Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы



Дата23.02.2016
өлшемі83.27 Kb.
#6634
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

1


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы __ ________

№ ___ қаулысына

қосымша




Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 832-құжат).

2. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж. № 5, 93-құжат) бектілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 24-тармағы.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 және "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 214 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 429-құжат) 1-тармақ 2-тармақшасы.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 322 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 210-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағы.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба




Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты


1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


2.

Жобаны қабылдау қажеттiгiнiң негiздемесi

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1бабының 2-тармағына сәйкес


3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдар


Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар


Қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтiлетiн нәтижелердің мерзiмi және болжанатын тиiмдiлiгi

Жобаны қабылдау уәкілетті органның

стационарлық, жартылай стационарлық, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын анықтау бойынша функцияларын іске асыруды қамтамасыз етеді




6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттiң және/немесе Үкiметтiң бұрын қабылданған актілері және оларды iске асыру нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға
сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері


Жүргізілген жоқ

9

Өзге де мәліметтер

«Халықты әлеуметтік қорғау

саласында арнаулы әлеуметтік

қызметтер көрсету стандарттарын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген




10

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі


Рұқсат етіледі


11

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қаулы жобасы 2015 жылғы « » ________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған


12

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)



Қаулы жобасына баспасөз релизі 2015 жылғы « » ________ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz орналастырылған



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына анықтама-негіздеме
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңымен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту құзіреті Қазақстан Республикасының Үкіметінен Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органына берілген.

Осыған орай «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы қабылданды (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 мамырда № 11038 тіркелген).

Сонымен қатар, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде, оны іске асыру үшін қабылданған төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылады. Бұл талап жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің жекелеген құқық нормаларын іске асыру үшін төменгі деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, одан сол құқық нормалары алып тасталған жағдайларда да қолданылады және тармақтар түрінде енгізіледі.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қаулының жобасында мыналар күшін жояды:

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 58, 832-құжат);

2. «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж. № 5, 93-құжат) бектілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 24-тармағы;

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 және «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 28 қазандағы № 1222 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 10 ақпандағы № 214 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 429-құжат) 1-тармақ 2-тармақшасы;

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 322 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 26, 210-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 7-тармағының күші жойылған деп тану көзделген.



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму вице-министрі С. Жақыпова

Келісу

ПАРАҒЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»

Әзірлеуші-мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


Алған күні

Мемлекеттік органдар

Кіммен дербес келісілді

(Т.А.Ж)


Келісу нәтижелері (қолы, күні)

Қайтарған күні

1

2

3

4

5




Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі














Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі














Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі














Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі











Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет