Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаудың құрылымы
Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқау, кем дегенде, барлық төменде көрсетiлген элементтердi олардың кәсiптiк даярлаудың iске асырылатын түрлерiне сәйкес келетiн шамасында қамтуы тиiс.
Барлық авиациялық оқу орталықтары үшiн
1. Жалпы ережелер
1. Нұсқауды пайдалану мен қолдану саласына қатысты кiрiспе бөлiм.
2. Мазмұны.
3. Нұсқауға түзетулер енгiзу, оны қайта қарау және тарату:
1) түзетулердi енгiзу тәртiбi;
2) түзетулердi тiркеу бетi;
3) таратылып жiберiлетiн адресаттардың тiзiмi;
4) нақты парақтар тiзбесi.
4. Акронимдер және/немесе қысқартулар тiзбесiн қоса алғанда, анықтамалар мен негiзгi терминдер сөздiгi.
5. Мыналарды:
1) бөлiктер мен бөлiмдердi, олардың сипатталуы мен пайдалануын;
2) тармақтардың нөмiрлену жүйесiн қоса алғанда, нұсқаудың құрылымы мен құрастырылуын сипаттау.
6. Мәлiмделетiн кәсiптiк даярлау бағыттарына сәйкес қызмет саласының сипаттамасы.
7. Ұйым (ұйымдық-басқарушылық құрылым схемасы) және лауазымды тұлғалардың тегi.
8. Мыналарды қоса алғанда (бiрақ шектелмей), басқарушы және негiзгi өндiрiстiк персоналдың жiктемесi, мiндеттерi мен субординация тәртiбi:
1) жауапты басшы;
2) оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi;
3) көрсетiлетiн оқу қызметтерi жөнiндегi менеджер;
4) сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi менеджер;
5) техникалық қызмет көрсету жөнiндегi менеджер (егер қолданылуы мүмкiн болса);
6) ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi менеджер (егер қолданылуы мүмкiн болса);
7) нұсқаушылар;
8) емтихан алушылар, аттестаттаушылар және аудиторлар (егер қолданылуы мүмкiн болса).
9. Мыналарға қатысты саясат:
1) мақсаттар, соның iшiнде этикалық нормалар мен моральдық құндылықтар;
2) персоналды iрiктеу және бiлiктiлiгiнiң тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету;
3) сынақтан өткiзу мен қайта қарау қажеттiлiгiн қоса алғанда, оқу бағдарламаларының құрылымы мен қалыптасуы, сондай-ақ оқу бағдарламаларын әзiрлеу мақсатында тысқары ұйымдарды тарту;
4) оқу материалдары мен құралдарын бағалау, iрiктеу және жаңарту;
5) оқу құралдары мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету;
6) сапаны басқару жүйесiнiң моделiн әзiрлеу және ұстау;
7) ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiнiң моделiн iске асыруды қоса алғанда (қажет болған кезде), еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мәдениеттi әзiрлеу және ұстау.
10. Мыналарды қоса алғанда, қолда бар құралдар мен жабдықтарды сипаттау:
1) үй-жайларды, сақтау қоймаларын және мұрағаттарды, кiтапхананы немесе анықтамалық құжаттамаға арналған үй-жайларды қоса алғанда, ортақ пайдалану құралдары;
2) орнатылған жабдықты қоса алғанда, аудиториялардың саны мен алаңы;
3) егер олар негiзгi оқу объектiсiнiң аумағынан тыс орналасқан болса, жаттығу тренажерлерiнiң, ұшу немесе әуе қозғалысы имитаторларының орналасқан жерiн қоса алғанда, олардың үлгiсi мен саны.
2. Кадрларды даярлау
11. Осы талаптардың 2-бөлiмiнiң 6-бөлiмше ережелерiне сәйкес кадрлық қамтамасыз етуге байланысты барлық аспектiлер егжей-тегжейлi ашылады.
12. Персоналды кәсiптiк даярлау және олардың бiлiктiлiгi стандарттарын қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың тегi немесе лауазымдарының атаулары мiндеттi түрде көрсетiлуге тиiс.
13. Нұсқаушы персоналды аттестаттау және бiлiктiлiгiн айқындау тәртiбiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы келтiрiледi.
14. Басқару жүйесiнiң процестерiне қатысты мiндеттер тiзбесiмен танысуды қоса алғанда, бүкiл персоналды бастапқы даярлау және бiлiктiлiгiнiң деңгейiн ұстау бағдарламаларының егжей-тегжейлi сипаттамасы келтiрiледi.
15. Кәсiптiк даярлау және бiлiктiлiгiн ұстау деңгейiн тексеру рәсiмдерi ашып көрсетiледi.
3. Оқу бағдарламалары
16. Курстың оқу бағдарламасы әр модульмен қамтамасыз етiлетiн теориялық бiлiмге де, сол сияқты тәжiрибелiк оқуға да қатысты оқу мақсаты мен төменде көрсетiлген ақпаратты қамтитын, модульдерге бөлiнген бiрыңғай құжатты бiлдiредi.
17. Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаудың мән мәтiнiнде бөлiмнiң басында қолданылатын оқу бағдарламалары құрылымының егжей-тегжейлi сипаттамасы келтiрiледi. Бұл ретте оқу бағдарламаларының пайдаланылатын құрылымы, кем дегенде, төменде көрсетiлген бөлiмдердi қамтуға және осы қосымшаның 3-бөлiмiнде келтiрiлген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
18. Оқу бағдарламалары кәсiптiк даярлау бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң толық спектрiн қамтуға тиiс және оқу жоспарынан, iске асыру кезiндегi қосымша жағдайлар мен ерекшелiктерден, теориялық даярлау бөлiмiнен (егер қолданылуы мүмкiн болса), тәжiрибелiк даярлау бөлiмiнен (егер қолданылуы мүмкiн болса) тұрады.
19. Оқу жоспары мыналарды қамтуға тиiс:
1) тыңдаушының даярлау нәтижесiнде бiлуi және жасай алуы тиiстiнi баяндау түрiндегi курстың мақсаты, оқуды аяқтағаннан кейiн оның құзыреттiлiгi (орындалатын функциялар) және осы курста оқудан өту үшiн ықтималды шектеулер;
2) мыналарды:
ең төмен жасты;
бiлiмiне немесе бiлiктiлiгiне қатысты талаптарды;
медициналық талаптарды;
тiл талаптарын қоса алғанда, оқуға түсуге байланысты талаптар.
20. Бiлiм алушылардың өткен бiлiмiн, тәжiрибесiн немесе өзге даярлығын есепке алу.
21. Мыналарды:
1) теориялық даярлауды (бiлiм);
2) практикалық даярлауды (дағды);
3) адами фактор саласындағы даярлауды (адамның мүмкiндiктерi бойынша оқу бағдарламаларын әзiрлеу жөнiндегi нұсқаулық материал ИКАО 9683 құжатында қамтылған);
4) аттестаттау мен емтихандарды;
5) аттестаттауды және емтихан алу iс-шараларын қоса алғанда, оқу процесiн бақылауды қоса алғандағы, оқытудың ашып көрсетiлген бағдарламасы.
22. Мыналарға:
1) тыңдаушылар мен нұсқаушыларды оқыту кезеңдерiнiң ұзақтығына қатысты шектеулерге;
2) ең аз демалыс ұзақтығына (егер қолданылуы мүмкiн болса) қатысты уақытша шектеулер.
23. Мыналарды қоса алғанда, тыңдаушыларды аттестаттаудың басшылыққа алынатын қағидаттары:
1) тестiлердi жүргiзудi бекiту тәртiбi;
2) қайта тестiлеу алдындағы қосымша даярлау тәртiбi және бiлiмдi тексеруге арналған тестiлердi қайта тапсыру тәртiбi;
3) тестiлер хаттамалары мен нәтижелерiн тiркеу;
4) дағдыны алу барысын тексеру тәртiбi және дағдысын қолдануға арналған тестiлер;
5) теориялық даярлау барысын тексеру тәртiбi және бiлiмдi тексеруге тестiлеудi дайындау тәртiбiн, сұрақтар мен бағалау үлгiлерiн, сынақ немесе емтихан алу үшiн қажеттi нормаларды қоса алғанда, бiлiмдi тексеруге арналған тестiлер;
6) сұрақтарды талдау және қарау мен жаңа емтихандарды жүргiзу тәртiбi (бiлiмдi тексеруге арналған тестiлерге қатысты қолданылады).
24. Мыналарды қоса алғанда, оқыту тиiмдiлiгiнiң басшылыққа алынатын қағидаттары:
1) оқу бөлiмшелерi арасындағы өзара iс-қимыл жасау тәртiбi;
2) есептiлiк пен құжаттамаға қойылатын талаптар;
3) оқытудың кемшiлiктерiн анықтау үшiн керi байланыстың iшкi жүйесi;
4) стандарттауды қамтамасыз ету мақсатында даярлаудың әртүрлi кезеңдерiнде оқыту бағдарламасын орындау нормалары;
5) тыңдаушылардың жеке мiндеттерi;
6) оқытудың қанағаттандырылмаған барысын түзету тәртiбi;
7) нұсқаушыларды алмастыру тәртiбi;
8) бiр тыңдаушыға есептегенде нұсқаушыларды алмастырудың ең жоғары саны;
9) тыңдаушыны сабақтардан уақытша шеттету тәртiбi.
25. Егер АОО нәтижесi авиация персоналының куәлiгiн беру немесе бiлiктiлiк белгiсi болып табылмайтын курстарды жүргiзетiн болса, онда осындай курстардың оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) талаптарды және әрбiр пән бойынша даярлау мақсаттарын айқындаумен теориялық және тәжiрибелiк даярлаудың оқу жоспары;
2) тиiстi мерзiмдiлiкпен негiзгi жаттығулардың тiзбектiлiгiн оқу және қайталау үшiн неғұрлым тиiмдi оқыту бағдарламаларын iске асыру мақсатында кезеңдердi құру сұлбаларын көрсетумен оқыту курсын кезеңдерге бөлу тәртiбiн баяндау;
3) әрбiр кезең үшiн және әр кезеңнiң шеңберiнде сабақтар сериясы үшiн бағдарлама бойынша оқу сағаттары және оқу барысын тексерудi жүргiзу мерзiмдерi;
4) бiр даярлау кезеңiнен басқа даярлау кезеңiне өту үшiн қажеттi бiлiктiлiктiң деңгейлерiн көрсету (тәжiрибеге қойылатын ең аз талаптар, кезектi кезеңге өтер алдында тәжiрибелiк жаттығуларды қанағаттанарлық орындау);
5) оқу әдiстемесiне қойылатын талаптар;
6) үлгерушiлiктi тексерудi жүргiзудi және құжаттық рәсiмдеу;
7) қажет болған кезде емтихандар мен тестiлерге қатысты нұсқаулықтар.
4. Куәлiктi немесе бiлiктiлiк белгiсiн беру мақсатында
жүргiзiлетiн емтихандар, тестiлер мен тексерiстер
26. Осы бөлiм азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның рұқсатына сәйкес куәлiктi немесе бiлiктiлiк белгiсiн беруге байланысты тестiлеудi жүзеге асыратын не осындай қызметтi жоспарлайтын АОО үшiн талап етiледi.
27. Бұл жағдайда осы талаптардың 84-тармағында көрсетiлген барлық аспектiлер егжей-тегжейлi ашып көрсетiледi.
5. Есепке алу құжаттамасы
Осы бөлiмде мыналарға:
1) сабақтарда болу журналдарына;
2) тыңдаушылардың оқуын есепке алуға;
3) өз персоналын даярлауға және оның бiлiктiлiгiн есепке алуға;
4) есепке алу құжаттамасы мен тыңдаушылар журналдарын тексеруге жауапты тұлғаларға;
5) есепке алу құжаттамасын тексерудiң сипаты мен кезеңдiлiгiне;
6) есепке алу құжаттарына жазбалардың енгiзiлуiн стандарттауға;
7) журналдарға жазбалар енгiзуге;
8) есепке алу жазбалары мен құжаттарының сақталуына қатысты саясат пен рәсiмдер егжей-тегжейлi ашып көрсетiледi.
6. Сапаны қамтамасыз ету жүйесi
Осы бөлiм осы талаптардың 2-бөлiмiнiң 3-бөлiмше ережелерiне сәйкес сапаны қамтамасыз ету жүйесi тәжiрибесiнiң қысқаша сипаттамасы болып табылады.
7. Ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесi (егер қолданылуы мүмкiн
болса)
Осы бөлiм осы талаптардың 2-бөлiмiнiң 4-бөлiмше ережелерiне сәйкес ұшу қауiпсiздiгiн басқару жүйесiнiң егжей-тегжейлi сипаттамасы болып табылады.
8. Толықтырулар
Осы бөлiм осы талаптардың 2-бөлiмiнiң 1-бөлiмшесiнде көрсетiлмеген қажеттi қосымша құжаттардың тiзбесiнен және олардың егжей-тегжейлi сипаттамасынан тұрады.
Әуе кемелерiн пайдалана отырып, пилоттарды бастапқы даярлауды
жүзеге асыратын АОО үшiн қосымша мазмұн
Әуе кемелерiн пайдалана отырып, пилоттарды даярлауды қамтамасыз ететiн АОО үшiн Персоналды даярлау және рәсiмдер жөнiндегi нұсқаудың бөлiмдерi, бөлiмде көрсетiлгендерден басқа, қолданылу мүмкiндiгiн ескере отырып, кем дегенде барлық төменде көрсетiлген элементтердi қамтуы тиiс.
Осы бөлiмдердiң мазмұнын қалыптастырған кезде оның ұшуға даярлықтың барлық аспектiлерiн түгел қамтуға тиiс екендiгiн және машықтанып жаттығу ұшуларды жүргiзу жөнiндегi жекелеген нұсқауды құрастыруға әкелмеуге тиiс екендiгiн есепке алу талап етiледi.
9. Ұшуға даярлық.
Жалпы ережелер
28. Мыналарды қоса алғанда, бiрақ шектелмей, басқарушы және негiзгi өндiрiстiк персоналдың жiктемесi, мiндеттерi мен субординация тәртiбi (осы қосымшаның 8-тармағында көрсетiлгенге толықтыру ретiнде):
1) бас пилот-нұсқаушы;
2) жерүстi даярлау жөнiндегi бас нұсқаушы.
29. Мыналарға:
1) ұшуды бекiтуге;
2) әуе кемесi командирiнiң мiндеттерiне;
3) ұшуды жоспарлау рәсiмдерi – жалпы ережелерге;
4) жолаушыларды тасымалдауға;
5) ұшуды басқару жүйелерiне;
6) қауiптер көздерi, авиациялық оқыс жағдайлар мен оқиғалар туралы хабарламаларды беруге;
7) жұмыс уақытына және ұшу құрамы мен тыңдаушылардың ұшатын жұмыс уақытының шектеулерiне;
8) ұшу құрамы мен тыңдаушылардың демалуының ең аз ұзақтығына қатысты саясат пен рәсiмдер (осы қосымшаның 9-тармағына толықтыру ретiнде).
30. Мыналарды:
1) ұшу жағдайларын имитациялайтын тренажерлердi және машықтанып жаттығу әуе кемелерiн;
2) техникалық қызмет көрсету құралдарын және машықтанып жаттығу әуе кемелерi тұрақтарының перрон орындарын;
3) компьютерлермен жабдықталған аудиторияларды;
4) нұсқама алу үшiн диспетчерлiк жайлар мен үй-жайларды қоса алғанда, қолда бар құралдар мен жабдықтардың сипаттамасы (осы қосымшаның 10-тармағына толықтыру ретiнде).
10. Әуе кемелерiн пайдалану жөнiндегi ақпарат
31. Сертификаттау және пайдаланушылық шектеулер.
32. Мыналарды:
1) ұшу-техникалық шектеулердi;
2) бақылау карталарын пайдалануды;
3) пайдаланудың стандарттық ережелерiн;
4) әуе кемесiне техникалық қызмет көрсету ережелерiн қоса алғанда, әуе кемесiн басқару.
33. Әуе кемесiн жүктеу мен жүктi бекiту жөнiндегi нұсқаулықтар.
34. Отын құю қағидалары.
35. Авариялық жағдайдағы iс-қимыл тәртiбi.
11. Маршруттар
36. Әуелеп ұшып шығу, маршрут бойынша ұшу және қондыру сияқты ұшу-техникалық критерийлерi.
37. Мыналарды:
1) отын мен майға қатысты талаптарды;
2) ұшудың ең төмен қауiпсiз биiктiктерiн;
3) штаттан тыс жағдайдағы немесе маршруттан ауытқыған кездегi iс-қимылдар тәртiбi сияқты төтенше оқиғалар жағдайына жоспарлауды;
4) навигациялық жабдықты қоса алғанда, ұшу жоспарын жасау тәртiбi.
38. Күндiз, түнде, АҰҚ және ВҰҚ бойынша барлық машықтанып жаттығу ұшуларын орындауға арналған ауа райы минимумдары.
39. Даярлаудың әртүрлi кезеңдерiнде барлық машықтанып жаттығу ұшуды орындауға арналған ауа райы минимумдары.
40. Оқу маршруттары мен практикалық сабақтар аймақтары.
12. Машықтану ұшуларының жоспары
41. Қолданыла алатындығын ескерудi қоса алғанда, курс не кәсiптiк даярлау курсы бөлiмi (осы қосымшаның 3-бөлiмiнiң ережелерiне толықтыру ретiнде):
1) курс не ұшуға даярлау курсының бөлiмi (бiр қозғалтқышты әуе кемесi);
2) курс не ұшуға даярлау курсының бөлiмi (көп қозғалтқышты әуе кемесi);
3) курс не теориялық даярлау курсының бөлiмi;
4) курс не ұшу жағдайларын имитациялайтын жаттығу тренажерлерiнде даярлау курсының бөлiмi.
42. Ұшуға даярлаудың, жерүстi даярлаудың және ұшу жағдайларын имитациялайтын тренажерлерде даярлаудың күнделiктi және апта сайынғы бағдарламаларының жалпы сұлбасы.
43. Мынадай аспектiдегi даярлау қағидаттары:
1) күрделi метеожағдайлар бойынша шектеулер;
2) күнiне/аптасына/айына тыңдаушыларды оқытудың ең көп уақыты (ұшуға даярлау, теориялық даярлау және пилотаждық тренажерде даярлау);
3) тыңдаушыларды оқыту кезеңдерiне қатысты шектеулер;
4) әртүрлi сатыларда оқу ұшуларының ұзақтығы;
5) нақты уақыт кезеңiнде күндiз немесе түнде тыңдаушы жеке өзi ұшқан сағаттардың барынша көп саны;
6) нақты уақыт кезеңiнде күндiз немесе түнде тыңдаушының жеке оқу ұшуларының барынша көп саны;
7) оқу кезеңдерi арасындағы демалудың барынша аз ұзақтығы.
Авиациялық оқу
орталықтарына қойылатын
сертификаттау талаптарына
2-қосымша
Сапа жөнiндегi нұсқаудың құрылымы
Сапа саласындағы саясат 1-қосымшаға 2-толықтырудың тиiстi бөлiктерiнiң және 9841 ИКАО құжатының, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң және АОО-ның ықтималды қосымша стандарттарының талаптарын тұрақты негiзде iске асыру мен сақтауды көрсетедi.
1. Сапа саласындағы стратегия мен саясат
1. Барынша ықтималды сапа стандарттарына қол жеткiзу және қамтамасыз ету жоспарында АОО жауапты басшысының мiндеттемелерiн көрсете отырып, АОО барлық ұйымдық деңгейлерiндегi сапа саласында қолданылатын саясат пен стратегияны негiздеу, iске асыру рәсiмдерi, қайта қарау, iс-шараларды жоспарлау.
2. Сапаны қамтамасыз ету жүйесi үшiн жалпы жауапкершiлiктi, iшкi басқару әдiстерiн қайта қарау және талдау жөнiндегi iс-шаралардың мерзiмдiлiгiн, нысаны мен құрылымын қоса алғанда, АОО басшысының жауапкершiлiгi.
3. Егер АОО құрылымында көзделген болса, онда сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердiң орындалуы үшiн жауапкершiлiктi АОО сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi маманға жүктеу.
4. АОО белгiлеген стандарттар мен азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның кез келген қосымша талаптарын орындауға авиация мамандарын даярлау саласында АОО барлық қызметiн мониторингiлеу арқылы тексерудi қоса алғанда, сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi маманның негiзгi функциялары.
5. Сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi маманның сапаны қамтамасыз ету жүйелерiн тиiсiнше құжаттық ресiмдеу, енгiзу, ұстау, тұрақты талдау және жетiлдiру үшiн жауапкершiлiгi.
6. Кәсiптiк даярлау сапасына ықпал ететiн проблемалар туралы АОО жауапты басшысының толық хабардар болуын қамтамасыз ететiн бағыныштылық, есептiлiк тәртiбi, сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi маманның АОО барлық бөлiмшелерiне кедергiсiз қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
7. Сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi маманның сапаны қамтамасыз ету жүйесiне байланысты АОО персоналының кәсiптiк даярлығын жүргiзу үшiн жауапкершiлiгi.
2. Сапаны қамтамасыз ету (СҚ)
8. Осы бөлiмдi әзiрлеген кезде көрсетiлетiн қызметтердi тексеру мен бақылаудың – өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтердегi ақаулықтарды анықтауға бағытталған, бiрақ осы ақаулықтары болдырмауды қамтамасыз етпейтiн «сапаны бақылау» шаралары ғана екенiн есепке алу керек. СҚ мақсаты азаматтық авиация мамандарын кәсiптiк даярлау процесiн жетiлдiру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ проблемалардың туындауының басты себептерi болып табылатын факторларды анықтау, болдырмау немесе, кем дегенде, барынша азайту болып табылады. СҚ әртүрлi бақылау кезеңдерi мен тетiктерiн белгiлеу арқылы бүкiл оқу процесi барысында стандарттардың тұрақты сақталуын көздейдi. Содан басқа, СҚ ресми бекiтiлген саясатты, процестердi, рәсiмдердi мүлтiксiз сақтау мақсатында аудит жүйесiн көздейдi және оны «қамтамасыз ететiн» сапаны басқарудың сол бөлiгi болып табылады.
9. Осы мақсатпен кем дегенде, мынадай iс-шараларға жататын қағидаттар, рәсiмдер мен процестерден тұратын СҚ жоспары жасалады:
1) кәсiптiк даярлау бойынша ұсынылатын қызметтер мониторингi және оқу процесiн бақылау тетiктерi;
2) бағалау мен тексеру әдiстерiнiң мониторингi;
3) АОО персоналының бiлiктiлiк және даярлық деңгейiнiң мониторингi;
4) оқу тренажерлерiнiң сәйкес болуының, бапталуының және функционалдығының мониторингi (егер қолданылуы мүмкiн болса);
5) iшкi және сыртқы аудиттi жүргiзу;
6) түзетушi және профилактикалық iс-шараларды, сондай-ақ олармен байланысты есептiлiк жүйелерiн әзiрлеу, iске асыру және мониторингiлеу;
7) туындайтын беталыстарды анықтау және оларға тиiсiнше ден қою үшiн тиiстi статистикалық талдауды қолдану.
3. Сапаны қамтамасыз ету жүйесi
10. Осы бөлiмдi әзiрлеген кезде келiсiлген күш-жiгердi жұмсау арқылы сапаны қамтамасыз ету жүйесiнiң сапаны басқаруға кешендiк тәсiлдi қамтамасыз етуге бағытталған АОО барлық iс-шараларының, жоспарларының, саясатының, процестерiнiң, рәсiмдерiнiң, ресурстарының, бастамалары мен инфрақұрылымның жиынтығын бiлдiретiндiгiн есепке алу керек.
11. Бұл үшiн осы бөлiмде сапаны басқару саласында озық тәжiрибенi енгiзу арқылы жоғары сапаға қол жеткiзгенi үшiн барлық қызметкерлердiң жауапкершiлiгiн нығайтатын құжаттамалық саясаттың, процестердiң, рәсiмдер мен ресурстардың толық жиынтығын қамтитын әзiрленген ұйымдық құрылым келтiрiледi.
12. Сапаны қамтамасыз етудiң тиiмдi жүйесiнiң негiзгi элементтерi кем дегенде мыналарды қамтуға тиiс:
1) шешiмдердi қабылдауға жауапты тұлғаларға сөзсiз және кедергiсiз қолжетiмдiлiктi жеңiлдететiн және ықпал ететiн басқару құрылымы;
2) барынша аз талаптарды құр сақтап қана қоймай, барынша көп даярлау сапасын қамтамасыз ететiн АОО-ның кешендi мiндеттемесi;
3) сапа саласында әзiрленген саясат, процестер мен рәсiмдер, сондай-ақ қолдану, қайта қарау және оңтайландыру тәртiбi;
4) сапаны басқаруда озық тәжiрибенi енгiзу мен таратуды қамтамасыз ететiн АОО персоналын кәсiптiк даярлау жоспары;
5) ұйым тәуекелдерiнiң сипаттамасы және жиынтығында АОО қызметiне байланысты қауiптердiң түбегейлi тiзбесiн қалыптастыратын және тиiмдiлiктiң қалаулы стандарттарына қол жеткiзуге қауiп төндiретiн тәуекелдердi тиiмдi басқару бойынша өтеу шараларын белгiлейтiн тәуекелдердi басқарудың тиiстi жоспары;
6) салада өзгерiп жатқан беталыстарды немесе АОО iшiнде болып жатқан өзгерiстердi есепке ала отырып, олардың орындылығын тексеру негiзiнде АОО ағымдағы мiндеттерi мен жоспарларын бағалайтын саясат пен рәсiмдердi стратегиялық қайта қарау.
4. Тәуекелдер сипаттамасы
13. Осы бөлiмдi әзiрлеген кезде тәуекелдер сипаттамасы тиiмдiлiктiң қажеттi стандарттарын сақтауға кедергi жасауы мүмкiн анықталған қауiптер мен қатерлердi түгендеу екенiн ескеру керек.
14. «Сапаға қауiптер» тiзбесiн қалыптастыру, кем дегенде, мыналарды қамтитын оқу бағдарламаларын iске асыру кезiнде оған тән болатын iс-шараларды бастапқы жасау арқылы жүзеге асырылады:
1) АОО персоналын iрiктеу және оқыту;
2) оқу бағдарламаларын әзiрлеу, сынақтан өткiзу және қайта қарау;
3) оқу курсының бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн әзiрлеу және өзектiлендiру;
4) оқу бағдарламасын қамтамасыз ету жөнiндегi әкiмшiлiк персоналдың, нұсқаушылар мен емтихан алушылардың, сондай-ақ тыңдаушылардың мiндеттерi;
5) кәсiптiк даярлау бағдарламаларын iске асыру;
6) құжаттаманы жүргiзу;
7) бағалау және емтихандық тексеру тәртiбi;
8) бiлiм алушылармен және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен керi байланыс жасау тәртiбi.
15. Қалыптастырылған тiзбе оқу бағдарламаларын iске асыру кезiнде осы iс-шаралардың әрбiреуiне байланысты қауiптер мен қатерлер туралы мәлiметтермен толықтырылады.
16. Осы процесс нәтижесiнде анықталған тәуекелдер сондай-ақ қолданыстағы мән-жайларды немесе жағдайларды өзгерткен кезде көрiнiс табуы мүмкiн әлеуеттi тәуекелдердi қамтуға тиiс.
17. Тәуекелдердi (бар немесе әлеуеттi) төмендету және/немесе жою, сондай-ақ тиiстi бақылау шараларын қолдану арқылы оларды тиiмдi басқару мақсатында Тәуекелдердi басқару жоспары жасалады.
18. АОО персоналының оны дәл орындауы және жақсарту бойынша пiкiрлердi қалыптастыру мақсатында тәуекелдердi басқарудың қолданыстағы жоспарына еркiн қолжетiмдiлiгi болуға тиiс.
5. Талаптардың келiсiлгендiгiнiң матрицасы
19. Осы бөлiмдi әзiрлеген кезде нормативтiк құжаттаманы қолдануға байланысты барлық аспектiлердi есепке алып, төменде көрсетiлген ұсынымдарды ұстану керек.
20. Осы бөлiмде АОО сақтауға мiндеттi барлық қолданыстағы нормативтiк талаптарды егжей-тегжейлi қамтитын, кесте түрiнде ресiмделген құжат түрiнде болатын Талаптардың келiсiлгендiгiнiң матрицасы (сәйкестiк матрицасы) деп аталатын жоғарыда көрсетiлген iс-шараларға қосымша элемент ашып көрсетiледi.
21. Сонымен қатар, келiсiлгендiк матрицасы:
1) нақты нормативтiк-құқықтық актiге және/немесе стандартқа тұрақты сәйкестiктi қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы процестердi;
2) әрбiр процестi тиiмдi жүзеге асыру үшiн жауап беретiн басшының лауазымын айқындайтын кем дегенде екi сипаттаушы элементтi қамтуға тиiс.
22. Келiсiлгендiк матрицасында аталған процестердiң әрбiреуiнiң функционалдығын тексеруге арналған соңғы өткiзiлген және кезектi жоспарланған аудиттер көрсетiледi.
23. Кез келген соңғы аудит барысында жасалған қорытындылар матрицада көрсетiледi немесе бөлек журналда құжаттамалық ресiмделедi.
24. Талаптардың келiсiлгендiгi матрицасын сапаны қамтамасыз ету жөнiндегi маман жасайды, жүргiзедi және оны қайта қарау процестерiн бақылайды.
25. АОО персоналының оны дәл орындауы және жақсарту бойынша пiкiрлер қалыптастыру мақсатында ағымдағы келiсiлгендiк матрицасына еркiн қолжетiмдiлiгi болуға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |