Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №386 қаулысы



Дата01.07.2016
өлшемі130.15 Kb.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулысы

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу қағидаларын бекіту туралы


«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 89-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген




Бала асырап алуға тілек білдірген

адамдарды есепке алу

қағидалары

1. Осы Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидалары «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 89-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және бала асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарды (бұдан әрі – азаматтар) есепке алуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

2. Азаматтарды есепке алуды ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары (бұдан әрі – орган) жүзеге асырады.

3. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (бұдан әрі – бала) асырап алуды қалайтыны туралы жазбаша өтініш береді, оған мынадай құжаттар:

1) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімі;

4) көршілерінің кемінде үш ұсыным хаты;

5) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама;

6) отбасы жағдайы туралы анықтама;

7) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық, оның ішінде психикалық жағдайы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтама;

8) сотталмағандығы туралы анықтама;

9) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжат қоса беріледі.

4. Орган азаматтардың Кодекстің 91-бабына сәйкес бала асырап алуға үміткер болу құқығын, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толықтығын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

Тексеру қорытындысы бойынша орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тиісті акт жасайды және 2-қосымшаға сәйкес азаматтардың бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.

5. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес болған жағдайда орган өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік он бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу журналына жазба енгізу арқылы оларды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке қояды.

Органның бланкісінде орындалған оң қорытындының түпнұсқасы қорытындыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бала асырап алуға үміткерлерге беріледі. Оң қорытынды бала асырап алуға үміткерлер ретінде есепке қою үшін және бала таңдау үшін негіз болып табылады.

Әр бала асырап алуға үміткерге тұрғылықты жері бойынша органда жеке үй-жайда сақталатын жеке іс басталады.

6. Азаматтар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда орган қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде азаматтардың назарына негіздемесі бар теріс қорытындыны жеткізеді. Теріс қорытынды бала асырап алуға үміткер ретінде есепке алудан бас тарту үшін негіз болып табылады. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар азаматтардың өздеріне бір мезгілде қайтарылады.

Азаматтар келіспеген жағдайда теріс қорытындыға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағымдануға болады.

7. Азаматтар теріс қорытындыда көрсетілген жол берілген кемшіліктерді жойған жағдайда құжаттар органға қайта беріледі, ол осы Қағидалардың талаптарына сәйкес оларды қарайды.

8. Егер бала асырап алуға үміткерлер өзі тұратын аумақтағы облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада асырап алу үшін бала таңдай алмаса, бала асырап алуға үміткерлердің тұрғылықты жері бойынша орган олар тілек білдірсе, басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына кейіннен органда бала асырап алуға үміткерлер ретінде тіркеу үшін жазбаша өтінішпен жүгінеді.

Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісі, бала асырап алуға үміткер болу мүмкіндігі туралы оң қорытынды қоса беріледі.

Басқа облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада тіркелгеннен кейін бала асырап алуға үміткерлер жазбаша өтініш негізінде тұрғылықты жері бойынша органда есептен шығарылады.

_________________________


Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу қағидаларына

1-қосымша

Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың

тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау

АКТІСІ
Тексеріп-қарау жүргізілген күн _________________________________________

Тексеріп-қарауды жүргізген ____________________________________________

(тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты,

____________________________________________________________________

лауазымы, жұмыс орны)

Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның мекенжайы және телефоны:_______________________________________

________________________________________________________________________________
Тексеріп-қарау мақсаты:_______________________________________________

(бала асырап алу)


1. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың жалпы мінездемесі

Тегі ______________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туған күні________________________

жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________

білімі ____________________________ азаматтығы ________________________

Тегі ______________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туған күні ________________________

жұмыс орны ________________________ лауазымы ________________________

білімі ____________________________ азаматтығы ________________________

Тұрғылықты жері_____________________________________________________

Некеде _________________________ ______________________________ бастап

(тұрады, тұрмайды) (неке тіркелген күн)

Күйеуінің бұдан бұрынғы некелері _________, _________________ аралығында

(иә, жоқ)

Әйелінің бұдан бұрынғы некелері _________ , _________________ аралығында

(иә, жоқ)

Балалары ____________________________________________________________

(бар, жоқ)


Балалары туралы мәліметтер:

1) Тегі ____________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туған күні ________________________

Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек) ____________________________________________________________________

(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

Тұрғылықты жері _____________________________________________________

2) Тегі ____________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туған күні ________________________

Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен бөлек-бөлек) ____________________________________________________________________

(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

Тұрғылықты жері _____________________________________________________

3) Тегі ____________________________ аты ______________________________

әкесінің аты ________________________ туған күні ________________________

Құқықтық қатынастары (күйеуімен және әйелімен жеке бөлек-бөлек) ____________________________________________________________________

(туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған)

Тұрғылықты жері _____________________________________________________


2. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы

Жалпы ауданы ________ (шаршы м) тұрғылықты ауданы _________ (шаршы м)

Тұрғын бөлмелердің саны _________

Тіркелгендер_________________________________________________________

(тұрақты, уақытша)

___________________________________________________ құқығымен тұрады

(меншік иесі, жалдаушы, қосымша жалдаушы)

Үйдің, пәтердің тиесілілігі _____________________________________________

(мемлекеттік, жеке)

Тұрғын үйдің жайлылығы______________________________________________

(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)

Санитариялық-гигиеналық жай-күйі _____________________________________

(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)

Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер __________________________________

____________________________________________________________________
Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:


Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Туыстық қатынастары

Жылдық табыс












3. Биографиялық деректер (балалық шақта және жасөспірім кезеңдегі отбасы ахуалы, ата-анасымен, аға-інілерімен, апа-сіңлі-қарындастарымен, басқа туыстарымен қарым-қатынасы): ___________________________________________

________________________________________________________________________________

4. Отбасы ішіндегі өзара қарым-қатынастар (отбасының бұрынғы ерлі-зайыптылық өмірінің сипаттамасы және қазіргі уақыттағы ахуалы, бала асырап алушылардың жеке қасиеттері, қызығушылығы, бос уақытын өткізуі, дүниетанымы, дінге, тәрбиелеуге көзқарасы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесінің бар-жоғы, жақын туыстарының бала асырап алуға көзқарасы) ________________________________________________________

________________________________________________________________________________

5. Бала асырап алуға себеп: _______________________________________

____________________________________________________________________

6. Денсаулығының жай-күйі (бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтар денсаулығының жай-күйі туралы дәрігерлік қорытындыға сәйкес) ____________________________________________________________________


7. Бала асырап алуға үміткер болуға тілек білдірген азаматтар

Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танымаған.

Сот ата-ана құқығынан айырмаған және оны шектемеген.

Өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылар, қамқоршылар міндеттерінен шеттетілмеген.

Егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойса, бұрынғы бала асырап алушылар болып табылмайды.

Қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы жоқ.

_________________ ____________________

(қолы) (аты-жөні, тегі)

_________________

(күні)


_________________________

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу қағидаларына

2-қосымша

_________________________________________

(қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі

функцияларды жүзеге асыратын органның атауы)
Бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болудың

мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы

ҚОРЫТЫНДЫ
Т.А.Ә. (толық) _______________________________________________________

Туған күні: __________________________________________________________

Т.А.Ә. (толық) _______________________________________________________

Туған күні: __________________________________________________________

Мекенжайы (тұрғылықты жері, индексі)__________________________________

____________________________________________________________________

Отбасының сипаттамасы (құрамы, некенің ұзақтығы (қайта некеде болған кезде бұрынғы некеден балаларының бар-жоғы көрсетілсін), балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесі, отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, жақын туысқандардың бар-жоғы және олардың бала асырап алуға көзқарасы, бала асырап алуға үміткерлердің мінез-құлық ерекшеліктері); ерлі-зайыптылардың біреуі бала асырап алған кезде екіншісінің бала асырап алуға келісімінің бар екені көрсетілсін).

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Білімі және кәсіптік қызметі ____________________________________

____________________________________________________________________

Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы (денсаулығының жалпы жай-күйі, бала асырап алуға кедергі келтіретін ауруларының болуы)

____________________________________________________________________

Материалдық жағдайы (мүлкі, жалақысының мөлшері, табыстардың өзге түрлері) _____________________________________________________________

____________________________________________________________________

Бала асырап алуға себеп _______________________________________________

Бала асырап алушылардың баланың кандидатурасы бойынша тілектері (жынысы, жасы, мінез-құлқы, түр-әлпетінің ерекшеліктері, бала асырап алуға үміткерлердің дамуында ауытқушылықтары бар баланы асырап алуға келісімі)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Азамат______________________________________________________________

(өтініш берушінің (берушілердің) Т.А.Ә.)

бала асырап алуға үміткер (үміткерлер) болуының мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды ___________________________________________________

____________________________________________________________________
________________________________ __________________________

лауазымы, Т.А.Ә. күні, қолы


М.О.

_________________________

Бала асырап алуға тілек

білдірген адамдарды

есепке алу қағидаларына

3-қосымша


Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды

есепке алу журналы


Бала асырап алуға үміткерлердің

тегі, аты, әкесінің аты (толық)

Туған күні (туған күні, айы, жылы)

Ұлты

Тұрғылықты жері (мекенжайы, кодымен үй, қызмет кодымен, ұялы телефоны)

Жұмыс орны, атқаратын лауазымы

Денсаулығының жай-күйі туралы қорытынды

Отбасылық жағдайы (толық, толық емес отбасы)

Тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жұмысы мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, отбасының құрамы, оның мыналары бар

Жақын туыстарының бала асырап алуға жазбаша келісімінің болуы

Көршілерінің ұсыным хаттарының (кемінде үш) болуы

Отбасының жиынтық табысының мөлшері

Тұрғын үйінің (жеке, жалға алынған) болуы

Өтініш берушіні есепке қою күні

Азаматтардың бала асырап алуға үміткер болудан бас тартуы

Ескертпе

жақын туыстары



кәмелетке толған балалары

кәмелетке толмаған балалары

бұрын асырап алынған (қамқоршылықтағы) балалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18













































































































_________________________
Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files -> Zakony
Zakony -> «Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы №1613 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Zakony -> Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының
Zakony -> 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 қаулысы Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Zakony -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №406 қаулысы Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
Zakony -> Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы
Zakony -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наруыздағы №383 қаулысы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет