Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы №6 қаулысы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Қазақстан Республикасының кемелерiне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңiз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға
көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірлері 538, 539, 540, 541, 542-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
538.
|
Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу
|
Жеке тұлғалар
|
СІМ
|
СІМ
|
СІМ
|
Қағаз түрінде
(паспортта мөртабанды қою)
|
539.
|
Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру
|
Заңды тұлғалар
|
СІМ
|
СІМ
|
СІМ
|
Қағаз түрінде
(қызметтік паспорт)
|
540.
|
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визаларды беру, олардың мерзімін ұзарту
|
Жеке тұлғалар
|
СІМ
|
СІМ, Қазақстан Республика сының шетелдердегі мекемелері
|
СІМ, Қазақстан Республика сының шетелдердегі мекемелері
|
Қағаз түрінде
(виза)
|
541.
|
Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды ресімдеуі
|
Жеке тұлғалар
|
СІМ
|
Қазақстан Республика сының шетелдердегі мекемелері
|
Қазақстан Республика сының шетелдердегі мекемелері
|
Қағаз түрінде (анықтама)
|
542.
|
Консулдық заңдастыру
|
Жеке және заңды тұлғалар
|
СІМ
|
СІМ, Қазақстан Республика сының шетелдердегі мекемелері
|
СІМ, Қазақстан Республика сының шетелдердегі мекемелері
|
Қағаз түрінде
|
»;
реттік нөмірі 544-жол алынып тасталсын.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 11 қаңтардағы №6 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) мына мекенжай бойынша ұсынады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64.
2. Ұсынылатын мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтiк паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 7 қыркүйектегi № 150 Жарлығына (бұдан әрi – Жарлық) сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттiк қызмет және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру бланкілерінің үлгілері Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсындағы «Консулдық мәселелер» бөлімінде және Министрліктің ақпараттық стенділерінде орналастырылады.
5. Қазақстан Республикасының қызметтік паспортын (бұдан әрi – паспорт) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес оны алуға құқығы бар адамға беру немесе паспорт беруден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылатын мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нәтижесі болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет мынадай заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттік қызметті алушы):
1) мемлекеттiк кәсiпорындарға, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарына, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық басқарушы холдингтерге;
2) Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының халықаралық ұшып өтуiн қамтамасыз ету үшiн тартылатын қазақстандық авиакомпанияларға ұсынылады.
7. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну мерзiмдерi:
1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушының тапсырған сәтінен бастап – бес жұмыс күнінен артық емес;
2) мемлекеттiк қызметті ұсыну үшін қажеттi құжаттарды өткізу кезiнде мемлекеттік қызметті алушының кезек күтуiнің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – бір сағаттан артық емес;
3) паспортты беру кезiнде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы негізде көрсетіледі, оны көрсету үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленген тәртіппен консулдық алым алынады.
9. Мемлекеттiк қызмет аптаның төрт жұмыс күнінде (сәрсенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда) ұсынылады. Құжаттарды қабылдау сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін, ал құжаттарды беру 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет ұсынылатын үй-жай Министрлік ғимаратында орналасады.
Күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендiлермен жарақталады.
2. Мемлекеттiк қызметті ұсыну тәртiбi
11. Мемлекеттік қызметтi алу үшiн уәкілетті адам арқылы мынадай құжаттарды (пошта арқылы құжаттар қабылдау жүзеге асырылмайды):
1) тиісті ұйымнан осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім хат;
2) іссапарға жіберуші ұйымның кадр қызметі куәландырған іссапарға жіберу туралы бұйрықтың немесе іссапарға жіберуді растайтын өзге құжаттың көшірмесі;
3) паспорт алуға құқығы бар адамның осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспорт беруге арналған өтініші;
4) өлшемі 3,5х4,5 см екі түрлі түсті фотосурет (фотосурет мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын ресімдеу уақытындағы жасына сәйкес болуы және қатаң түрде жарық жерде түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болу қажет, әрі адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканер арқылы басып шығару, модельдеу мен ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);
5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
6) консулдық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (түпнұсқасы) ұсыну қажет.
12. Паспортты беру үшін бланкілерді Министрліктің қызметкерлері береді, сондай-ақ олар Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде орналастырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар Министрлікке мына мекенжай бойынша өткізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64.
14. Мемлекеттік қызметті алушыға немесе оның уәкілетті адамына осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды өткізгенін растайтын, осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
15. Паспортты беру мәселесі бойынша қабылданған шешім туралы мемлекеттік қызметті алушы немесе оның уәкілетті адамы телефон арқылы немесе жеке қабылдауда хабардар етіледі.
Мемлекеттік қызметті алушыға немесе уәкілетті адамға паспортты беру Қазақстан Республикасының жеке куәлігін немесе паспортын ұсынған жағдайда паспортты беру журналында қол қою арқылы жүзеге асырылады. Уәкілетті адамда іссапарға жіберуші органның тиісті хаты болуы қажет.
16. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті ұсыну мына жағдайларда:
1) құжаттарды өткізу кезінде толық емес және/немесе анық емес мәліметтерді ұсынса;
2) консулдық алым төленбесе бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Министрліктің қызметі сыпайылық, толық ақпарат беру, құжаттардың сақталуын, мемлекеттік қызметті алушы туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Министрліктің жұмыс нәтижелері осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Министрліктің жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және тиімділік көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Министрліктің бұйрығымен бекiтіледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Мемлекеттiк қызметті ұсыну нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы мына мекенжай бойынша Министрлікте ала алады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64, электрондық пошта dks-astana@mfa.kz.
21. Ұсынылған мемлекеттiк қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушы шағымды жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері мен мереке күндерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 31-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-05-18, факс 8 (7172) 72-05-16, электрондық пошта midrk@mfa.kz береді.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайларда шағым жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64, факс 8 (7172) 72-04-60, №300 кабинет, электрондық пошта dks-astana@mfa.kz беріледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сот органдарына жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым еркін нысанда жасалған жазбаша түрде пошта не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы және қолы қойылады, заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні, мемлекеттік қызметті алушы атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаның қолы болады. Шағымды беру кезінде іс-әрекеті шағымдалатын органның атауы немесе лауазымды тұлға, шағымдану себептері мен талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Өтініштің/арыздың күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
26. Мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 28-ғимарат, телефон 8 (7172) 72-01-64 Министрліктен алуға болады.
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының қызметтiк паспортын алуға құқығы
бар адамдардың тiзбесi
1. Мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер атқарушы органдарының бiрiншi басшылары;
2. Қазақстан Республикасы ресми делегацияларының халықаралық ұшып өтуiн қамтамасыз ету үшiн тартылатын қазақстандық авиакомпаниялардың ұшқыш-техникалық персоналы;
3. Осы тiзбенiң 2-тармағында көрсетiлген ұйымдардың шет мемлекеттердегi өкiлдiктерiнiң қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi (жұбайлары/зайыптары, балалары).
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Паспортты (дипломаттық, қызметтiк) ресiмдеу үшiн іссапарға
жiберушi органның бланкiсiнде
№ ___________________
20_ ж. «__»____________
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
Консулдық қызмет департаментi
.......(ел) шығу үшiн паспортты (дипломаттық, қызметтiк) ресiмдеудi/берудi сұраймыз:
Т.А.Ә. – лауазымы
Шығуы жылы/күнi/айына,__ ______ _____ күн (жыл) мерзiмге жоспарланған
Бағыты:
Баратын қалалар:
Сапардың мақсаты:
Шығуының негiзi: __ _______ _____ (ұйымның атауы) шақыруы бойынша
Сапарды: (ұйымның атауы) қаржыландырады
Қосымша:
1) iссапарға жiберушi органның кадрлар бөлiмi куәландырған iссапарға жiберу туралы бұйрықтың немесе өзге құжаттың көшiрмесi;
2) паспорт беруге толтырылған өтiнiш;
3) 3,5 х 4,5 мөлшерiндегi түрлi түстi екi фотосурет;
4) жеке куәлiктiң көшiрмесi.
Ұйымның басшысы
|
Қолы
|
Т.А.Ә.
|
|
Мөрдiң орны
|
|
Орындаушы: Т.А.Ә.
Телефон:
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша
ПАСПОРТ БЕРУГЕ АРНАЛҒАН ӨТІНІШ / ЗАЯВЛЕНИЕ НА ВЫДАЧУ ПАСПОРТА №
1. ПАСПОРТТЫҢ ТҮРІ / ТИП ПАСПОРТА -ҚР СІМ КҚД тарапынан толтырылады /
-заполняется ДКС МИД РК
СУРЕТ
ФОТО
3,5 * 4,5
АЗАМАТТЫҢ ҚОЛЫ / ПОДПИСЬ ГРАЖДАНИНА
2. 3. 4.
тегі / фамилия аты / имя әкесінің аты / отчество
5. 6. 7. 8.
туған кезіндегі, туған күні, жынысы / ұлты /
бұрынғы тегі / айы, жылы / пол национальность
урожденная, дата рождения
прежняя фамилия
9.ТУҒАН ЖЕРІ / МЕСТО РОЖДЕНИЯ
ЕЛ/СТРАНА АВТОНОМИЯЛЫҚ РЕСПУБЛИКА, ОБЛЫС / ОБЛАСТЬ
ӨЛКЕ / АВТОНОМНАЯ РЕСПУБЛИКА,
КРАЙ
ЕЛДІ МЕКЕН / НАСЕЛЕННЫЙ ПУНКТ МЕКЕНЖАЙЫ / АДРЕС
10. ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ / МЕСТО ЖИТЕЛЬСТВА
ОБЛЫС / ОБЛАСТЬ ҚАЛА /ГОРОД АУДАН / РАЙОН
ЕЛДІ МЕКЕН /НАСЕЛЕННЫЙ ПУНКТ МЕКЕНЖАЙЫ / АДРЕС
11. 12.
ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ / ЖҰМЫС ОРНЫ ЖӘНЕ ЛАУАЗЫМЫ/
СЕМЕЙНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ МЕСТО РАБОТЫ И ДОЛЖНОСТЬ
13. 16 ЖАСҚА ТОЛМАҒАН БАЛАЛАРЫ / ДЕТИ ДО 16 ЛЕТ
(ШЕТЕЛГЕ ЖҰМЫСҚА ШЫҒАТЫН АЗАМАТТАРМЕН ТОЛТЫРЫЛАДЫ)
(ЗАПОЛНЯЕТСЯ СОТРУДНИКАМИ, ВЫЕЗЖАЮЩИМИ ЗАГРАНИЦУ НА РАБОТУ)
№
|
ТЕГІ / ФАМИЛИЯ
|
АТЫ / ИМЯ
|
ТУҒАН КҮНІ, АЙЫ, ЖЫЛЫ /
ДАТА РОЖДЕНИЯ
|
ЖЫНЫСЫ /
ПОЛ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕР ҮШІН / ДЛЯ СЛУЖЕБНЫХ ОТМЕТОК
ІССАПАРҒА ЖІБЕРГЕН МЕКЕМЕ /
КЕМ КОМАНДИРОВАН
БАРАТЫН ЕЛ / СТРАНА СЛЕДОВАНИЯ
ҚР СІМ КОНСУЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /________/ __________________
ДИРЕКТОР ДЕПАРТАМЕНТА КОНСУЛЬСКОЙ СЛУЖБЫ МИД РК
PS
PD
РЕСІМДЕУ / ОФОРМЛЕНИЕ 20__ жылғы «___» ______________ _____________________
ЕСКЕРТУ / ПРИМЕЧАНИЕ _________________________________________________________________________________
ПАСПОРТ НӨМІРІ / БЕРІЛГЕН КҮНІ /
НОМЕР ПАСПОРТА ДАТА ВЫДАЧИ
Мемлекеттік қызметкерлер шетелдік іссапардан қайтқаннан кейін дипломаттық және қызметтік паспорттарын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің Астана қаласындағы мұрағатына он күн мерзімде тапсырулары тиіс. Қазақстан Республикасының дипломаттық немесе қызметтік паспорттары уақытында тапсырылмаған немесе жоғалған жағдайда, жауапкершілік жоғарыда аталған құжат иелеріне жүктеледі («Қазақстан Республикасының дипломаттық және қызметтік паспорттарын беру, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 150 Жарлығының 20-шы тармағына сәйкес).
По возвращении из заграничной командировки государственных служащих дипломатические и служебные паспорта РК подлежат сдаче в архив Департамента консульской службы МИД РК в г. Астана в десятидневный срок. Ответственность за несвоевременную сдачу либо утерю дипломатического или служебного паспорта Республики Казахстан лежит на владельцах вышеуказанных документов (согласно п.20 Указа Президента Республики Казахстан от 7 сентября 2011 года № 150 «Правила выдачи, учета, хранения и уничтожения дипломатического и служебного паспортов Республики Казахстан»).
Таныстырылды / 20__ жылғы «___» ____________
Ознакомлен
Азаматтың қолы / ______________________________
Подпись гражданина
ҚЫЗМЕТТІК БЕЛГІЛЕР ҮШІН / ДЛЯ СЛУЖЕБНЫХ ОТМЕТОК
№
|
Бұдан бұрын берілген ДП/ҚП
Ранее выданные ДП/СП
|
Берілген күні
Дата выдачи
|
Тұрған жері
Местонахождение
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орындаушы ___________ / _______________ __20__ жылғы «___» __________________
Исполнитель
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттардың қабылданғаны туралы
№ ________ талон
_____________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі:
1._________________________________________________________
2._________________________________________________________
3._________________________________________________________
4._________________________________________________________
5._________________________________________________________
6._________________________________________________________
7._________________________________________________________
8._________________________________________________________
9._________________________________________________________
Қабылдаған:
________________________ /____________/ _____________________
(қызметкердің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)
_______ ж. «____» ______________
(Қабылданған күн)
Берілетін уақыты және күні: «___»__________ _____ ж. _____ сағ ____ мин
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет стандартына 5-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа мен тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Келесі жылдағы көрсеткіштің нысаналы мәні
|
Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1. Уақыттылығы
|
|
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
|
2. Сапасы
|
|
|
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
|
3. Қолжетімділігі
|
|
|
3.1. Қызмет көрсету сапасы мен оны көрсету туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Электрондық форматта қол жеткізуге болатын ақпарат қызметтерінің %-ы (үлесі)
|
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
|
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
|
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |