Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2012 2014 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы



Дата23.02.2016
өлшемі227.11 Kb.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2012 2014 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1347 Қаулысы



      Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi жұмысты қамтамасыз ету және үйлестiру мақсатында, сондай-ақ «Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң адам саудасына қарсы күрестегi ынтымақтастығының 2011 – 2013 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Мемлекет басшылары кеңесiнiң 2010 жылғы 10 желтоқсандағы шешiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2012 – 2014 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi – Жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi бiр ай мерзiмде Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2012 – 2014 жылдарға арналған өңiрлiк жоспарларды әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық атқарушы және мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) Жоспардың iске асырылуын қамтамасыз етсiн;
      2) жыл сайын, 20 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне Жоспарда көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат берсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi жыл сайын, 10 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 1347 қаулысымен 
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Адам саудасына байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөнiндегi 2012 – 2014 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары

Р/с №

Iс -шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Орындалу мерзiмi

Болжанатын шығындар (мың теңге)

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1.

Адам саудасымен күрес жөнiндегi, оның iшiнде еңбек және коммерциялық сексуалдық пайдалануға сұранысты төмендету мақсатында қабылданып жатқан шараларды ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету жөнiндегi шетел мемлекеттерiнiң iс-тәжiрибесi туралы ақпарат беру

Әдiлетминiне ақпарат

СIМ

2012 жылғы 4-тоқсан

Талап етiлмейдi

-

2.

Адам саудасы жөнiндегi қылмыстар үшiн қылмыстық қудалауды және жазалауды жетiлдiру жөнiндегi заңнамалық өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы



IIМ (жинақтау), Еңбекминi,БП (келiсiм бойынша), ЖС (келiсiм бойынша), ДСМ, БҒМ

2012 жылғы 4-тоқсан

Талап етiлмейдi

-

3.

Адамды саудаға салу құрбанының арнайы әлеуметтiк қызметтерге қол жетiмдiлiгiн талқылау бойынша депутаттарды, жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiн, ҮЕҰ және көшi-қон жөнiндегi Халықаралық ұйымдарды тартып, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткiзу

Семинарлар, дөңгелек үстелдер

Әдiлетминi, Еңбекминi, IIМ, СIМ, АҚҰО (келiсiм бойынша), БҒМ, МАМ, ДСМ, Қаржыминi, ҰҚК (келiсiм бойынша), БП (келiсiм жөнiндегi)

2012 – 2013 жылдар 4-тоқсан




ХҚКҰ қаражаты

4.

Адам саудасына қарсы iс-қимыл жағдайлары мен тәжiрибе мониторингi және кешендi ғылыми зерттеулер өткiзу, өткiзiлген жұмыстардың нәтижелерi жөнiндегi талдамаларды қоса алғанда, Б. Бейсенов атындағы Қарағанды IIМ академиясының және БП жанындағы С. Есқараев атындағы Прокуратура органдарының кадрлар бiлiктiлiгiн арттыру институтының негiзiнде осы қызметтi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар және оның нәтижесi бойынша конференция өткiзу

Конференция

IIМ, БП (келiсiм бойынша)

2012 – 2013 жылдар

БҰҰ-ның Есiрткi және қылмыс жөнiндегi басқармасымен ұсынылған «Адам саудасының құрбандарын және заңсыз түрде әкелiнген мигранттарды, әсiресе әйелдер мен балаларды қорғауға, сонымен қатар оларға үкiметтiк емес, коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтық қоғамдастықпен ынтымақтаса жәрдем көрсетуге қажеттi Орталық Азия республикаларының әлеуетiн нығайту» ХАСХ44 жобасының қаражаты есебiнен

-

5

Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясының Сот төрелiгi институтының негiзiнде адам саудасына байланысты қылмыстар жөнiндегi қылмыстық iстердi сот талқылауы және адам саудасы құрбандарын бiрдейлендiру әдiстемесiне тұрақты және жүйелi оқытуды енгiзу және қашықтықтан оқыту түрiнде судьялардың бiлiктiлiгiн арттыру

Оқытатын семинарлар, курстар тренингтер

МҚА (келiсiм бойынша), ЖС (келiсiм бойынша)

2012 – 2013 жылдар

«Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру» 004 бағдарламасы жөнiндегi көзделген қаражат шеңберiнде (МҚА)

РБ

6.

Үй қызметшiлерi нарығын реттеу тетiгiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының үй қызметшiлерi туралы № 189 ХЕҰ-ның конвенциясына қосылуы

ВАК-қа ұсыныстар

Еңбекминi (жинақтау), БП (келiсiм бойынша)

2013 жылғы 1-тоқсан

Талап етiлмейдi

-

7.

Қатыгездiктен зардап шеккен адамдар ретiнде адам саудасы жәбiрленушiлерiне мемлекеттiк әлеуметтiк қызмет көрсету жөнiндегi заңнамалық өзгерiстердi енгiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi жөнiндегi ВАК-қа ұсыныстар

Еңбекминi (жинақтау) IIМ, Әдiлетминi, БП (келiсiм жөнiндегi), ЖС (келiсiм бойынша), ДСМ, БҒМ

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етiлмейдi

-

8.

Адам саудасына қарсы iс-қимыл жасау саласында ақпарат алмасу тетiгiн жасау туралы мәселенi қарау

ТМД Атқарушы комитетiне ақпарат

IIМ (жинақтау), БП (келiсiм бойынша)

2013 жылғы ақпан

Талап етiлмейдi

-

9.

Мемлекеттiк шекараны кесiп өту кезiнде пайдаланылатын құжаттарды қорғаудың биометриялық және өзге де қазiргi заманғы технологияларын енгiзу туралы мәселенi пысықтау

ВАК-қа ақпарат

IIМ (жинақтау), ҰҚК (келiсiм бойынша), мүдделi мемлекеттiк органдар

2013 жылғы ақпан

Талап етiлмейдi

-

10.

Адам саудасы жөнiндегi қылмыстардан зардап шеккендерге (жәбiрленушiлерге) келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi, сондай-ақ адам сатушылардың қылмыстық iзге түсуiне қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау шараларын қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

БП (келiсiм бойынша), ЖС (келiсiм бойынша), IIМ, Қаржыминi

2013-жылғы2-тоқсан

Талап етiлмейдi

-

11.

Бас Прокурордың адам саудасы туралы iстер жөнiндегi құқық қолдану практикасының барынша күрделi және даулы мәселелерi жөнiндегi түсiнiк беру және түсiндiру туралы Жоғарғы Сотқа қарарын әзiрлеудiң орындылығы туралы ұсыныстар енгiзу

ВАК хаттамасы

БП (келiсiм бойынша)

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етiлмейдi

-

12.

ВАК-тың жанынан депутаттарды, мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiн, ҮЕҰ-ны, Көшi-қон жөнiндегi халықаралық ұйымды тарта отырып, адам саудасынан жәбiрленушiлердi қоса алғанда, қатыгездiктен зардап шеккен адамдарға мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар беру үшiн жұмыс тобын құру

ВАК хаттамасы

Әдiлетминi (жинақтау), Еңбекминi, IIМ, БҒМ, ДСМ, БП (келiсiм бойынша)

2013 жылғы 1-жарты-жылдық




ХҚКҰ қаражаты

13.

Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн әкетуге байланысты ұйымдардың қызметiне көшi-қон бақылауын күшейту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар

IIМ (жинақтау), БП (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етiлмейдi

-

14.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының Еңбекшi мигранттар туралы № 97 конвенцияға қосылуы туралы ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасы-ның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссияның хаттамасы

Еңбекминi (жинақтау), Әдiлетминi, БП (келiсiм бойынша), СIМ

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етiлмейдi

-

15.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының Көшi-қон саласындағы терiс пайдаланулар туралы және жұмысшы мигранттармен қарым-қатынаста мүмкiндiктердiң теңдiгiн қамтамасыз ету туралы № 143 конвенцияға қосылуы туралы ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссияның хаттамасы

IIМ (жинақтау), Әдiлетминi, БП (келiсiм бойынша), СIМ

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етiлмейдi

-

16.

Прокуратура органдарында адам саудасына қарсы iс-қимыл жасау мәселелерiмен тұрақты негiзде айналысатын қызметкерлердi штат саны шеңберiнде анықтау жөнiндегi шаралар әзiрлеу және қабылдау

Бұйрықтар

БП (келiсiм бойынша)

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етiлмейдi

-

17.

Қылмыстық қудалау барысында сенiмдi дәлелдеме базасын құру мақсатында адам сатушылардың қылмыстық әрекеттерiн тiркеудiң техникалық құралдарын және жедел iздестiру әдiстерiн басымдықпен пайдалану жөнiндегi шаралар әзiрлеу және қабылдау

ВАК-қа ақпарат

IIМ, БП (келiсiм бойынша)

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етiлмейдi

-

18.

Еңбектi пайдалану жағдайларының алдын алу саласында еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық инспекторлардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу және ВАК-қа енгiзу

ВАК хаттамасы

Еңбекминi

2013 жылғы 1-жарты-жылдық

Талап етiлмейдi

-

19.

Адам саудасына байланысты қылмыстардан алынатын қылмыстық пайданы ашу, бақылау жасау, алу және тәркiлеу жөнiндегi iс-шаралардың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу

Бағалау жүргiзу туралы есеп

БП (келiсiм бойынша), IIМ, Қаржыминi

2013 жылғы желтоқсан

Талап етiлмейдi

-

20.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу мәселелерi жөнiндегi комиссияның қарауына Қазақстан Республикасының:
2005 жылғы 16 мамырдағы Адам саудасына қарсы iс-қимыл жасау туралы Еуропа Кеңесiнiң конвенциясына;
2007 жылғы 12 шiлдедегi Балаларды сексуалдық пайдаланудан және сексуалдық сипаттағы қол сұғушылықтан қорғау туралы Еуропа Кеңесiнiң конвенциясына қосылуы туралы ұсыныстар енгiзу

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелерi жөнiндегi комиссияның хаттамасы

IIМ (жинақтау), Әдiлетминi, БП (келiсiм бойынша), СIМ

2013 жылғы iшiнде

Талап етiлмейдi

-

21.

Адам саудасына байланысты қылмыстар жөнiндегi қылмыстық iстер жөнiндегi қадағалау және сотта мемлекеттiк айыптауды қолдауды жүзеге асыру және адам саудасы құрбандарын бiрдейлендiру әдiстемесiне тұрақты және жүйелi оқытуды енгiзу арқылы прокуратура органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру (халықаралық сарапшыларды және ҮЕҰ сарапшыларын тарта отырып)

Оқыту курстары, семинарлар, тренингтер

БП (келiсiм бойынша)

Жыл сайын

«Қазақстан Республикасында заңдар мен заңға тәуелдi актiлердi дәлме-дәл және бiрыңғай қолданудың жоғары қадағалауын жүзеге асыру» 001 бағдарлама жөнiндегi (БП) 2012 жылы – 960,0 мың теңге; 2013 жылы – 960,0 мың теңге; 2014 жылы – 960,0 мың теңге.

РБ

22.

Адам саудасы құрбандары әкетiлген, әкелiнген және транзиттелген елдермен қылмыстық iстер және адамдарды беру жөнiндегi құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу

Халықаралық шарттар

БП (келiсiм бойынша) (жинақтау), СIМ

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

23.

Адам саудасы құрбандары әкетiлген, әкелiнген және транзиттелген елдермен адам саудасына байланысты қылмыстарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және тергеу жөнiндегi өзара iс-қимылды қоса алғанда, реадмиссия туралы, еңбек көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi, соның iшiнде заңсыз еңбек көшi-қонының жолын кесу және адам саудасы жөнiндегi қылмыстардың алдын алу мақсаттарында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу

Халықаралық шарттар

IIМ (жинақтау), СIМ

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

24.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде адам саудасы және адам құқықтары мен бостандықтарына қарсы басқа қылмыстардың құрбандарын оңалту үшiн ҮЕҰ тарта отырып дағдарыс орталықтарын құру және қызмет етуiн қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау

Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы дағдарыс орталықтарының қызметтерi

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

Жыл сайын

2012 – 2014 жылдарға жергiлiктi бюджеттерде көзделген қаражат шеңберiнде

ЖБ

25.

Шетелде қалған адам саудасы құрбандарына уақтылы және тиiстi көмек көрсету, олардың қауiпсiздiгiн, құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi дипломатиялық өкiлдiктердiң жұмысын жандандыру

Әдiлетминiне ақпарат

СIМ

Жыл сайын

«Шетелде Қазақстан Республикасы мүддесiн бiлдiру» 010 бағдарламасымен көзделген қаражат шеңберiнде

РБ

26.

Адам саудасымен күрес жөнiндегi арнайы операциялар шеңберiнде келiсiлген iс-жүргiзу шаралары, сондай-ақ Адам саудасы саласында қылмыстарды ашумен және тергеумен байланысты ТМД басқа қатысушы-мемлекетерiмен ақпарат алмасуды тұрақты негiзде қабылдау

ВАК-қа ақпарат

IIМ (жинақтау), БП (келiсiм бойынша)

Жыл сайын

Талап етiлмейдi




27.

Адам саудасы құрбандарының өтiнiштерiн қараудың уақытылығы мен заңдылығына, сондай-ақ оларды шыққан мемлекетiне ерiктi және қауiпсiз түрде жiберу рәсiмiн орындаудың негiздемесi мен тәртiбiне не мұндай адамдардың болатын жерi, мерзiмдерi және жағдайлары туралы мәселенiң өзгедей заңды шешiмiнiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру

Тексеру туралы есептер

БП (келiсiм бойынша), IIМ, СIМ

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

28.

Құзыреттi органдардың адам саудасына қарсы iс-қимылға жәрдем көрсететiн халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастығының тетiгiн жетiлдiру

ВАК-қа ақпарат

IIМ, БП (келiсiм бойынша) және мүдделi мемлекеттiк органдар

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

29.

Адам саудасымен күрес жүргiзу саласындағы заңнаманы жетiлдiру және қабылданатын шараларды, оның iшiнде еңбек және коммерциялық тұрғыдағы сексуалдық пайдаланушылыққа деген сұранысты азайту мақсатында ақпараттық насихаттауды қамтамасыз ету

Ақпараттық насихат материалдары

БП (келiсiм бойынша), IIМ, БҒМ, МАМ, Астана  және Алматы қалаларының әкiмдiгi

Жыл сайын

Мынадай бюджеттiк бағдарламаларда көзделген қаражаттың шегiнде:
001 «Қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекекттiк саясатты iске асыруды айқындау мен ұйымдастыру жөнiнде қызмет көрсетулер» (IIМ)
001 «Қазақстан Республикасында заңдар мен заңға тәуелдi актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру» (БП) 021 «Мемлекеттiк ақпараттық саясат жүргiзу» (МАМ)
2012 – 2014 жылдарға арналған бюджеттiк бағдарламаларда көзделген қаражат шегiнде

РБ
ЖБ

30.

Заңсыз еңбек көшi-қонын және балалар еңбегiн пайдаланушылықты болдырмау мақсатында мақта және темекi жинаумен, қабылдаумен және оларды қайта өңдеумен айналысатын заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң қызметiне бiрлескен тексеру жүргiзу

Тексеру материалдары

IIМ, Еңбекминi, БП (келiсiм бойынша)

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

31.

Көшi-қон үдерiсiне және iшкi iстер органдарының заңсыз еңбек көшi-қонын және адам саудасын болдырмау жөнiнде қабылдаған шараларына талдау жүргiзу

ВАК-қа ақпарат

IIМ

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

32.

Қылмыстық-құқықтық мәлiметтерiнiң статистикасын есепке ала отырып (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 113, 125, 128, 133, 270, 271-баптары) адам саудасына байланысты қылмыстар жөнiндегi қылмыстық iстердi анықтау, тергеу және сотта қарауды талдау нәтижелерi жөнiндегi қорытынды дайындау

Шолу

БП (келiсiм бойынша)

Жыл сайын

Талап етiлмейдi




33.

ТМД органдары жұмысы шеңберiнде:
адам саудасына қарсы iс-қимыл жасауға бағытталған әлеуметтiк, ақпараттық, бiлiм және лицензиялық саясатты құрудың және iске асырудың жалпы қағидаттарын ескере отырып, адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу ескерту тұжырымдамасын;
адам саудасына қарсы тұру саласында модельдiк заңнамаға түсiндiрме әзiрлеуге қатысу

ТМД органдарыныңжұмысына қатысу

БП (келiсiм бойынша), IIМ, СIМ

Жыл сайын

«Шетелдiк iс сапарлар» 005 бағдарламасымен көзделген қаражат шеңберiнде (СIМ)

РБ

34.

Адам саудасымен күресте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң 2011 – 2013 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру, сондай-ақ адам саудасы, заңсыз көшi-қонның алдын алу жөнiндегi қылмыстық iстердi тиiмдi ашу, тергеудi қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдары мен соттар шешетiн мәселелер туралы ТМД Атқарушы комитетi үшiн ақпарат дайындау

ТМД Атқарушы комитетiне ақпарат

БП (келiсiм бойынша), IIМ, Әдiлетминi, ЖС (келiсiм бойынша), СIМ және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдар

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

35.

Мақта және темекi жинау кезеңiнде балалардың орта бiлiм беру мектептерiнде болуын зерттеу

Мектептердi тексеру хаттамасы

БҒМ

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

36.

Осындай қызметтерге сұраныс тудыратын Адам саудасына байланысты тауарлар мен қызметтерден тұратын БАҚ және телекоммуникациялық желiлерде жарнамалық материалдардың мониторингiн жүзеге асыру

Жарнамалау матариалдары мониторингiнiң нәтижелерi

МАМ, IIМ

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

37.

Бiрiншi кезекте, адам саудасына қарсы күрес жөнiндегi келiсiлген iс жүргiзу iс-қимылдарын, профилактикалық, жедел-iздестiру iс-шараларын және арнайы операцияларды жүргiзу:
жалған құжаттар жасау және өткiзу жөнiндегi қызметтi анықтау және жолын кесу;
Интернет желiсiндегi порнографиялық сипаттағы сайттарды анықтау жөнiндегi;
сот шешiмi жөнiндегi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнiң талаптарына қайшы келетiн ақпарат таратуды (порнографиялық сипаттағы) тоқтата тұру не тоқтату;
адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу және тексеру жөнiндегi;
балаларды шетел азаматтарына асырап алуға беру жөнiндегi заңсыз iс-қимылдардың жолын кесу жөнiндегi;
жеңгетайлықтың және жезөкшелiктiң, оның iшiнде кәмелетке толмаған адамдардың арасындағы алдын алу және жолын кесу жөнiндегi

ВАК-қа ақпарат

IIМ, БП (келiсiм бойынша) МАМ, IIМ, БП (келiсiм бойынша) ККМ IIМ, БП (келiсiм бойынша) БҒМ, БП (келiсiм бойынша) IIМ

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

38.

Адам саудасы құрбандарының мәжбүрлi еңбегiн пайдалануға негiзделген жасырын экономикалық қызметтi жою, сондай-ақ адамдарды сексуалдық немесе қара жұмысқа пайдалануға байланысты тауарлар мен қызмет көрсетулерге ықпал ететiн мән-жайларды жою жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру

ВАК-қа ақпарат

IIМ (жинақтау), БП (келiсiм бойынша), ЭСЖКА (келiсiм бойынша)

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

39.

Мыналармен:
халықаралық неке делдалдық қызметiмен, сән бизнесiмен, азаматтарды шетелде жұмысқа орналастырумен, демалыс және туризмдi ұйымдастырумен;
кәмелетке толмағандардың оқуын, сауығуын және жұмысқа орналасуын, балаларды халықаралық асырап алуды, сондай-ақ жастардың шетелге спорттық және мәдени-бұқаралық iс-шараларға қатысуы үшiн баруын ұйымдастырумен айналысатын құрылымдардың кәсiпкерлiк қызметiн прокурорлық қадағалауды жандандыру

Прокурорлық ден қою актiлерi

БП (келiсiм бойынша)

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

40.

Оларды сексуалдық, қара жұмыстың әлеуеттi құрбандарына айналдыру немесе қылмыстық пайдалану мүмкiндiгiн болдырмау мақсатында қиын өмiрлiк жағдайға тап болған балаларға уақтылы әлеуметтiк көмек көрсетуге бағытталған профилактикалық iс-шараларды қабылдау

Профилактикалық iс-шаралар

БҒМ, Еңбекминi, IIМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi

Жыл сайын

Талап етiлмейдi

-

Ескертпе аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖС            – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты


БП            – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
МҚА           – Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi
                агенттiгi
ЭСЖКА         – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және
                сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi
МАМ           – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                министрлiгi
IIМ           – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
СIМ           – Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Еңбекминi     – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк
                қамтамасыз ету министрлiгi
Әдiлетминi    – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Қаржыминi     – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
БҒМ           – Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
ДСМ           – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
ККМ           – Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация
                министрлiгi
ҮЕҰ           – үкiметтiк емес ұйымдар
РБ            – республикалық бюджет
ЖБ            – жергiлiктi бюджет
ВАК           – Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Адамдарды
                заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес
                мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
ХҚКҰ          – Халықаралық көшi-қон ұйымы
ХЕҰ           – Халықаралық еңбек ұйымы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет