Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы



бет4/4
Дата23.02.2016
өлшемі287 Kb.
#11299
1   2   3   4

Пайдалану ерекшелiктерi
(пайдаланудағы талаптар мен шектеулер)

D бөлiгi – Техникалық қызмет көрсету

      Пайдаланушы «________» әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетудiң мынадай түрлерiн жүзеге асыруға рұқсат етiледi:

Әуе кемелерiнiң түрлерi мен борттық нөмiрлерi

Пайдаланушының өз күшiмен жүзеге асырылатын техникалық қызмет көрсету түрлерi

Шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын техникалық қызмет көрсету түрлерi

 

*Жедел

*Мерзiмдi

*Жедел

*Мерзiмдi
















      *Ескертпе: техникалық қызмет көрсету жөнiндегi ұйымның атауы мен мекенжайын (мемлекет, қала), сертификаттың (куәлiктiң) нөмiрi мен қолданылу саласын, кiм және қашан бергенiн, қолданылу мерзiмiн көрсету қажет.
_____________________________   _____________   _____________________
(уәкiлеттi органның басшысы         (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкiлеттiк берген адам)

      МО


Берiлген күнi: 20__ ж. «___» _________

Уәкiлеттi орган


____________________________________________________________
(пайдаланушының атауы, сертификат № ____)

Пайдалану ерекшелiктерi
(пайдаланудағы талаптар мен шектеулер)

Е бөлiгi – Әуе кемелерiн жалға алу

      Пайдаланушы «_________» мынадай жалға алынған әуе кемелерiн пайдалануға рұқсат етiледi:

Әуе кемелерiнiң түрлерi мен борттық нөмiрлерi

Жалға берушi туралы мәлiмет (ӘК иесiнiң атауы, заңды мекенжайы)

Шарттың түрi (экипажбен немесе экипажсыз жалға алу, лизинг, фрахт), нөмiрi, күнi және қолданылу мерзiмi










_____________________________   _____________   _____________________
(уәкiлеттi органның басшысы       (қолы)             (Т.А.Ә.)
не ол уәкiлеттiк берген адам)

      МО


Берiлген күнi: 20__ ж. «___» _________

Сертификаттау және азаматтық әуе


кемелерiн пайдаланушы сертификатын
беру қағидаcына         
9-қосымша            

Нысан


Уәкiлеттi органның басшысына

Пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшелiктерiне өзгерiстер мен


толықтырулар (дәлелдi құжаттамасына өзгерiстер және (немесе)
толықтырулар) енгiзуге

Өтiнiм

_____________________________________________________________________


                    (өтiнiш берушiнiң толық атауы)
_____________________________________________________________________
(пайдаланушы сертификатының пайдалану ерекшелiктерiне өзгерiстер мен
    толықтырулар (дәлелдi құжаттамасына өзгерiстер және (немесе)
                            толықтырулар)
енгiзудi сұраймын.
Ұшуды бастаудың жоспарланған күнi: __________________________________
_____________________________________________________________________
     (өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде қолданыстағы
сертификаттың аяқталу мерзiмi, сондай-ақ жаңа пайдалану жағдайларында
ұшуды бастаудың жоспарланған күнi көрсетiледi)

      Басшы _________________________________________________________


                            (қызметi/қолы/күнi)

      М.О.



Пайдаланушы сертификатына өзгерiстердi енгiзуге арналған
құжаттардың тiзбесi

      1. Әуе кемесiн пайдаланушы сертификатына енгiзген кезде өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:


      1) өтiнiм;
      2) әуе кемесiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) ұшуға жарамдылық сертификатының көшiрмесi, радиостанцияға арналған рұқсат (лицензия), әуе кемесi тұрған жердегi шу бойынша сертификат көшiрмесi;
      4) әуе кемесiнiң техникалық жай-күйiн тексеру актiсi;
      5) ұшуға жарамдылықта ұстау туралы мәлiметтер;
      6) әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету туралы мәлiметтер;
      7) ұшу және техникалық құрам туралы мәлiметтер;
      8) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
      9) әуе кемесiн дезинфекциялау туралы сертификат;
      10) Ұшуды орындау жөнiндегi нұсқауға, техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушы нұсқауына, техникалық қызмет көрсету бағдарламасына, ең аз жабдықтардың тiзбесiне (MEL) тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар.
      2. Экипажсыз жалға алынған әуе кемесiн пайдаланушы сертификатына енгiзуге арналған құжаттардың тiзбесi.
      Пайдаланушы әуе кемесiн экипажсыз жалға алған жағдайда, осы тiзбенiң 1-тармағында көрсетiлген құжаттармен бiрге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) әуе кемесiнiң түрi, моделi және сериялық нөмiрi туралы мәлiметтер;
      2) әуе кемесi иесiнiң тегi (атауы) және мекенжайы;
      3) тiркелген мемлекетi, ұлттық және тiркеу белгiлерi туралы мәлiметтер;
      4) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешiмнiң көшiрмесi (өзге мемлекетте тiркелген әуе кемесiн жалға алған жағдайда);
      5) әуе кемесiнiң пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға жауапты тараптар, сонымен қатар жалға алу мерзiмi көрсетiлген әуе кемесiн экипажсыз жалға алу туралы шарттың көшiрмесi;
      6) ұшу орындалатын аудандар.
      3. Әуе кемесi экипажбен жалға алынған жағдайда пайдаланушы сертификатына өзгерiстер енгiзуге арналған құжаттардың тiзбесi.
      Пайдаланушы әуе кемесiн экипажбен жалға алған жағдайда, осы тiзбенiң 1-тармағында көрсетiлген құжаттармен бiрге мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) әуе кемесiнiң пайдалану бойынша бақылауға, техникалық қызмет көрсетуге және ұшу жарамдылығын сақтауға, сонымен қатар экипаж мүшелерiн даярлауға жауапты тараптар көрсетiлген әуе кемесiн экипажбен жалға алу туралы шарттың көшiрмесi;
      2) әуе кемелерiнiң саны, түрi, моделi мен сериялық нөмiрi;
      3) әуе кемесi иесiнiң Т.А.Ә., мекенжайы;
      4) тiркелген мемлекетi, ұлттық және тiркеу белгiлерi;
      5) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген азаматтық әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешiмнiң көшiрмесi (өзге мемлекетте тiркелген әуе кемесiн жалға алған жағдайда);
      6) ұшқыштар құрамы туралы мәлiметтер, олар мынаны қамтиды:
      шетелдiк авиация персоналының куәлiктерiн танудың көшiрмелерi;
      ұшу куәлiктерiнiң көшiрмелерi;
      жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмелерi;
      бiлiктiлiктi жетiлдiру курстарынан өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмесi, оның iшiнде халықаралық әуе желiлерi бойынша ұшу үшiн.
      4. Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың барлық көшiрмелерi өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылады.
      5. Әуе кемелерiн пайдалануды тоқтатқан жағдайда, пайдаланушы бұл туралы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға хабарлайды, бұл аталған әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатынан алып тастау үшiн негiздеме болып табылады.

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1431 қаулысына     
2-қосымша         

«Пайдаланушы сертификатын беру»


мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша            

Нысан


Уәкiлеттi орган басшысына

Өтiнiм

      Пайдаланушы сертификатын (ПС) алуға (ұзартуға) үмiткер толтырады


      Алғаш рет беру/қолданылу мерзiмiн ұзарту
                (керегiнiң астын сызу)

1. Жалпы ақпарат

      1. Компанияның ресми атауы және саудадағы атауы (егер өзгеше болса):


      1) № ________________________________________ ПС өтiнiш берушi;
      2) пайдаланушы «_____________________________________________»;
      3) телефон, факс: ____________________________________________;
      4) электронды поштасының мекенжайы: __________________________.
      2. Заңды мекенжайы, телефоны және факсы: _____________________.
      3. Қызметтiк қосымша мекенжайы: ______________________________.
      4. Жұмысты бастау межеленген күн: ____________________________.
      5. Алғаш рет сертификатталған жағдайда, ұшу-пайдалану агенттiгi
үшiн сұралатын шартты белгiлер.
      6. ИКАО/ИАТА коды (3 әрiптiк/2 әрiптiк, бар болса):
__________________________________/_________________________________.
      7. Басшылар мен негiзгi қызметкерлер.

Лауазымы

Т.А.Ә.

Телефоны, факсы, электронды поштасы

1

2

3

1) Пайдаланушының басшысы

 

 

2) Ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекцияның басшысы

 

 

3) Ұшу қызметiнiң басшысы

 

 

4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөнiндегi басшы

 

 

5) Жер үстi қызмет көрсету жөнiндегi басшы

 

 

6) Персоналды даярлау жөнiндегi қызмет басшысы

 

 

7) Авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшысы

 

 

8) Бортсерiктер қызметiнiң басшысы (жолаушыларды тасымалдайтын пайдаланушылар үшiн)

 

 

9) Сапаны бақылау қызметiнiң басшысы

 

 

2. Техникалық қызмет көрсету және өтiнiш берушi тасымалдарының
түрлерi

      8. Пайдаланушы:


      техникалық қызмет көрсетудi өз бетiмен жүзеге асыруды/техникалық қызмет көрсетудi шарттар негiзiнде орындауды жоспарлап отыр (керегiнiң астын сызу).
      9. Тасымалдаудың ұсынылған түрлерi:
      жолаушылар және жүк/жүк/пошта жөнелтiлiмдерi (керегiнiң астын сызу).

3. Әуе кемелерi мен болжамды ұшулар ауданы туралы ақпарат

      10. Әуе кемелерi туралы мәлiметтер (меншiктi, жалға алынған):


      1) Түрi, моделi және версиясы бойынша әуе кемелерiнiң саны, сондай-ақ ұлттық айырым және тiркеу белгiлерi;
      2) Жолаушы креслоларының саны және/немесе пайдалы жүктелуi (кг, тонна);
      3) Әуе кемесiнiң рұқсат етiлген ең ауыр ұшып көтерiлу салмағы (MTOW).
      11. Әуе кемесiнiң (кемелерiнiң) лизингi туралы келiсiмдердiң деректерi, лизинг мерзiмi, әуе кемелерiн иеленушiнiң атауы мен заңды мекенжайы: __________________________________________________________
      12. Ұшудың болжамды ауданы (аудандары):
      Кариб өңiрi (CAR), Африка және Үндi мұхиты өңiрi (AFI), Еуропа өңiрi (EUR), Таяу Шығыс және Азия өңiрi (MID/ASIA), Солтүстiк Америка өңiрi (NAM), Солтүстiк Атлант өңiрi (NAT), Тынық мұхиты өңiрi (PAC), Оңтүстiк Америка өңiрi (SAM) (керегiнiң астын сызу).

4. Ұшу түрлерi, арнайы шектеулер мен рұқсаттар туралы ақпарат

      13. Ұшу түрлерi:


      тұрақты iшкi/тұрақты халықаралық/тұрақты емес iшкi/тұрақты емес халықаралық (керегiнiң астын сызу).
      14. Арнайы рұқсаттар/мақұлдаулар (әр әуе кемесiне толтырылады):
      1) Көрiну қашықтығы ҰҚЖ (RVR) (метр);
      2) Шешiм қабылдаудың қатысты биiктiгi DH (метр/фут);
      3) Көрiнiс шектеулi болғанда ұшып көтерiлу LVTO RVR (метр);
      4) Ең төменгi навигациялық сипаттамаларға қойылатын талаптар MNPS;
      5) Аймақтық дәл навигация P-RNAV (Precision RNAV);
      6) Аймақтық базалық навигация B-RNAV (Basic RNAV);
      7) Талап етiлетiн навигациялық сипаттамалар (RNP);
      8) Тiгiнен эшелондаудың қысқартылған минимумы (RVSM);
      9) Әуе қозғалысы туралы ақпарат беру және соқтығысудың алдын алу жүйесi (TCAS);
      10) Жерге жақындау туралы сигнал берудiң электронды жүейсi (EGPWS);
      11) Жаһандық навигациялық жерсерiктiк жүйе (GNSS);
      12) Қашықтан әрекет ететiн навигациялық жүйелер (LRNS);
      13) Жан-жаққа бағытталған АЖЖ-радиомаяк (VOR);
      14) Инерциялық тiрек блогi (инерциялық өлшегiш)/ Инерциялық тiрек жүйесi (IRU/IRS);
      15) Қашықтықты өлшеу жабдығы (DME);
      16) Электронды ұшу құжаттамасы (EFB);
      17) Қауiптi жүктер;
      18) Қосалқы әуеайлаққа кететiн уақыт ұлғайтылған ұшуды орындау (EDTO): шектi уақыт _____ (минут), қашықтық ______ (теңiз милi NM);
      19) Қосалқы әуеайлаққа кететiн уақыт ұлғайтылмаған ұшуды орындау (non-EDTO) ______ (минут);
      20) Қосалқы әуеайлаққа дейiн ұшатын ең көп уақыт ________ (минут);
      21) Тұрған жерiн айқындаудың жаһандық жүйесi бойынша қонуға бет алу (GPS Approach) (қолданылатынының астын сызу, қажет болған жағдайда, толтыру).
      Арнайы шектеулер: ____________________________________________.

5. Авиациялық персоналдың даярлығы туралы ақпарат

      15. Персоналдың ұсынылатын даярлығы (ұшу персоналына арналған пилотаждық тренажерлар және/немесе кабина персоналына арналған тренажерлық қондырғылар):


      16. Пайдаланушы сертификатын алуға өтiнiш беру ниетiн растау.

Қолы:

Күнi:

Т.А.Ә. және қызметi:

      17. Уәкiлеттi орган енгiзетiн мәлiметтер:

Өтiнiш пен құжаттардың келiп түскен күнi:

 

Тiркеу нөмiрi:

 

Жауапты лауазымды адам:

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет