0,6 + 2 Fr кезінде 0,2
k4 — 1-ге тең деп қабылданатын ұшының алдыңғы жақты бөлігіндегі көпір ұзындығын қысқарту кезіндегі соққы сәтінің төмендеуін ескеруші коэффициент, егер көпір нөлдік теоретикалық шпангоутқа деәні жететін болса; егер көпірдің алдыңғы жақты ұшы нөлдік шпангоуттан артқы жағына қарай хм қашықтықта табылса,
б — Мтв табылған жүктеменің есепті жағдайында жалпы толықтығының коэффициенті.
h — есепті толқынның биіктігі, м.
575. Жалпы бойлық иілуден алынған қалыпты және қатысты кернеуді осы Қағиданың 60-тармағына сәйкес есептеу керек, сонымен бірге көпір байланысы эквивалентті брусқа қосылады.
576. Жалпы бойлық иілуден және жергілікті иілуден алынған бойлық байланыстардағы кернеу осы Қағиданың 93-96-тармақтары талабына сәйкес жинақталады.
577. Жалпы бойлық иілуден және жинақталған қосындыдан алынған ең көп қалыпты және қатысты кернеу көрсетілген рұқсат етілген нормадан аспауы қажет:
1) осы Қағидаға 19-қосымша болаттан жасалған кемелер үшін;
2) осы Қағидаға 72-қосымша жеңіл қосындыдан жасалған кемелер үшін.
578. Осы Қағиданың 109-129-тармағы талабына сәйкес шекті сәті бойынша кеме корпусының жалпы беріктілігі тексерілу қажет.
16. Жалғаушы конструкциялардың беріктілік есебі
579. Жүктеменің қолайсыз байланысы кезінде корпусты жалғастырушы байланыс беріктілігінің жеткіліктігін растайтын есептер тексерілу қажет.
580. Кеме қатынасы тіркелімімен бекітілген немесе Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген басқа әдістеме бойынша корпусты жалғастырушы байланыс беріктілігінің есебін катамаран корпустарын жалғастырушы конструкциялардың беріктілік есебінің әдістемесіне сәйкес орындалады (осы Қағидаға 74-қосымшасы).
17. Кеме корпусын конструкциялау
581. Корпус байланыстарының минималды рұқсат етілетін табақшалар қалыңдығы осы Қағидаға 47-қосымша бойынша қабылданады. Ұзындығы 25 м кіші кемелер үшін минималды қалыңдық осы Қағиданың 416 - 426 және 443 тармағы талабына сәйкес анықталады.
Корпустың килеваты болған кезде килдік белдіктің қалыңдығы қаңқалық белдік үшін осы Қағидаға 47-қосымшада көрсетілгеннен кем болмау қажет.
Ұзындығы 25 м кіші кемелер үшін килдік белдік қалыңдығы осы Қағиданың 417 және 419-тармағында көрсетілгеннен кем болмау қажет.
Көпірдің жалпы және жергілікті беріктілігін қамтамасыз етуші берік тігістің минималды қалыңдығын кеменің ортаңғы бөлігіндегі сыртқы қаптама үшін осы Қағидаға 47-қосымшада келтірілген нұсқаулықтарға сәйкес қабылдау керек.
Ұзындығы 25 м кіші кемелер үшін берік тігістің қалыңдығы осы Қағиданың 417-тармағы талабынан кем болмау қажет.
582. Көпірдің көлденең жүйе бойынша жинау ұсынылады. Көпірдің көлденең рамалық және бос жиынтығы тиісті корпус жиынтығымен бір жазықтықта орналасу қажет.
583. Оның енінен 07 асатын корпус палубасындағы қиық кезінде, тілік ауданындағы және тіліктен алдыңғы жағы және артқы жағына қарай тілік енініен 0,5 арақашықтағы көпір палубасы нығайтылу қажет.
584. Корпустардың көлденең қимасының қисық сызықты суреті кезінде цилиндрлік қондырғы ауданында борт жиынтығының көлденең жүйесін және бойлық жиынтық жүйесі қолданған жағдайда борттың бос шпангоуттарының түбі бүйірлік кильсондарда немесе күшейтілген бойлық қабырға қаттылығында аяқталу қажет.
585. Егер палубаның үстінде орнатылған катамаранның көлденең беріктілігін қондырманың немесе ферманың көлденең аралықтары қамтамасыз етсе, онда осы аралықтардың және фермалардың жазықтығындағы корпусында көлденң аралықтар орнату керек.
Егер жайды жобалау шарттары бойынша бұл талаптарды орындау мүмкін болмаса, аралықтар орнына дуал биіктігі флор биіктігінің 1,5 кем емес борттардың күшейтілген рамалық шпангоуттары түсіріледі.
Борттардың күшейтілген рамалық шпангоуттарын бимстің рамаларымен жалғау бөліктерінде книц қою керек.
586. Қалыңдығы және өлшемі катамаранның жалпы көлденең беріктілігін қамтамасыз ететін қондырманың аралықтарының байланыстарының қалыңдығы осы Қағиданың 238 - 255-тармақтары талабына сәйкес тағайындалу қажет. Сонымен бірге корпустың ДП аралығының аумағында көлденең қабырға, ал корпустың ішкі бортының қаптамасының жоғарғы жиегі арқылы өтетін тік жазықтықта - рамалық тіреулер (осы жазықтықта бойлық аралықтар болмаған кезде) орнату керек.
Жалпы көлденең беріктілікті қамтамасыз етуші қондырма аралықтарында ені аралықтар биіктігінен 0,5 асатын тіліктер рұқсат етілмейді, ал бар тіліктерді комингстармен нығайту керек. Есіктің тіліктері ішкі борттар жазықтығында орналасқан рамалық тіреулерден қашық болу қажет және аралықтар ұштарынан тілік биіктігінің жартысынан кем емес.
587. Көпір қрылымы қарауға және жөндеуге мүмкін болуы;
төменгі жағынан өткізбейтін берік тігіспен, ал жоғарғы жағынан өткізбейтін палубалармен шектелген жабық (екі есе) көпірдің биіктігі 800 мм кем болмауы қажет.
588. Жабық көпірдің рамалық бимстер және карлингстер дуалының минималды қалыңдығыосы Қағиданың 47-қосымша 5 тармағы 1) - 3) тармақшасына сәйкес қабылданады.
589. Ішкі борттың рамалық бимсінің биіктігі жабық көпірдің рамалық бимс биіктігіне тең болу қажет.
Бимс биіктігі ішкі борттан жақын жердегі корпустың карлингісіне дейінгі қашықтықта бірқалыпты азаюы қажет. Осы участкідегі ұзынша тілік ауданы 1,5 есе ұлғаю қажет. Корпустарда тігіс деңгейінде осы Қағидаға 74-қосымшаға сәйкес стрингер немесе осы Қағидаға 75-қосымшаға сәйкес күшейтілген кница орнатылу керек.
590. Жоғарғы немесе төменгі ашық көпірдің рамалық бимс өлшемін тағайындау кезінде (оның ішінде көпір байланысы беріктігіне және кеменің жалпы беріктігін қамтамасыз етуге қатыспайтын жеңіл төменгі тігісті көпірлер және жоғарғы ауыспалы палубалы көпірлер) осы Қағиданың 245-тармағы талабына нұсқаулықтарын орындайды.
Көпірдің рамалық бимс өлшемдері корпустың рамалық бимсінің өлшемінен кем болмау қажет.
591. Көпірдің төменгі ашық рамалық бимсінің ішкі бортқа жанасу жерінде осы Қағиданың 146 және 147-тармағы талабына сәйкес тік кницалар немесе осы Қағидаға 77-қосымшаға сәйкес көлденең кницалар орнату қажет.
592. Көпірдің жоғарғы жағынан ашық рамалық бимстің текшесі осы Қағидаға 78-қосымшаға сәйкес палаблы орташа көлденең кницпен жалғасу тиіс.
Осындай кницаларды корпустың рамалық бимсінің қима тілігінің ішкі бортпен көпір тігісі деңгейінде жалғасқан бөлігінде де қою керек. Книц орнына өлшемдеріне сәйкес домалақтанған бракеттерді (фестонды) қолдануға болады.
593. Жабық көпірде және жоғарғы жағынан ашық ауыртпалы палубалы көпірдегі жиынтықтың көлденең жүйесі кезінде рамалық бимстер аралығында карлингстерде және ішкі борттарда бракеттермен жалғасқан жоғарғы төменгі белдемдерден құралған бракетті бимстер орнатылу қажет.
594. Бракеттер ені жабық көпірдің биіктігінен 0,3 кем немесе тігістен ауыпалы палубаға дейін қашықтық, қалыңдығы - рамалық бимс дуалдарының қалыңдығынан кем болмауы;
баркеттер енінің 35 артық қалыңдыққа қатынасы кезінде бракеттердің бос жиектерінде белдіктер немесе фланцтар болуы қажет.
595. Бракеттер арлығының арасында жоғарғы және төменгі белдемдерді кергілер көмегімен жалғауға болады. Жоғарғы жағынан ашық көпірде карлингстер немесе карлингс және ішкі борттар арлығы 1,5 асса, кергілер орнату міндетті.
Кергілердің көденең қимасының ауданы жалғаушы белдемдердің кіші көлденең қима ауданынан кем болмау қажет.
596. Көпірдің палубасының бос бимстерінің және бракеттік бимстердің жоғарғы белдемдерінің өлшемін осы Қағиданың 245 талабына сәйкес тағайындау керек.
Сонымен бірге ауыспалы палуба кезінде жоғарғы белдіктің қарсыласу сәті жалғаспаған белдіктен алынса.
597. Көпір тігісінің бос белдемінің өлшемі ішкі борттың бос шпангоутына немесе қабырға қаттылығына қабылданғаннан кем болмау қажет.
598. Кергілерді орнату кезінде жоғарғы және төменгі бракетті бимстің көлденең қимасының қарсыласу сәтінің мәні 40% төмендеуі мүмкін.
599. Ішкі борттың және корпус палубасының бойлық жиынтық жүйесі кезінде палубаның бойлық қабырғасы және көпірдің бракетті бимстің баркеттер жазықтығындағы борт қаптамсы арлығында борттың жоғарғы қабырғасына дейін жететін книц қою қажет.
600. Көпірдің төменгі жағынан ашық апулбаның бос бимсі ішкі борттың кницаларымен жалғану қажет.
601. Катамаранның көлденең беріктігі жекелеген күшейтліген белдемдермен қамтамасыз етілген жағдайда (көпірдің бірқалыпсыз конструкциясы кезінде) бұл балкілер корпустың көлденең аралықтарымен қатарласу қажет. Осы талапты орындау мүмкін болмағанда аралықтар орынына күшәетәлген рамалар орналастыруға рұқсат етіледі.
Күшейтілген белдем дуалдары корпустың рамалық шпангоуттарымен бір жазықтықта тұру қажет.
602. Күшейтілген белдемді корпуске байлау корпус енінен 0,25 кем емес ішкі корпус участкісіне белдемді ұзарту жолымен немесе төменгі белдік деңгейіндегі корпусқа фестон белдіктерін орнату жолымен жүзеге асырылуы қажет. Белдем белдіктерінің ішкі бортпен жалғанған жерінде көлденең кница орнатылу қажет.