Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»



жүктеу 39.39 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі39.39 Kb.
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер



  1. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1557 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2013 ж., № 82, 1066-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру аумақтық әділет органдары, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.».

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық немесе қағаз жүзінде.»;

2. «Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1558 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 2013 ж., № 82, 1067-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру аумақтық әділет органдары, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.».

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық немесе қағаз жүзінде.»;

3. «Бағалау қызметі мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1585 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАК, 2013 ж., № 88, 1091-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

«Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру аумақтық әділет органдары, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.».

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз жүзінде.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру аумақтық әділет органдары, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.».

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз жүзінде.»;



  1. «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1570 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАК, 2013 ж., № 85, 177-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз жүзінде.».
5. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАК, 2013 ж., № 55, 769-құжат):

реттік нөмірі 200 жолда:



7-баған мынадай редакцияда жазылсын: «ХҚО, Әділетминінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті, «электрондық үкімет» веб-порталы».


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет