§ 2. Икемді қоршаулардың беріктілік нормасы және есептері
734. ГО конструкциясының негізгі элементтерінің жалпы беріктілігі ішкі артық қысым ықпалына ұшыраған, жұмсақ қабықша кернеуі есебінің әдісіне сәйкестігі тексерілуі қажет.
735. ГО беріктілік шарты формуламен анықталады:
Т ≤ Тдоп, (411)
Мұндағы Т -есепті кернеу,
Тдоп - ГО бөлігіндегі рұқсат етілетін кернеу.
736. ГО материалында СВП жобалау сатысында рұқсат етілетін кернеу формула бойынша анықталады:
Тдоп = mRеН, (412)
Мұндағы RеН - жарылу кезіндегі ГО материалының шекті беріктілігі, кН/см,
m - ГО жинақтау кезінде технологиялық рұқсат етуде материалдың беріктілігін азайту коэффициенті, осы Қағидаға 96-қосымшаға сәйкес белгіленуі қажет, пайдалануда материалдың табиғи ескіруі және тозуы.
737. Осы Қағидаға 96-қосымшаға сәйкес белгіленуге қажет ГО жобалау сатысында базалық есепті жағдайда n, жүктемеге жөнінде динамикалық жүктеме коэффициенті.
738. Негізгі есепті жағдай деп саналады:
1) СВП тік экран үстіндегі кіруінсіз және ауытқудың жоғында булану (базалық жағдай);
2) ауа жастығының тең биіктігінде: 2Z = hвn ауытқу кезінде су бетімен өзара қатынас және серпу жүрісінде булану режимі;
3) булану режимінде ГО жобасында контурға қатысты көлденең бағдар және бар бойлықтың кедергімен байланысы.
739. n және m коэффициенттерінің мағынаны анықтау тәжірибелі деректер және СВП пайдалану ұзақтығы статистикалық есебімен жасап шығарылады.
§ 3. Монолиттың есептілік беріктігі (базалық жағдай)
740. Монолитпен екі ярусты ГО қабықша бетіндегі толық контурда, төменгі және жоғарғы бекіту нәтижесінде СВП корпусында тұйықталған сондай-ақ СВП нұсқасына сәйкес келетін ГО құрамындағы үрмелі скег түсіндіріледі.
741. Монолит қабықшасының сыртқы бұтақты кернеуі (қоршаған атмосфераның шекарасында) жүріссіз булану тәртібінде (базалық есептілік жағдай) формула бойынша анықталады:
Тм = Рмrн•10-4, (413)
мұндағы Тм - монолит қабықшасының сыртқы бұтағы материалындағы есептілік керіліс, кН/см;
Рм - қуаттылығындағы қысым (ресивере), кПа;
rн - монолит қабықшасының сыртқы бұтағының қисықтық радиусы, см.
ГО монолитінің қабықшасының тең шартына сәйкес қабықшаның ішкі (толық ауа жастығы шекарасында) бұтағындағы керілісі сыртқы бұтақша керілісіне тең болуы қажет.
742. СВп қозғалысы кезінде толқында монолиттің цилиндрлі аймағындағы қабықшасындағы ең үлкен керіліс (1 және 2 есептілік жағдай) формула бойынша анықталады:
Тм = nРмrн •10-4, (414)
мұндағы n -әрбір есепті жағдайда жақын түп тұлғаны сынау нәтижесі бойынша анықталатын, ал түп тұлға болмаған жағдайда осы Қағиданың 96-қосымшасына сәйкес қысымды көтеру коэффициенті.
743. Монолит қабықшасының тороидальный (мұрындық және артқы жақты бұрыштық секцияларда) аймағындағы ең үлкен керіліс формула бойынша анықталады:
Тм = 1,5 nРм rн •10-4. (415)
§ 4. Жартылай монолиттың есептілік беріктігі
744. Жоғарғы бекіту нәтижесінде СВП корпусымен түйіскен пондық емес сұлбаның жартылай монолит ретінде екі ярустың ГО жоғарғы ярусы қабықшасы түсіндіріледі.
745. Цилиндрлі участкелердегі қабықшадағы кернеу жартылай монолиті формула бойынша анықталады:
Тпм = nРп rн •10-4, (416)
Мұндағы Рп - ауа жастығы қуысындағы қысым, кПа.
746. Торо тәрізді участкелердегі ең көп кернеу монолиттінің қабықшасы (мұрындық секция және тағамдық бұрыштық секциялар) формула бойынша анықталады:
Тпм = 1,5nРп rн •10-4. (417)
§ 5. Түсірім элементінің беріктілік есебі
747. Ашық түрдегі түсірім элементінің беріктілік есебі материалының керілуі мына формула бойынша анықталады:
Тпм = nРп rэ •10-4, (418)
мұндағы rэ - көлденен қима элементінің сыртқы тармақтың қисық радиусы, см.
748. Жабық түрдегі түсірілім элемент материалының керілуі монолит үшін формула бойынша анықталады.
7-бөлім. Темірбетонды корпустың конструкциясы
29. Жалпы талаптар
749. Беріктілік және темірбетонды корпустар және қондырмалар жасау конструкциясына арналған талаптарды белгілейді.
750. Корпус және қондырма конструкциясын дайындау үшін осы Қағиданың 2-бөлімінің талаптарын қанағаттандыратын және стандарттарға сай материалдар қолданылу қажет.
30. Корпусты және қондырманы конструкциялау
§ 1. Жалпы талаптар
751. Кемелердің темірбетонды корпустары көлденең, бойлық және аралас жиынтық жүйесі бойынша таңдалуы мүмкін.
Ұзындығы 35 м дейінгі дебаркадер және брандвахта типті тіреуіштік кемелер үшін көлденең аралықтармен жиі орнына қойылған жиынтықсыз конструкция (қабырғасыз) рұқсат етіледі.
Қабырғалы және қабырғасыз элементтерден жасалған корпустың аралас құрылымы рұқсат етіледі. Соңғысын кеменің ішкі бөліктері (аралықтар, платформалар және басқалар) үшін қолдану ұсынылады.
752. Темірбетонды кеменің корпустары құрамалы, құрама-монолитті және монолитті конструкциядан болуы мүмкін.
753. Темірбетонды кеменің палубаларының ашық участкілері борт сыртына су ағынын қамтамасыз ететін ылдиы болу керек.
Ұзындығы 30 мм жоғары тіреуіштік кеменің түбі ұштарында жүктік ватерсызықтан жоғары көтеріңкі болу қажет.
754. Кеменің корпусындағы су өткізбейтін аралықтардың орналасуы осы Қағиданың 13-бөлімі талаптарына сәйкес оның суға батпаушылығын қамтамасыз ету қажет.
755. Егер су басудың едәуір лайықсыз жағдайында су үсті бортының биіктігі 0,7 м және жоғары болса «Р» және «Л» сыныпты тіреуіштік кемелер үшін аралықтар оларды палубалармен жалғаған жерінде су өткзетін болуы мүмкін. Форпикті және ахтерпикті аралықтарды қоспағанда, сондай-ақ барлық жағдайда палубалармен жалғағанда су өткізбейтін болуы қажет машиналы-қазандық бөлімнің аралықтарын қамтымайды.
756. Пайдалану кезінде соққыға душар болатын корпустың сыртқы бөліктері аялдайтын бөренелермен, арнайы тоқтататын құрылғылар және төсеніштермен қорғалуы қажет.
Корпустың қорғаныш құралдары соққыдан қатты байланысқа күш беруі қажет (аралықтар, жиынтық белдемдері немесе арнайы жергілікті нығайтулар).
757. Интенсивті жергілікті жоюға сыналудың беті (сыртқы қаптаманың плиталары және зәкірлі алдыңғы жағы ауданындағы палубалар, жүк люктерінің комигстері және с.с.) металмен немесе басқа қорғау материалмен қапталу қажет.
758. Темірбетонды корпустың элементтеріндегі арматуралардың санын орналасуын тиісті конструктивті талаптарды сақтаумен беріктілікті қамтамасыз ету және жарықты ашуды шектеу шартынан тағайындайды.
759. Элементтің геометриялық қимасындағы аудан бөлігіндегі керілген арматуралардың көлденең қимасының ауданы мыналарды құрау қажет:
сыныпты болаттан жасалған арматуралар үшін:
A-І (A240) аз емес 5 %;
А- II (А300) аз емес 4 %;
А-III (А400) аз емес 3 %.
760. Корпустың барлық элементтерінде әсіресе сыртқы қаптаманың плиталарында арматуралардың талап ететін көлденең қимасының ауданы ең аз рұқсат етілген өзек аралығының арақашықтығын сақтап, кіші диаметрдің ықтимал үлкен санын қолдануын қамтамасыз ету керек (осы Қағиданың 761-тармағы).
Сонымен бірге өзек диаметрі белдемнің бойлық арматуралары үшін 10 мм және плита торларына, қамытқа және конструктивті пайымдаудан тағайындалған арматуралар үшін 6 мм кем болмау қажет.
761. Корпус элементтеріндегі арматуралық өзектің орналасуы мына талаптарға сәйкес болу қажет:
1) жақын параллелді орналасқан өзектер аралығының жарыққа арақышықтығы олардың ең үлкен диаметрінен және 20 мм кем емес;
2) алға шығатын бөліктердегі қайта өткізу немесе қиылысқан жердік сәйкестенуі және жақын параллелді арматуралардың өзектерін аралығының жарыққа қарай ең кем арақашықтығы 10 мм және одан жоғары;
3) арматуралық өзектер конструкция бөлігінен төмен жататын бетон берілетін тесіктерді олардың алаңынан 40% жаппауы.
762. Корпустың арматурасы пісірілген және жалпақ пісірілген торлардан немесе көлемді пісірілген каркастан болу қажет.
Корпустың монолитті бөліктерін дайындау кезінде, сондай-ақ жекелеген секциялар үшін олардың бетондау жерінде арматураларын жинап және жиналған түрінде тасымалдамайтын жағдайда байланған арматуралар рұқсат етіледі.
763. Арматураларды дәнекерлеуді қолданыстағы стандарттарға сәйкес орындайды.
Өзектердің қиылысқан жалғаулары байланысты немесе доғалық пісіруді орындайды (флангалық тігіспен немесе ванналық тәсілмен астауша қиылысуларда).
Арматуралардың барлық жағдайларында жалғаулар орнында тең берікті жалғанатын өзек, ал диаметрлері әртүрлі өзектерді жалғау кезінде - диаметрі кіші өзектер болу қажет.
764. Қиылысатын өзектерді жалғау, байланысты нүктелік электрлі дәнекермен, жартылай автоматты дәнекермен көмірқышқыл газының ортасында қол жетпейтін жерде орындалу қажет.
765. Өзектерді металл конструкциялармен жалғау доғалық электрлі дәнекермен орындалады (жалпы тігісті, қорғау газдарының нүктелік ортасында немесе флюс қабаты астында).
766. Арматуралық өзектердің ұштары мыналарға байланысты берік бекітілу қажет:
1) беріктілік есебінде ескерілген барлық жұмсақ керілген диаметрі 10 мм және одан жоғары арматуралардың өзектері, сондай-ақ керілуге душар болатын және ұзындығы 20 диаметрден кем емес барлық анкерлер;
2) керілген өзектерді мүмкіндігінше сығылған зонада нығайту;
3) өзектерді есеп бойынша мынадай ұзындықтар бойынша талап етілетін участкілерге қайта өткізу:
диаметрі 30 A-І (A240) және А-П (А300) сыныпты, диаметрі 40 А-Ш (А400) сыныпты болат арматуралардың керілген өзектері;
крюксіз A-І (А240) сыныпты болаттан сығылған өзек диаметрі 30, басқа сыныптар үшін сығылған 10 диаметрден кем емес;
4) қиылысу орындарында үзілетін немесе белдемдердің түйісетін барлық жүктеулі бойлық өзектерді арнайы анкерлерге және жақын жердегі қиылысатын өзекке дәнекерлеу.
767. Арматураларды майыстыруды радиусы доға бойынша орындайды.
Араматураның шеткі қалыпты крюктері өзек диаметрінен 2,5 кем емес жарыққа қарай диаметрі болу тиіс, тік крюктер - майыстыру бөлігінің 3 диаметрден кем емес ұзындығымен.
768. 165о кем емес бұрышта керілген арматураның майысуы рұқсат етлімейді. Бұл жағдайда арматура ұштасатын элементтердің ен бойына орналасқан, жекелеген қиылысатын өзектерден тұру тиіс.
165о Асатын бұрыштарда керілген арматураның майысуы оларға қамыттарды орнау жағдайында рұқсат етіледі.
769. Корпустың барлық сыртқы беттері үшін және ішкі беттері үшін дымқылдануға душар болатын бетон қабатының қорғау қалыңдығы 100 мм кем болмауы, ал басқа беттері үшін - 5 мм кем емес;
теңіз суымен жанасатын корпус бөліктері, сондай-ақ арнайы жабулары жоқ палубалардың интенсивті жойылатын участкілері, қалыңдығы көрсетілгенмен салыстырғанда 5 мм кем болмайтындай ұлғайтылған қорғау қабаты болуы;
диаметрі 10 мм жоғары арматуралар үшін қорғау қабатының қалыңдығы өзек диаметрінен кем болмауы қажет.
770. Мыналарға апаратын кеменің корпусын конструкциялау кезінде кернеу концентрациясы ошағының қалыптасуына жол бермеу керек:
1) корпустың негізгі байланыстарындағы серіппелердің үзілулерін элементтердің ұзындығы және ені бойынша бір қимада керілген арматураның ауданы бес плита үшін 25% және белдем үшін 30% жоғары емес, ал сығылған арматуралар үшін 40% аспайтындай етіп орналастыру;
2) үзілген байланыстарды жақын жер жегі қиылысу байланыстарына немесе плиталардың күшейтілген участкілеріне бекіту;
3) 1:3 жоғары емес көлбеуді қамтамасыз ететін, плиталардың қалыңдығын және белдем өлшемдерін біртіндеп өзгерту;
4) бетоннан жасалған бөлшектердің тік және үшкір бұрыштарын өлшемі 25 мм кем емес фаски қарастырады.
§ 2. Плиталар
771. Корпустың плиталарының қалыңдығын кеменің типі және өлшеміне, оның конструкциясы және беріктілікті қамтамасыз ету шартына байланысты тағайындайды.
Барлық жағдайларда плиталар қалыңдығы осы Қағидаға 97-қосымшада көрсетілгеннен кем болмау қажет.
772. Қаңқалар ауданындағы плиталардың қалыңдығы, сондай-ақ бөлшектерді қоятын жерлерде немесе механизмдерді, құрылғыларды және жабдықтарды орнату жерлерінде 25% кем болмау қажет.
773. Қорғауыш қабаттың қалыңдығынан кем емес қашықтықта орналасқан корпус плиталарын екі бірдей торлармен арматуралау керек (осы Қағиданың 769-тармағы).
774. Соққы жүктемелеріне сыналмайтын (қалқалар плиталары, қоруша және палубалар, қорғалған төсеніштер) жұқа плиталарды арматуралау, кезінде екі жағынан жұмыс өзегіне бекітетін екі бірдей тордың орнына орташа бөлгіш өзектен тұратын жартылай торды қолдануға рұқсат етеді.
Сыртқы қаптаманың плиталарын жартылай тормен арматуралау рұқсат етілмейді.
775. Қаңқалар, палубалық стрингер ауданындағы маңызды соққылық немесе шоғырланған жүктемеге ұшыраған плиталар арматураларын, өлшемдерін ұлғайту немесе қосымша өзектер және жергілікті торларды орнату жолымен күшейту қажет.
776. Барлық жағдайларды плиталардың бөлгіш арматуралардың көлденең қима ауданы жұмыс арматурасының көлденең қима ауданынан 20%-ға және осы Қағиданың 759-тармағы талабынан кем болмау қажет.
777. Арматуралық өзектердің өлшемдері және олардың орналасуы мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:
1) барлық ұзындығы бойынша торлардың бір қатарындағы плита аралығы 1 м ұзындыққа 5 кем емес және 25 жоғары емес орналасу қажет;
2) жұмыс өзектері аралығының арақашықтығы плита қалыңдығынан 2,5, ал бөлгіш аралықтары - плитаның 4 қалыңдығынан аспау қажет;
3) плита қалыңдығы 80 мм-ге дейінгі кездегі негізгі торлардың өзектері бір бірінің үстіне емес, шахматты тәртіппен орналасу қажет;
4) өзектердің диаметрі 6 мм кем емес және плита қалыңдығынан 0,25 жоғары болмау қажет;
5) өлшемдері әртүрлі өзектермен плиталарды арматуралау кезінде соңғылары бір бірінен 2 мм жоғарыға ерекшелену керек.
778. Плита тіреулерінде орналасқан жеке өзек түрінде олардың ұзындығы тіреу енінен кем емес қосу 0,4 плита аралығы шартында түп, палубалар және аралықтар плиталарында сыртқы тордың жұмыс арматурасының жалпы санынан 40% дейін орындауға рұқсат етіледі.
779. Плиталардың тіректік қималарын вуттарды орнату жолымен күшейту қажет.
Егер вут беріктілік есебінде ескерілетін болса, оларды арнайы өзектермен немесе торлармен қабырғаға вуттың қума ұзындығының 1 м 5 өзектен кем емес перпендикуляр болатындай есеппен арматуралау қажет.
Вут орнату кезінде осы Қағиданың 778-тармағында көрсетілген жекелеген өзектерді қолдануға рұқсат етілмейді.
780. Бұрыш жасаушы плиталардың арматураларын пісіру немесе бір плитадан басқа плита әрбір плитаның а ұзындығына диаметрі 15 өзектің 60% кем емес, бірақ 150 мм кем емес қайта өткізу жолымен жалғайды.
781. Таңба жасаушы плиталардың арматураларын пісіру немесе орнатылатын плиталардың барлық өзектерін майыстыру тормен басқа плиталар аралығында майыстыру жолымен жалғайды. Майыстыру ұзындығы өзектің 10 диаметрінен кем болмау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |