Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi» 2004 жылғы 24 қарашадағы №1232 және «Почта байланысы



Дата23.02.2016
өлшемі38.76 Kb.
#6861
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң мәселелерi» 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 және «Почта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Почта жөнелтімдеріне почта мөртабанын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулылырына толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына салыстыру кестесі






НҚА құрылымдық бөлімі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Ескерту

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен бекітілген Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережесі

1.

16 -тармақтың

99-1) тармақшасы



жоқ

«99-1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, оларға қатысты міндеттемелерді орындау және пошта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін тағайындалған операторды белгілейді;»


Дүниежүзілік пошталық конвенцияның 2-баптың 1-тармағына сәйкес мүше елдер өз аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, оларға қатысты міндеттемелерді орындау және пошта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін ресми тағайындалған оператордың немесе операторлардың атауын және мекенжайын ДПО Халықаралық бюросына хабарлауы тиіс.

Есептей отырып, ҚР Үкіметінің 24.11.2004 ж. №1232 қаулысына сәйкес ҚР Көлік және коммуникация министрлігі байланыс салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, осыған байланысты Дүниежүзілік пошталық конвенцияның 2 бабына сәйкес ДПО ХБ хабарландыру үшін және тағайындалған операторды белгілеу үшін құзыр уәкiлдiк етедi.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 72 қаулысымен бекітілген

Пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары


2.

3 тармақтың

17-1) тармақшасы



жоқ

17-1) тағайындалған оператор - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, оларға қатысты міндеттемелерді орындау және пошта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органмен ресми тағайындалған пошта операторы»;

ҚР 2011 жылғы 24 наурыздағы № 419-IV Заңымен ратификацияланған Дүниежүзілік пошта одағының Жарғысына Сегізінші қосымша хаттаманың 1 бабына сәйкес тағайындалған оператордың анықтамасы берілді.

3.

«Пошта қызметтерін көрсетуге байланысты өзге ережелер» деген 14-бөлімі «Тағайындалған оператор» деген кіші бөлімінің 164-1, 164-2, 164-3 деген тармақтары

жоқ

Тағайындалған оператор

164-1. Тағайындалған оператор төмендегілерді:

1) барлық пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық елді мекендерде сапалы қызметтерді тұрақты негізде көрсетуді;

2) жазбаша хат-хабарлар жөнелтімдерін қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;

3) салмағы 20 келіге дейінгі пошта сәлемдемелерін қабылдауды, өңдеуді, тасымалдауды және жеткізуді;

4) халықаралық коммерциялық хат-хабарлар жөнелтімдерін жауабымен қайтаруды;

5) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Дүниежүзілік пошта одағының басқа мүше елдерінің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтімдерінің транзитін қамтамасыз етуге міндетті.

164-2. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта байланысының басқа да қосымша қызметтерін жүзеге асыруға құқылы.

164-3. Тағайындалған оператор осы бөлімнің 164-1 тармағында көрсетілген шараларды және Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын міндеттемелерді орындамаған жағдайда уәкілетті орган пошта операторынан тағайындалған оператор мәртебесін алып қояды.


Дүниежүзілік пошталық конвенцияның 2-баптың 1-тармағына сәйкес мүше елдер өз аумағында Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын, оларға қатысты міндеттемелерді орындау және пошта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін ресми тағайындалған оператордың немесе операторлардың атауын және мекенжайын ДПО Халықаралық бюросына хабарлауы тиіс.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының тағайындалған операторын белгілеуі және анықтау тәртібі белгіленбеген.






Министр А. Жұмағалиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет