Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы»



жүктеу 39.59 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі39.59 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы «__» ___________

№ ____ қаулысымен

бекітiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2003 ж., № 1, 17-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiнде:

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Кемелердi және оларға құқықтарды Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде (бұдан әрi – Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi), бербоут-чартер тiзiлiмiнде және салынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеудi осы Ереженің тиісті тарауларында көрсетілген құжаттарды ұсыну уақытынан бастап он күнтізбелік күнде Порттың теңiз әкiмшiлiгi жүзеге асырады.»;

24-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын уақытша беру және кемені бербоут-чартер тiзiлiмiнде тіркеу мерзімін ұзарту туралы шешiм қабылдау үшiн кеме иесi Министрлiкке мынадай құжаттарды бередi:»;

25-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) Қазақстан флотының құрамында болмайтын мамандандырылған кемелердi, сондай-ақ реновация, жаңғырту және қайта жабдықтау рәсімінен өткен кемелерді қоспағанда, кеменің шығарылған уақыты 20 жылдан жоғары кезде бас тартылады.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу мерзімін ұзарту мынадай құжаттар қоса беріле отырып, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады:

1) еркін нысандағы кеме иесінен өтініш;

2) теңіз кемесін мемлекеттiк тiркеген үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.».

2. «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қарашадағы № 1113 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 40, 562-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды және сауда мақсатында теңiзде жүзумен байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыруына рұқсаттар беру қағидаларында:

8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін - паспорт немесе жеке куәлік);»;

14-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын.

3. «Теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартында:

11-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды тұлғалар үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;»;

16-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан флотының құрамында болмайтын мамандандырылған кемелердi, сондай-ақ реновация, жаңғырту және қайта жабдықтау рәсімінен өткен кемелерді қоспағанда, кеменің шығарылған уақыты 20 жылдан жоғары кезде.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

11-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (дара кәсіпкер үшін), жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлға үшін - паспорт немесе жеке куәлік);»;

16-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Салынып жатқан кемеге меншiк құқықтарын салынып жатқан кемелер тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет стандарты» мемлекеттік қызмет стандартында:

7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш (уәкiлеттi органға өтiнiш берiлген сәттен бастап) – күнтiзбелiк 10 күн;».

4. «Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы №1033 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 431-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңiз көлiгiнде экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру ережесiнде:

20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) ұйым жарғысының, заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нотариалды расталған көшiрмелерi.».

_________________________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет