Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет12/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129
§ 9. Жүзбелі крандар

 

468. Осы тараудың талаптары өздігінен жүрмейтін корпус бойынша (понтон) орналаспайтын бағытталған грейферлік-ілмекті жартылай бұрылатын жоғарғы жүк көтергіш құрылысымен «О (мұз)» сыныпты жүк көтерімділігі 25 т аспайтын, ұзындығы 50 м дейін және басты өлшемдердің қатынасымен жүзбелі крандарға қолданылады L/Н≤15, В/Н≤7.

Басқа жүзбелі крандардың корпустары Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау насаны болып табылады.

Егер осы тарауда басқа нұсқаулықтар айтылмаса, жүзбелі крандарға қолданылатын осы Қағиданың 3 - 5-бөлімі талаптары орындалу қажет.

Жүзбелі крандар үшін «О» сыныбы жебемен сүйреу кезіндегі жол бойынша жиналған жүзу шарттарымен анықталады. Кранның жұмысы кезіндегі жел-толқындық режим бойынша шектегіш шарттар жобалушымен тағайындалады.

Осы тармақпен бекітілген айрықшаланатын басты өлшемдердің қатынасы кезінде, байланыстардың конструкциясы және өлшемі қосымша беріктілік есебімен расталуы қажет.

469. Кранды орнату үшін конструкцияның іргетасы бойлық және көлденең аралықтардан жасалған тіреуіш домалақтан, барабаннан және айқастырмадан тұру қажет (осы Қағидаға 62-қосымша).



Іргетастың басқа конструкциялары Кеме қатынасы тіркелімнің арнайы қарау нысаны болып табылады.

470. Пиктік аралықтар миделге цилиндрлік ендірмеден бастап бір шпациядан кем емес қашықтықта орнатылу қажет. Қандай жағдайда да форпик ұзындығы 7 шпациядан, ахтерпиктігі 5 шпациядан кем болмау қажет.

471. Понтон, форпик және ахтерпиктің борттарында жиынтықтың көлденең жүйесі болуы;

форпик және ахтерикет шпация 400 мм жоғары болмау керек және флорлар әрбір шпангоутта орнатылуы қажет.

Шпация 400 мм жоғары болған кезде борт бойынша алдыңғы жағы және артқы жақты ұштарында белдікпен жалғасқан көлденең қималардың қарсыласу сәті осы Қағиданың 296-тармағына қанағаттандыратын аралық шпангоуттар орнатылу қажет.

472. Айқастырғыштардың көлденең аралықтары понтонның ұзына бойына, ал айқастырғыштардың бойлық аралықтары барабанмен жалғасқан жерден бастап тұмсық және артқы жағына қарай 3 шпациядан кем емес қашықтықта жазық орындалу қажет. Жүзбелі кранның басқа аралықтары кеңірдектенген болып орындалуға болады.

Айқастырғыштардың бойлық аралықтары понтонның барлық ұзындығына немесе форпик және ахтерпик аралықтарының аралығына орналасуы қажет.

Жазық аралықтардың бос жиынтығы, сондай-ақ кеңірдектер тік орналасауы қажет.

473. Мұздық нығайтулар ескерілген понтон корпусының байланысының қалыңдығы мынадай көрсетілген минималды қалыңдықтан кем болмау қажет, мм:



сыртқы қаптама және палубалық төсеніш понтонның барлық ұзындығы бойынша - 8,0;

айқастырғыштардың көлденең аралықтарының жазық табақшалары понтонның және айқастырғыштардың бойлық аралықтарының ен бойына барабанмен жалғасқан жерден бастап алдыңғы жағы және артқы жағына қарай үш шпациядан кем емес - 8,0;

аралықтардың қалған табақшалары - 6,0;

понтонның барлық ұзындығы бойынша қаңқалық белдік - 10,0.

474. Барабан дуалының қалыңдығы мынадай формуламен анықталғаннан кем болмау қажет, мм



 

Δ= (Рr + Qк)(1 + 2C/R)/(16R),        (264)



 

мұндағы Рr - краннық жүк көтерімділігі, т;

QK — кран салмағы (жоғарғы жағы), т;

R — барабан радиусы, м;

С — барабан осінен едәуір жүгі бар жебенің ең үлкен аралығындағы кран салмағының ортасына дейінгі арақашықтық, м.

Барабан дуалының қалыңдық есебінің нәтижесіне қарамастан 8 мм кем қабылданбау қажет.

475. Флорлар және рамалық бимстер аралығының В\ есебі ретінде олардың қарсыласу сәтін анықтау кезінде айқастырғыштардың борт және бойлық аралықтар аралығындағы арақышықтық қабылданады, сонымен бірге В\ мәні 0,385 кем болмау қажет.

476. Белдікпен жалғасқан борттың рамалық шпангоутының көлденең қимасының қарсыласу сәті понтонның барлық ұзына бойына мынадан кем болмау қажет, см3,

 

W = 0,14LBHd1,                 (265)

 

мұндағы d1 — ортаңғы бөліктегі рамалық шпангоут аралығының арақашықтығы, м.

477. Белдікпен жалғасқан бос борттық шпангоуттың көлденең қимасының қарсыласу сәті понтонның ұзына бойынан мынадан кем болмау қажет, см3,



 

W = 0,10LBla,                                                  (266)

 

мұндағы l — борт бойынша өлшенген түп және борттық стрингер аралығының немесе борттық стрингер және палуба аралығының арақышықтығы, м;

a — ортаңғы бөліктегі шпация, м.

478. Транц тіректерінің аралығының арақашықтығы 400 мм кем болмау қажет.



Рамалық тіректер кильсондар жазықтығында орналасу қажет. Рамалық тіректің бос белдігі кильсондардың бос белдігінің қима ауданынан 0,65 кем емес көлденең қима ауданы болу қажет.

Белдікпен жалғасқан бос бағананың көлденең қимасының қарсыласу сәті осы Қағиданың 477-тармағына сәйкес анықталған белдікпен бос шпангоуттың көлденең қимасының қарсыласу сәтінен кем болмау қажет.



Арақашықтығы 400 мм жоғары тіреу аралығында аралық бағаналар орнатылу қажет. Белдікпен жалғасқан көлденең қималардың қарсыласу сәті белдікпен жалғасқан негізгі бос тіреулердің көлденең қимасының қарсыласу сәтінен 75 % кем болмау қажет.

479. Тіреуіш домалақтың дуалының қалыңдығы 10 мм, бос белдік - 20 мм кем болмауы;



дуалдарды және белдіктерді нығайтатын тік кництердің дуалдарының қалыңдығы 10 мм кем болмауы;

тіреуіш домалақтың хорда бойынша өлшенген кница арлығының арақашықтығы 0,70 м аспауы қажет.

Тіреуіш домалақтың және барабан дуалдарының технологиялық әртүрлі дуалдары жекелеген тік бұрышты үшбұрыштың тілімдерінен дайындауға болатын тіреуіш домалақ және палуба аралығында қалыңдығы 12 мм кем болмайтын көлденең жапсырма орнатумен теңгеру қажет.

Тіреуіш домалақты палубаға бекіту конструкциясы кернеу концентрациясының ошағын болуды жою қажет. Нығайтылмаған палуба табақшаларына кницті пісіру рұқсат етілмейді. Книц жазықтығында палуба астында қабырға қаттылығы немесе тиісті түрде жиынтықпен байланған басқа конструкция қойылу қажет.

480. Осы Қағиданың 446-тармағында көрсетілген барабан белдігімен және айқастырғыштардың жазық аралықтарымен жалғасқан тік рамалық тіреулердің көлденең қимасының қарсыласу сәті 450-тармағына сәйкес борттың рамалық шпангоутына арналып анықталғаннан кем болмау қажет.

481. Хорда бойынша өлшенген барабанның тік жиынтығы аралығының арақышықтығы 0,70м аспау қажет.

Осы Қағиданың 475-тармағында көрсетілген барабан белдігімен және айқастырғыштардың жазық аралықтарымен жалғасқан тік рамалық тіреулердің бос қимасының қарсыласу сәті 477-тармағына сәйкес борттың бос шпангоутына арналып анықталғаннан кем болмау тиіс.

482. Форпиктің және ахтерпиктің аралықтарының жергілікті беріктілігі осы Қағиданың 45-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жүктеме есебінің әрекеті ескеріліп қамтамасыз ету қажет.

 

 

§ 10. Салынған бойлық цилиндр қабықшасы бар құйма кемелер



 

483. Осы параграфтың талабы бір немесе екі бойлық цилиндрлі қабықты құю кемесіне (жүк танкісімен), кеме корпусына салынған, қатты онымен байланысқан және кеменің жалпы майысуына қатысатын құйма кемелеріне қолданылады.

484. Осы параграфтың 483 - 497 -тармағы параграфтарында айтылмаған барлық жағдайларда осы Қағиданың 3 - 6-тарау талаптарын басшылыққа алу қажет.

485. Цилиндр оболочкасының жоғарғы жиегінен тік ара қашықтығы бойынша диаметрлі жазықтығына дейін артық болмауы қажет:

«Л», «Р», «О» - 0,7D сыныпты кемелер үшін;

«М» - 0,6D сыныпты кемелер үшін;

мұндағы D - цилиндрлі оболочканың диаметрі, м.

486. Цилиндрлі қабықтың өлшенген төменгі жиегінен түптің сыртқы қаптамасына дейінгі тік ара қашықтық осы Қағиданың 193-тармағына сәйкес түп аралық кеңістік биіктігінен ұқсас бойынша қабылдану қажет.

487. R радиусының қатынасы цилиндрлі қабықтың палуба астындағы бөлігі қалыңдығына t көп болмауы қажет:

235 - «М» сыныпты кемелер үшін;

285 - «О» және «Р» сыныпты кемелер үшін.

Кез келген жағдайда t қалыңдығы аз болмауы қажет:

12 м - «М» сыныпты кемелер үшін;

10 мм - «О» және «Р» сыныпты кемелер үшін.

Палубадан төмен цилиндрлі қабықтың қалыңдық t1 қаптамасы палуба астыңғыдан қарағанда 30 % қабылдануы мүмкін.

488. Цилиндрлі қабықша шектес табақшалар кертігі және жапсарлардағы технологиялық тең қабырғалы біріктірілетін табақшалардың ең көбірек қалыңдығынан немесе 3 мм қайсысы аз содан, 15 % аспауы;



жапсар жинақтау аймағындағы қабықша сынығының технологиялық шамасы (кемені жинау кезінде цилиндр жазықтығында сынық пайда болуы мүмкін, шектес қабықша қима көлденең нысанының ескертпе құрылыс айырмасы) біріктірілетін табақшалардың ең жуан қалыңдығынан аспауы;

шпангоуттың кез келген бағытында өлшенген цилиндр қабықшасының рұқсат етілетін кейінге қалдырулары осы диаметрдің жобалық мәнінен 0,3% аспауы қажет.

489. Кеме шетіндегі бойлық цилиндрлі қабықшаға жатық соңын қабықша соңында жазық көлбеу участкені қолдану жолымен қамтамасыз ету қажет. Палубаға жазықтық участкенің көлбеу бұрышы 30о көп болмауы қажет.

490. Көлденең аралықтарды және корпустағы көлденең фермдерді орнату осы Қағиданың 349-тармағына сәйкес іске асуы қажет. Құйма сыйымдылығында соңғы көлденең аралықтар және мидель аймағындағы бір көлденең аралықтар корпустың көлденең аралығы мен бір тік жазықтықта орнатылу қажет. Қалған көлденең аралықтар корпустың шеңберді шпангоут жазықтығында орнатылуы қажет.

491. Цилиндр шеңберлі шпангоут жазықтығында қабықтың сыртқы беті бойынша әр бір 4 м кейін орнатылатын палуба астындағы цилиндрлі қабық сақиналы шеңберлі шпангоутпен нығайтылуы қажет.

492. Әрбір цилиндр қабығы арасындағы және кеменің түпкі корпусы қабықтың барлық ұзындығында жүретін кильсон орнатылуы қажет. Цилиндрлі қабық кеме корпусы түбімен бракет көмегі арқылы, қабық шпангоуытының шеңберлі сақинасы арасында орнатылатын және кеме корпусының флорымен жалғасуы қажет. Кильсонның барлық жағынан бракеттер қабық радиусына тең флор ұзындығында орнатылуы қажет.

493. Осы Қағиданың 6-тарауына сәйкес қаралатын кемелердің байланыс өлшемдерін анықтау В1 мәні (осы Қағиданың 186-тармағы) кезінде екі түпсіз құрғақ жүкті кемелер үшін, В/2 аз емес бір қабықты танкерлер үшін және В/3 аз емес қос қабықты танкерлер үшін жасалады.

494. Сыртқы қаптаманың минималды қалыңдығын, шистрек және осы Қағидаға 47-қосымша бойынша корпустың ортаңғы бөлігіндегі тірек палуба Lусл = LН/Н1, ұзындық шарты кемелердегі сияқты іске асуы қажет, мұндағы Н1 - эквивалентті брустің биіктігі, м.

495. Жоғарғы бойлық жиек цилиндр қабығында шекті жағдайында (кемені майыстыру кезінде) қысу кезінде ең көп қалыпты кернеу формула бойынша анықталатын сын қысымнан аспауы қажет, МПа:



 

σкр = kЕ t/ R,                     (267)



 

мұндағы k -75 < R/ t < 300 кезіндегі 0,36 тең коэффициент;

Е - қабық материалының қалыпты серпімділік модулі, МПа;

R/t - цилиндр радиусының оның палуба астындағы бөлімінің қалыңдығына қатынасы.

496. Цилиндр қабығының беті бойынша тең бөлу ркр сын қысым жүкті шайқау кезінде сирету шартын қанағаттандыруы қажет, кПа,



 

ркр ≥ рв                       (268)

 

мұндағы рв - тыныс қақпағын кПа, реттеуге сәйкес келетін жүкті тартып шығару кезіндегі вакуум, кПа 7 тең.

Сын қысым мәні тең қабылданады, кПа,

ркр = 920Е(R/Lп)(t/R)2,5 ,          (269)



 

мұндағы Е - қабық материалының қалыпты серпімділік модулі, МПа;

R - цилиндр радиусы, мм;

Lп - жүк трюмінің ең көп ұзындығы (цилиндр сыйымдылығының көлденең аралығы арасындағы арақашықтық), мм;

t - палуба астыңғы бөлігіндегі цилиндр қабығының қалыңдық қаптамасы, мм.

497. Цилиндр қабығының төменгі нүктесіндегі сақиналы қалыпты кернеу (бойлық жазықтықта) шартты қанағаттандыруы қажет, МПа



 

σу=10-3из+19,62•10-3R)•(R/t1)≤0,8RеН             (270)



 

мұндағы риз - тыс қақпағын реттеуге сәйкес келетін жүк трюміндегі артық қысым, кПа;

R - цилиндр қабығының радиусы мм;

t1 - төменгі бөліктегі цилиндр қабығының қалыңдығы (палуба астындағы), мм,

RеН - цилиндр қабығы материалының ағымдағы шегі, МПа.

 

 

§ 11. Цилиндр сыйымдылығымен бойлық салу құйма кемелері



 

498. Осы параграфтың талабы бір немесе екі бойлық қосымша цилиндр сыйымдылықты, кеменің жалпы майысуына қатыспайтын құю кемелеріне қолданылады. Бойлық сыйымдылықты бекітуді болғызбауы тиіс немесе жүктемені және кемелік корпус конструкциясын араластыруды беру мүмкіндігі төмендеуге әкелуі қажет. Қосымша сыйымдылығының салмағы және оларға жүктемені жасайтын корпусты конструкцияға тең бөлінуі қажет.

499. Қысым астындағы сыйымдылық есепті артық қысым кезінде беріктілкке есептелуі қажет. Олардың конструкциясы және сынау әдісі осы Қағиданың 8-бөлімі ІІ бөлігі талабына сәйкес келуі қажет.

500. Жүк сыйымдылығының шекті өлшемі ППЗС 5.6 көрсетілген шекті өлшемге сәйкес келуі қажет.

501. Жүк сыйымдылығы жасалған материал жүктің басқыншылық ықпалына берік болуы тиіс немесе жүк сыйымдылығы Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген қорғау жабуы үлгісі болуы қажет.

502. Жүк сыйымдылығының люктерін және қылтағын жабу Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген және герметикалық үлгіде болуы қажет.

503. Салу цистернасының қашықтықта болуы борттан және түптен салу цистерналы кемелер үшін ұқсас қашықтықта болуы қажет.



 

 

8. Тербелмелі беріктік



 

§ 1. Жалпы тараулар

 

504. Осы талаптар корпустық конструкциялардың беріктілігін және кемеде орнатылған техникалық құралдардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету шарттары негізінде белгіленген.

505. Кемелерді жобалау кезінде Кеме қатынасы тіркеліміне ұсынылатын техникалық жоба құрамына енетін жалпы және жергілікті тербелістің есебі орындалу қажет.

506. Тербеліс есебі кезінде бос айналыс жиілігін күшіт қайтарушы кеменің басты және қосымша қозғалтқыштарының, еспелі бұранда және басқа да мүмкінді тербеліс көздерінің жұмысын шақырушы жиілікпен салыстыру арқылы резонанстың болмауын тексереді.

Сонымен қатар діріл метрі қолданумен:

1) кеме корпусының жалпы тік тербелісінің алғашқы екі дыбысына арналған, толық жүкпен және бос балластпен кеме жүктемесінің есепті жағдайларын;

2) бос жиынтықтың, қабырға қаттылығының және сыртқы қаптаманың, палубаның, платформаныңғ аралықтардың және рамалық жиынтық дуалдарының алғашқы дыбысының жергілікті тербелісін тексереді.

507. Жергілікті тербелістерді мынадай аудандарда тексеру қажет:



1) еспелі бұранданың диск орталығынан алдыңғы жағына қарай бір бұрандалы кемелер үшін бұранданың үш диаметр және екі және үш бұрандалы кемелер үшін бұранданың төрт диаметр қашықтығындағы транцтан қимаға дейінгі аумақ түбін;

2) қозғалтқыштар (басты және көмекші) және басқа да ұқсас техникалық құралдар орнатылған кемелердің тесіктерін;

3) машиналық бөлімше жанасатын цистерналар.

508. Жалпы және жергілікті діріл есебі, сондай-ақ діріл параметрлерінің тәжірибелік анықтамаларын мынадай жағдайлар үшін орындайды:



1) кемелердің басты серияларына;

2) жекелеп жасалатын кемелрге;

3) Күрделі жөндеуден кейінгі кемелерге;

4) басты және қосымша қозғалтқыштары, басқа ұқсас техникалық құралдары ауыстырылған немесе басқа өлшеммен еспелі бұрандалар орнатылған кемелерге.

 

 

§ 2. Жалпы діріл есебі



 

509. Бірінші дыбыстың бос тербеліс жиілігінің резонансын болдырмау үшін 15% кем болмайтындай, ал екінші дыбыс үшін мынадай сандарға тең жиілікті қайтарушы күштен 20% кем болмайтындай айрықшалану қажет:

1) еспелі бұранданың айналу тербелісіне;

2) қалақтар санына көбейтілген еспелі бұранданың айналу тербелісіне;

3) қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне;

4) екі еселенген қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне;

5) мынадай формуламен есептелген иінді біліктің бір айналымындағы козғалтқыш цилиндрлеріндегі жұмыс циклдарының санына көбейтілген қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне:

 

рн = ki,                       (271)

 

мұндағы к —екі ырғақты қозғалтқыш үшін 1;

төрт ырғақты қозғалтқыш үшін 0,5 -ке тең коэффициент;

і — қозғалтқыш цилиндрлерінің саны;

6) жоғарғы барабаннан оның шайқалып кеткен кезіндегі қарпығыш тәрізді тізбектер қозғалтқышының жиілігіне;

7) төменгі қарпығыш тәрізді барабанның айналу жиілігіне;

8) механикалық қопсытқыштың айналу жиілігіне;

9) кесетін элементтердің санына көбейтілген механикалық қопсытқыштың айналу жиілігіне.

510. корпусқа қолданатын бірінші дыбыстың бос тік тербелісінің жиілігін мына формула бойынша анықтайды, Гц:



1) жүк тасуға арналған кемелер үшін (оның ішінде құймаларда)



2) жолаушылар және жүк жолаушыларға арналған кемелер үшін



3) сүйреуіш-итергіштерге арналған



мұндағы І — корпус мидель қимасы ауданының инерция сәті, м4; (осы Қағиданың 26-тармағы);

В - кеменің ені, м;

Т — мидель-шпангоуттағы кеменің отыруы,м;

D — кеменің су ығыстыруы, т;

L — әрекеттегі ватер сызығы бойынша кеме ұзындығы, м.

Барлық биіктіктің мәндері жүктеменің есепті жағдайы үшін алынады.

Инерция сәтін осы Қағиданың 54-тармағына сәйкес корпустың жалпы иіліміндегі қондырманың қатысуымен анықталады.

511. Корпусқа қолданылатын екінші дыбыстың бос тік тербелісінің жиілігін мына формула бойынша анықтайды, Гц:



1) жүк тасуға арналған кемелер үшін

 

N2 = 2,6N1;                    (275)

 

2) жолаушылар және сүйреткіш кемелер үшін (итергіш)

 

N2 = 2,3N1.                    (276)

 

512. Егер осы Қағиданың 510 және 511-тармақ формулалары бойынша есептелген бос тербелістердің жиілігі 509-тармақ талаптарын қанағаттандырмаса, онда бұл жиіліктер жалпы қабылданған әдістердің бірінің көмегімен есептеу жолымен нақтылау қажет.

Егер нақтыланған есеп талап етілген жиіліктің айырмасы қамтамасыз етілмейтінін растаса, онда осы Қағиданың 529-тармағына сәйкес есептелген резонансты артқы жақты ұшындағы тербеліс амплитудасы рұқсат етілген мәннен аспайтынын растайтын дірілдің негізделген есебін ұсынуға рұқсат етіледі.

Егер резонансты тербелістердің амплитудасы белгіленген нормадан асса, онда бос тербелістердің жиілігін немесе күшті қайтарушы жиілігін өзгерту үшін тиісті шаралар қарастырылу қажет.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет