Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 3. Құбырлардың және құрғатушы қабылдағыш қосымшалардың орналасуы



бет48/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   129
§ 3. Құбырлардың және құрғатушы қабылдағыш қосымшалардың орналасуы

 

2413. Құрғатушы құбырлардың орналасуы, сондай-ақ олардың қабылдағыш қосалқысы болуы қажет сонымен қатар, осы Қағиданың 2397 және 2398-тармақтарында талап етілген кез келген сорғы арқылы өткізбейтін қималарды құрғату мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл талаптар мұнай құятын кемелердің үй-жайларына және коффердамдарына, сондай-ақ сұйықтықтарды сақтауға арналған цистреналарға қолданылмайды.

2414. Жүйе борт сыртындағы судың кеме ішіне кіріп кетуін, сондай-ақ судың бір өткізбейтін бөлігінен екіншісіне өткізбейтіндей болып орнатылуы тиіс.

Бұл үшін құрғату құбырларының таратқыш қораптарының қабылдағыш клапандары, сондай-ақ тікелей магистралға жалғанатын қабылдағыш қосымшалардағы клапандар қайталанбайтын-жабық типті болуы тиіс.

Сонымен қатар басқа тең бағалы құрылғылар рұқсат етіледі.

2415. Әрбір дербес құрғату сорғысы, өзі табылатын бөліктен тікелей қосымшасы болуы тиіс. Бұл қосымшаның ішкі диаметрі осы Қағиданың (613) формуласы бойынша анықталады.

2416. Құбырлардың орналасуы машиналық бөлімшелерді, басқа басқа сорғылармен бір мезгілде құрғату кезінде, тікелей сорғыға жалғасқан қабылдағыш қосымшалар арқылы құрғату мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.

2417. Құрғату құбырларының орналасуы басқа сорғылар жұмысқа қабілетсіз немесе басқа мақсаттарға қолданылатын жағдайда бір сорғының жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс.

2418. Егер машиналық бөлімшеде орналасқан, алдыңғы және артқы жаққа қарай құрғату үшін сорғыдан бір магистраль қарастырылатын болса, онда қосымшалардағы құрғату бөліктеріне қарай жүруші қайталанбайтын жабық клапандармен басқару су үсті бортының палубасымен жүргізілуі тиіс.

2419. Құрғату құбырлары донаралық кеңістен тыс орналасуы тиіс. Бұл құбырларды отынды, майды, қазан және ауыз су сақтау орындары арқылы орнату қажет болғанда, олар осы Қағиданың 2376-2378-тармақтар талаптарына сәйкес келуі тиіс.



Егер құбыр донаралық кеңістікте орналасса, әрбір өткізбейтін бөліктерде кері (қайтпайтын) клапандар орнатылуы тиіс.

2420. Жалпы қуаттылығы 220 кВт және одан жоғары басты қозғалтқышымен барлық өздігінен жүретін кемелерде осы Қағиданың 2415-тармақпен талап етілген қабылдағыш қосымшадан басқа машиналық үй-жайларды авариялық құрғату көзделуі тиіс. Осы мақсатпен суды салқындатқыш сорғының берілісі бойынша ең үлкені, машиналық үй-жайды құрғатуды қамтамасыз ететін деңгейде орналасқан, авариялық құрғатудың қайталанбайтын-жабық клапанымен тікелей қабылдағыш қосымшасы болуы тиіс. Қосымша диаметрі сорғының қабылдағыш келте құбырының диаметріне тең болуы тиіс.

Егер жоғарыда айтылған сорғы құрғату ретінде жұмысқа қабілетті болмаса, онда машиналық үй-жайдың қабылдағыш қосымшасы, құрғатуға арналмаған сорғы берілісі бойынша ең үлкені көзделуі тиіс. Мұндай сорғының берілуі Кеме қатынасы тіркелімімен жеткілікті деп танылған осы Қағиданың 2403-тармақта талап етілетін мәннен асуы тиіс. Қосымша диаметрі сорғының қабылдағыш келте құбырының диаметрінен кем болмауы тиіс.

2421. Ауыспалы құрғату сорғыларын немесе сүйрету-итергіштен құрғату рұқсат етілетін кемелерде, бөліктерді құрғату, егер қылтықша астында жүк болмаса иілмелі шланга көмегімен палубалық қылтықша арқылы немесе шланга жалғасатын палубалық төлкеде немесе келте құбырда аяқталатын үнемі қабылдағыш тірекше арқылы жүргізілуі мүмкін.

2422. Борт сыртына айдалатын мұнай өнімдерінен тазарту үшін құрылғы қолданылу қажет немесе мұнай өнімдерімен ластанған қабатталған суларды жинауға арналған ыдыс орнатылу тиіс.

Қондырғы және суды тазартуға арналған құрылғы жұмысы құрғату және балласты жүйе жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс.

2423. Қабылдағыш қосымшалардың орналасуы және саны әрбір жағдайда бөліктердің түрі және орналасуына байланысты таңдалуы тиіс.



Әрбір құрғатылатын бөлікте құрғату жүйесінің екіден кем емес қабылдағыш қосымшасы орнатылуы тиіс.

Қысқа және тар бөліктерде, егер ол бөліктердің дұрыс құрғатылуын қамтамасыз ететін болса, бір қабылдағыш бөлік көзделеді.

2424. Құрғатудың қабылдау бөліктері әрбір бөлікте, кеменің статикалық кранында кез-келген бортқа 5о дейін кезінде едәуір бөліктің толық құрғатылуын қамтамасыз ететіндей болып орналасуы тиіс.

2425. Құрғатудың қабылдау қосымшалары әрбір өткізбейтін бөліктің екі борт жағынан орналастырылуы тиіс. Түптің 5о жоғары көлбеуіндегі бөліктерді және кеменің ұштарындағы қосымшалар диаметралды жазықтыққа жақын орналасуы тиіс.

2426. Кеме ұзындығы бойынша құрғату жүйесінің қабылдау қосымшалары мынадай түрде орналасуы тиіс:



1) дифферентсіз кемелерде - алдыңғы жақ бөліктердің артқы жақ аралықтарында және артық бөліктерінің алдыңғы аралықтарында;

2) артқы жаққа қарай қарай дифферентті кемелерде - бөліктердің артық жақ аралықтарында.

 

 

§ 4. Машиналық үй-жайларды және туннельдерді құрғату



 

2427. Машиналы-қазан үй-жайларын құрғату жүйесінің қабылдағыштарының орналасуы және саны осы Қағиданың 2423-2426-тармақтарға сәйкес қабылдануы тиіс, сонымен бірге қабылдағыш құрғатулардың біреуі автономды жетегімен құрғату сорғысына жалғасуы тиіс.



Машиналық үй-жайлар орналасқан кемесінде автономды жетегімен әрбір құрғату сорғысынан жолаушылар кемесінде, осы үй-жайлардың бортында орналасқан қосымша екі қабылдағыш болуы тиіс.

2428. Машиналық бөлімшенің құрғату қабылдағыш қосымшаларында жеңіл қол жетімді лай қораптар орналастыру қажет.



Лай қораптар және льялдар (құдықтар) аралығындағы құбыр мүмкіндігінше тік болуы тиіс. Осы құбырлардың төменгі ұштарында торлы қабылдағыштар орнатылады.

Лай қораптарда тез ашылатын қақпақтары болуы тиіс.

Лай қораптың тесігінің қимасының қосынды ауданы, осы қосымшаның екі еселенген өту қимасынан кем болмауы тиіс.

Ұзындығы 25 м дейінгі кемелерде лай қораптар орнына, оларға кіру болған жағдайда торлар қолданылуы мүмкін (осы Қағиданың 2435-тармағын қараңыз).

2429. Авариялық құрғату үшін қосымшаларда қабылдағыш торлар немесе сүзгілер орнатылмауы тиіс.

2430. Фреонды тоңазытқыш машина бөлімшесі жалпы кемелік құрғату жүйесіне қосылуы мүмкін.



Аммианды тоңазытқыш бөлмелерде автономды құрғату жүйесі болуы тиіс.

2431. Еспелі біліктер туннельдерінде құрғатудың қабылдағыш қосымшалары туннельдің артқы бөлігінде орналасуы тиіс.

Біліктіректердің туннельдерін құрғату үшін қосымшалар осы Қағиданың 2428-тармақ талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 

 

§ 5. Өткізбейтін бөліктерді және жүк трюмдарын құрғату



 

2432. Егер өткізбейтін бөліктер немесе жүк трюмдары шегінде оның ен бойына жайылатын екі түп болса, онда екі борт жағынан бір құрғату құдықтарын көзделеді.

2433. Өткізбейтін бөліктер немесе жүк трюмдарының 35 м жоғары ұзындығы кезінде осы бөліктің немесе трюмнің алдыңғы және артқы бөліктерінде қабылдағыш қосымшалар орнатылады.

2434. Су үсті борты палубасынан төмен орналасқан басқа өткізбейтін бөліктерде өткізбейтін бөліктерге немесе жүк трюмдерінің льялына қарай бөлмеден суды бұруға рұқсат етілмейді.

2435. Қабылдағыш құрғату қосымшалары қабылдағыш қораптармен немесе торлармен жабдықталуы тиіс. саңылау қимасының қосынды ауданы осы қосымшаның екі еселенген өту ауданынан кем болмауы тиіс.



Қораптар және торлар алмалы болу немесе оларды қабылдағыш қосымшасын бөлшектемей тазарту мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

Қораптар коррозиядан қорғалуы тиіс.

 

 

§ 6. Салқындатқыш үй-жайларды құрғату



 

2436. Барлық үй-жайларды, түптерді, науаларды және су жиналуы мүмкін жерлерді құрғату көзделуі тиіс.

2437. Салқындатпайтын бөліктен суды құю құбырын салқындататын бөлменің льялына (құдық) қарай шығаруға рұқсат етілмейді.

2438. Салқындату бөлмесінен әрбір су құю құбыры гидравликалық жапқышпен немесе оған тең құрылғымен жабдықталуы тиіс.

Гидравликалық жапқыштағы сұйықтықтың биіктігі пайдаланудың кез келген жұмысында оның бас тартпауын қамтамасыз етуі тиіс. Гидравликалық жапқыштар қол жетімді жерде қошаулаусыз орналасуы тиіс.

2439. Салқындату үй-жайынан су құю құбырларында жабық клапандар орнатылмайды.



 

 

§ 7. Коффердамдарды құрғату



 

2440. Сумен толтырылатын коффердамдар құрғатуға арналған құрылғымен жабдықталуы тиіс. Құрғатудың қабылдағыш қосымшаларының орналасуы осы Қағиданың 2432-2435-тармақтары талаптарына сәйкес келуі тиіс.

2441. Мұнай құятын кемелердің коффердамдары арнайы осыған арналған сорғылармен немесе су ағысының эжекторларымен құрғатылуы тиіс.

 

 

§ 8. Пиктерді және басқа үй-жайларды құрғату



 

2442. Балластық немесе басқа цистерналар ретінде қолданылмайтын шыңдар қолмен соратын немесе су ағынды эжекторлармен автономды құрғатуы мүмкін. Сорғылар су үсті бортының палубасынан жоғары орналасуы тиіс.

2443. Ахтерпикті құрғату льялға немесе көршілес бөліктердің құрғату құдықтарына ағын құбыры арқылы жүргізілуі тиіс.



Ағынды құбырда көршілес бөлік жағынан ахтерпиктің қалқасында орналасқан өздігінен жабылатын клапан болуы тиіс.

2444. Тұрақтағы кемелерде және ұзындығы 25 м кіші кемелерде пиктерді құрғату, шыңдардың аралығанда орналасқан клинкеттермен басқару палубамен жүргізілетін жағдайда, осы бөліктерден суды көршілес бөліктерге жіберу жолымен жүзеге асырылады

2445. Тізбекті жәшіктерді құрғату ағынды саңылау арқылы форпик бөлігіне судың ағу жолымен жүргізілуі мүмкін.

2446. Катамарандарда әрбір корпус Қағиданың осы тарау талаптарына сәйкес келетін автономды құрғату жүйесімен жабдықталуы тиіс.



 

 

234. Балластты жүйе



 

§ 1. Сорғылар

 

2447. Балласты жүйе кем дегенде бір сорғымен қызмет етуі қажет.

Ең үлкен балласты цистерна үшін осы Қағиданың (615) есептелген қабылдағыш құбырдың диаметрі кезінде 2 м/с кем емес судың жылдамдығын қамтамасыз етуден туындайтын Балластық сорғыны беру ұсынылады.

2448. Балластық сорғы ретінде жалпы кемелік міндеттегі берілуі жеткілікті сорғылар, соның ішінде құрғататын, өрттік немесе суды салқындатқыш резервті сорғы қолданылуы мүмкін.

2449. Мұнай құятын кемелердің балластық сорғылары туралы осы Қағиданың 2405-тармағында көзделген.

2450. Екі түпті цистернадан балласты суды айдау сорғысы өздігінен соратын типті болуы тиіс.



 

 

§ 2. Құбырлар



 

2451. Жеке цистерналар үшін, балласты құбырлардың dB, мм қосымшаларының ішкі диаметрі мынадай формула бойынша анықталғаннан кем болмауы тиіс



мұндағы V - балластық цистернаның сыйымдылығы, м3.

Қосымша диаметрін стандарттармен регламенттелген мәнге к dB жақын тең деп қабылдау қажет.

2452. Қабылдағыш қосымшалардың орналасуы, кеме тік күйде немесе 5о қисайып тұрғанда, кез келген балласты цистернадан суды айдау қамтамасыз етілетіндей болуы тиіс.



 

 

235. Мұнай құятын кемелердің сұйық жүк жүйесі



 

§ 1. Сорғылар және олардың жетектері

 

2453. Мұнай құятын кеменің жүк жүйесі әрбір жеке танктің жүк тиеу интенсивтілігін реттеуге мүмкіндік беру қажет.

Танкіде қабылдау келте құбырының шығуда алғашқы кезеңде 1 м/с дейін және 8 м/с дейін әрі қарай жүк тиеуде ағын жылдамдығын шектеуді қамтамасыз ету қажет.

Ағынның жылдамдығын реттеу мынадай тәсілдердің барлығы немесе олардың жиынтығымен жүзеге асырылуы тиіс:

1) айналу жиілігін қалқып өзгертуге мүмкіндік беретін сорғылардың жетектерін қолданумен;

2) берілісті өзгертуге мүмкіндік беретін, сорғылардың жетектерін қолданумен;

3) реттеуші арматура жүйесінде қолданумен;

4) Кеме қатынасы тіркелімімен мақұлданған басқа да тәсілдермен.

2454. Жүктік және тазарту сорғылары осы Қағиданың 2404-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, тікелей міндеттері бойынша қолдану қажет. Бұл құбырлар жүктен тыс шығарылған қабылдау немесе айдамалау құбырлары болмау қажет.



Жүктік және тазарту сорғылары жүктік сорғылық бөлмелерде орналасу қажет.

Кеме қатынасы тіркелімінің келісімі бойынша жүк цистернасы ауданында жүк сорғыларын қондыруға рұқсат етіледі.

2455. Жүк сорғыларының жетек қозғалтқыштарының орналасуы осы Қағиданың 1881-тармақтың талаптарына сәйкес келу қажет.

2456. Сорғылардың, арматуралардың және олардың жетектері максималды деңгейде жалын құрылуын жою қажет.

2457. Палубадағы қол жетімді жердегі әрбір жүк және тазарту сорғысының тоқтауы үшін құрылғы қарастырылу қажет.



Жүк операцияларымен орталық басқару посты болған жағдайда сорғыларды тоқтатуға арналған құрылғы жүк операцияларын басқару постарында қарастырылу қажет.

Электржетекпен жүк сорғыларын тоқтатуға арналған құрылғы осы Қағиданың 4222-тармақ талаптарына сәйкес болу қажет.

2458. Арынды магистралды жүк және есепті құбырлардағы манометрлер сорғыларда, сондай-ақ жүк жүйесімен орталық басқару постарында орналасу қажет.

 

 

§ 2. Құбырлардың орналасуы



 

2459. Басқа кемелрлерді отынмен жабдықтауға арналған отын жүйесі осы Қағиданың 9-бөлімінің талаптарын қанағаттандыру қажет.

2460. Жүк құбырлары сұйық жүкті сақтауға арналмаған цистерналар арқылы өтпеу керек және басқа цистерналармен немесе құбырлармен, оның ішінде энергетикалық қондырғысымен отын құбырымен жалғанбау қажет.



Коффердамдар жүк цистерналарымен ешқандай жалғанбау қажет. Коффердамдарда өткізу клапандарын орнатуға рұқсат етілмейді.

2461. Жүк цистерналарына қызмет көрсетуге арналмаған құбырлар осы цистерналар арқылы өтпеу қажет және олармен жалғанбау қажет, алмалы-салмалы жалғаулары бар, берік нығайтылған және механикалық зақымданулардан қорғалған жағадайда, жүк цистерналары арқылы өтетін отын цистренасының әуе және өлшегіш құбырларын қоспағанда.



Бұл құбырлар дуалдарының қалыңдығы осы Қағиданың 326-қосымшасында 5 бағанында көрсетілгеннен кем болмау қажет.

2462. Қашықтықтан басқару арматурасы осы Қағиданың 2347 - 2350 тармақтардың талаптарын қанағаттандыру қажет.



Цистерна аралығында орналасқан, клапандармен басқарудың біліктік жетектері герметикалық сальниктер арқылы ашық палубаға шығатын шығулары болу қажет.

Жетектердің конструкциясы оларда сұйық жүктердің жиналу орындарын жою қажет.

Сальниктердің тығыздалуын ауыстыру ашық палубамен жүргізілу қажет.

Жетектер ашық немесе жабық екенін көрсететін құрылғылармен жабдықталуы қажет.

Жүктің әртүрлі сорттарын араластыру немесе оны суландыру қауіптілігі бар жүйенің құбырлары екі жабық арматурамен жабдықталуы қажет.

2463. Сұйық жүктерді қыздыруға арналған құрылғы осы Қағиданың 2538-2544-тармақтардың талаптарын қанағаттандыру қажет; сонымен бірге қыздыру үшін қолданылатын қаныққан будың қысымы 0,7 МПа аспау қажет.

2464. Жағалаудағы шлангаларды жалғауға арналған құбырлардағы фланцтар және тіреулер, сондай-ақ жерге қону жалын шығармайтын материалдардан жасалу қажет.

2465. Палубалардағы және жүк цистерналарындағы құбырлар берік нығайтылуы және компенсаторлармен жабдықталуы қажет.



Егер жүк құбыры артқы жағына қарай шығарылған болса, қондырма ауданында оның алмалы-салмалы жалғаулары болмау қажет.

Қондырма арқылы өту кезінде жүк құбыры ашық туннельде орналасу қажет. Мұндай құбырларды жүк магистралына жалғау лақтырылатын фланец-бітеуіш арқылы немесе қондырманың алдыңғы жақ аралығы алдында орналасқан алмалы келте құбыр арқылы жүзеге асырылу қажет.

Бұл құбырдың құю ұшында орнатылған жабық клапандардың саны және тпіне қарамастан бітеу фланец орнатылу қажет.

Бұл талаптар сондай-ақ жүк құбырын кеменің алдыңғы жақ бөлігіне шығаруды қамтиды.

2466. Фланцтармен өзара жалғасқан жүк құбырларының барлық бөліктері, өзара берік электрлік жалғануы қажет, ал құбыр - кеме корпусымен (осы Қағиданың 4218-тармағын қараңыз).

2467. Жүк магистралы және сорғылар аралығында орналасқан қашықтықтан басқарылатын клапандардың жергілікті қолмен басқаруы болу қажет.

2468. Жүк цистерналарының ішінен және коффердамдар арқылы өтетін жетекердің шалғай бөліктері, сондай-ақ ашық палубада, жалынның тұтануын болдырмау қажет.

2469. Жүк танктерінің толықтыратын түтіктерінің шеттері танк түбіне мүмкіндігінше жақын болуы, бірақ осы түтіктер шеттері мен танк түбі арасындағы арақашықтық толықтыратын түтіктің ішкі диаметрінің 0,25 кем болмауы тиіс.

2470. Жуудан кейін тұрақтану танкіне түсіретін құбырлардың шығатын ойықтары түтіктің ішкі диаметрінің танк түбінен кемінде 0,25 арақашықтықта орналасуы тиіс. Жуылған су мен мұнай қалдықтарынан тұратын сұйықтықтың тұрақтану танкіне бос түспеуі тиіс.



 

 

236. Әуе, газбұрушы, құятын және өлшегіш құбырлар жүйесі



 

§ 1. Әуе құбырлары

 

2471. Сұйықтықты сақтауға арналған әрбір цистерна, әрбір коффедрамға, сондай-ақ мұздық және кингстонды жәшіктер әуе құбырларымен жабдықталуы қажет.

Оларды тазарту немесе жууға арналған құрылғысы бар мұздық және кингстонды жәшіктердің әуе құбырлары, тікелей жәшіктерде орналасатын жабық клапандармен жабдықталуы қажет.

Корпустың сыртқы қаптамасымен шекараласатын, екінші түпті цистернаның және цистернаның әуе құбырлары сондай-ақ мұздық және кингстонды жәшіктер ашық палубағы шығарылуы қажет.

2472. Цистернаның әуе құбырлары, ереже сияқты, толықтырылатын құбыр едәуір жойылған жерден оның жоғарғы бөлігінен шығарылу қажет.



Әуе құбырларының саны және орналасуы цистернаның түрі, өлшеміне байланысты таңдалу қажет, сондай-ақ әуе қаптарының құрылуынан туындайтын жағдайларда.

2473. Борттан бортқа дейін жайылып жатқан цистреналар екі борт та әуе құбырларымен жабдықталу қажет.



Цистерналардың әуе құбырларын бір текті емес сұйықтықтармен біріктіруге рұқсат етілмейді.

2474. Құбырдағы палубадан сұйықтық деңгейіне дейін өлшенетін әуе құбырларының биіктігі мыналардан төмен болмау керек:



1) «М» сыныпты кемелерде— 400 мм;

2) «О»сыныпты кемелерде— 300 мм;

3) «Р» және «Л» сыныпты кемелерде — 250 мм.

Әуе құбырлары жүк операциялары кезінде олардың зақымдануы мүмкін болмайтын жерлерде орналасу қажет.

2475. Әрбір әуе құбырының шығу ұштары, саңылаумен төменге қаратылған немесе басқа конструкциямен әуе құбырына судың, атмосфералық тұнбаның және қатты заттың түсіп кетпеуін болдырмайтын буын ретінде орындалу қажет.

2476. Отын және май цистерналарының әуе құбырларының ашық ұштары, сондай-ақ жүк және құйма цистерналарын бөлуші мұнай құятын кемелердегі коффердамдар, цистерна және коффердамнан шығатын булар өрт қаупін тудырмайтын ашық палубаға қарай шығарылуы қажет.

Кемелік немесе жағалаулық сорғылармен толтырылған барлық әуе құбырларының көлденең қимасының қосынды ауданы, осы цистернадағы барлық толықтырғыш құбырлардың көлденең қимасының қосынды ауданынан 1,25 кем болау қажет.

2477. Қыздырумен жабдықталмаған, негізгі қорлардың және өңделген майдың салынатын майлы цистерналарының әуе құбырлары цистерналар орнатылған бөлмелерге шығарылуы керек; сонымен бірге электр жабдықтарына және цистерна толып кеткен жағдайда қыздырылған бетіне майдың түсіп кету мүмкіндігі жойылу қажет.

2478. Отын және ағынды циркуляциялық май цситерналарының әуе құбырларының әрбір шығу саңылаулары, сондай-ақ жүк немесе құйма цистерналарын бөлуші мұнай құятын кемелердегі коффердамдар Кеме қатынасы тірелімімен мақұлданған типті жалын үзгіш арматуралармен жабдықталуы қажет. Бұл арматураның өту қимасының ауданы әуе құбырының қима ауданынан кем болмау қажет.

2479. Ашық палубада орналасқан әуе құбырларының шығу ұштарын, цистернаға борт сыртындағы судың түсіп кетуін болдырмайтын, үнемі орнатылған қолданыстағы құрылғылармен жабдықтау ұсынылады.

2480. Толтыру граватациялық тәсілмен орындалатын, цистерналардың әуе құбырларының көлденең қимасының қосынды ауданы, осы цистернаның толтыру құбырларының қосынды қима ауданынан кем болмау қажет.

2481. Кемелік немесе жағалаулық сорғылармен толтырылатын цстерналардың әуе құбырларының қосынды қима ауданы, цистерналардың толтыру құбырларының 1,25 қима ауданынан кем болмау қажет. Толтыру құбырының диаметрі 50 м кіші болғанда әуе құбырының диаметрі толтыру құбырының диаметрінен аспау қажет.



Бірнеше цистернадан әуе құбырының жалпы қима ауданы осы цистерналардың жалпы толтыру құбырының 1,25 қима ауданынан кем болмау қажет.

2482. Егер кемелік немесе жағалаулық сорғылармен толтырылатын цистерналар құйма құбырлармен жабдықталса, цистерналардың әуе құбырының қосынды қима ауданы толтыру құбырының қима ауданынан 1/3 кем болмау қажет.



Құйма құбырлармен жабдықталған, бірнеше цистерналардан әуе құбырын біріктірген кезде, жалпы әуе құбырының қима ауданы осы цистерналардың жалпы толтыру құбырының қима ауданынан 1/3 кем болмау қажет.

2483. Әуе құбырларының орналасуы қалыпты қисаю және кеменің дифференті кезінде құбырларда гидравликалық жапқыштардың құрылу мүмкіндігін жою қажет.

2484. Тұрғын және салқындату бөлмесіндегі отын цистреналарының әуе құбырлары алмалы - салмалы болу қажет.

Жүк цистерналары арқылы өтетін отын цистерналарының әуе құбырларын орнату осы Қағиданың 2461-тармақтың талаптарын қанағаттандыру қажет.

2485. Әуе құбырларының шығу ұштары ажыратқыш жазуы бар планкалармен жабдықталу қажет.

2486. Іштен Жану қозғалтқыштарының картерлерінің әуе құбырлары осы Қағиданың 1934-тармақтың талаптарын қанағаттандыру қажет.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет