Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата15.06.2016
өлшемі312.22 Kb.
#136343


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы « » № қаулысына

Қосымша



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерін

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


1) «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 47, 639-құжат):

Аталған қағидасында бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

1) кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек, оқыту және жұмысқа орналасу мәселелері жөніндегі консультациялар, психологиялық бейімдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;

3-тармақтың 1), 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

1) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және Бағдарламада қатысу басымдығы белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;;

2) Бағдарлама Операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

10-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Бағдарлама шеңберінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа белсенді шаралары.»;

15-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұнда жазылсын:

Жұмыс беруші мәлімдеген кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуға жіберілетін Бағдарламаға қатысуға үміткерлер осы Қағиданың 31-тармағында көзделген тәртіппен бекітілген өңір аумағында, ал олар болмаса Қазақстан Республикасының аумағында кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесінен білім беру ұйымын жұмыс берушімен келісім бойынша өздері таңдайды.»;

22-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«22. Жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша жұмысты өздері не мемлекеттік сатып алу және/немесе мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеке жұмыспен қамту агенттіктерін, заңды тұлғаның кәсіптік оқытуды жүзеге асыруы және/немесе үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.»;

23-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші бөліктермен толықтырылсын:

«Жұмыс берушілер ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру үшін кәсіптік оқытуға жіберілетін қызметкерлердің санын, кәсіптердің (мамандардың) тізбесін және оқыту нысанын көрсете отырып, халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушінің құрылтай құжаттары қоса беріледі.

Ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламалары мен нысандарын, сондай-ақ оларды өткізу кестесін жұмыс берушілер мен халықты жұмыспен қамту орталықтары келіседі.

Қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру уақытында Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілген ішінара жұмыспен қамтылған қызметкерлерге қажетіне қарай әлеуметтік демалыс беріледі.»;

31-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«31. Барлық облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы өңірлік комиссиялар білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде осы Қағиданың 52, 53-тармақтарына сәйкес айқындалған мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде оқу құнын көрсете отырып, сол өңірдің аумағындағы және Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кәсіптік оқытуды жүзеге асыруға құқығы бар кәсіптік оқуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізбесін (бұдан әрі – тізбе) жыл сайын бекітеді.»;

39-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«39. Бағдарламаға қатысушы тұрақты жұмысқа орналасу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мерзімді әскери қызметіне шақырылу, қайтыс болу, толық көлемде игеруге мүмкіндік бермейтін жүкті болу, босану, бала күтімі бойынша демалыс, тұрғылықты жерін ауыстыру, аурулар салдарынан сабақтарды босату себебі бойынша, сондай-ақ жиырма тоғыз жасқа толмаған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар қатарындағы Бағдарламаға қатысушылар кез келген себептер бойынша кәсіптік оқуын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Бағдарламаға қатысушымен жасалған әлеуметтік келісімшарт көрсетілген білім беру қызметтері көлемінің құнын, сондай-ақ оқуға төленген материалдық көмек пен стипендия сомасын бюджетке қайтару бойынша талап қойылмай бұзылады.»;

40-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«40. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіптік оқу құнын өңірлік комиссиямен келісім бойынша білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар оқу жоспарлары мен бағдарламаларының талаптарына сәйкес мамандық пен біліктілік деңгейіне қарай білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын белгілейді.»;

44-тармақ мынадай мазмұнда сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші толықтырылсын:

«Әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына қатысуға үміткерлер жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

Өтініш беру кезінде мынадай құжаттар ұсынылады және қоса беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) білімі туралы құжаттың (диплом, аттестат, куәлік), сондай-ақ бар болса, оқудан өткенін растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

3) еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (әлеуметтік жұмыс орындарына үміткерлер үшін) көшірмесі;

48-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғаларадың еңбек ақысын қоса қаржыландыруға жол беріледі.»;

50-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«Мемлекеттік қолдау шараларын қаржыландыру Бағдарлама операторы арқылы жүзеге асырылады»;

52-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«52. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Бағдарлама Операторына оқытатын ұйымды (оқытатын ұйым, оқу орталықтары және т.б.), мамандықтар түрлері мен оқу орындары, оқыту құны мен мерзімдері бойынша оқытылатын контингентті көрсете отырып, бюджеттік өтінім жібереді.»;

53-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

«53. Қаржылық тәртіпті және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін:

2) Бағдарлама Операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқыту және әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жеке тұлғалардың жалақысын субсидиялау және жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын төлеу бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.

54, 57, 58-тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:

«54. Білім беру саласындағы уәкілетті орган, Бағдарлама Операторы бюджет заңнамасына сәйкес тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды жүргізеді.

57. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, білім беру саласындағы уәкілетті орган және Бағдарлама Операторы трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапты болады.

  58. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жылына екі рет Бағдарлама Операторына, білім беру саласындағы уәкілетті органға келісімдерде көзделген нысан бойынша есептер ұсынады.»;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 47, 639-құжат):

Аталған қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында:

«Жалпы бөлім» 1 бөлімінде:

2-тармақтың 2), 4) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

2) микрокредиттер мен миникредиттер беру (бұдан әрі - миникредиттер);

4) миникредиттер алған адамдарды қоспағанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу жолымен іске асырылады.;

3-тармақтың 3), 7), 8) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

3) Бағдарламаға қатысушылар - Қазақстан Республикасының жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ішіндегі азаматтары, сонымен қатар оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;

7) Бағдарлама Операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8) ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – ұлттық экономика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 бөлім «Микрокредиттер беру» мынадай мазмұнда жазылсын:

«Бағдарламаның екінші бағытына қатысу тәртібі»

4-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«4. Бағдарламаға қатысуға және мемлекеттік қолдау алуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға микрокредит және миникредит алудың ықтимал нұсқалары, материалдық көмек, сервистік қызмет ұсыну мен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы консультация беріледі.»

5-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«5. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер микрокредит алу үшін жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді»;

2-бөлім мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

5-1. Жұмыссыздар, табысы аз адамдар (еңбекке жарамды атаулы әлеуметтік көмекті және балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды алушылар) және өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халық қатарындағы миникредит алуға үміткерлер ауылдық (кент) округ әкімінің ұсынысы бойынша жергілікті қоғамдастықтың жиынында іріктеліп алынады.

Ауылдық (кент) округ әкімінің қолдаухатымен жергілікті қоғамдастықтың жиынында мақұлданған жергілікті тұрғындар қатарындағы үміткерлердің тізбесі халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынылады.

Миникредит алуға үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталықтарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:


  1. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмелері;

  2. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ісін ұйымдастыру бойынша бизнес-ұсыныс.

Миникредит жеке істі ұйымдастыруға беріледі.

Миникредит берудің басым бағыттары құс, ұсақ қара мал сатып алу, халық қолөнерін дамыту, өзін-өзі тез ақтайтын қызметтерді көрсету болып табылады.

7-тармақта:

атауы мынадай мазмұнда жазылсын:

«7. Микрокредиттер мен миникредиттер беру шарттары»;

1), 3) тармақшалар мынадай мазмұнда жазылсын:

«Миникредит қайтарымдылық негізінде қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым үшін кепіл берген кезде беріледі.

Кепілдікпен қамтамасыз етуге қойылатын талап қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымның ішкі саясатымен айқындалады;»;

3) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

«3) микрокредит және миникредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарыздарын өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлмейдi;»;

мынадай мазмұндағы 4-1), 5-1), 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) миникредит беру мерзiмi – үш жылдан аспайды;

5-1) миникредиттің ең жоғары сомасы – бес жүз мың теңгеден аспайды;

7) Соңғы қарыз алушыға, қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға миникредит бойынша негiзгi берешекті және миникредит беру мерзiмiнің ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімге сыйақы мөлшерлемесін өтеу бойынша жеңiлдiктi кезең беріледі.

8) Бұрын берілген микрокредиттер және миникредиттер есебінен соңғы қарыз алушы қайтарған қаражатты шоғырландыру кезінде осы Қағиданың шарттарына сәйкес қайтадан кредит беруді жүзеге асыруға жол беріледі.

38-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«38. Соңғы қарыз алушы үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын микрокредиттер бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Соңғы қарыз алушы үшін миникредиттер бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесін қаржы агенті мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым өңірлік комиссияның келісімі бойынша 5% мөлшерінде белгілейді.»;

2-бөлімдегі «Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, сондай-ақ кредиттік


серіктестіктер арқылы микрокредит алу шарттары» атауы мынадай мазмұнда жазылсын:

«Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе қаржы агенттігі


мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым, сондай-ақ кредиттік
серіктестіктер арқылы кредит қаражатын алу шарттары»

42-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын

«Жергілікті қоғамдастықтың жиынында мақұлданған үміткерлер қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым арқылы миникредит алуға ниет білдірген жағдайда, халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды:

1) Кәсіпкерлікті дамыту картасына (немесе өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына);

2) Тірек ауылдың мастер-жоспарына сәйкес қарайды және қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға жолдайды

Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде үміткерлерге миникредит беру мүмкіндігі туралы қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді.»;

48-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

48. Бағдарламаға қатысушы бұрын конкурстық негізде іріктелген микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға микрокредит алу үшін өтініммен жүгінеді.

Бағдарламаға қатысушы миникредит алу үшін қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымға өтініммен жүгінеді.

49, 53, 56, 57 тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:

«49. Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым бес жұмыс күні ішінде жобаға бағалау жүргізеді және Бағдарламаға қатысушыға микрокредит немесе миникредит беру мүмкіндігі туралы (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды және қорытындыны халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

53. Шарт жасау және микрокредитті немесе миникредитті бөлу не бөлуден бас тарту туралы ақпаратты микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.

56. Бағдарламаға қатысушы кредит алуға оң қорытынды алғаннан немесе кредиттік серіктестік арқылы микрокредит немесе миникредит алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйыммен бір жылға дейінгі мерзімге жобаны сүйемелдеу жөніндегі қосымша қызметтер (бухгалтерлік, маркетингтік, заң және басқа да қызмет түрлерін) ұсынуға шарт жасасуға құқылы.

57. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит немесе миникредит алған Бағдарламаға қатысушылар салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеуден өтуге тиіс.»;

84-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

«84. Қаржылық тәртiптi қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргiзуүшiн нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы:

1) Бағдарлама операторы мен облыс әкiмдерiнің арасында микрокредит беру, миникредит беру, кәсiпкерлiк негiздерiн оқыту және жобаларды бір жылға дейін сүйемелдеу бөлігінде;

2) ұлттық экономика жөнiндегi уәкiлеттi орган мен облыс әкiмдерiнің арасында Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалар бойынша инженерлiк-коммуникациялық жүйелерді тарту және қолданыстағыларына қосу мақсатында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым үшін, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықты сатып алу бөлігінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер жасалады.»;

85-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«85. Бағдарлама операторы мен ұлттық экономика жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджет заңнамасына сәйкес тиiстi республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша облыстық бюджеттерге нысаналы трансферттердi аударуды жүргiзедi.»;

86-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұнда жазылсын:

«86. Нысаналы трансферттер жергiлiктi атқарушы органдарға әрбір объектi бойынша бөлiнбей аударылады.

Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамытуға және/немесе салуға және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асыратын жобалар үшін жабдықтарды сатып алуға өтінімдерді алуына қарай iске асырылуына қаражат бөлiнген объектiлер бөлiнiсiндегi жиынтық ақпаратты ұлттық экономика мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.»;

89-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

89. Облыстардың әкiмдерi ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай:

1) Бағдарлама операторына – сервистік қызмет көрсетілген, микрокредит және миникредит алған, жеке iсiн ұйымдастырған немесе кеңейткен, кәсiпкерлiк негiздерiн оқудан өткен Бағдарламаға қатысушылар саны, соңғы қарыз алушылардың кредит қаражатын мақсатты пайдалануы туралы;

2) ұлттық экономика мәселелері жөнiндегiуәкiлеттi органға – салынған және реконструкцияланған және/немесе сатып алынған және инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған объектiлердің, сатып алынатын жабдықтардың, оның ішінде шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту үшін сатып алынатын жабдықтардың саны туралы есептердi ұсынады.

90-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«90. Қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары немесе кредиттік серіктестіктер берілген микрокредиттің немесе миникредиттің мақсатты пайдаланылуын және Бағдарламаға қатысушылардың шартқа сәйкес өздеріне алған міндеттемелерін орындауын сүйемелдеуді және бақылауды жүзеге асырады.

Бағдарламаға қатысушының қаражатты мақсатты пайдалануы туралы есебі жұмыспен қамту орталықтарына жіберіледі.

Микрокредит пен миникредит алған Бағдарламаға қатысушылар кредит беруші ұйымдарға оларға берілген микрокредиттің немесе миникредиттің мақсатты пайдаланылуы туралы растайтын құжаттарды ұсынады.

Халықты жұмыспен қамту орталықтары микрокредит пен миникредит алған Бағдарламаға қатысушылардың тізімдерін аудандардың (қалалардың) салық органдарына ұсынады.

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымы, кредиттік серіктестік не қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым Бағдарламаға қатысушыларға берілген микрокредитті қайтаруға мониторинг жүргізеді және есептерді, сондай-ақ микрокредитті уақытынан бұрын өтеген адамдардың тізімдерін Бағдарламаға қатысушыны жіберген жұмыспен қамту орталығына ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне қарай ұсынады.»;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 47, 639-құжат):

3-тармақтың 3), 4), 8) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

3) Бағдарламаға қатысушылар – жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және Бағдарламада қатысу басымдығы белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;

4) Бағдарлама Операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8) ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5,6,7

«5. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ оралмандардың көшуі:



1) бір ауданның ішінде;

2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);

3) бір облыстан басқа облысқа жүзеге асырылады

6. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың басқа облысқа көшуі республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоспағанда, уәкілетті органдар ұсынған жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде өңірлік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.

10-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«10. Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне көшуге берілетін субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін және қызметтік тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартын жасағаннан кейін не тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешкен жағдайда келген жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі негізінде беріледі.

Бағдарламаға қатысушының жаңа тұрғылықты жеріне келмеген отбасы мүшелеріне көшуге субсидия берілмейді.

Бағдарламаға қатысушыларға:

1) бір ауданның ішінде қоныс аударушыларға – отағасына он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің әрқайсысына бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) бір облыс шегінде бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) қоныс аударушыларға – отағасына жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің әрқайсысына он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бөлінеді;

3) бір облыстан басқа облысқа көшетін адамдарға – отағасына елу еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің әрқайсысына отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көшуге субсидия беріледі.»;

13-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«13. Халықты жұмыспен қамту орталығы көшуге берілетін субсидияны тағайындау туралы шешім шығарғаннан кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей көшуге субсидия беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға тиісті төлемдерді аударады.»;

35-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«35. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары елді мекендерді айқындау үшін критерийлерді ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

Әзірленген критерийлерге сәйкес облыстардың жергілікті атқарушы органдары ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орта және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.»;

36-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

«36. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің қажеттілігін ескере отырып:

5) басқа өңірлерде орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;»;

37-тармақ 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«37. Уәкілетті орган ұсынылған ақпараттың негізінде:

1-1) басқа өңірлерде орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекендеріне және экономикалық өсу орталықтарына көшуге қатыса алатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың санын;»;

38-тармақтың 1) тармақшасында:

бірінші бөілігі мынадай мазмұнда жазылсын:

«шығу және қабылдау орындарын айқындай отырып, облыстың (ауданның, қаланың), республиканың шегінде қоныс аударатын азаматтардың ықтимал санын келіседі және қоныс аударуды ұйымдастыру үшін ұсынымды уәкілетті органға және (немесе) халықты жұмыспен қамту орталықтарына жібереді;»;

екінші бөлігі алынып тасталсын:

40-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«40. Қоныс аударған Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамту жаңа тұрғылықты жеріне көшіп келгенге дейін және келгеннен кейін жұмыс берушілермен жасасқан ниет білдіру шарты негізінде қамтамасыз етіледі. Жұмысқа орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда Бағдарламаға қатысушыларды жұмыс берушілермен жасасқан ниет білдіру шарты негізінде кейіннен жұмысқа орналастыру арқылы келген жері бойынша оқыту мүмкіндігі ұсынылады.»;

44-тармақта:


  1. тармақшаның екінші бөлігі алынып тасталсын;

  2. тармақшаның үшінші, төртінші бөліктері мынадай мазмұнда жазылсын:

«басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не қосудан бас тарту туралы ұсынымдар әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган өңірлік комиссияның басқа облысқа көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу және қосудан бас тарту туралы ұсынымдарын үш жұмыс күні ішінде шыққан жерінің жұмыспен қамту орталықтарына жібереді.»;

46-тармақтың мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бекітілген тізбеге сәйкес басқа облыстарға көшетін үміткерлер үшін әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерде тұрақты тұру критерийлері қолданылмайды»;

48-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«48. Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік не аудандық/қалалық комиссияның ұсынымын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы.»;

63-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

1) Бағдарлама операторы мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында Бағдарламаға қатысушылардың көшу шығындарын өтеу бөлігінде;

2) ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасында қызметтік тұрғын үй салу және (немесе) сатып алу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және (немесе) сатып алу бөлігінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.

64-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«64. Бағдарлама операторы мен ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бюджет заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша нысаналы трансферттерді аударады.»;

66-тармақтың 1), 2) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

«1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнiне Бағдарлама операторына – экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшіп келген, оның ішінде субсидия алған, тұрғын үй, жатақханадан бөлме алған, жұмысқа орналастырылған (жұмыспен қамту түрлері бөлінісінде) Бағдарламаға қатысушылардың саны туралы;

2) жартыжылдық қорытындысы бойынша жылына екі рет ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті органға – сатып алынған және (немесе) пайдалануға енгізілген қызметтік тұрғын үйлердің, жатақханалардың саны туралы есеп береді.».



4. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2013 ж., № 39, 567-құжат):




Осы қаулымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасына:

«Бағдарламаның Паспорты» бөлімінде:

«Әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган» қатары мынадай мазмұнда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі»;

«Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік және өзге де органдар» қатары мынадай мазмұнда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері;»;

8-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Бағдарлама Операторы);»;


11-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«11. Қазақстан Республикасының жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, табысы аздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ішіндегі азаматтары, сонымен қатар оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.»;

12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

«оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде жалпы білім беру мектептерінің 9, 11-сыныптарын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілерді және оқушыларын қоса алғанда, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастарға;»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Әлеуметтік даму объектілерін күрделі, ағымдағы жөндеу, сондай-ақ инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілерін күрделі, орта және ағымдағы жөндеу мүгедектерге және басқа да халықтың аз қимылдайтын топтарына қол жетімділікті қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.»;

19-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұнда жазылсын:

«Оң қорытынды берілген кезде ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті орган Бағдарлама Операторына қаржыландыру көлемдерін, құрылатын жұмыс орындарының саны мен орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін қоса бере отырып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін жібереді.»;

20-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«20. Бағдарлама Операторы ұлттық экономика мәселесі жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған қорытынды негізінде және құрылатын жұмыс орындары санының, орташа айлық жалақы мөлшерінің күтілетін көрсеткіштерін ескере отырып, жобаларды қарайды.»;

22-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

пункт 22 изложить в следующей редакции:

«22. Жобаларды күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша бюджет қаражаты үнемделген жағдайда жергілікті атқарушы органдар ұлттық экономика мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органның және Бағдарлама операторының келісімімен көрсетілген қаражатты Бағдарламаның осы бағыты бойынша іске асырылатын өзге де жобаларға немесе жобалардың соңғы нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға жібере алады»;

30-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«30. Ұлттық экономика мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Бағдарлама операторы өз құзыреттері шегінде Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргізеді.»;

31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Кәсіпкерлікті ынталандыру және экономикалық белсенділікті арттыру жеке ауладағы шаруасын дамыту үшін микрекредиттер мен миникредиттер (бұдан әрі - миникредиттер) беру арқылы жүзеге асырылады.»;

33-тармақта:

4) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:

«4) бес жүз мың мың теңге сомасына дейін микрокредиттер алған адамдарды қоспағанда, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту және/немесе салу және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алу.»;

36-тармақта:

4), 6) тармақшалар мынадай мазмұнда жазылсын:

4) 500 мың теңге сомасына дейін микрокредит беру мерзiмi– 3 жылдан аспайды, 500 мың теңгеден жоғары сомаға – 5 жылдан аспайды;

6) 500 мың теңге сомасына дейін микрокредит алған алушыларды қоспағанда, микрокредит бойынша соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге микрокредит бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;

9) қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйым ұсынатын соңғы қарыз алушы үшін кредиттік ресурстар бойынша жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі өңірлік комиссиямен келісе отырып белгіленеді. Бұл ретте 500 мың теңге сомасына дейін микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушы үшін жылдық сыйақының ең жоғары тиімді мөлшерлемесі 5% аспайтын мөлшерде белгіленеді;

мынадай мазмұндағы 6-1), 11) тармақшалармен толықтырылсын:

6-1) 500 мың теңге сомасына дейін микрокредит бойынша соңғы қарыз алушыға негiзгi борышты өтеу бойынша миникредит беру мерзімі ұзақтығының алты айдан аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең ұсынылуы мүмкiн;

11) соңғы кредит алушылардың бұрын берілген кредиттік ресурстар бойынша қайтарған қаржылар есебінен осы Бағдарламаның шарттарына сәйкес қайта кредит беруге болады.»;

41-тармақта:

6) тармақшаның екінші бөлігі мынадай мазмұнда жазылсын:

«халықты жұмыспен қамту орталықтары қаржы агенттігі мәртебесіне ие уәкілетті өңірлік ұйымнан не микроқаржы (микрокредиттік) ұйымынан немесе кредиттік серіктестіктен оң қорытынды алған кезде инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жобалары инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуды және/немесе салуды және/немесе Бағдарламаға қатысушылар іске асырып жатқан жобалар үшін, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін жабдықтар сатып алуды талап ететін Бағдарламаға қатысушылардың тізімін жібереді;»;

мынадай мазмұндағы 6) тармақшаның үшінші бөлігімен толықтырылсын:

«Бағдарлама қатысушылары жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту үшін қажет болған жағдайда техникалық паспортты, жер актісін, жер учаскесін бөліп беруді және техникалық жағдайларды ұсынады.»;

44, 45, 46 тармақтары мынадай мазмұнда жазылсын:

«44. Тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесін ұлттық экономика мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

45. Әзірленген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар тірек ауылдарды айқындау, тиісті қорытындыны келісу әдістемесінде айқындалған критерийлерге сәйкес баға беру үшін ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті негіздемелерді қоса тірек ауылдар тізбесінің жобасын жібереді.

46. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға енгізу үшін және тірек ауылдарды кешенді дамытудың мастер-жоспарын әзірлеу үшін ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген тірек ауылдық елді мекендердің тізбесінен тірек ауылдарды таңдап алады.»;

54 тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«54. Бағдарлама операторы ұлттық экомика мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тірек ауылдардың мастер-жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалу барысы туралы ақпаратты ВАК-қа ұсынады.»;

65-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«65. Бағдарламаға қатысушыларды кәсіптік оқыту кәсіптік даярлық деңгейін бағалау жөніндегі біліктілік емтиханынан өткен адамдарға заңнамаға сәйкес белгіленген үлгідегі куәлік (сертификат) берілген жағдайда не «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және біліктілік беру ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамында куәлік (сертификат) алуға жәрдемдесу кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.»;

70-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

«70. Оқуды аяқтағаннан кейінгі үш жыл ішіндегі бітірушілер арасынан жастар практикасына қатысушылардың жалақысын субсидиялау 6 айдан асырмай жүзеге асырылады. Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, субсидия мөлшері айына 18 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) құрайды.

Жергілікті атқарушы органдар шешімдері бойынша жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбек ақыларын жергілікті бюджет қаржысы есебінен қоса қаржыландыруға болады.»;

77, 78-тармақтар мынадай мазмұнда жазылсын:

«77. Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлерін ұлттық экономика мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

Олардың негізінде жергілікті атқарушы органдар ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін айқындайды және оны Бағдарлама операторына жібереді.
      78. Ұлттық экономика мәселелері жөніндегі уәкілетті орган қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушылар үшін сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, тұрғын үйдің (жеке немесе көппәтерлі) үлгілік жобаларын әзірлейді.»;

82-тармақтың 3), 4) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

3) құжаттарды қарау қорытындысы бойынша:

өңірлік комиссиялар облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;

аудандық/қалалық комиссиялар бір аудан шегінде көшетін азаматтарға қатысты Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы ұсынымдар дайындайды;

4) өңірлік не аудандық/қалалық комиссия ұсынымының негізінде халықты жұмыспен қамту орталығы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу (қосудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық өңірлерде Бағдарламаға қатысушылар құрамына үміткерлерді қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің өтініші бойынша жүзеге асырылатын болады;

85-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын:

86-тармақтың 7) тармақшалары мынадай мазмұнда жазылсын:

7) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді.»;

87-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға, бір облыстан басқа облысқа қоныс аударатын адамдарға қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу (енгізуден бас тарту) туралы ұсынымдар әзірлейді.»;

88-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:

«3) ұлттық экономика мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендердің, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын бекітеді.»;

89-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын;

«1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар ету және консультация беру қызметiн көрсету, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу, психологиялық бейімдеуді жүргізу мақсатында олармен консультация жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;»;

98. Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджетте:
1) 2013 жылға – 102,9 млрд. теңге;
   2) 2014 жылға – 97,4 млрд. теңге;
   3) 2015 жылға – 94,6 млрд. теңге;
   4) 2016 жылға – 95,7 млрд. теңге көзделген.

Келесі жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.



Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру жөніндегі жоспар мынадай мазмұнда жазылсын;


Р/с


Iс-шараның атауы

Шығыстар

Жауапты орындаушылар

Аяқталу нысаны

Орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

6

1. Ұйымдастыру iс-шаралары

1

Сейсмологиялық аймақтар мен сипаттамаларды ескере отырып, қоныс аударатын Бағдарламаға қатысушыларға арналған тұрғын үйлердің (жеке немесе көппәтерлі), жатақханалардың үлгілік жобаларын әзірлеу

-

ҰЭМ

жобалау-сметалық құжаттама

2014 жылғы 4-тоқсан

2

Өңірлік, аудандық (қалалық) комиссияның үлгілік ережелеріне, әлеуметтік келісімшарттың нысанына, әлеуметтік келісімшартқа қосылу туралы жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының өтініштеріне (хабарламаларына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

ДСӘДМ

бұйрық

2014 жылғы 1-тоқсан

3

Кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру жөніндегі әдіснамалық ұсынымдарды бекіту туралы

-

ДСӘДМ, ҰКП

Әдіснама

2014 жылғы 1-тоқсан

4

Пилоттық режимде кешенді дамыту үшін тірек ауылдардың мастер-жоспарын әзірлеу

-

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктері

тірек ауылды дамытудың мастер жоспары

2014 жылғы 2-тоқсан

5

Іріктелген тірек ауылдарды кешенді дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын сынақтан өткізу

2014 жылға көзделген қаражат шегінде

ДСӘДМ, ҰЭМ, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының әкімдіктері

Үкіметке ақпарат

2014 жылғы
2-жартыжылдық

6

Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу




«ЖҚП АТО» АҚ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

ДСӘДМ ұсыныстар

2014 жылғы 4-тоқсан

2. Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру

7

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

ДСӘДМ, Қаржыминi, ҰЭМ

ДСӘДМ бұйрығы

2014 жылғы 4-тоқсан

3. Оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу

8

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

ДСӘДМ, БҒМ, Қаржымині, ҰЭМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

ДСӘДМ бұйрығы

2014 жылғы 4-тоқсан

4. Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

9

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

ДСӘДМ, ҰЭМ, Қаржыминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

ДСӘДМ бұйрығы

2014 жылғы 4-тоқсан

5. Ақпараттық жұмыс

10

Халықтың жұмыспен қамту мемлекеттік саясаты мәселелерінде хабардарлығын арттыру




ДСӘДМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi

Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланымдар

тұрақты


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұнда жазылсын:

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

ҰКП - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы



«ЖҚП АТО» АҚ» - «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы».



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет