Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы»



бет1/6
Дата08.07.2016
өлшемі1.33 Mb.
#184709
  1   2   3   4   5   6





Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2013 жылғы 10 маусымдағы

№ 591 қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 845 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31,
269-құжат):

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібінде:

23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Жол органдарынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым:

1) осы Тәртіпке 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;

2) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын;



3) жол белгілері мен қоршауларды және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;

4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесін;

5) инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.»;

23-1 және 23-2-тармақтар алынып тасталсын;

23-3-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Тәртіпке 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;»;

2) тармақша алынып тасталсын;



5) тармақшадағы «схемасын ұсынады.» деген сөздер «схемасын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) автомобиль жолдарын пайдаланушылардың өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.»;

23-4-тармақ алынып тасталсын;

осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Тәртіпке 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінде:

5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін объектілердің иелері жол органдарына немесе жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Тәртіпке қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.»;

осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес көрсетілген Тәртіпке қосымшамен толықтырылсын.

2. «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
7 ақпандағы № 121 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2008 ж., № 7, 69-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесінде:

8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

9. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлға жергілікті атқарушы органға осы Ережеге 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш жібереді.»;

10-тармақтың 2) тармақшасындағы «шешім қоса беріледі.» деген сөздер «шешім;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға ниеті бар тұлғаның өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.»;

қосымшада:

оң жақ жоғары бұрышындағы «Қосымша» деген сөз «Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ережесіне 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 2-қосымшамен толықтырылсын.

3. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
20 шілдедегі № 745 қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2010 ж., № 44, 401-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінде:

реттік нөмірлері 118 және 119-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


118.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымда ғы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлға лар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО

Қағаз, электрон дық түрде

(паспорт)



119.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымда ғы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру



Жеке және заңды тұлға лар

ККМ

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы бөлімдері


Облыстар дың және Астана, Алматы қалаларының жолаушы лар көлігі және автомобиль жолдары басқарма лары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, аудандар дың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы бөлімдері, ХҚКО

Қағаз, электрон дық түрде

(паспорт, рұқсат)



»;

реттік нөмірі 121-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

121.

Халықаралық және республика лық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру

Жеке және заңды тұлға лар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО

Қағаз, электрон дық түрде (техника лық шарт беру)

»;

реттік нөмірлері 122, 123 және 124-жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 126-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

126.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлға лар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департамент тері, ХҚКО

Қағаз, электрон дық түрде (техника лық шарт беру)

»;

реттік нөмірі 127-жол алынып тасталсын.

4. «Мемлекеттік органдардың өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 1080 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 50, 458-құжат):

көрсетілген қаулыға қосымшада:

реттік нөмірлері 50 және 51-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«


50.

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлға лар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері

2012

51.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлға лар

ККМ

Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) сәулет және қала құрылысы бөлімдері

2012

»;

реттік нөмірлері 52, 72, 73 және 74-жолдар алынып тасталсын;

реттік нөмірі 75-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


75


Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру

Жеке және заңды тұлға лар

ККМ

ККМ Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері

2013

»;

реттік нөмірлері 76 және 94-жолдар алынып тасталсын.

5. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы
20 шілдедегі
745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы
№ 1315 қаулысында:

1) 1-тармақтың 4), 5), 6) және 8) тармақшалары алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы, сондай-ақ елді мекендердегі автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

________________________'>________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 10 маусымдағы

№ 591 қаулысына

1-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібіне

1-қосымша


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігі

Автомобиль жолдары комитетінің


_____________________облыстық департаменті
______________________

(басшының Т.А.Ә.)


_________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не ____________________________________

заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________________   
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын ___________________________________ 
куәландыратын құжаттардың деректемелері __________________________________   
байланыс телефоны, мекенжайы) 


ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен және басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына техникалық шартты беруіңізді сұраймын.

Мен жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.

Егер жұмыстар елді мекендердің шегінде көзделетін болса:

Құжат – ________________________________________________________

(күні) (рұқсатты берген органның атауы)

берілген жергілікті атқарушы органдардың №_______ рұқсаты.


Күні_______ Алушы _____________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

__________________________________

заңды тұлғаның не

__________________________________

уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)
________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 10 маусымдағы

№ 591 қаулысына

2-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдаланудың тәртібіне

2-қосымша


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігі

Автомобиль жолдары комитетінің


_____________________облыстық департаменті
______________________

(басшының Т.А.Ә.)


_________________________________

(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не ____________________________________

заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________________   
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын ___________________________________ 
куәландыратын құжаттардың деректемелері __________________________________   
байланыс телефоны, мекенжайы) 


ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар орнатуға техникалық шартты беруді сұраймын.

Автомобиль жолының титулы (атауы) _______________________,

Жүргізілетін жұмыс түрі _____________________________________,

Мекенжайы ____________________________________________________.

Күні _______ Алушы _____________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

__________________________________

заңды тұлғаның не

__________________________________

уәкілетті тұлғаның атауы, қолы)



_______________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 10 маусымдағы

№ 591 қаулысына

3-қосымша

Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібіне

қосымша


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігі

Автомобиль жолдары комитетінің
_______________________облыстық департаменті
________________________

(жергілікті атқарушы органның

құрылымдық бөлімшесі)
__________________________
(басшының Т.А.Ә.)       
_________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә, байланыс телефоны, мекенжайы
_________________________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
_________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
________________________________________ 
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_________________________________   
байланыс телефоны, мекенжайы) 

ӨТІНІШ
Халықаралық және республикалық/облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.

Күні _______ Алушы_____________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

__________________________________

заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

__________________________________

атауы, қолы

________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 10 маусымдағы

№ 591 қаулысына

4-қосымша

Елді мекендерде сыртқы

(көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесіне

2-қосымша

_____________________________________

(жергілікті атқарушы органның

құрылымдық бөлімшесі)


_________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)       
_________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә, байланыс телефоны, мекенжайы
_________________________________________
немесе заңды тұлғаның толық атауы)
_________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
________________________________________ 
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_________________________________   
байланыс телефоны, мекенжайы) 


ӨТІНІШ
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі ________________________;

Жарнама объектісінің ұзындығы___________________________________;

Жарнама объектісінің ені ________________________________________;

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру көзделген мекенжайы__________________________________________________________;

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналастырылатын жерді таңдаудың негіздемесі __________________________________________________________

____________________________________________________________________

Меншік құқығындағы немесе бір жылдан астам жалдаудағы жер учаскелері немесе объектілері үшін:

Кадастрлық нөмірі _____________________

Бір жылдан кем жалдаудағы жер учаскелері немесе объектілері үшін:

Жалға алу шартының нөмірі________________


Күні _______ Алушы_____________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе

__________________________________

заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның

__________________________________

атауы, қолы

________________________

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 10 маусымдағы

№ 591 қаулысына

5-қосымша

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 16 қазандағы

№ 1315 қаулысымен

бекітілген

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі.

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы балама негізде www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша, www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледi.




2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

аумақтық органға жүгінген кезде:

1) өтініш берілген сәттен бастап – бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға паспорт беріледі не жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;

2) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген өтінішті тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

3) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты
20 минуттан аспайды;

мына:


1) ХҚКО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде:

паспорт беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар аумақтық органға жеткізілетін 2 күн және ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) ХҚКО-ның облыстық бөліміне жүгінген кезде:

паспорт беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды және өтінішті қабылдау беру күнi мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

3) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

4) паспорт алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты


20 минуттан аспайды;

портал арқылы қызмет бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі аумақтық органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне паспорт (бұдан әрі – паспорт) беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Аумақтық органға паспортты қағаз тасығышта алуға жүгінген кезде, паспорт электрондық құжат нысанында ресімделіп, басып шығарылады, аумақтық органның мөрімен және оның басшысының қолымен расталады.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет:

1) аумақтық органға жүгінген кезде:

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аумақтық органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, дүйсенбі мен жұма аралығында көрсетіледі, түскі үзілісі бар;

қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Автомобиль жолдары комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) және көрсетілетін қызметті алушы үшін аумақтық орган үй-жайларының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде орналастырылған;

2) ХҚКО-на жүгінген кезде:

демалыс және мереке күндерін қоспағанда, ХҚКО-ның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында көрсетіледі;

қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz және ХҚКО үй-жайларында орнатылған стенділерде орналастырылған;

3) порталда – тәулік бойы көрсетіледі;

мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы ақпарат «электрондық үкімет» 1414 бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады.

7. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:

аумақтық органдарға немесе ХҚКО-на жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар:

1) осы стандартқа 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесі немесе оның түпнұсқасы (ХҚКО-на берген кезде – ХҚКО-ның қызметкері сканерден өткізеді және электрондық сұрау салуға тіркейді);

3) тұтынушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат;

тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжаттардың мәліметтері (нотариалды расталған жағдайда);

құжаттарды қабылдаған кезде аумақтық органның немесе ХҚКО-ның қызметкері құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен немесе құжаттардың басып шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып, содан кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады;

осы стандарттың осы тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде аумақтық органда не ХҚКО-да мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған аумақтық органның лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі;

портал арқылы жүгінген кезде:


  1. көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

  2. құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі электрондық сұрау салуға тіркелген түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;

портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесі, күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.

8. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың негіздемесі:

1) осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы белгіленген нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмеуі;

2) «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер негіздеме болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 7-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет