Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №258 Қаулысы



жүктеу 6.18 Mb.
бет11/47
Дата22.02.2016
өлшемі6.18 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
5-бөлім. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

 

Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін тапсырмалар көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган

Мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралар

1

2

3

1-стратегиялық бағыт. Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету

1.1-мақсат. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету

1.1.1-міндет. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру

1. Мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан барлық ашылған мектепке дейінгі ұйымдардың типтері мен түрлерінің үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Мектепке дейінгі ұйымдарды:

бұрын жекешелендірілген, жалға берілген ғимараттарды қайтару, жеке тұрған ғимараттарды босату есебінен, балабақшалар ашу үшін басқа да орынжайларды бейімдеу, тұрғын үйлердің 1-қабатында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу;

балабақшалар салу есебінен ашу.

Консультациялық пунктер ашу.

1.2-мақсат. Сапалы мектептегі білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету

1.2.1-міндет. Мектептегі білім берудің сапалы қызметтерін ұсыну

1. 1-4 сыныптардағы жалпы білім алушылар санынан бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқитын бастауыш сыныпта білім алушылардың үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Бастауыш сыныптарда білім алушыларды бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқытумен қамтамасыз ету

2. Мемлекеттік мектептердің жалпы санынан электрондық оқыту жүйесін (e-learning) енгізген мемлекеттік мектептердің үлесі

БАА, «Қазақтелеком» АҚ, жергілікті атқарушы органдар

Интернетке 4 - 10 Мбит/сек жылдамдығымен қосылған ұйымдардың;

білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарының үлесін арттыруға ықпал ету.

Жергілікті атқарушы органдар

Электрондық оқыту жүйесін енгізу үшін жабдықталған ұйымдардың үлесін;

серверлік орынжайлар мен корпоративтік және жергілікті желісі бар ұйымдардың үлесін;

сандық білім беру ресурстарының үлесін;

сандық білім беру ресурстары авторларының - оқытушылардың санын;

жүйенің әкімшілері мен пайдаланушыларының санын арттыру.

Өңірлерде сандық білім беру ресурстарын қабылдау және орналастыру жөнінде сараптамалық кеңестер құру.

ККМ, «Қазақтелеком» АҚ

Оптикалық талшықты Интернет желісін дамытуға;

сымсыз байланыс технологиясы арқылы Интернет желісінің қызметіне қол жеткізуге жағдай жасауға ықпал ету.

Жергілікті атқарушы органдар

Кең жолақты Интернетке қосылған мектептердің санын көбейту.

3. Инклюзивтік білім беру үшін ұсынылған балалардың жалпы санынан инклюзивтік білім берумен қамтылған балалардың үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Балалар мүгедектігінің алдын алу мақсатында психофизикалық дамуы кем балаларды ерте бастан анықтау, скринингілеу.

Арнайы түзеу ұйымдарын, жалпы білім беру ұйымдарының жанынан сыныптар ашу, инклюзивті білім берумен мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының желісін арттыру.

Оңалту орталықтарын, түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, логопед пункттерін ашу және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға мүмкіндік беруге арналған «кедергісіз орта» жасаған мектептердің үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқу-білім беру процесіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Білім беру ұйымдарында кедергісіз жағдай жасау.

1.3-мақсат. 2020 жылға қарай әлемдік білім беру кеңістігіне біріктірілген техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесінің жұмыс істеуі

1.3.1-міндет. Техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету

1. Типтік жастағы жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтудың үлесi

Жергілікті атқарушы органдар

Жергілікті бюджет есебінен ТжКБ кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту

1.3.2-мақсат. Кадрларды даярлаудың сапасын және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1. ТжКБ-ның мемлекеттік оқу орындарының жалпы санынан қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақталған ТжКБ-ның мемлекеттік оқу орындарының үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Мемлекеттік ТжКБ оқу орындарын қазіргі заманғы оқу жабдықтарымен жарақтандыру, есептік ақпарат.

2. Әзірленген кәсіптік стандарттардың жалпы санынан кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының үлесi

Салалық мемлекеттік органдар, Жұмыс берушілер қауымдастығы, Еңбекминi

Нормативтік және әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл. Жұмыс берушілерге кәсіби стандарттарды әзірлеуге көмек көрсету.

Кәсіптік стандарттар негізінде үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге көмек көрсету.

3. ТжКБ ұйымдарының біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өткен инженер-педагог кадрларының үлесі

Жергілікті атқарушы органдар

Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруын және тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету, есептік ақпарат.

ИЖТМ, Еңбекмині, ККМ, МГМ, АШМ, ТЖМ

Экономиканың басым бағыттары бойынша жетекші отандық және шетелдік компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың (Қазақстан аумағындағы) базасында ТжКБ ұйымдарының инженер-педагог кадрларының біліктілігін арттыруына және тағылымдамадан өтуіне ықпал ету

4. Қатысқандардың жалпы санынан кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесi

ИЖТМ, МГМ, Еңбекмині, ККМ, АШМ, ТЖМ, БАА, СА, «ҚТМ ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз ҰҚ» АҚ, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП, Жұмыс берушілер қауымдастығы, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешенінің, кен өндіру және кен-металлургия кәсіпорындарының және Қазақстан туристік қауымдастығының салалық жұмыс берушілер қауымдастығы.

Экономика саласының барлық мамандықтары бойынша мамандардың біліктілігін бағалау және беру жөніндегі арнайы серификаттау орталықтарын құру.

Салалық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, Жұмыс берушілер қауымдастығы

Кәсіби даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді өткізуге қатысу. Кәсіби даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді өткізу нәтижесі бойынша талдау жүргізу.

1.3.3-міндет. Әлеуметтік әріптестікті дамыту

1. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау саласындағы ынтымақтастық жөнінде жасалған меморандумдар мен келісімдер саны

Жергілікті атқарушы органдар, Жұмыс берушілер қауымдастығы

Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау саласындағы ынтымақтастық бойынша жасалған меморандумдар мен келісімдер жасау бойынша бірлескен іс-қимыл, есептік ақпарат.

ИЖТМ, Еңбекмині, ККМ, МГМ, АШМ, ТЖМ, БАА, «ҚТМ ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз ҰҚ» АҚ, «Атамекен» одағы» ҚҰЭП

Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау саласында ынтымақтастық бойынша жасалған меморандумдар мен келісімдер жасауға ықпал ету.

Жергілікті атқарушы органдар ИЖТМ, ККМ, МГМ, АШМ, ММ, Еңбекмині

Меморандумдар мен келісімдерге қол қою, есептік ақпарат

Басым бағыттар бойынша жетекші отандық және шетелдік компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың (Қазақстан аумағындағы) базасында ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың практикадан өтуіне ықпал ету

2. Білім алушылардың жалпы санынан жұмыс берушілер қаражаты есебінен білім алушылардың үлесі

Жергілікті атқарушы органдар, Жұмыс берушілер қауымдастығы ИЖТМ, ККМ, МГМ, Еңбекмині

Келісімдер мен меморандумдарға қол қою, есептік ақпарат.

Экономиканың басым бағыттары бойынша жұмыс берушілердің есебінен ТжКБ ұйымдарында білім алуға ықпал ету.

1.4-мақсат. 2020 жылға қарай Қазақстанның жоғары білім беру сапасы білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді

1.4.1-міндет. Мемлекеттің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету

1. Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқуға қабылданған білім алушылар санының ұлғаюы:

- магистратураға,

- PhD докторантураға

Орталық мемлекеттік органдар

Нормативтік құқықтық актілер әзірлеу бойынша бірлескен ұсыныстар енгізу, кадрларға қажеттіліктерді ұсыну, мемлекеттік органдармен келісу

2. Жұмыс берушілер мен шетел инвесторлары қаржысына оқытылатын техникалық мамандардың үлесі күндізгі оқу нысанындағы және келісімшарттағы барлық оқушылар санынан артады.

ИЖТМ, Еңбекмині, ККМ, МГМ, ҰҒА, ӨДМ, ММ, ҚОСРМ, ТЖМ

Келісімдер мен меморандумдар жасау.

3. Жұмыс берушілермен өндірістік практика мен кейінгі жұмысқа орналастыру туралы келісімшарт құрған жоғары оқу орындарының үлесі.

ИЖТМ, ДСМ, АШМ, МГМ, ҰҒА, ММ, Еңбекмині, ӨДМ, ККМ, ҚОСРМ, ТЖМ

Келісімдер мен меморандумдар жасау. Жоғарғы оқу орны студенттерінің жетекші отандық және шетел өнеркәсіп кәсіпорындары (Қазақстан аумағындағы) базасында практика өтуіне жәрдемдесу.

4.Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі кадрларды даярлаумен айналысатын жоғарғы оқу орындарының санынан заманауи зертханалармен жабдықталған жоғары оқу орындарының үлесі.

ДСМ, АШМ, МГМ, ҰҒА, ММ, ККМ, ӨДМ

ЖОО мен жұмыс берушілер арасында келісімшарт құру арқылы индустриалды-инновациялық даму шеңберіндегі кадрларды дайындаумен айналысатын жоғарғы оқу орындарының заманауи зертханалармен жабдықталуына жәрдемдесу.

5. Біліктілікті арттырудан, қайта дайындаудан өткен, мемлекет ішінде машықтанған профессорлық-оқытушылық құрамының үлесі жыл сайынғы жалпы ПОҚ санын құрайды.

Орталық мемлекеттік органдар

Жоғары оқу орнының ПОҚ-ның жетекші отандық және шетел компаниялар мен өнеркәсіп кәсіродындары (Қазақстан аумағындағы) базасында біліктілікті арттыру туралы БҒМ мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы салааралық келісімдер жасау.

6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен азаматтық ЖОО-ның қызметін қаржыландыру үлесі (2020 ж. - 50 %).

Орталық мемлекеттік органдар

ЖОО мен жұмыс берушілер арасында келісімдер жасау арқылы азаматтық ЖОО білім беру қызметін қаржыландыруға жәрдемдесу.

7. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік есебінен ғылым және инновация қызметін қаржыландыру үлесі (2020 ж. - 50 %).

Орталық мемлекеттік органдар

ЖОО мен жұмыс берушілер арасында келісімдер жасау арқылы азаматтық ЖОО ғылым және инновация қызметін қаржыландыруға жәрдемдесу.

1.4.2-міндет. Жоғары білімнің еуропалық аймағына интеграциялануды қамтамасыз ету

1. Жоғарғы білім берумен қамту

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар.

Жоғарғы мектеп, мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі, бейінді мектеп нәтижелерінің үгіт-насихаты.

2. Жұмыс берушілермен біріккен, алғашқы реттен біліктілікті бағалаудан өткен ЖОО түлектерінің жалпы қатысушылар санынан үлесі. (2020 жылға қарай - 80 %)

Салалық мемлекеттік органдар, Жұмыс берушілер қауымдастығы

Біліктілікті тәуелсіз бағалауға қатысу. Біліктілікті тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша талдау жүргізу.

3. Әлемнің үздік университеттерінің рейтингісіндегі Қазақстан ЖОО саны

Орталық және жергілікті мемелекеттк органдар

Рейтингтерге ену үшін республиканың жетекші ЖОО материалдық, қаржылық, кадрлық, оқу-әдістемелік, ақпараттық ресурстарын жұмылдыру мен білім беру сапасын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

4. Күндізгі оқу нысанындағы студенттердің жалпы контингентінен азаматтық ЖОО-дағы шетел студенттерінің үлесі.

СІМ

Қазақстандық білім беру имиджін арттыру мақсатымен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқындату.

1.4.3-міндет. Білімнің, ғылым мен өндірістің интеграциялануын қамтамасыз ету. Жоғары білім беру жүйесі барлық деңгейлерде транспарентті, басқару мен қаржыландырудың қазіргі заманауи тетіктері енгізілген

1. Жалпы техникалық ЖОО санынан инновациялық құрылым, ғылыми зертханалар, технопарктер мен орталықтар құрған ЖОО-лар үлесі, %

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Техникалық ЖОО-да инновациялық құрылымдар, ғылыми зертханалар, технопарктер мен орталықтар құруға жұмыс берушілердің жәрдемдесуі.

2. Ғылыми және жобалық-құрастырушылық ұйымдар - құрылымдық бөлімшелерін құрған ЖОО-ның олардың жалпы санынан үлесі, %

Орталық және жергілікті атқарушы органдар

ЖОО ғылыми және жобалық-құрастырушылық ұйымдар-құрылымдық бөлімшелерін құруғат жұмыс берушілерді шақыруға жәрдемдесу.

3. Іргелі қолданбалы бағдарламаларды орындауға қатысатын ПОҚ-тың оның жалпы санынан үлесі.

ДСМ, АШМ, МГМ, ИЖТМ, ККМ, ММ, ӨДМ, ККМ, ҰҒА, ҚОСРМ, ТЖМ

Зерттеу жүргізу орталығымен, қажетті ақпаратмен және т.б. қамтамасыз ету арғылы іргелі қолданбалы зерттеулерді жүргізуге ПОҚ-тың жәрдемдесуі.

4. Соңғы 5 жылда ғылыми импакт-факторы бар журналдарда жарияланымдары бар ЖОО ПОҚ және ғылыми жұмыскерлердің үлесі.

ДСМ, АШМ, МГМ, ИЖТМ, ККМ, ММ, ӨДМ, ККМ, ҰҒА, ҚОСРМ, ТЖМ,

ЖОО ПОҚ жоғары импакт-факторы бар халықаралық басылымдарда ғылыми мақалалардың жариялануына жәрдемдесуі. ПОҚ және ғылыми қызметкерлерге патенттерді, патенталды, авторлық өнертабыстарды беруге, ғылыми әзірлемелерге зияткерлік меншік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізуге көмек көрсету.

5. Жоғары оқу орындарын қаржыландырудың жалпы көлемінен қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауға қатысатын жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер нәтижелерін іске асырудан түскен табыстар үлесі

ЭБЖМ, ИЖТМ, ДСМ, АШМ, МГМ, ККМ, ММ, ӨДМ, ҰҒА, ҚОСРМ, ТЖМ

Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал ету

6. Отандық ғылыми зерттеулердің нәтижесін енгізу негізінде ғылым мен білімді біріктіру арқылы Жоғары оқу орындарының жалпы санынан өндіріске өздерінің инновациялық зерттеулер нәтижелерін енгізген жоғары оқу орындарының үлесі (2020 ж. - 13 %)

ИЖТМ, ДСМ, АШМ, МГМ, ММ, ЭБЖМ, ӨДМ, ККМ, ҚОСРМ

Отандық ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал ету.

7. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған ғылыми ұйымдардың үлесі

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

Оқу-ғылыми базаларын жаңартуға жұмыс берушілерді тарту.

8. Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізген және қоғамдық бақылау жүйісімен қамтылған азаматтық жоғары оқу орындарының үлесі

Орталық мемлекеттік органдар

Жұмыс берушілерді жоғары оқу орындарын қоғамдық бақылау жүйесіне қатысуға тартуға ықпал ету.

2-стратегиялық бағыт. Экономиканы жедел әртараптандыруды ғылыми қамтамасыз ету

2.1-мақсат. Ғылымның дамуы

2.1.1-міндет. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын қызметкерлердің жалпы саны

1. 45 жасқа дейінгі ғылыми зерттеулер және әзірлемелерді орындайтын зерттеуші мамандардың үлесі

СА, Еңбекмині

Талдау жүргізу, сонымен қатар ақпарат алуға жәрдемдесу.

2. ҒЗТКЖ саласы қызметкерлерінің адам басына шаққандағы үлесі, 1000 адамға

СА

Талдау жүргізу, сонымен қатар ақпарат алуға жәрдемдесу.

2.1.2-міндет. Ғылымда МЖӘ-нің дамуы (жекеменшік сектормен ғылымды бірге қаржыландыру)

Қорғауға алынған жаңа өнімдердің құжаттарының саны:

- Ұлттық;

- шетелдік.

ӘМ

Ақпарат алуда жәрдемдесу

Патенттердің берілуі

2.1.3-міндет. Ғылыми инфрақұрылымның дамуы

1. Негізгі құралдардың жылдық орташа құны

СА, ҚМ

Ақпарат алуда жәрдемдесу

2.1.4-міндет. Ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру

1. Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми көрмелерге қатысуы.

СІМ, ИЖТМ, АШМ, МГМ, ҰҒА, Еңбекмині, ЭБЖМ, ККМ, ҚОСРМ, ТЖМ

Ақпарат алуға жәрдемдесу (талдау жүргізу, сонымен қатар, ғалымдар, ғылыми қызметкерлер мен мамандардың алмасуын қамтитын біріккен ғылыми-зерттеу және техникалық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу).

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуы.

3-стратегиялық бағыт. Балалар мен жастардың дамуы үшін жағдайлар жасау, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту

3.1-мақсат. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

3.1.1-міндет. Әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы және алдын алу

Отбасыларға асырап алуға, қорғаншылыққа және патронатқа берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерінің саны

(жыл сайын)

ДСМ, Еңбекмині, ККМ, жергілікті атқарушы органдар

Бұқаралық ақпарат құралдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастырудың нысандарын насихаттау. Интернаттық мекемелер жанынан отбасыларды қолдау қызметін және асыраушы ата-аналар мектебін құру

Жергілікті атқарушы органдар

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз бетінше өмір сүруге одан әрі оңтайлы бейімдеу мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету

3.2-мақсат. Өзін патриот санайтын жастардың үлесін арттыру

3.2.1-міндет. Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және патриоттық тәрбие беру

3.2.2-міндет. Жастарды патриоттық тәрбиелеу

1. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қатысатын республикалық жастар ұйымдарының үлесі

ММ, жергілікті атқарушы органдар

ҮЕҰ арасында мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік маңызы жобаларды іске асыру бойынша конкурстар өткізу.

 

 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет