429-тармағына сәйкес сынаумен шектелген жеткілікті.
Кезектен тыс куәландыру және сынауды жүргізу Куәлікпен расталады.
440. Жүк көтергіш құрылғысының авариялық жағдайынан соң оны пайдалану кезінде техникалық себептерін анықтап, шектеу үшін кезектен тыс куәландыру жүргізіледі.
Бұл жағдайда куәландырудың қажетті көлемі Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен белгіленеді. Куәландыру құрылғыға қатысты құжаттардың қоданылу мерзімінен тәуелсіз жүргізіледі.
49. Тозу нормалары
441. Бұл нормалар болжамалы болып келеді және жұмыс сипаты элементі және тозу түрінен алғанда өзгеруі мүмкін. Элементтің беріктілігі мен сенімділігіне тозудың әсерін анықтау үшін есептеу әдістерін қолдануға болады.
Нормалар аса ауқымды тозған орындарға қатысты болады.
442. Жуандығы мен диаметрі бойынша 10% және одан да асатын тозған бөлшектер, сондай-ақ сынықтары бар бөлшектер пайдалануға жарамайды.
Жебелердің өкшелерінің вертлюгаларының және айырларының шарнирді қосылуларының, топенант желкелердің вертлюгаларының тозғандықтарын анықтау кезінде оларға сырғанау мойынтірегі тәріздес қарау керек. Сонымен қатар диаметр бойынша алшақтану шығарушы нормасына сәйкес келуі қажет.
443. Болаттан жасалған трос қолданылмайды, егер:
1) оның ұзындығының кез келген жерінде 10 диаметрге тең келетін, сым үзілулері 5 % құрайтын және одан асса;
2) тростан сымдардың беруіне қарай шығуы анықталса;
3) егер тарам үзілген болса;
4) сымдардың тегістелген түсіндегі аса ауқымды тозу байқалса;
5) коррозия, әсіресе ішкі коррозия анықталса;
6) үзілген сымдар тек бір тарамда анықталса, немесе он диаметрден асатын ұзындықтағы бөлікте қамтылса, не болмаса тростың темір қысқыштарының орнықтырылатын жерлерінде пайда болса;
7) темір қыстырғышқа бекітілгендерден бірнеше үзілген сымдар анықталса, оларды пайдалануға тыйым салынады.
444. Табиғи және синтетикалық тростар тозған кезде, деформациялануы кезінде пайдалануға тыйым салынады.
445.Темір діңгектер мен бағыттағыштар, шығырлар іргетастары, сондай-ақ крандардың металконструкциялары мен алмалы бөлшектер қабырғаларының 80 % жуандығы кезінде және олардың алғашқы жуандығы кезінде пайдаланылуға рұқсат етілмейді.
446. Лифтердің бөлшектерінің тозуы шығарушы зауытпен анықталған нормалардан немесе мынадай көрсетілгендерден аспайды:
1) манжет пен сальниктік тығыздықтың тозуы майдың ағуынан байқалады;
2) тежегіштің электрмагнитті зәкірі арасында алшақтама 4 мм аспауы қажет;
3) арқан және арқан өткізу шкивінің арасындағы алшақтама 2 мм аспауы қажет;
4) арқан өткізу шкивінің біркелкі емес жырашықтарының арқандардың байланысты өшірусіз жүргізілуіне мүмкіндік туғызатын балансир рычагының айшықтануын бақылайтын бір бірінен ара қашықтық шегі бірдей болмаса;
5) жырашықтар аса ауқымды тозса, шкив жаңаға ауыстырылуы тиіс. Жырашықтарды өткірлеу бір рет ғана жүргізіледі;
6) кеме лифтерінің жұмыс қалпындағы болаттан жасалған арқандарының сапасыз болуы Қағиданың 25-қосымшасына сәйкес арқан тартымының бір қадамдай болатын ұзындығында сымдардың үзілуі санынан белгілі болады, осы аталғандар байқалса, олар пайдаланылмауы керек.
Тартымның бір қадамындай болатын қашықтықта сымдардың үзілу саны осы Қағиданың 25-қосымшасына сәйкес сапасыз жасалғандықтың белгісі, олар арқандарға арналған осы қосымшада көрсетілген мәліметтерден алынады.
Мысалы, 8х19 = 152 конструкциядағы арқан үшін бір органикалық ортасы бар сым 6х19 = 114 болып табылады. Брак белгісін анықтау үшін осы Қағиданың 24-қосымшасында берілген мәліметтер (тартымның бір қадамы бойына келетін үзілу саны) 6х19 = 114 арқаны үшін 96:72 = 1,33 қолданылады, мұнда 96:72 — бұлар бірден бір арқанның тарамдарының ішкі қабатындағы сымдардың саны болып келеді.
Арқанда беткейінің тозуы немесе коррозия анықталған болса, сымдардың үзілуінің саны осы Қағиданың 26-қосымшасына сәйкес брак белгісі ретінде кішірейтіледі.
Тозу немесе коррозия кезінде алғашқы диаметрдің 40% және одан да астамында арқан брак болады.
Егер лифттің кабинасы екі арқан арқылы іліктірілсе, арқанның әрқайсысы жеке жеке бракталады, оның тозыңқыраған бір арқанын ауыстыруға рұқсат беріледі.
Саны бракталған көрсеткішке жетпейтін және сымның жоғарғы беткейінің тозу санына жетпейтін тарамдардағы үзілулер анықталса, арқанды жұмыс кезінде нақты бақылап отырып ғана пайдалануға беріледі.
Арқанда тарамдардың үзілгенін байқаған кезде арқанды одан әрі жұмысқа пайдаланылуға рұқсат етілмейді.
Арқан тарамдарындағы сымдардың үзілу саны 20 аспауы тиіс.
Егер лифт кабинасы үш және одан да астам арқанмен іліктірілген болса, оларды брактау әр арқанның тарамының ұзындығындағы сымдардың үзілу санынан алғандағы орта арифметикалық мағына бойынша жүргізіледі.
Сонымен қатар, арқандардың бірінен сымдардың үзілуінің жоғарылаған саны рұқсат етіледі, бірақ ол осы Қағиданың 25-қосымшасында көрсетілгенмен салыстырғанда 50 % аспауы қажет.
447. Кабина табандықтарының төстемелері мен қарсы салмақтың тозуы егер жұмыс беткейіндегі қосынды алшақтық 4 мм аспаса, ал қосынды торцті алшақты (штихсалмағы бойынша) 8 мм аспаса жүргізіледі.
448. Тежегіш құдықшалардың төстемелері олардың жуандығы орта есеппен Ң дейін жұқарғанша пайдаланыла береді, ал шеткі жақтарында 1/3 дейін жұқарса пайдаланылмайды.
449. Редуктордың бұрамдалық қосақталуының тозуы люфтінің үлкендігі бойынша тексеріледі.
Кабинаға және қарсы салмаққа бағытталатын арқан тармақтарын бірыңғай тарту кезінде (немесе арқандардың толық төмендеуі кезінде) қысылған тежегіш құдықшалар кезінде жақшалыпты штурвалмен оңға және солға бұрайды. Бұрамдықтың әдеттегі жүрісі бос жүрістің 1/10 аспайды.
11-бөлім. Құжаттар және таңбалау
50. Құжаттар
450. Кеме қатынасы тіркелімімен куәландырылуы тиіс кемелердің, жүзбелі қондырғылардың, жүк көтергіш құрылғылардың мынадай құжаттары (орнатылған құрылғыларға сәйкес) болуы тиіс:
1) Кеменің жүк көтергіш құрылғыларының тіркеу кітабы;
2) Жүк көтергіш құрылғыларын сынау және толық куәландыру туралы куәлігі;
3) Қосақталған жүк бағыттағыштарын сынау және толық куәландыру туралы куәлігі;
4) Ауыстырылатын және алмалы-салмалы бөлшектерді сынау және толық куәландырылуы туралы куәлігі;
5) Болаттан жасалған тросты сынау және толық куәландыру туралы куәлігі;
6) Лифтерді сынау және толық куәландыру туралы куәлік;
7) Шығарушы-зауыттың табиғи және синтетикалық тростарды шығарудағы сертификаты;
8) Кеменің қосақталған жүк бағыттағыштары мен крандарымен жұмыс бойынша нұсқаулығы болады.
451. Тіркеу кітабына және Куәлікке жазбалар орыс тілінде жазылады, ал халықаралық рейстар жасайтын кемелерде сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады.
452. Сыналған бөлшектің нақты сипаттамасы стандарт бойынша шартты белгіні қамтуы керек немесе стандартты емес бөлшектер үшін шекті жұмыс жүктемесін, материал маркасын, термиялық өңдеу түрін, сондай-ақ мыналарды:
1) қапсырмалар үшін - істік диаметрі, ал әдеттен тыс жағдайда қапсырманың артқы бөлігінің диаметрі мен жарықтағы буын мөлшерін;
2) блоктардың вертлюгалық іліктірілуінде, вертлюгалар мен талрептарда - бұранда диаметрін;
3) блогтар үшін - жырашық түбі бойынша шкив диаметрі және кіндік диаметрін;
4) шынжырлар үшін - буынның калибрі мен түрі (қысқабуынды ұзынбуынды);
5) қосатын буындар үшін - буын калибрі және оның ұзындығы қамту керек.
453. Осы Қағиданың талаптарына балама болып келетін талаптары Кеме қатынасы тіркелімімен белгіленетін басқа сыныптау қоғамның қолданыстағы құжаттарының болуы жүк көтергіш құрылғысын қауіпсіз пайдалануға жарамды екендігін тануға жеткілікті болады. Егер жүк көтергіш құралының техникалық жай-күйіне немесе оның құжаттарға сәйкес келмеу бойынша күмән туындаған жағдайда, тиісті құжаттардың ұсынылуысыз, бұл жүк көтергіш құрылғы осы Қағиданың тиісті тармақтарына қатысты сыналуы және куәландырылуы тиіс.
51. Таңбалау және белгілеу
454. Барлық ауыстырылатын және алмалы-салмалы бөлшектер сынама жүкпен сыналғаннан кейін осы Қағиданың 45-тарауына сәйкес куәландырылу кезінде оң нәтиже алған болса, таңбалануы және белгіленуі тиіс. Сонымен қатар мынадай мәліметтер жазылады:
1) оның алдында SWL, т болуымен, шекті жұмыс жүктемесіне сәйкес келетін жүк көлемі;
2) сыналған айы мен жылы;
3) бөлшектің ерекшеленетін нөмірі;
4) Кеме қатынасы тіркелімінің (тіркелімнің жіктелу және техникалық есепке алу бойынша бас инженерінің қадағалауындағы сынау кезіндегі) немесе кәсіпорынның (құзырлы тұлғамен сынау кезінде) белгісі;
5) оның алдында TW, т (көтергіш траверс, белдемдер, рамалар және спредерлер) өзіндік көлемі;
6) осы Қағиданың 27-қосымшасына сәйкес болат санаты.
Таңбалау және белгілеу бөлшектердің мынадай жерлерінде жүргізіледі:
гактарда - бүйір жақ бетінің бірінде, ал екіайырлы гактарда - айырларының арасындағы кеңейтілген бөлігінде;
вертлюгаларда - құлақшын өзектің өтетін жолының кеңейтілген бөлігі беткейінің біріне;
блоктарда - құрсауында немесе қалқанында (егер құрсаулары болмаса, құлақшын және кіндік шкиві арасына);
блоктардың крестті айырларында - бүйір бетінің ортасына;
блоктардың вертлюгалық іліктірілімінде - құрсаудың бүйірлік жағы беткейіне, штырьге жақын арада;
тросты патрондарда - конустың бөлігіне;
шынжырларда-орамының әр соңы буынында;
қосу буындарына-бүйір жағы бетінің біріне, ал ерекшеленетін нөмірі құлыптың орталық қойылымына;
талрептерге - жалғастырғыштарға, ал ерекшеленетін нөмірі сондай-ақ құлақшынында немесе айырында белгіленуі тиіс;
алмалы-салмалы бөлшектерде (жүкқарпығыш тетіктер) - тірекке жақын келетін алып жүретін рама немесе белдемнің жақсы көрінетін және қорғалған жеріне. Әмбебап жабдығына арналған алмалы бұрылатын спредерлері ерекшеленетін нөмірмен таңбаланады.
Бөлшектерді таңбалау мысалдары осы Қағиданың 28-32-қосымшаларында көрсетілген.
Бөлшектер кіші көлемде болса, таңбалау және белгілеу орындары жеткіліксіз болады, онда сынауды жүргізген айды және жылды көрсетпеуге рұқсат етіледі.
455. Осы Қағиданың 418-тармағына сәйкес сыналған крандарға, шығырларға және тартпаларға таңбалар және белгілеулер куәландырудың оң нәтижелері жағдайында мыналарды қамтитын марка қойылады:
1) алдына SWL (тартқыш күшейтілім, топенант тартылымы, кН) әріптері көрсетілген жүк көтергіштік, т;
2) сынау жүргізген ай мен жыл;
3) ерекшеленетін нөмір;
4) Кеме қатынасы тіркелімінің (Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерінің бақылауымен сынақ жүргізген кезде) белгісі.
456. Осы Қағиданың 421-тармағына сәйкес сынамалы жүктемемен сыналған әрбір жүк көтергіш құрылғысына, куәландырудың оң нәтижесі жағдайында, сынаудан кейін мынадай мәліметтерді қамтитын марка қойылады:
1) алдына SWL әріптері (тартқыш күшейтілім, топенант тартылымы, кН) көрсетілген, жүк көтергіштік, т; бағыттағыштар үшін, сондай-ақ төмен қарай ең кіші бағыттау, ал ауыспалы ұшырылатын механикаландырылған бағыттағыштар мен крандарға - шекті ең аз және ең көп аралықтар; жүк көтергіштіктің бағыттағыштың ұшы ауысу кезінде белгіленген жүк көтергіштікке ең аз немесе ең көп аралықтар; жолаушылар лифттері үшін - жолаушылардың шекті саны;
2) сынаудың айы мен жылы;
3) ерекшеленетін нөмір;
4) Кеме қатынасы тіркелімінің таңбасы.
Таңбалау жебенің өкшесінің айырына жүргізіледі, ал кеме крандарына тірекке жақын арада жебенің соңында, кеме көтеру платформаларында платформамен алып жүретін құралдың шарнирді қосылуына жақын арада қойылады. Барлық жағдайларда, таңба жақсы көрінетін және қол жетімді жерлерде қойылады.
457. Лифт шығырында шығарушы-зауыттың, зауыт нөмірі, номиналды тарту күшейтілімінің және Кеме қатынасы тіркелімінің шығырды қабылдауы туралы таңбасымен арнайы жасалған жазбасы бар маңдайша бекітіледі.
458. Қарпығыштар мен жылдамдықты шектегіштер шығарушы-зауыттың, қарпығыш типі мен жылдамдық шектегішінің типін, номиналды жүк көтергіштік пен номиналды жылдамдықтың, зауыт нөмірі мен шығарылған күнін көрсетіп, зауыт маңдайшысымен жабдықталады.
459. Гидравликалық буфер шығарушы-зауыттың, буфер типін, номиналды жылдамдықтың, зауыт нөмірі мен шығарылған күнін көрсетумен зауыт маңдайшасымен жабдықталады.
460. Таңдалатын тартпа арқандарының бірі арқанның номиналды диаметрі, конструкциясы, материалдың бұзылуына қарсы тұратын номиналдылығы, стандарт нөмірі, орындалу түрі және пайдалануға енгізілген күні көрсетілген маңдайшасы болады.
461. Таңбалар жақсы көрінетін және ұзақ уақытқа дейін шыдайтын болуы тиіс, олардың белгіленген орындары ерекшеленетін бояумен белгіленеді.
Белгі кернеу концентрациясынан алшақ болуы үшін сәл дөңгелешеленген контур болады және олар дәнекерленген орындарға қойылмайды.
Егер белгі қоятын материал өте қатты болса немесе бөлшектерге қойылған таңба одан әрі олардың жұмысына кедергі тигізетін болса, ондай жағдайларда таңба маңдайшаларға, дисктерге немесе басқа да үнемі осы бөлшекке бекітіліп тұратын ыңғайлы материалдарға қойылады.
462. Егер таңба мөлшері осы Қағиданың 456-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, қатты майысқыштық ретінде болып келсе, кранның жүк көтергіштігі туралы мәліметтер Кеме қатынасы тіркелімімен келісіліп қысқартылады.
Мұндай жағдайларда, жүк көтергіштік бағыттағыштың ұшырылуына қатысты ауыспалы болып келсе, кран жұмысшы кабинасында көрінетін жерде әрбір белгіленген жүк көтергіштерге арналған бағыттағыштардың ұшырылуы туралы жазба жазылған маңдайша орнатылады.
463. Крандардың жебе мен металл конструкцияларда жазбалар дәнекерленіп, басылып анық жазылуы тиіс. Кеме көтеру платформаларында жазбалар платформада немесе қалқандарда болады.
464. Жүк көтергіш құрылғыларға белгі қою араб сандарымен 77 мм ұзындыққа жететіндей шрифтте жазылады. Траверстердің, белдемдердің, спредерлердің шекті жүктемелері жақсы көрінетін орындарда жазылуы тиіс және олар анық түсінікті жазылып бекітіледі.
Егер таңба тікелей ауыстырылатын бөлшекке басылса, шрифт ұзындығы мынадай жүктемедегі бөлшектен аспайды:
2т-ға дейін - 3,0 мм;
2т-дан 8-ға дейін - 4,5 мм;
8т-дан асатын - 6,0 мм.
Дөңгелектенген алшақтағы ауыстырылатын бөлшектерді таңбалау кезінде - шынжырлар шрифт биіктігі мынадай диаметрдегі бөлшектерден аспайды:
12,5 мм дейін - 3,0 мм;
12,5-тен 26,0-ге дейін - 4,5 мм;
16,0-ден астам - 6,0 мм.
Бөлшектерге үнемі бекітіліп тұратын маңдайшаларға, дискілерге қойылатын таңбалар қажет жағдайда және/немесе Кеме қатынасының тіркелімі қызметкерінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілгеннен ең үлкен шрифт биіктігінде қолданылуы мүмкін.
Таңбалау мысалдары осы Қағиданың 33-қосымшасында көрсетілген.
465. Осы Қағиданың 456-тармағында көрсетілгендерден жүк сипаттамаларынан басқа, әр жүк жебе мен кранда кеме құрылғысындағы реттік нөмірі белгіленеді.
Кемедегі құрылғылар нөмірлері мынадай:
1) кеменің ДП бекітілмеген жүк көтергіштігі 10 т және одан да асатын барлық жеңіл жебе үшін - оң борттан сол жақ бортқа қарай;
2) кеменің ДП орналасқан барлық ауыр жебе - бас жағынан басталып;
3) жүк жебесіне тәуелсіз болып келетін кеме крандары, басынан басталып - оң жақ борттан сол жақ бортқа қарай тәртіпте жүргізіледі.
12-бөлім. Пайдаланудағы жүк көтергіш құрылғыларын бақылау
466. Куәландыру және қарап тексеру арасындағы аралықта Кеме қатынасы тіркелімінің қызметкерімен жүк көтергіш құрылғыларды олардың Кеме қатынасы тіркеліміменберілген құжаттарға және осы Қағидаға сәйкестігін, жүк көтергіштіктің белгіленген шектеулерінің сақталуын, крандар мен бұрыштар жебелерінің аралықтарын, жүк жебелерінің төмен бағытталуын, жебелердің және контртартқыштардың және қосақталған жебелермен жұмыс кезіндегі шкентельдердің үйлеспуін, сондай-ақ қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін жағдайда құрылғыларды ұстауды бақылау кеме әкімшілігінің жауаптылығында болады.
467. Барлық ауыстырылатын, алмалы-салмалы бөлшектер, тростар кеме капитанымен тағайындалатын жауапты тұлғамен үш айда бір рет мұқият қарауға жатады.
Сонымен қатар, жүк көтергіш құрылғыны әрбір пайдалану алдында ауыстырылатын, алмалы-салмалы бөлшектер, тростар жүк көтергіш құрылғысын пайдалану кезінде жауапты тұлғамен мұқият қарау жүргізіледі.Троста ажыраған сымдар анықталса, ол бір айда бір рет сирек қаралмайды.
Теңіз кемелерінің
жүк көтергіш құрылғыларын
куәландыру қағидасына
1-қосымша
Жеңіл жүк бағыттағышының типтік жабдығы
1. Жүк діңгегі
|
15. Шпораның вертлюга табандығы
|
2. Бағыттағыш блок
|
16. Бағыттаушы (бұрып апаратын)
|
3. Жүк шығыр
|
17. Кесуге арналған ұштың ұңғысы
|
4. Топенантты тартпа
|
18. Жоғарғы жүкті блок
|
5. Топенантты тартпа штырі
|
19. Біріктіретін қапсырма
|
6. Топенант тартпасы бар желке
|
20. Жүкті шкентель
|
7. Топенант вьшкасы табандығы
|
21. Төменгі (жылжымалы) жүкті блок
|
8. Топенантты блок
|
22. Жүк гакы
|
9. Топенант
|
23. Тарту желке
|
10. Қапсырма
|
24. Тарту мантылы
|
11. Бағыттағыш шпорасының айыры
|
25. Бел тартуының блогы
|
12. Бағыттағыш вертлюгасының шпора
|
26. Тартудың қозғалғыш соңы
|
13. Бағыттаушы блоктың оқтізері
|
27. Палуба желкесі
|
14. Бекітіп тұратын сақина
|
28. Топенант лопарі
|
Теңіз кемелерінің
жүк көтергіш құрылғыларын
куәландыру
Достарыңызбен бөлісу: |