«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме



жүктеу 39.39 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі39.39 Kb.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңымен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін айқындау құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметінен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органға берілді.

Осыған орай «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығы қабылданды (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы _____мамырда № _____ болып тіркелген).

Сонымен қатар, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс. Бұл талап жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актіден жекелеген құқық нормаларын іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер алып тасталған жағдайларда да қолданылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қаулы жобасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай:

«Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 24-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 13, 157-құжат);

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1327 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 614-құжат);

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1114 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 558-құжат);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 93-құжат);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1196 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1028-құжат);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 29, 452-құжат);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 525-құжат);

«Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1118 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 61, 830-құжат);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 322 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 210-құжат);



«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 679 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 42, 402-құжат) күші жойылды деп тану көзделген.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму вице-министрі С. Жақыпова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет