Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы



Дата01.07.2016
өлшемі215.32 Kb.
#169881
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен

қаражат бөлу туралы

«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне осы қаулыға қосымшаға сәйкес сот актiлерiн орындау үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 7873921 (жеті миллион сегіз жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз жиырма бір) теңге бөлiнсiн.

2. Зиян келтірген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервінен оқшауландырылған қаражатты өтеу жөнiнде шаралар қабылдасын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан қолданысқа енгiзiледi.

    
Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi                                 С.Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№___ қаулысына

қосымша_


Орындауға жататын сот

актілерінің тізбесі


р/р


Сот органының атауы және шешім күні

Талапкер

Негізгі борыш сомасы

(теңге)

1

2

3

4

1

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы № 2 сотының 2013 жылғы 30 қаңтардағы шешімі, Солтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі қаулысы,

Солтүстік Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 26 маусымдағы қаулысы



Е.Е.Қошмағамбетов

300000

597411


120000

2


Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы № 2 сотының 2013 жылғы 30 қаңтардағы шешімі, Солтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі қаулысы,

Солтүстік Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 26 маусымдағы қаулысы



Е.И.Қоңқұшев


300000

712808


120000


3


1

Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының 2013 жылғы 16 қаңтардағы шешімі,
2

Е.Б.Тоқсейітов


3

112146

200000


31215
4




Оңтүстік Қазақстан облыстық соты

азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі қаулысы,

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 4 шілдедегі қаулысы








4

Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының 2013 жылғы 16 қаңтардағы шешімі,

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі қаулысы,

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 4 шілдедегі қаулысы


С.М.Сырмаханбетов

40364

200000


5

Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының 2013 жылғы 16 қаңтардағы шешімі,

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі қаулысы,

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 4 шілдедегі қаулысы


А.С. Қалаубаев

145168

200000


6


1

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы шешімі,

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 19 ақпандағы ұйғарымы,

Астана қаласының соты азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі

аппеляциялық сот алқасының 2013

жылғы 19 наурыздағы қаулысы,

2


А.К.Баратов


3

223000

35000


3848

200000


38685


4




Астана қаласының соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 30 сәуірдегі қаулысы







7


Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық сотының 2012 жылғы 16 қарашадағы шешімі,

Шығыс Қазақстан облыстық соты азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының 2013 жылғы 10 қаңтардағы қаулысы,

Шығыс Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 22 сәуірдегі қаулысы



А.К.Теміржанов

493047


8


Атырау қалалық сотының 2013 жылғы 25 ақпандағы шешімі,

Атырау облыстық соты азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының 2013 жылғы 20 мамырдағы қаулысы, Атырау облыстық соты кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 17 шілдедегі қаулысы



А.Құмаров


3103386

350000


43011


9



Алматы облысы Ескелді аудандық сотының 2012 жылғы 16 шілдедегі шешімі,

Алматы облыстық азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының 2012 жылғы 19 қыркүйектегі қаулысы, Алматы облыстық соты кассациялық сот алқасының 2012 жылғы 08 қарашадағы қаулысы,

Алматы облысы Ескелді аудандық соты 2013 жылғы 14 қаңтардағы ұйғарымы


Н.И.Павлюченко

200000

104832


Жиыны: 7873921

Жалпы сомасы: 7873921

_________________










«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулыларымен бұйрықтары, сондай-ақ соттар мен судьялардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары мен басқа да жолданыстары барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдей міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мүлтіксіз орындалуға тиіс. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес

1. Е.Е. Кошмағамбетовтің пайдасына шығарған сот материалдарына қатысты.

2010 жылғы 8 қарашада Е.Е. Кошмағамбетовке қатысты ҚР ҚК 308-бабының 4-б. «а, б»-т. (биліктің немесе лауазымды өкілеттіктердің асыра қолданылуы) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, іс бұдан әрі тексеру үшін Солтүстік Қазақстан облысының Прокуратурасына берілді.

2011 жылғы 20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Прокуратурасының арнайы прокуроры С.Б. Шілікбаев ҚР ҚК 308-б. 4-б «а»-т Е.Е. Қошмағамбетовке айып тақты және ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұдан басқа, 2011 жылғы 11 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің бұйрығымен Е.Е. Қошмағамбетов полизия қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілді. Солтүстік Қазақстан облысы Прокуратурасының арнайы прокурорының 2011 жылғы 27 қаңтардағы қаулысы Е.Е. Қошмағамбетовті қызметтен шеттетуге негіз болып табылды.

2011 жылғы 12 қыркүйекте Петропавл қаласының соты ақтау үкімін шығарды, қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбегендіктен қылмыстық іс тоқтатылды.

Оған қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына байланысты залалды өтетіп алуға құқық танылды.

Солтүстік Қазақстан облысының апелляциялық алқасының 2011 жылғы 1 қарашадағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулысымен 2012 жылғы 13 наурыздағы сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Осылайша Е.Е. Қошмағамбетовті қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту нәтижесінде оған моральдық және материалдық зиян келтірілген.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы №2 Сот шешімімен Е.Е. Қошмағамбетовтің 1000000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу, 655500 теңге мөлшерінде жалақыны өтеу, 120000 теңге мөлшерінде адвокат қызметтері үшін шығыстарды өтеу туралы қуыну талабы ішінара қанағаттандырылды.

Мемлекеттік қазынадан Е.Е. Қошмағамбетовтің пайдасына 300000 теңге

мөлшерінде моральдық зиян өтелді, 597411 теңге мөлшерінде жалақы төленді, 120000 теңге мөлшерінде адвокат қызметтері төлеу бойынша шығыстар өтелді.

Шешімді орындау Қаржы министрлігіне жүктелді.

Атқарушылық іс қозғау 2013 жылғы 12 тамызда басталды.

2. Е.И. Қоңқушевтің пайдасына шығарған сот материалдарына қатысты.

2010 жылғы 8 қарашада Е.И. Қонқұшевке қатысты ҚР ҚК 308-бабының 4-б. «а, б»-т. (биліктің немесе лауазымды өкілеттіктердің асыра қолданылуы ) көзделген қылмыстың белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды, іс тексеру үшін Солтүстік Қазақстан облысының Прокуратурасына берілді.

2011 жылғы 20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Прокуратурасының арнайы прокуроры С.Б. Шілікбаев ҚР ҚК 308-б. 4-б «а»-тармағы бойынша Е.И. Қонқұшевке айып тақты және ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұдан басқа, 2011 жылғы 11 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің бұйрығымен Е.И. Қонқұшев полиция қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілді. Солтүстік Қазақстан облысы Прокуратурасының арнайы прокурорының 2011 жылғы 27 қаңтардағы қаулысы Е.И. Қонқұшевті қызметтен шеттетуге негіз болып табылды.

2011 жылғы 12 қыркүйекте Петропавл қаласының соты ақтау үкімін шығарды, қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбегендіктен қылмыстық іс тоқтатылды.

Оған қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына байланысты залалды өтетіп алуға құқық танылды.

Солтүстік Қазақстан облысының апелляциялық алқасының 2011 жылғы 1 қарашадағы қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының қаулысымен 2012 жылғы 13 наурыздағы сот үкімі өзгеріссіз қалды.

Осылайша Е.И. Қонқұшевті қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту нәтижесінде оған моральдық және материалдық зиян келтірілген.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы №2 Сот шешімімен Е.И. Қонқұшевке 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу, 858 420 теңге мөлшерінде жалақыны өтеу, 120 000 теңге мөлшерінде адвокат қызметтері үшін шығыстарды өтеу туралы қуыну талабы ішінара қанағаттандырылды.

Мемлекеттік қазынадан Е.И. Қонқұшевтің пайдасына 300000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтелді, 000 000 теңге мөлшерінде жалақы төленді, 120000 теңге мөлшерінде адвокат қызметтері төлеу бойынша шығыстар өтелді.

Атқарушылық іс қозғау 2013 жылғы 12 тамызда басталды.



3. Е.Б. Тоқсеитовтің пайдасына шығарған сот материалдарына қатысты.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2011 жылғы 27 мамырдағы үкімімен Е.Б. Тоқсеитов ҚР ҚК 129-бабының 3-бөлігі (жала жабу) бойынша бас бостандығынан екі жылға айырылды. ҚР ҚК 63-бабын қолдану жолымен жаза 1 жыл 6 ай сынақ мерзімімен шартты түрде есептелді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот инстанциясының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2012 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен сот үкімі мен апелляциялық алқа қаулысы күшін жойды және қылмыстық іс қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты іс жүргізумен тоқтатылды.

Осылайша, Е.Б. Тоқсеитовті заңсыз соттау салдарынан оған моральдық және материалдық зиян келтірілген.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2013 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен Е.Б. Тоқсеитовтің 3870584 теңге мөлшерінде материалдық зиянды өтеу және 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу туралы қуыну талаптары ішінара қанағаттандырылды.

Мемлекеттік қазынадан Е.Б. Тоқсеитовтің пайдасына 200 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтелді, 112 146 теңге мөлшерінде материалдық зиян төленді, 31 215 теңге мөлшерінде өкілдің көмегін төлеу бойынша сот шығыстары өтелді.

Шешімді орындау 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Қаржы министрлігіне жүктелді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі және 4 шілдедегі қаулыларымен сот шешімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, ал Қаржы министрлігінің апелляциялық және кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалды.

Атқарушылық іс қозғау 2013 жылғы 13 тамызда басталды.



4. С.М. Сырмаханбетовтың пайдасына шығарған сот материалдарына қатысты.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2011 жылғы 27 мамырдағы үкімімен С.М. Сырмаханбетов ҚР ҚК 129-бабының 3-бөлігі (жала жабу) бойынша бас бостандығынан екі жылға айырылды. ҚР ҚК 63-бабын қолдану жолымен жаза 1 жыл 6 ай сынақ мерзімімен шартты түрде есептелді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот инстанциясының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2012 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен сот үкімі мен апелляциялық алқа қаулысы күшін жойды және қылмыстық іс қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты іс жүргізумен тоқтатылды.

Осылайша, С.М. Сырмаханбетовті заңсыз соттау салдарынан оған моральдық және материалдық зиян келтірілген.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының 2013 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен С.М. Сырмаханбетовтың 181 104 теңге мөлшерінде материалдық зиянды өтеу және 1 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу туралы қуыну талаптары ішінара қанағаттандырылды.

Мемлекеттік қазынадан С.М. Сырмаханбетовтың пайдасына 40364 теңге мөлшерінде материалдық залал, 200000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алынды.

Сот шешімін орындау 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Қаржы министрлігіне жүктелген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқаларының 2013 жылғы 26 сәуірдегі және 4 шілдедегі қаулыларымен сот шешімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, Қаржы министрлігінің апелляциялық және кассациялық шағымдары - қанағаттандырусыз қалдырылды.

Атқарушылық іс жүргізу 2013 жылғы 13 тамызда қозғалды.



5. А.С. Қалаубаевтың пайдасына шығарылған сот материалдарына қатысты.

Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының 2011 жылғы 27 мамырдағы үкімімен А.С.Қалаубаев ҚР ҚК-нің 63-бабын қолдану жолымен жаза шартты түрде 1 жыл 6 ай сынақ мерзіміне есептеліп, ҚР ҚК-нің 129-бабы 3-бөлігі (жала) бойынша екі жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот сатысының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасының 2012 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен сот үкімі мен апелляциялық алқаның қаулысы жойылды және қылмыстық оқиғаның болмауына байланысты қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды.

Осылайша заңсыз соттау салдарынан оған материалдық және моральдық зиян келтірілді.

Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының 2013 жылғы 16 қаңтардағы 306432 теңге мөлшерінде материалдық залал мен 10000000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды өтеу туралы А.С. Қалаубаевтың қуыну талабы ішінара қанағаттандырылды.

Мемлекеттік қазынадан А.С.Қалаубаевтың пайдасына 145168 теңге мөлшерінде материалдық залал, 200000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алынды.

Сот шешімін орындау 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Қаржы министрлігіне жүктелген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқаларының 2013 жылғы 26 сәуірдегі және 4 шілдедегі қаулыларымен сот шешімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, Қаржы министрлігінің апелляциялық және кассациялық шағымдары - қанағаттандырусыз қалдырылды.

Атқарушылық іс жүргізу 2013 жылғы 13 тамызда қозғалды.

6. А.К. Баратовтың пайдасына шығарылған сот материалдарына қатысты

ҚР ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы 17.04.2009ж. №016 бұйрығымен А.К.Баратов 6506 әскери бөлімшесінің Пәтерлік-пайдалану қызметінің бастығы етіп тағайындалған.

ҚР ІІМ-нің Әскери-тергеу басқармасының қаулысымен А.К.Баратовқа қатысты ҚР ҚМ-нің 314-б.2-б.және 380-б.1-бөлігі бойынша № 10729510100009 қылмыстық іс қозғалған болатын. Осы қылмыстық істі қозғауға ҚР ІІМ-нің Ішкі әскерлер қолбасшысының Әскери бөлімшеге материалдық залал келтірілгені туралы қатынасы (мәлімдемесі) себеп болды.

Қозғалған қылмыстық іске байланысты ол 6506 Әскери бөлімшесінің командирі Ш.Шанбаевтың 10.06.2010ж. №105 бұйрығы негізінде атқарып отырған қызметінен босатылды, өз кезегінде бұл А.К.Баратовтың ақшалай сыйақы алу құқығынан айрылуына әкеп соқтырды. Осының нәтижесінде оның отбасы материалдық қиыншылықтарды бастан кешірді.

Алдын ала тергеудің бүкіл кезеңі бойында ол ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхатпен жүрді, бұл талапкерді отбасы тұрған жерге Астана қаласына бару, сондай-ақ Тәжікстан Республикасында тұратын ата-анасына бару мүмкіндігінен айырды.

Кейінірек, Шымкент гарнизонының Әскери Прокурорының 18.02.2012ж. қаулысымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқтығына байланысты А.К.Баратовқа қатысты қозғалған қылмыстық істер тоқтатылды.

Осылайша заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуы нәтижесінде оған материалдық және моральдық зиян келтірілді.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен А.К.Баратовтың 100000000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды, 295760 теңге мөлшерінде жол жүру мен адвокат қызметіне ақы төлеу жөніндегі шыққан шығыстары, 150000 теңге мөлшеріндегі өкілдің қызметіне ақы төлеу жөніндегі шыққан шығыстары түріндегі материалдық залалды өндіріп алу туралы қуыну талаптары ішінара қанағаттандырылды.

Мемлекеттік бюджеттен А.К.Баратовтың пайдасына 200000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы, қылмыстық іс бойынша адвокат қызметіне ақы төлеу жөніндегі шыққан шығыстары 223000 теңге мөлшерінде, тұру бойынша шығыстары 35000 теңге, көліктік шығыстар 3848 теңге мөлшерінде, өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шыққан шығыстары 38685 теңге мөлшерінде материалдық залал өндіріп алынды.

Астана қаласы сотының апелляциялық сот алқасының 2013 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды, Қаржы министрлігінің апелляциялық шағымы - қанағаттандырусыз қалдырылды.

Астана қаласы сотының кассациялық сот алқасының 2013 жылғы 30 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі мен апелляциялық сот алқасының қаулысы өзгертілді, қылмыстық іс бойынша адвокат қызметіне ақы төлеу жөніндегі шыққан шығыстары түріндегі материалдық зиянның өндіріп алынған сомасы 148000 теңгеден 223000 теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бұдан басқа, сот шешімінің қарарлық бөлігі мынадай редакциядағы жаңа абзацпен толықтырылды: «Сот шешімін орындау 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасының әкімшісіне жүктелсін.».

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2012 жылғы 19 ақпандағы ұйғарымымен Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы шешімінің қарарлық бөлігінде жол берілген дұрыс жазбау түзетілді, мұнда 38685 теңге мөлшердегі өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шыққан шығыстары сомасының жазба нұсқасы «отыз сегіз мың алты жүз сексен бес теңге» орнына қате «отыз бес мың алты жүз сексен бес теңге» деп жазылған.

Атқарушылық іс жүргізу 2013 жылғы 20 тамызда қозғалды.



7. А.К. Теміржановтың пайдасына шығарылған сот материалдарына қатысты.

2003 жылғы мамырда А.К.Теміржанов ҚР ҚК-нің 105-бабы (денсаулыққа жеңіл зиянды қасақана келтіру), 308–бабының 1-бөлігі (билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану), 346 – бабының 1-бөлігі (көрiнеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған және оған қатысты ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Осыған байланысты Көліктегі ІІД бастығының 27.06.2003ж. №115 л/с бұйрығымен А.К. Теміржанов ішкі істер органдары қызметкері атағына сай келмейтін әрекетті жасағаны үшін ішкі істер органдарынан босатылған болатын.

2003 жылдан бастап 2005 жыл арасындағы кезеңде іс бірнеше рет сотта қаралды және қосымша тексеруге қайтарылып отырды, кейіннен тоқтатылды.

Кейінірек, Жамбыл облысы Мерке аудандық сотының 11.11.2011ж.үкімімен А.К. Теміржанов оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқтығына байланысты ақталды, ал Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сот сатысының 21.12.2011ж. қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды, бұл ретте оған ақталу құқық беру қажеттігі танылды.

Осылайша А.К. Теміржановтың заңсыз қылмыстық жауапқа тартылуы нәтижесінде оған материалдық және моральдық зиян келтірілді.

Семей қалалық сотының 2012 жылғы 16 қарашадағы шешімімен 4835701 теңге мөлшерінде материалдық залалды өтеу туралы А.К. Теміржановтың қуыну талабы ішінара қанағаттандырылды, республикалық бюджет қаражатынан 624525 теңге мөлшерінде материалдық залалдың сомасы өндіріп алынды.

Сот шешімін орындау 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Қаржы министрлігіне жүктелген.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2013 жылғы 10 қаңтардағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз, ал Қаржы министрлігінің апелляциялық шағымы - қанағаттандырылмай қалдырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты алқасының 2013 жылғы 22 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгертілді, А.К.Теміржановтың пайдасына республикалық бюджет қаражатынан еріксіз жұмыстан қалған уақыттағы сомасы 105906 теңге еңбекақыны және адвокатқа баруы бойынша кеткен сомасы 28543 теңге шығыстарды өндіріп алу туралы шешімді қабылдау бөлігіндегі сот актілері күшін жойды, бұл бөлікте қуыну талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылданды.

Осылайша, талапкердің пайдасына республикалық бюджеттен 493047 теңге өндіріліп алынды.

Сот шешімін орындау 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жүктелді.

Атқарушылық іс жүргізу 2013 жылғы 9 тамызда қозғалды.

8. А. Құмаровтың пайдасына шығарылған сот материалдарына қатысты.

№2 Атырау қалалық сотының 2010 жылғы

29 наурыздағы үкімімен А.Құмаров ҚР ҚК

307-бабының 3-т көзделген қылмысты

жасауда (лауазымдық өкiлеттiктерін теріс

пайдалану) кінәлі деп танылды және 458080

теңге мөлшерінде айыппұл салынып, екі

жылдық мерзімге мемлекеттік лауазым

атқару құқығынан айырылып сотталды.

Атырау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2010 жылғы 27 мамырдағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Осы үкім негізінде Атырау қаласы әкімінің 2010 жылғы 21 шілдедегі өкімімен А.Құмаров атқарып отырған әкім кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы соты алқасының 2010 жылғы 31 тамыздағы қаулысымен сот үкімі мен апелляциялық алқа қаулысы күшін жойды, іс жаңадан қарауға жіберілді.

№2 Атырау қалалық сотының 2010 жылғы 26 қарашадағы қаулысымен қылмыстық іс қосымша тергеуге жіберілді.

Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) 2012 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен осы қылмыстық іс қылмыс құрамында талапкер әрекетінің болмауына байланысты тоқтатылды.

Осылайша, Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) А.Құмаровты қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартуы нәтижесінде оған материалдық зиян келтірілген.

Атырау облысының Атырау қалалық сотының 2013 жылғы 25 ақпандағы

шешімімен А.Құмаровтың 5598760 теңге мөлшеріндегі материалдық зиянды өндіріп алу туралы қуыну талабы ішінара қанағаттандырылды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен А.Құмаровтың пайдасына 3103386 теңге мөлшерінде материалдық зиян өтемақысы, 350000 теңге мөлшерінде заңи қызметтерді төлеуді өтеу, 43011 теңге мөлшерінде жол жүргені үшін шығыстар өндіріліп алынды.

Сот шешімін орындау бойынша міндет 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі - Қаржы министрлігіне жүктелді.

Атырау облыстық сотының апелляциялық және кассациялық соты алқасының 2013 жылғы 20 мамырдағы және 17 шілдедегі қаулыларымен сот шешімі мен апелляциялық соты алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, ал Қаржы министрлігінің апелляциялық және кассациялық арыз-шағымдары қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Атқарушылық іс жүргізу 2013 жылғы 21 тамызда қозғалды.



9. Н.И.Павлюченконың пайдасына шығарылған сот материалдарына қатысты.

Ескелді аудандық сотының (судьялар С.Сапажанова-Жолдағұлова) 2011 жылғы 29 маусымдағы үкімімен Н.И.Павлюченко ҚР ҚК 104-баптың 1-б. бойынша (қасақана орташа ауыртпалық келтіру) сотталған және 1 жылдық мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалған болатын.

Алматы облыстық сотының апелляциялық соты алқасының 2011 жылғы 01 тамыздағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Кейіннен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы соты алқасының 2012 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен сот үкімі мен апелляциялық алқа қаулысы күшін жойды және іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған болатын.

Осылайша, Н.И. Павлюченконы қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тарту мен заңсыз соттау нәтижесінде оған моральдық зиян келтірілген.

Алматы облысының Ескелді аудандық сотының 2012 жылғы 16 шілдедегі шешімімен Н.И. Павлюченконың 1200000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянды өндіріп алу туралы қуыну талабы ішінара қанағаттандырылды, Қаржы министрлігінен талапкердің пайдасына 200 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиян сомасы және 104 832 теңге мөлшеріндегі шығыстар, барлығы 304 832 теңге өндіріліп алынды.

Сот шешімін орындау ҚР Қаржы министрлігінің 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бюджеттік бағдарламасының әкімшісіне жүктелді.

Алматы облыстық сотының апелляциялық және кассациялық соты алқасының 2012

жылғы 19 қыркүйектегі және 2012 жылғы 8 қарашадағы қаулыларымен сот шешімі мен апелляциялық соты алқасының қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, ал Қаржы министрлігінің апелляциялық және кассациялық арыз-шағымдары қанағаттандырылусыз қалдырылды.

Алматы облысының Ескелді аудандық сотының 2013 жылғы 14 қаңтардағы ұйғарымымен сот шешімінің қарар бөлігіндегі Ескелді аудандық сотының 2012 жылғы 10 шілдедегі шешіміндегі «үш жүз төрт сегіз жүз отыз екі» деген дұрыс жазылмау «үш жүз төрт мың сегіз жүз отыз екі» дегенге түзетілді.



Қаржы министрлігіне атқарушылық парақ 17.09.2013ж. Астана қаласы бойынша Сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің сот орындаушысы М.Қалмырзаеваның №06-8-8/1185 ұсынысымен келіп түсті.


5

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Сот шешімдерін орындау үшін 7873921 (жеті миллион сегіз жүз жетпіс үш мың тоғыз жүз жиырма бір) теңге сомада ақшалай қаражат бөлу және сот шешімдерін орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкалары негізінде берілген ақша сомасын индекстеуді болдырмау мақсатында.

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Қабылданған жоқ

7

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді

8

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері


Жүргізілген жоқ

9

Өзге де мәліметтер


Жоқ

10

Рұқсат етіледі

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (үзінді-көшірмелер) беру


11

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайт, интернет-портал немесе басқа ақпараттық жүйе) қаулы жобасын орналастыру туралы рұқсат (нөмері мен күні) және ақпарат (әрбірінде байт саны көрсетіліп шығарылған файлдардың атауы)



www.minfin.kz

Министр Б. Жәмішев

2013 жылғы «___» ___________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет