Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар «Халықты жұмыспен қамту туралы»



жүктеу 42.67 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі42.67 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар



  1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының
    2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы
    № 836 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23,
    288-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:

«Рұқсат берудің шарттары мен тәртіптері және оны беруден бас тарту, өтінімді тоқтату және ұзарту» деген 3-бөлімде:

12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

31-тармақ алып тасталсын;

Ереженің 8-қосымшасының соңғы абзацындағы «Қазақстанның
30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға» деген сөздер алып тасталсын;

Ереженің 9-қосымшасының соңғы абзацтың алдындағы және соңғы абзацтары алып тасталсын.



  1. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің
    2008 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысында:

көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасында:

1-бөлімнің 3-кіші бөлімінің алтыншы абзацындағы екінші сөйлемі алып тасталсын;

«Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің тік және көлденең аспектілерінде»:

«Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші және отыз екінші абзацтары алып тасталсын;

«Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің сегізінші абзацы алып тасталсын;

«Бесінші басымдық. Тиімді бизнесте»:

«Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы» деген кіші бөлімнің бесінші абзацындағы «, «Қазақстандағы 30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын;

«Басымдықты іске асыру картасы» деген кіші бөлімнің алтыншы абзацы алып тасталсын.



  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен
    іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
    25 қарашадағы № 1085 қаулысында:

көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:

«Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру» деген бөлімнің бірінші абзацындағы екінші сөйлем алып тасталсын.



  1. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің
    2009 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында:

көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында:

«Кіріспе» деген бөлімнің екінші абзацындағы «, «Қазақстанның


30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы» деген сөздер алып тасталсын.

  1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы
    № 1164 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:

«Қор қызметінің негізгі бағыттары, міндеттері мен қызметтері»


деген 3-бөлімнің «Ұлттық экономиканы жаңғыртудағы және әртараптандыруға жәрдемдесу» деген бөлімінде бірінші абзацтағы «, «Қазақстанның
30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасын» деген сөздер алып тасталсын.

  1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 2-бөлімнің оныншы абзацындағы


«, «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасын іске асыру» деген сөздер алып тасталсын.

  1. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы
    6 наурыздағы № 1332 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы
6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарында (Жол картасы):

«Агроөнеркәсіптік кешенді жедел дамыту және «Қазақстанның


30 корпоративтік көшбасшысы» Бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.

  1. «Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы
    № 274 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы
6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 40-жол алып тасталсын;



«Агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту және «Қазақстанның
30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру» деген 2-бөлім алып тасталсын.
_____________________



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет