Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет30/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   129
§ 3. Сығылу сынақтары

 

1310. Шыны пластиктің беріктілік шегін сығылуына өлшемдері мм осы Қағиданың 176-қосымшасында көрсетілген, 172-қосымшаға сәйкес үлгілерде анықталады.

1311. Қатты пенопласттардың беріктілік шегінің сығылуы (50,0±0,5)x(50,0±0,5)x(25±1) мм жақтарымен параллелепипед нысанды үлгілерде анықталады.



Жүктемені біртекті көбейтеді. Жүктеу жылдамдығы 5 мм/мин аспауы тиіс.

 

 

§ 4. Шыны пластиктер шымырлығының модулін анықтау



Иілімге сынаулары

 

1312. Шымырлық модулін анықтау үшін осы Қағиданың 1305-тармағына сәйкес созылу, 1310-тармағына сәйкес сығылған кезінде дайындалған үлгілер қолданылады.



Үлгі ұзаруын бұзу жүктеменің мәнінің 2 және 8—10 % құрайтын мәндерге сәйкес болатын бастапқы Pо және ең көп Pmax жүктемеде анықталады.

1313. Қатты пенопласттардың иілімін сынауды ұзын (120±1,2) мм, ені (25,0±0,25) мм және қалыңдығы (20,0±0,2) мм үлгілерде жүргізілуі қажет.

Тіректер арасындағы ара-қашықтық 100 м құрауы, пуансон және тіректердің жұмырлау радиустары — (5,0±0,2) мм болуы, пуансонның беріліс жылдамдығы (10±2) мм/мин тең болуы қажет.

1314. Шыны пластиктердің иілуін сынау қалыңдығынан 20 есе тең ұзындықты ені 25 мм үлгілерде жүргізілуі қажет. Тіректер арасындағы ара-қашықтық үлгінің қалыңдығынан 16 есеге тең болуы; үлгі ортасында үлгі сынған жеріне дейін қалыпты өсетін жүктеме қоса берілуі қажет.

 

§ 5. Қабатты тоқыма материалдардың иілімін сынау



 

1315. Сынаулар осы Қағиданың 188-қосымшасына сәйкес сынақ қондырғыларда бекітілетін өлшемдері (300±5) х (25±5) мм тік бұрышты үлгілерде жүргізіледі. Үлгіні орнату кезінде қысқыштар арасындағы ара-қашықтық l 30 мм құрайды.



Үлгіні орнату кезінде l қысқыштар арасындағы ара-қашықтық 30 мм құрайды.

Үлгі орнатылғаннан кейін қысқыштар жанасқанға дейін апарылады. Сонымен бірге, үлгіге әсер ететін үлес 10 Н құрауы тиіс.

Сынау процессінде жылжымалы қысқыш жиілігі 2 Гц және амплитудасы 50 мм қайту-түсу орын ауыстырудың 500 цикл орындайды.

Жарық қайтарылатын материалдардың майысуын сынау термокамерадағы 30оС температурада диаметрі 3,2 мм металды қондырумен ұстамдылықтан кейін (25±5)x(150±5) мм өлшемді үлгілерде орындалады.

Жабысқақ қабатты жарық қайтару материалдарын сынау қорғау қабатын жойғаннан кейін орындалады.

 

 

§ 6. Шыны пластиктердің құрамындағы салмағы бойынша



шынының салыстырмалы мөлшерін анықтау

 

1316. Өлшемдері (10±1,0) х (10±1,0) мм (625±25) оС температурада қара май жану үлгі пластина қалыңдығына муфельді пешке кедергі келтіреді.

Салмағы бойынша шынының салыстырмалы құрамын мынадай формула бойынша анықталады, %

 

S = (G2 - G0)100/(G1 - G0),               (574)

 

мұнда G1смола жануына дейін үлгілермен қоса пеш салмағы, г;

G— смола жанғаннан кейінгі үлгімен қоса пеш салмағы, г;

Go — жарылған бос пештің салмағы, г.

Салмақты кемдігі 0,01 г кем емес болып анықталуы тиіс.

 

 

§ 7. Пенапласттың көрініп тұратын тығыздылығын анықтау.



Шекті температурада пластмассаның шөгу деформацияларын анықтау

 

1317. Пенапласттың көрініп тұрған тығыздылығын анықтау көлемі 10-4 м3 дұрыс геометриялық нысанды үлгілерде жүргізілуі қажет.

Ұстамдылық алдында осы Қағиданың 1301-тармағына сәйкес үлгілерді 40+5 оС салмақ өзгермеуіне дейін құрғатылады. Көрініп тұрған тығыздылық оның м3 көлеміне үлгінің қатысты салмағы сияқты анықталады.

1318. Өлшемі (100±1)x(100±1)x(15±0,5) мм үлгілер 48 сағат бойы сыналатын пластмасса үшін шекті температурада ұсталады.

Шөгу деформациялары сызықты деформацияның үлгінің алғашқы өлшеміне қатынасы сияқты анықтайды және пайыздарда көрсетіледі.

 

 

§ 8. Су сіңіру сынақтары



 

1319. Су сіңіру қалыңдығы (50±1)х(50±1) мм өлшемді өнім қалыңдығына тең, бірақ 50±1 мм аспайтын үлгілерде анықталады.

Үлгілер сынаулар алдында тұрақты салмаққа дейін құрғатылған болуы қажет.

Құрғату тәртібі стандартпен бекітіледі.

Құрғату мен ілуден кейін үлгілер тазартылған суға салынады және 23±2 оС температурада 24 сағат бойы ұсталынады, одан соң қайта өлшенеді. Сонымен қатар, үлгі бетіндегі су жойылуы қажет.

Су сіңіру құрғақ үлгі салмағына жатқан сіңірілген су бөлігінің салмағы ретінде есептелінеді.

Пенопласттардың су сіңіруі үлгі қабаты алаңына жататын сумен сіңірілген салмақ ретінде есептелінеді.

1320. Үлгілердің қажетті саны көлемінен анықталатын өлшемді сынама температурасы 23±2 оС тұщы суға 1,25 м тереңділікке салынады және 7 тәулік бойы ұсталынады.



Сынаулар алдында сынама өлшенеді, сондай-ақ ол тәулік және жеті тәуліктен кейін ұстау процессінде өлшенеді.

Сынамадан ұстаудан кейін қажетті сынаулар өткізу үшін үлгілер дайындалады.

 

 

§ 9. Тозуды сынау



 

1321. Үлгілердің қажетті саны мен өлшемдерінен анықталатын өлшемді сынама температурасы 23±2 оС жасанды теңіз суда жартылай алынған күйде 30 тәулік бойы ұсталады. Ұстау процессінде сынама күнделікті 2 сағат бойы сынамадан 50 см қашықтықта орналасқан, қуаты 500 Вт шам көмегімен ультракүлгінмен сәулеленуге жатады. Ұстаудан кейін сынамадан қажетті сынаулар өткізу үшін үлгілер дайындалады.

1322. Үлгілердің қажетті саны мен өлшемдерінен анықталатын өлшемді екі сынамалар ортаның температурасы 70±1 оС ілініп тұрған күйде 7 тәулік бойы ұсталады, сонымен бірге, сынамалардың біреуі су үстінде жабық аумақта орнатылуы тиіс. Ұстаудан кейін сынамалардан сынаулар жүргізу үшін сандары тең үлгілер дайындайды.

1323. Жиектерге паралель екі бағытта қосылатын Тозудан кейінгі бүрме пайда болу мен пішін тұрақтылығын сынау

Жатық пайда болу және форма беріктілігін сынау ескіруден кейін 100±5 мм жағынан төрт бұрышты үлгілерде жасалынады, екі бағытта жиналатындар - бір біріне тік бұрыштар үстінен және жиектермен параллельді, бүктелінеді және қарама қарсы бағытта сол қабат бойынша тағы бір рет жиналады. Әрбір жиналғаннан кейін жиек саусақтармен тегістелінеді.

 

 

§ 10. Мұнай өнімдерінің әсерін сынау



 

1324. 70+5 мм диаметрлі диск тәрізді үлгі осы Қағиданың 189-қосымшасына сәйкес сынау қондырғысына салынады.



Сынау қондырғысы 20 мм деңгейіне дейін майлар қоспаларымен мынадай пропорцияда толтырылады:

30% 2, 3, 4-триметилэтан;

50% толуол;

15% диизобутилен;

5% этанол.

Кеме қатынасының тіркелімімен келісім бойынша дизель отын, жанармай және т.б. сияқты мұнай өнімдері қолданылуы мүмкін.

Үлгі майлар әсерінен 20+2 оС температурада 22 сағат бойы ұсталады.

Сұйықтықтан алынғаннан кейін үлгі сәл құрағытылып, суланған қабатты екіге бүктелсін.

Суланған қабаттар бір-біріне жабыспауы тиіс. Саусақпен бақылау кезінде қабат бүліндеуі қажет.

1325. Үлгілердің қажетті саны мен өлшемдерінен анықталатын өлшемді сынамалар 23±2 оС температурамен дизель отынға салынады және 30 тәулік бойы ұстайды.



Ұстайдан кейін сынамадан қажетті сынаулар жүргізу үшін үлгілер дайындайды.

1326. Үлгілердің қажетті саны мен өлшемдерінен алынатын өлшемді сынамалар дизель отынға немесе темпераптурасы 23±2 оС жоғары октанды жанармайға 100 мм тереңділікке салынады және 24 сағат бойы ұстайды.

1327. Үлгілердің қажетті саны мен өлшемдерінен алынатын өлшемді сынамалар температурасы 23±2 оС шикі мұнай, мазут, дизель отын, жоғарғы октанды жанармай және керосинге 100 мм тереңділікке салынады және 14 тәулік бойы ұстайды.

Ұстаудан кейін қажетті сынаулар жүргізу үшін үлгілер дайындайды.

 

 

§ 11. Сумен әрекеттесуді сынау



 

1328. Үлгілердің қажетті саны мен өлшемдерінен алынатын өлшемді сынамалар температурасы 23±2 оС жасанды теңіз суға салынып, 5 ай бойы ұстайды.

Ұстаудан кейін қажетті сынаулар жүргізу үшін үлгілер дайындайды.

1329. Қабатты тоқыма материалдарда периметр бойынша жабыстырылған өлшемі 300х200 мм сынамаларды тұзды суда тұз қоюлануы 3,3 — 3,8 %, су бетінен 500 мм тереңділікте, температурасы 40±1 оС суда 4 сағат бойы ұстауы қажет.

1330. Алюминий панельіне бекітілген және Х-тәрізді диоганаль тілігі бар өлшемдері (70±5)х(150±5) мм жарық қайтарғыш материалдардың үлгілері температурасы 23±2 оС жасанды теңіз суда жабық аймақта 16 сағат бойы жартылай салынған күйде ұсталынады.

Үлгелер қабатында тұз қалдығын ұстаудан кейін жуылады.

Осы Қағиданың 1327-тармағына сәйкес дайындалған және орнатылған жарық қайтару материалдарының үлгілері тыныш көлемде 16 секунд жасанды теңіз суында және тазарту ықпалына ұшырайды.

1331. Алюминий панельіне бекітілген өлшемдері (70±5) х (150±5) мм жарық қайтарғыш материалдар үлгілері температурасы 35±2 оС тозаңдатылған 5% тұзды ерітіндіде 5 тәулік бойы ұсталынады.

Ұстамдар арасында үлгілер 2 тәулік бойы әр 22 сағат сайын құрғатылады.

 

 

§ 12. Ауа өткізбейтіндігін, салқынға тұрақтылығын, озонмен әрекеттенуін сынау



 

1332. Диаметрі 350 мм диск тәрізді үлгілерді орта бөлігінің диаметрі 290 мм балауыздан бос қалатындай етіп балауызбен қаптайды және осы Қағиданың 190-қосымшасына сәйкес сынау қондырғының ернектері арасына бекітіледі.



Үлгінің астына 27,5 кПа артық қысым ықпал етеді.

10-15 минуттан кейін үлгіні оның жоғарғы нүктесі 13 мм тереңдікте болатындай етіп сумен толтырады. 1 минуттан кейін оның жазықтығында қалған ауа көбіктері жойылуы қажет.

Кейінгі 5 минутта көбіктер көтерілмеуі тиіс.

1333. Қатпарлы тоқыма материалдардың салқынға тұрақтылығын сынау өлшемдері (100±5)х(50±5) мм болатын тікбұрышты үлгілерде орындалады. Үлгілер, оларды -30 ч -35 оС температурада 1 сағат бойы, сондай-ақ -60 ч -65 оС 10 минут бойы ұсталғаннан кейін майыстырылады.

Сынау қондырғылардың схемасы осы Қағидаға 191-қосымшада көрсетілген.

Сынау соңында үлгінің паралель бөліктері арасындағы ара-қашықтық оның 4 қалыңдығына тең болуы қажет.

1334. Үлгіні цилтиндрлі оправка қоршауында 180о алу бұрышымен орнатылады және 1 сағат бойы 30+2 оС температурада және 26 % қатысты ылғалдылықта 50 pphm озонмен топталған атмосферамен әрекеттенуге жатады.



Керек саннан шыға анықталған сынама және үлгі өлшемдеріне 8 сағаттан пенопласттар үшін және 27 сағаттан 40±5 оС до +70±5 оС температура ығыстырғышыты жарық қайтарғыш материалдар үшін кезек бойынша салынады.

 

 

§ 13. Діріл жүктемесі және тіркелу ықпалын сынау



 

1335. Бұйымдарды пайдалану шартынан таралу негізінде анықталатын үлгі, түр және өлшемдер діріл қабырғаға орнатылады және діріл жүктеме ықпалына мынадай тәртіпте ұшырайды:

тербеліс амплитудасы - 2,5 мм;

аралық жылдамдылығы - 5 ден 500 Гц дейін құлау жылдамдығы 32 Гц және діріл тездеткіш жылдамдығы 10g.

1336. Жарық қайтару материалының ұстасуын сынау 100±5 мм өлшемді төрт бұрышты үлгіде орындалады.



Бір біріне жарық қайтаратын жазықтықта қалыңдығы 3 мм шынылы пластинаның арасына екі үлгі орнатылады, 8 сағат бойы салмағы 18 кг жүк астында және 65±2оС температурада термокамерада ұсталынады.

Ұстамдылығынан кейін үлгілер 23±2оС температурада 5 минут ішінде салқындатылады.

 

 

§ 14. Жарық қайтаратын материалдардың коэффициентін анықтау



 

1337. Жарық қайтаратын материалдың коэффициенті 150±5 мм өлшемді төрт бұрышты үлгілерде анықталады. Осы Қағиданың 192-қосымшасына сәйкес кіру бұрышы және бақылау қабылданады.



Бет бұрыс жазықтық бұрышы кезінде есептілік 30о көп емес жүрісімен 0 ден 180о өлшеулер орындалады.

1338. Көлденең бағытта тік жазықтықта бекітілген жарық қайтарғыш материалдардың коэффициенті су қабығының үстіндегі (150±5)x(75±5) мм өлшемді үлгілерді анықталады.



Сынау процесінде үлгі тұрақты қозғалатын су қабаты үстінде болады. Өлшемдер бақылау бұрышы 0,2о және кіру бұрышы 5о кезінде орындалады.

 

 

§ 15. Сүрту, бүлінуді және көгерудің пайда болуына беріктілігін сынау



 

1339. Жарық қайтару және қабатты тоқыма материалдарын сүртуге сынау алюмин панеліне бекітілген (150±5)x(425±5) мм өлшемді үлгілерде орындалады.

Сынау машинасында қозғаусыз орнатылған панель қыл минутына 37±2 циклды жылдамдықта 1000-циклды қайтару-түсу ықпалына ұшырайды

Сынау үшін мм блокта (90±5)x(40±5)x(12,5±5) өлшемімен және жалпы салмағы 450±15 г диаметрі 4 мм 60 саңылауда орнатылған қара шошқа қыл жиегі қолданылады. Қыл 20 мм артық болмайтындай блоктан шығып тұруы қажет.

1340. Жарық қайтару материалдарын ластану заттарына ықпалын сынау алюминді панельге бекітілген 150±5 мм өлшемді төрт бұрышты үлгілерде жүргізіледі.



Үлгілерге 0,075 мм қалыңдықта ластанушы заттың қабаты жағылады, сынақ шынысымен жабылады және 24 сағат бойы ұсталынады.

Ұсталғаннан кейін ластанушы зат Уайт-спиртпен суланған жұмсақ матамен үлгіден жойылады, жуу затының 1 %-тік ерітіндісімен жуылады және суда шайылады.

Сынау үшін қолданылатын ластаушы зат сажи 8 салмақты бөлігінен, минералды майдың 60 салмақты бөлігінен және Уайт-спирттің 32 салмақты бөлігінен құралуы қажет.

1341. Жарық қайтару және қабатты тоқыма материалдарын көгерудің пайда болуына беріктілігін сынау алюминді панелге бекітілген 75±2 мм өлшемді төрт бұрышты үлгілерде жүргізіледі. Үлгілер жерде екі апта бойы ұсталынады. Ұсталғаннан кейін 70 % этил спирті ерітіндісімен сіңірілген жұмсақ матамен үлгілер жерден тазартылады және осы Қағиданың 1310-тармағына сәйкес 48 сағат бойы салқындатылады. Жердің микробиологиялық белсенділігі өңделмеген мақталы қағаз матасымен анықталады. Салмағы 400 - 475 г/м2 меншікті матаның беріктілік ағымдылығы жерде 5 тәулік ұсталғаннан кейін алғашқы мәнінен кем дегенде 50 % төмендеуі қажет.



 

 

95. Дәнекерлеуді сынау



 

1342. Тарау материалдың оны дәнекерлеуге рұқсат етілген кезде сынаулар технологияларына қойылатын жалпы талаптардан тұрады.

Кеме жасауда дәнекерлеу құрылғылар үшін қолданылатын сырғаланған болат, болатты құйма, соғылған болат пен алюминийлі ерітінділерінің дәнекерлеуін сынауға жатады.

1343. Рұқсаттама беру үшін сынаулар кезінде материал дәнекерленуі конструктивті жасау кезінде қолдану қарастырылатын тәсілдермен дәнекерлеу кезінде тексерілуі қажет. Дәнекерлеу тәсілдері материалға рұқсаттамада көрсетіледі.

1344. Дәнекерлеуін сынау кезінде анықталуы қажет:

1) химиялық құрам және негізгі материалдың механикалық қасиеті;

2) тоңазытқыш сызаттар пайда болуына қарсы тұрақтылық;

3) Осы Қағиданың 1287-тармағына сәйкес болаттың шөгу бейімділігі;



4) Қағиданың осы бөлімінің 9-бөліміне сәйкес дәнекерлеу жалғанулардың қасиеті.

1345. Осы Қағиданың 1344-тармағында көрсетілген параметрлері мен қасиеттері кемінде ең үлкен қалыңдықты табақтарда немесе басқа өнімдердегі үш түрлі ерітінді металдарда анықталады.

1346. Болаттан басқа металды материалдар үшін нақты жағдайларда дәнекерленуі Кеме қатынасының тіркелімімен келісілген бағдарлама немесе олармен мақұлданған стандарттар бойынша сынаулар нәтижелерімен анықталады.

 

 

18-бөлім. Болат және шойын



 

96. Жалпы нұсқаулар

 

1347. Осы бөлімнің талаптары кеме жасаушы болат, қазандар мен сауыттарға арналған болаттарға қысым астында жұмыс істейтін болатты түтіктер, қысқыштарға арналған болат және қысқыштар, шынжырларға арналған болат, болатты соғылмалар, болатты құйма және шойынды құймаларға қолданылады.

1348. Стандарттар немесе басқа техникалық шарттар бойынша жасалған жартылай дайындалған өнімдер, олардың талаптары Қағидамен анықталған нормаларға эквивалентті болған жағдайда қолданылуы мүмкін.



 

 

97. Кеме жасауда қолданылатын болат



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет