§ 1. Қоршаған ауа температурасы, созылуларға сынаулар
1280. Сынаулар кезінде қоршаған ауа температурасы егер мынадай бөлімдерде және осы бөлім тарауларында басқа нұсқаулар болмаса, стандарттар талаптарына сәйкес болуы қажет.
1281. Қағида мен стандарттар талаптарына байланысты созылуларға сынаулар кезінде материалдардың механикалық қасиеттерінің мынадай сипаттамалары анықталады:
1) ағымдылықтың физикалық шегі Re - ағымдылық кезіндегі пластикалық деформацияларының басталуына тиісті кернеу немесе егер бұл кернеу кез-келген мынадай сәйкес келетін қауырттылық мәнінен аспайтын болса ағымдылық кезіндегі пластикалық деформацияның қисық процессінде қадағаланатын металл құйылуынан алынған қисық деформацияда алғашқы қауырттылыққа сәйкес келетін кернеу.
Серпімді деформация облысында ағымдылық шегіне жетпейтін жүктеу жылдамдығы болат және шойын үшін секундына 30 МПа-дан және олар үшін темір негізгі элемент болмайтын материалдар үшін секундына 10 МПа аспауы қажет;
2) егер материалда ағымдылық әсері нақты көрінбесе, ағымдылықтың шартты шегі анықталады.
Ағымдылықтың шартты шегі Rp - бастапқы есепті ұзындықта көрсетілген (0,2% — Rp0,2 үшін қатысты ұзарту) пластикалық деформация берілген мәнге жететін кернеу.
Жүктеудің жылдамдығы осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес бекітіледі.
3) Rm уақытша қарсыласу - үлгінің қирауына әкеп соқтыратын ең жоғарғы жүктемеге сәйкес болатын кернеу.
Rm уақытша қарсыласуды анықтау үшін үлгі әрекет үстінде жүктеменің қалыпты өсуінен бұзылуына дейін созылады. Осы процесстерде пластикалық материалдар үшін өзгеру жылдамдығы, мм/мин үлгінің шектен тыс өзгеру уақытынан немесе үлгі бұзылуына дейінгі ағынның шартты шегі есепті бөлігінің ұзындығы 40 % қатынасынан аспауы қажет;
4) А жарылуынан кейінгі ұзарту қатынасы - үлгінің есепті ұзындығы артуының % көрсетілген бастапқы есепті ұзындық қатынасы;
5) Z жарылуынан кейінгі қатысты тарылуы - үлгінің % көрсетілген көлденең қиманың бастапқы алаңына жарылудан кейін көлденең қиманың бастапқы және ең кішкентай алаңының әр-түрлі қатынасы. Пропорционалды цилиндрлі үлгілерде анықталады;
6) Индекспен аса жоғары температурады созылу сынауларын жүргізу кезінде сынау температурасы көрсетілуі қажет, мысалы, Rm /350, А5/350, Z350.
1282. Созылу сынауларын осы Қағиданың 167-171-қосымшаларына сәйкес үлгілерде жүргізіледі. мұнда:
do, мм,— үлгінің жұмыс бөлігінің диаметрі;
а0 mm,— жазық үлгінің немесе жолақтың жұмыс бөлігінің қалыңдығы;
b0, мм,— жазық үлгінің немесе жолақтың жұмыс бөлігінің ені;
Lc, мм,— үлгінің жұмыс ұзындығы;
L0, mm,— үлгінің есепті ұзындығы;
r, мм,— бекіту радиусы;
S0, mm2,— үлгінің жұмыс бөлігінің көлденең қимасының алаңы;
D, мм,— түтіктің сыртқы диаметрі;
T, мм,— түтік қабырғаларының қалыңдығы.
Сынаулар үлгінің түрлерін осы Қағиданың 172-қосымшасына сәйкес таңдалынады.
тең тікбұрышты қима үлгісінің есепті бөлігінің немесе L0=5,65d0 тең цилиндрлі есепті бөлігі - пропорционалды деп аталады.
Басқа өлшемдер үлгілерін Кеме қатынасының тіркелімінің келісімімен қолданылуы мүмкін.
Мұндай пропорционалды үлгілерде Ао қажетті қатынас ұзартуы, мысалы, есепті ұзындығы Lc— 200 мм мынадай формула бойынша есептелінеді, %
Мұнда A5 - пропорционалды үлгілер үшін орнатылған қатысты ұзартудың нормасы, %.
1283. Сұр шойынды созу сынаулары осы қосымшаға 173-қосымшаға сәйкес цилиндрлі үлгіде орындалады.
§ 2. Соғып майыстыру сынақтары
1284. KCU соғу созылымдылығы U-тектес тілікті үлгіде 174 және 175-қосымшаларға сәйкес V - тектес үлгілерде KV және KU соғу жұмысы және U- тектес тілікті үлгіде осы Қағиданың 176, 177 және 178, 179-қосымшаларына сәйкес анықталады.
KV және KU соғу жұмысы үш үлгіде, KCU соғу созылымдылығы кемінде екі үлгіде жүргізіледі.
KV және KU соғу жұмыстары осы Қагидаға 180-қосымшасына сәйкес үш сынаулар нәтижесі бойынша орташа деп анықталады; сонымен бірге үштен бір үлгілерді сынау кезінде соғу жұмысы қажетті ең аз мәнінен 70 % кем болмауы тиіс.
Екі үлгіде KCU соғу созылымдығын анықтау кезінде соғу созылымдылығының алынған әрбір мәні қажетті ең аз мәнінен кем болмауы қажет.
Қалыңдығы 10 мм аспайтын үлгілерде KCU соғу созылымдылығы анықтау тек қана Кеме қатынасының тіркелімі талабы бойынша жүргізіледі, KCU қажетті ең аз мәні Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі қажет.
1285. Кеме қатынасының тіркелімі тіліксіз үлгілерде соғу созылымдылығын анықтауды талап етуі мүмкін. Мұндай үлгілердің қима өлшемі (10±0,11) х (10±0,11) мм ұзындығы (55±0,60) мм болуы қажет.
1286. Сынаулар 150 Дж кем емес қуатымен маятникті копрда жүргізілуі;
тіректер арасындағы қашықтық (40±0,5) мм болуы;
маятник тілікке қарама-қарсы жағынан тіліктің симметриялы жазықтық үлгісін бұзуы, сонымен бірге тіліктің симметриялы жазықтығы мен маятник арасындағы ара-қашықтық 0,5 мм аспауы қажет.
Төмен температурадағы сынаулар үшін қажетті температураға жеті мақсатымен үлгілер салқындатылулы қажет. Сынаулар 60оС температурасында салқындату дәрежесі - 4оС болуы мүмкін, оған қоса үлгілердің бұзылу сәтінде сынаудың қажетті температурасынан болуы мүмкін ауытқу ±2оС дан аспауы қажет.
1287. Тозуға қарсы тұрақтылық осы Қағидаға 174-қосымшаға сәйкес үлгілердің соғу салдарынан майысуды сынау қажет. Соғу салдарынан майысуды сынаулар үшін дайындалатын сынамалар 10% қалдық деформацияға дейін алдын-ала созылуы қажет.
Одан кейін сынамалар шамамен 30 минут бойы (250±5)оС температурасында термиялық өңдеуге жатады.
Механикалық өңдеу процесінде үлгі жоғарыда көрсетілген температурада қызуы қажет. Басқа талаптар болмағанда қартаюға ұшыраған үлгілер KV соғылу жұмысының тапсырылған ең аз мәні 50 % алуын немесе үлгілерде 20оС кезінде анықталатын қартаюға ұшырамаған KCU тұтқырлық соғылуы: бірақ соққының барлық жұмыс жағдайында 27 Дж аз емес, тұтқырлық соққы - 290 кДж/м2 аз емес болуын қамтамасыз етуі қажет.
§ 3. Технологиялық сынақтар
1288. Иілу сынаулары осы Қағиданың 181-қосымшасына сәйкес орындалатын үлгілерде жүргізілуі қажет.
Үлгінің жиектері созылатын жағынан 1-2 мм радиусқа дөңгелетуге болады.
Табақтар мен пішіндердің иілу сынаулары мынадай өлшемді үлгілерде орындалуы қажет:
a-t (t — өнім қалыңдығы);
b-30 мм.
Өнім қалыңдығы 25 мм жоғары үлгіні бір жағынан қалыңдығы 25 мм дейін механикалық өңдеуге жатуы мүмкін. Бұл жағдайда сынау кезінде қондырма өңделген бет жағынан орналасуы қажет.
Соғылма, құю және дайындаулар иілу сынауларын а — 20 мм; b — 25 мм өлшемді үлгілерде жүргізілуі қажет.
Көрсетілген иілу бұрышы сынықсыз болып келсе, сынаулар нәтижелері қанағаттанарлық деп саналады.
Егер үлгі қайтадан бекітуден кейін түзетілсе, онда қайта сынаулар жүргізу қажет емес.
§ 4. Қаттылықты анықтау, құлап келе жатқан жүк арқылы сынау (DWI)
1289. Қаттылықты Бринель (әрі қарай-НВ), Виккерс (әрі қарай-HV), Роквелл (әрі қарай-HRC) немесе Кеме қатынасының тіркелімімен мақұлданған басқа да тәсілдермен анықталады.
1290. Егер Қағидамен талап етілсе құлап келе жатқан жүкті сынау және нәтижелерді бағалау, оған қоса үлгілер өлшемдері құрауы қажет, мм: 25x90x360; 19x50x130; 16x50x130.
Егер үлгілерді дайындау кезінде отпен кесу, оның өлшемдері 25 мм ұлғаюы қажет, бірақ табақ қалыңдығынан кем болмауы қажет.
Үлгінің бір жағы прокат бетін сақтауы қажет. Егер арнайы нұсқаулар болмаса үлгілерді ойып кесу бағдары орнатылмайды.
§ 5. Түтіктерді технологиялық сынау
1291. Майыстыру сынауларын сыртқы диаметрі d ≤400 мм және қабырға қалыңдығы t ≤0,15d болатын түтіктерде жүргізеді.
Түтік үлгісінің L ұзындығы 1,5 d тең және (10-100) мм құруы қажет. Басу пластиналар арасындағы Н қашықтығы, егер Қағидалар мен стандарттарда басқалары көрсетілмесе мынадай формула бойынша анықталады, мм:
H = (l + c)t/(c + t/d),
мұнда с — Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша материалға байланысты қабылданатын коэффициент.
Жалпы майысуда басу пластиналар арасындағы ара-қашықтық 2,25 t құрауы қажет.
Дәнекерлеуіш түтіктерді сынау кезінде дәнекерлеу тігісі иілім бағытына перпендикуляр жазықтықта орналасуы қажет.
Егер жазылған өлшемге дейін майысқан үлгіні қараудан кейін сызаттар байқалмаса, сынаулар нәтижелері қанағаттандырарлық деп есептелінеді.
1292. Ілестіріп беру сынауларды d сыртқы диаметрі оны қоса 150 мм дейін және қабырға қалыңдығы 9 мм дейінгі түтіктер өтеді. Үлгіге конусты оправканы үлестіріп берудің қажетті дәрежесіне жету үшін ішіне басып енгізілуі қажет.
Оправканың үлгі ұзындығы және конусты бұрышы осы Қағиданың 182-қосымшасында көрсетілген.
Егер қарау кезінде жазылған ілестіріп берулер сызаттарсыз жетілетін сынаулар нәтижелері қанағаттандырарлық деп есептелінеді.
1293. Шығыршық созылуын сынауларға қабырға қалыңдығы 30 мм аспайтын диаметрі 110-508 мм болатты түтіктер жатады.
Түтік қалыңдығының сыртқы диаметріне қатынасы 0,13 кем болуы қажет. Үлгі ұзындығы 10-15 мм түтік кесінділерінен тұруы қажет.
Шығыршықты түтік қабырғаларының үш есе қалыңдығынан аса диаметрімен қоса екі оправка көмегімен үзілуіне дейін созылуы қажет. Дәнекерлеуіш түтіктерді сынаулар кезінде дәнекерлеу тігіс жазықтығы созылу бағытына перпендикуляр болуы қажет.
Егер қарау кезінде үлгіде қатерлер, қылаулар, задирлер, сызаттар, қыртыстанулар табылмаса сынаулар нәтижелері қанағаттандырарлық деп есептелінеді.
§ 6. Макро және микроконструктивті талдау, химиялық талдау
1294. Металды материалдарды макро және микроконструктивті талдаулар Қағидамен талап етілген жағдайларда стандарттар бойынша орындалады.
1295. Металды материалдардың химиялық құрамын анықтау тәсілдері және сонымен бірге рұқсат етілетін ауытқулар стандарттармен белгіленеді.
§ 7. Материалдардың бұзылмайтын бақылау тәсілдері
1296. Материалдың радиографиялық бақылауын жүргізу кезінде нәтижелер фото түсірілімдерде бақылау нәтижелерін бағалауымен қоса белгіленуі қажет.
1297. Өнімдердің ультра дыбысты бақылаулары бейнеленген импульстер тәсілімен толщиномер және дефектоскопты қолданумен жүргізіледі. Бақылау үшін қосарланған сынау бастары қолданылады.
Бөлек қосарланған және призмалық бастар аса нақты бақылау үшін қолданылады.
Бақылау аппаратураның дұрыстығы және нақтылығы уақыт сайын тексерілуі қажет.
Ақау көлемін анықтау тәсілдері стандарттар бойынша белгіленеді, ал оларды болмаған жағдайда Кеме қатынасының тіркелімімен келісіледі.
Бағалай критерийлері және болуы мүмкін ақаулар өлшемдері өнімге жоба-техникалық құжаттама құрамында Кеме қатынасының тіркелімімен келісуге жатады.
Өнімдер беті сынау бастарының сенімді және біркелкі акустикалық байланыстарын қамтамасыз етуі қажет.
Ультрадыбысты бақылау өнімді дайындау кезеңінде, жай пішінді болған кезде термиялық өңдеуден кейін жүргізіледі.
1298. Магнитұнтақты бақылау жүргізу үшін сынаулардың әр-түрлі шарттарында жақсылап тексерілген аппаратураны қолданған жөн. Бақылауға жататын өнім аумағында алаңның қажетті кернеу қамтамасыз етілуі қажет.
Бақылаудан кейін өнімді магнитсіздендіру жүргізу қажеттілігі техникалық құжаттамада көрсетуі қажет.
1299. Осы Қағиданың 1296-98-тармақтарында көрсетілгеннен ерекшеленетін бақылау тәсілдерін Кеме қатынасының тіркелімі рұқсатымен ғана қолданылуы мүмкін. Бақылау нәтижелерін бағалау тәсілдері Кеме қатынасының тіркелімімен келісілуі тиіс.
1300. Егер бақылау жүргізу Қағидамен талап етілсе, бақылау хаттамалары Кеме қатынасының тіркелімінің куәлігіне қоса берілуі қажет.
94. Металл емес материалдарды сынау тәсілдері
§ 1. Сынақ жүргізу шарттары
1301. Сынаулар алдында үлгілерді салқындатуды қоршаған орта температурасы (23+2) оС және қатысты ылғалдылығы (50+5)% кезінде орындалады. Егер басқасы айтылмаса салқындату уақыты 16 сағат. кем болуы қажет.
Сынау тікелей үлгілерді салқындатудан кейін жүргізілуі қажет.
Егер Кеме қатынасының тіркеліміне сынаулар шарттары олардың нәтижелерінің тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейтіндігі дәлелденсе, салқындату жүргізілмеуі мүмкін.
1302. Резеңкеленген тоқыма материалдарды сынау үшін үлгілер негіз бойынша немесе бекіту тетігінің үлгі осьі негіз талшықтарына паралель болып немесе бекіту тетігіне сәйкес ойып кесілуі тиіс.
1303. Негізделген жағдайларда Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша сынаулар осы тарауда талап етілгеннен нысан немесе өлшем бойынша ерекшеленетін үлгілерде жүргізілуі мүмкін.
1304. Осы тарауда айтылмаған сынаулар жүргізу шарттар стандарттарға сәйкес болуы қажет.
§ 2. Созылу сынақтары
1305. Мм өлшемдері осы Қағиданың 185-қосымшасында көрсетілген созылу кезінде шыны пластик беріктілігінің шегі 183, 184- қосымшаларға сәйкес үлгілерде анықталады.
1306. Созылу кезіндегі беріктілік шегі және қабатты тоқыма материалдардың жарылу кезіндегі қатысты ұзартуларын ені 50+1 мм және сынақ машиналардың қысқыштар арасындағы бастапқы ұзындығы 200+5мм үлгілерде анықталады.
Ұсынылып отырған алдын-ала жүктеме тығыздығы 200г/м3 және кем маталар үшін 2 Н, тығыздығы 200 ден 500 г/м3 дейін материалдар үшін және тығыздығы 500г/м3 аса маталар үшін 10 Н құрайды.
Сынақ машиналардың қысқыш әрекет жылдамдығы 100±200 мм/мин.
Жарылу кезіндегі қатысты ұзартуларды осы Қағиданың 1281-тармағы 4) тармақшасына сәйкес анықталады.
1307. Қабатты тоқыма материалдар тесігі бойынша жарылу беріктілігі өлшемдері (225+5)х(75+5) мм тікбұрышты үлгілерде анықталады. Үлгінің бойлық жиектеріне паралель оның бірден-бір шеттерінің ортасында ұзындығы 80+1 мм болатын саңылау жасалынуы қажет. Үлгінің пайда болған тілдері сынақ машиналардың қысқыштарында жарылу басы жарылу үлесінің қосымшалары бағыттарына паралель болатындай етіп бекітеді. Сынақ машиналардың қысқыш әрекетінің жылдамдығы 100±10 мм/мин.
Жарылу жүктемесін жарылыс үлесінің орташа арифметикалық ең үлкен мәні деп есептейді.
1308. Қабатты тоқыма материалдың қабаттары арасындағы байланыс беріктілігі өлшемдері (50±1) х (200±5) мм болатын тікбұрышты үлгілерде анықтайды. Үлгілердегі төсемдер ақырындап матаға дейін ойып кесіледі және осы Қағиданың 175-қосымшасына (қатпарланған аумақ штрихтап тасталған) сәйкес қисық саңылау жағынан ұзындығы 50 мм пышақ арқылы қатпарланады. Пайда болған тілдер сынақ машиналардың қысқыштарда бекітіледі.
Қатпарлану графикте үлестер тіркеуімен 100 мм ұзындықта орындалады. Қысқыштың әрекет жылдамдығы 100+10 мм/мин.
Қабаттар арасындағы байланыс беріктілігін үлгі ұзындығының орта бөлімдеріннен алынған, қатпарлану жалпы ұзындығы 50 % құрайтын қисық үлгілердің сынаулар графиктерінің 50 % ең төмен пиктеріне сәйкес болатын тіркелген үлестердің орта арифметикалық болып есептелінеді.
1309. Қабатты тоқыма материалдар байланыстарының жабыстырылған жарылу беріктілігі жабыстырылған жалғанулардың ортасы үлгі ортасымен сәйкес болатындай етіп, ал осы жалғанулардың ені үлгіні 25 мм жабатын үлгілерде анықталады. Үлгілердің нысаны мен өлшемдерін осы Қағиданың 1305-тармағына сәйкес анықтайды. Қолданылған желім өнімді дайындау шарттарына сәйкес болуы қажет.
Жарық қайтарылатын материалдардың жарылысу беріктілігі ені 25±1 мм және сынау машинасының қысқыш арасындағы басты ұзындықта 100±5 мм үлгісінде анықталады.
Сынау машинасы қысқышының қозғалыс жылдамдығы - 100±5 мм.
Жабысқақ қабатты материалдарды сынау қорғау қағазы алынғаннан кейін орындалады.
Жабысуға қарсы беріктілік жарық қайтарылатын жабысқақ қабатымен материалдар жұлынып алынуы ені 25±1 мм және ұзындығы 200±5 мм үлгілерде анықталады.
Сынау алдында материалдың жабысқақ қабатынан 80±5 мм ұзындықтағы қорғау қағазы алынып тасталынады және (50±5)x(90±5) мм өлшемімен сыналатын жазықтықта орнатылады.
Үлгінің жиынтық соңы сынау машинасының козғалмайтын қысқышына бекітіледі. Үлгінің үзілініп алынуы қарама қарсы бос үлгінің соңы арқылы өтетін остің айналасында пластин 180о бұрылысы жолымен орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |