасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С.АХМЕТОВ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1479 қаулысымен бекітілген

Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары



1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын тарифтік емес бірыңғай реттеу туралы» ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімімен бекітілген Бағалы металдарды, асыл тастарды және құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауарларды ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағына әкелу және ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағының кедендік аумағынан әкету тәртібі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидалардың талаптары Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылауға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) асыл тастар – Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес табиғи алмас, зүбәржат, лағыл, жақұт пен александрит, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Бірегей кәріптас түзілімдері асыл тастарға теңестіріледі;
2) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар – Қағидаларға 2-қосым­шаға сәйкес әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдаланып, бағалы, қолдан жасалған, түрлі-түсті тас­тардан және табиғи немесе жасанды жолмен жасалған басқа материалдардан жасалған көздері бар немесе оларсыз, басқа да бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдар;
3) табиғи алмас – гауһар (КО СЭҚ ТН коды 7102 31 000 0) дайындау үшін пайдалануға болатын, ішінара өңделген түрдегі алмас, өнеркәсіптік немесе ғылыми мақсаттарда пайдалану үшін жарамды, ішінара не толық өңделген түрдегі алмас, сондай-ақ бір кристалды және көп кристалды алмасты құралдан рекуперацияланған алмас, түйіршік және ұнтақтар (КО СЭҚ ТН коды 7102 10 000 0, 7102 21 000 0, 7102 29 000 0, 7105 10 000 0);
4) гауһар – әртүрлі нысанда бедерленген, жылтыратылған қырлары бар, кейіннен пайдалануға арналған өңделген табиғи алмас (КО СЭҚ ТН коды 7102 39 000 0);
5) арнайы есепке алу – уәкілетті органның асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын, заңды тұлғалардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) және дара кәсіпкерлердің тізілімін жүргізуі, оларды тізілімге енгізу үшін алымдарды өндіріп алуды көздемейді. Бұл арнайы есепті алуды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды;
6) асыл тастарды мемлекеттік бақылау – уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау, ол асыл тас­тарды өндіру кезінде оларды сұрыптау және бағалау сапасын бақылауды, асыл тастардың сараптау (сәйкестендіру) үдерісінде айқындалатын жіктелу белгілерінің дұрыс анықталуын бақылауды, ішкі нарықта өңделмеген асыл тастармен жасалатын мәмілелерді есепке алуды, шығу тегін тексеруді қамтиды;
7) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды мемлекеттік бақылау – уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау, ол бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар бағасын бақылауды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен жасалатын мәмілелердің заңдылығын белгілеуді қамтиды;
8) мемлекеттік бақылаушы – уәкілетті органның мамандандырылған не Қазақстан Республикасының кеден ісі саласында уәкілетті органы айқындаған кеден бекеттерінде асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын өкілі;
9) әкелу кезінде мәлімдеуші – кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелген, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұрған заңды және жеке тұлғалар;
10) әкету кезінде мәлімдеуші – кәсіпкерлік қызмет субъектілері ретінде тіркелген, асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға заңды түрде не асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың иелерімен жасалған агенттік келісімдердің комиссия шарттары бойынша иелік ететін, асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар және уәкілетті органның арнайы есебінде тұратын заңды және жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер;
11) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
12) уәкілетті ұйым – асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;
13) асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сараптау (сәйкестендіру) – уәкілетті ұйымның асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың сапалық-түстік, сандық және құндық сипаттамаларын айқындауы (бұдан әрі – сараптама).

2. Асыл тастарды, асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу тәртібі


4. Кеден одағына кірмейтін елдерден асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды (бұдан әрі – тауарлар) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) кезінде тауарларды кедендік декларациялау және кедендік тазартумен байланысты кедендік операциялар жүргізілгенге дейін мәлімдеуші осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды әкелуді қоспағанда, мемлекеттік бақылау рәсімінен өтеді.
5. Мәлімдеуші мемлекеттік бақылау үдерісінде уәкілетті ұйымда сараптамадан (сәйкестендіруден) өтеді.
Сараптамадан өту кезінде Қағидалардың 8-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделгендерден басқа қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
6. Тауарларға сараптама (сәйкестендіру) жүргізу үшін уәкілетті ұйым зерттеу үшін мәлімделген тауарлар сынамаларын іріктейді.
7. Әкелінген тауарларға жасалатын сараптама (сәйкестендіру) үш жұмыс күні ішінде өткізіледі. Сараптама (сәйкестендіру) қорытындысы бойынша сараптамалық қорытынды үш данада жасалады. Бірінші және екінші даналары мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы мемлекеттік бақылаушыға ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті ұйымда қалады.
8. Мемлекеттік бақылаудан өту үшін мәлімдеуші мемлекеттік бақылаушыға мына құжаттарды ұсынады:
1) ұйым деректемелері көрсетілген өтінім-хат және мемлекеттік бақылауды іске асыру үшін қажетті қоса берілетін құжаттар тізбесі;
2) келісімшарттың (шарттың, келісімнің) орыс тіліндегі көшірмесі, егер келісімшарт (шарт, келісім) орыс тілінде болмаса, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмелеріне мәлімдеуші бекіткен және куәландырған аударма (мәлімдеушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
3) сандық және құндық мәндегі толық ассортименті көрсетілетін тауарлар ерекшелігі;
4) жауапты өкілдің жеке басын куәландыратын және оған құжаттар мен тауарларды ұсыну құқығын беретін ұйымның сенімхаты;
5) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы.
9. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дәйектілігін, арнайы есепке алынып тіркелгенін тексереді, тексеруден кейін асыл тас­тар үшін Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша және Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар үшін Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі – Акт) ресімдейді.
Актіде мемлекеттік бақылаушы ұсынылған тауардың келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін/сәйкессіздігін көрсетеді.
Сәйкессіздік болмаған жағдайда мемлекеттік бақылаушы Актінің көрсетілген бөлімінде «тауар қойылатын талаптарға сәйкес келеді» деген жазба жасайды.
Сәйкессіздік анықталған жағдайда «тауар қойылатын талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жасалады және тауар әкетуге жатады.
10. Акт Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және мәлімдеушіге беріледі.
11. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші данасы мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы кеден органына ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.
12. Тауарларды әкелу кезінде мемлекеттік бақылаудан өткеннен кейін мәлімдеуші Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жүргізеді.
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу рәсіміне орналастыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кірмейтін елдерден тауарларды әкелу Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Тауарларды (табиғи алмас пен гауһарды қоспағанда) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін мәлімдеуші уәкілетті органға жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) тауармен жасалатын операцияларды жүзеге асыру құқығын растайтын құжаттар;
2) құндылықтарды қайта өңдеуге арналған келісімшарттың (шарттың) көшірмесі;
3) резидент еместерді қоспағанда, мәлімдеушінің меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік үй-жайлардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) резидент еместерді қоспағанда, мәлімдеушінің өндірістік базасының болуы және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншікті өндірісінде өнім дайындау көлемі туралы ақпарат;
5) Қағидаларға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қайта өңдеуге әкелінген өнімдер тізбесінің және қайта өңдеуге әкелінген құндылықтар тізбесінің түпнұсқалары;
6) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды дайындаған кезде − резидент еместерді қоспағанда, уәкілетті органның меншік иесін тіркеу туралы хатының көшірмесі.
Тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган мәлімдеушінің тауарларды өзінің өндірістік қызметінде пайдалануы туралы жазбаша растамамен әкелінетін қайта өңдеу өнімдері тізбесінің және қайта өңдеуге әкелінетін құндылықтар тізбесінің түпнұсқаларын мәлімдеушінің атына жібереді.
Тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру мерзімі өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

3. Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі


14. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге әкету кезінде (бұдан әрі − әкету) мәлімдеуші мемлекеттік бақылау және сараптау (сәйкестендіру) рәсімдерінен өтеді.
15. Мәлімдеуші уәкілетті ұйымда тауарларды сараптаудан (сәйкестендіруден) өтеді.
Сараптамадан өту кезінде Қағидалардың 18-тармағының 1) – 6) тармақшаларында көзделгендерден басқа, қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
16. Тауарларды сараптауды (сәйкестендіруді) жүргізу үшін уәкілетті ұйым мәлімделген тауарлардан зерттеу үшін сынама алады.
17. Әкетілетін тауарларды сараптау (сәйкестендіру) үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Сараптау (сәйкестендіру) қорытындысы бойынша үш данада сараптамалық қорытынды әзірленеді. Бірінші және екінші даналары мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы мемлекеттік бақылаушыға беруге арналған. Үшінші данасы уәкілетті ұйымда қалады.
18. Тауарларды әкету кезінде мемлекеттік бақылаудан өту үшін мәлімдеуші мемлекеттік бақылаушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұйымның деректемелері көрсетілген өтінім-хат және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса берілетін құжаттардың тізбесі;
2) келісімшарттың (шарттың, келісімнің) орыс тіліндегі көшірмесі, егер орыс тіліндегі келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне мәлімдеуші бекіткен және куәландырған аудармасы (мәлімдеушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;
3) сандық және құндық көріністе толық ассортименті көрсетілетін тауарларға арналған ерекшелік;
4) ұйымның арнайы есепке қойылғанын растайтын құжат;
5) жауапты өкілдің жеке басын куәландыратын және оған құжаттар мен тауарларды ұсыну құқығын беретін ұйымның сенімхаты;
6) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімдеуші ұсынған тауарлар құнының есебі;
7) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысы.
19. Мәлімдеуші өңделмеген асыл тастарды әкетуді жүзеге асыру кезінде 18-тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша (өңделмеген табиғи алмасты қоспағанда) мыналарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген асыл тастарды қоспағанда, өңделмеген асыл тастардың экспортына арналған лицензияның көшірмесі;
2) сандық және құнды көріністе өңделген асыл тастардың толық ассортименті көрсетілетін түсіру ерекшелігі;
3) өлшемдік-салмақтық топтар бойынша жинақталған ерекшелігін, Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес экспортталатын тастардың әрбір партиясын дайындау үшін өңделмеген асыл тастардың нақты пайдаланылғаны туралы анықтама;
4) беру актілері мен ерекшеліктер (жинақтау ведомостары) бар, (оның ішінде осы келісімшарт (шарт) бойынша сатып алынған асыл тастар партиясының бір бөлігі әкетілген жағдайда) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өңделмеген асыл тастарды сатып алуға арналған келісімшарттардың (шарттардың) көшірмесі;
5) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілген асыл тастарды сатып алуға берілген келісімшарттар (шарттар) бойынша (өңделмеген асыл тастарды Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі нарығында сатып алу) экспорттаушының мәмілелерін есепке алу туралы растама.
Экспорттаушылар мәмілелерін есепке алуды уәкілетті орган жүргізеді;
4) Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес әрбір шикізат шарты бойынша өңделмеген асыл тастардың әкетілетін партиясының салмағы мен құны туралы жалпы анықтама.
20. Өңделген асыл тастарды әкетуді жүзеге асыру кезінде мәлімдеуші 18-тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:
1) асыл тастардың (гауһардан басқа) экспортына арналған лицензияның көшірмесі;
2) сандық және құнды көріністе өңделген асыл тастардың толық ассортименті көрсетілетін түсіру ерекшелігі;
3) өңделмеген асыл тастардың көлемдік-салмақтық топтары бойынша жиынтық ерекшелігі, Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес экспортталатын тастардың әрбір партиясын дайындау үшін оларды нақты пайдалану туралы анықтама;
4) Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес 10,80 карат және одан астам салмағы бар өңделмеген алмас­ты пайдалану туралы анықтама;
5) кәсіпорынның 6,00 караттан астам гауһарды бағалау жөніндегі хаттамасы (актісі);
6) уәкілетті органның сараптамалық комиссиясының хаттамасы (өзінің сипаттамалары бойынша бірегей санатқа жатқызылуы мүмкін сатып алынған өңделмеген асыл тастарда немесе дайын өнімде асыл тастар болған жағдайда);
7) асыл тастардың шығу тегін (сатып алынғанын) және оларды иелену заңдылығын растайтын құжаттар: келісімшарттар, комиссияның шарты немесе агенттік келісім, өңделмеген асыл тастарға арналған беру актілері, жинақтама ведомосы, өңделмеген асыл тастарға арналған мәмілелер актісі.
21. Мәлімдеуші асыл тастардан жасалған өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдарды әкетуді жүзеге асыру кезінде 18-тармақта көрсетілген құжаттарға қосымша мыналарды ұсынады:
1) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес өндірістік-техникалық мақсаттағы экспортталатын бұйымдардың әрбір партиясын дайындау үшін асыл тастарды нақты пайдалану туралы анықтама;
2) әкетілетін бұйымдарды дайындау үшін пайдаланылатын асыл тастардың шығу тегін (сатып алынғанын) растайтын құжаттар: келісімшарттар, комиссияның шарты немесе агенттік келісім, өңделмеген асыл тастарды беру актілері, жинақтау ведомосы, өңделмеген асыл тастарға арналған мәмілелер актілері;
3) асыл тастардан жасалатын өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдарға арналған нормативтік-техникалық құжаттама.
22. Мемлекеттік бақылаушы Қағидалардың 18-тармағында, қажет болса, Қағидалардың 19, 20 және 21-тармақтарында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дәйектілігін тексереді, тексеруден кейін асыл тастар үшін Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша және бағалы металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар үшін Ереженің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік бақылау актісін (бұдан әрі − Акт) ресімдейді.
Актіде мемлекеттік бақылаушы:
ұсынылған тауардың келісімшартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкестігін/сәйкес еместігін;
тауардың құнын бағалауды;
тауарлармен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың болуы/болмауын жазады.
Сәйкессіздіктер болмаған жағдайда мемлекеттік бақылаушы Актінің көрсетілген бөлімінде «тауар қойылған талаптарға сәйкес келеді» деген жазба жасайды.
Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда «тауар қойылған талаптарға сәйкес келмейді» деген жазба жасалады және ұсынылған тауар әкетуге жатпайды.
23. Акт Қағидалардың 18-тармағында, қажет болса, Қағидалардың 19, 20 және 21-тармақта­рында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және мәлімдеушіге беріледі.
24. Акт үш данада жасалады: бірінші және екінші даналары мәлімдеушіге табыс етіледі. Бірінші данасы кеден органына ұсынуға арналған. Үшінші данасы уәкілетті органда қалады. Актіге мемлекеттік бақылаушы қол қояды.
25. Тауарларды әкетуге мемлекеттік бақылаудан өткеннен кейін сәйкессіздік болмаған жағдайда мәлімдеуші тауарларды кедендік декларациялау үшін Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүгінеді.
Егер алмас пен гауһарды қоспағанда, асыл тастардың келісімшарттық құны мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік бақылаушы анықтаған құннан 5 пайыздан астам төмен болса, олар Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілмейді.
Егер Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдардың сыртқы сауда шартында белгіленген келісімшарттық құны мемлекеттік бақылаудан өту рәсімінде мемлекеттік бақылаушы анықтайтын жалпы құннан кем болса, олар Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілмейді.
26. Тауарларды кедендік декларациялау жүргізілгенге дейін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсіміне орналастыру үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты ұсыну қажет, оны беру осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген оларды әкелу кезінде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беру тәртібіне ұқсас жүзеге асырылады.

Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 1-қосымша

Экспорты лицензия негізінде жүзеге асырылатын асыл тастардың тізбесі


Тауардың қысқаша атауы
КО СЭҚ ТН коды

Табиғи алмас


(өнеркәсіптік, өңделмеген немесе жай араланған, уатылған немесе олардың мөлшерлері және өңделу дәрежесіне қарамастан «борт» және «дриллинг» нысандарын, сондай-ақ, алмасты өңдеудің кез келген түрінің қалдықтарын қоса алғанда, «-3+2» және одан төмен елеуіш сыныптарының алмастарын қоспағанда, алғашқы өңдеуге түскен алмас концентраты)
7102 21 000 0-ден

(гауһар дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік емес, өңделмеген немесе жай араланған, уатылған немесе алғашқы өңдеуге түскен)    7102 31 000 0

Өңделмеген және өңделген табиғи асыл тастар
7103 10 000 0
7103 91 000 0
7103 99 000 0
Өзге минералды заттар
(тек бірегей кәріптас түзілімдері)     2530 90 980 0-ден

Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларына 2-қосымша

Экспорты лицензиясыз жүзеге асырылатын асыл тастар
Тауардың қысқаша атауы
КО СЭҚ ТН коды
Өнім және бұйымдар түріндегі бағалы металдар     2843 10
2843 21 000 0
2843 29 000 0
2843 30 000 0
2843 90
7106 10 000 0*
7106 92*
7108 13*
7110 19*
7110 29 000 0*
7110 39 000 0*
7110 49 000 0*

* Құймалар, тілімдер, ұнтақтар мен түйіршіктер, сондай-ақ өңделмеген нысандар түріндегі аффинирленген бағалы металдарды қоспағанда.


7113
7114
7115
9003 19 100 0
9021 29 000 0**
________________
** Тек бағалы металдардан немесе тегістелген бағалы металдардан ғана.

9113 10 100 0


9608 10 300 0
9608 39 100 0
3006 40 000 0***
7107 00 000 0
7109 00 000 0
7111 00 000 0
8544***
9101***
9102***
9103***
9105***
99111***
9112***
________________
*** Тек асыл тастар орнатылған немесе асыл тастар орнатылмаған бағалы металдардан ғана.

Асыл тастардан жасалған өндірістік-техникалық мақсаттағы бұйымдар


6804 21 000 0
8205
8207
8522 90 300 0

Өнеркәсіптік, өңделмеген немесе жай араланған, уатылған немесе олардың мөлшерлері және өңделу дәрежесіне қарамастан «борт» және «дриллинг» нысандарын, сондай-ақ, алмасты өңдеудің кез келген түрінің қалдықтарын қоса алғанда, «-3+2» және одан төмен елеуіш сыныптарының алмастарын қоспағанда, алғашқы өңдеуге түскен алмас концентраты



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет