Қазақстан Республикасы Үкіметінің



Дата03.07.2016
өлшемі38.96 Kb.
#175320
Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2014 жылғы 23 мамырдағы 
№ 538 қаулысымен     
бекітілген       

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек
көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


      2. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
      4. Мемлекеттік қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі


      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:
      психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру бойынша – күнтізбелік 15 күннен аспайды;
      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беру бойынша – 1 (бір) сағаттан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      Психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жазбаша қорытынды болып табылады. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі жазбаша ұсыным болып табылады
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: дүйсенбі – сенбі аралығында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
      Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
      Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы);
      2) бар болса – мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі;
      3) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы.
      Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
      1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары: № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны;
      2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме; 
      3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да өнімдері.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық
маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы
бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін
мемлекеттік қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі


      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына;
      шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы
      1) органдарының интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.
      Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады. 
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің
ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар


      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет