Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі



жүктеу 23.64 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі23.64 Kb.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 78-құжат).

2. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1403 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 6, 79-құжат).

3. «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тiзiлiмiне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 144-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1021 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 918-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3 және 4-тармақтары.

5. «Компьютер жүйелерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1508 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 тамыздағы № 1026 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 923-құжат);

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 348 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 25, 398-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен (2013 жылғы 19 маусымда «Егемен Қазақстан» және 2013 жылғы 22 маусымда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізетін өзгерістердің 22-тармағы.

8. «Мемлекеттік техникалық қызметтің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 49 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 226-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізетін өзгерістердің 8-тармағы.

 
_______________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет