§ 1. Жалпы нұсқаулар
2842. Көмірқышқыл газының саны (кг) мынадай формула бойынша анықталу қажет
G= 1,79 Vц, (621)
мұндағы V — едәуір қорғалатын үй-жайдың есепті көлемі, м3;
ц — мыналарға тең коэффициент:
0,3 — төменде көрсетілгендерді қоспағанда, құрғақ жүкті трюмдар және басқа үй-жайлар үшін;
0,35 — есепті көлемі шахтаның толық көлемімен анықталған машиналық үй-жайлар үшін;
0,4 — есепті көлемі, шахтаның көлденең қимасының ауданы машиналық үй-жайдың ауданының 40 % тең немесе кіші шахтаның көлемін ескермей есептелген, машиналық үй-жайлар үшін.
Машиналық үй-жай үшін G ең үлкен мәні алынатын коэффициент алынады.
Жалпы сыйымдылығы 2000 кіші кемелерде, жолаушылар кемесін қоспағанда, 0,35 және 0,4 коэффициенттерін тиісті 0,3 және 0,35 дейін төмендетуге рұқсат етіледі.
2843. Коллекторлардың өту қимасының қосынды ауданы, сондай-ақ таратқыш коллектордың өту қимасының ауданы, көлемі бойынша ең үлкен қорғалатын үй-жай үшін бір мезгілде ашылатын сауыттардың клапандарының өту қимасының ауданынан жоғары болмау қажет.
2844. Жекелеген қорғалатын үй-жайлар үшін таратқыш құбырлардың өту қимасының ауданы, осы үй-жай үшін бір мезгілде ашылатын сауыттардың клапандарының өту қимасының ауданынан жоғары болмау қажет.
Сонымен бірге құбырларды бұраушы өту қимасының ауданы құбырды жеткізуші өту қимасының ауданынан жоғары болмау қажет.
2845. Көмірқышқыл газының есепті санының 85 % енгізу мынадай кезеңнен жоғары емес қамтамасыз етілу қажет:
1) 2 мин — машиналық үй-жайлар үшін, апатты дизель-генератор және өрт сөндіру сорғылары үй-жайы және, сұйық отын немесе басқа да тұтанатын сұйықтықтар қолданылатын басқа үй-жайлар үшін;
2) 10 мин — сұйық отын және тұтанатын сұйықтық тасымалданбайтын және қолданбайтын үй-жайлар үшін.
2846. Қорғалатын үй-жайларға көмірқышқыл газын беру үшін осы бөлменің жоғарғы бөлігінде сопло орнатылу қажет.
Егер машиналық үй-жайдың сландарының төсеніштері түптен (екінші түптен) 1 м жоғары орналасса, онда соплоның бір бөлігі (15 % жуық) төсеніш астындағы кеңістіктің жоғарғы бөлігінде орналасу қажет.
2847. Осы үй-жайдың соплоның шығарынды тесігінің қосынды ауданы таратқыш құбырдың өту қимасының ауданынан 85 % жоғары болмау қажет.
2848. Тұншықтырғыштарда, кәдеге жарайтын қазандарда және түтін құбырларында соплоның орнына бұрғылап тесілген құбырлар рұқсат етіледі.
Құбырды бұрғылаудың қосынды ауданы оның қимасынан 10 % кіші болу қажет
§ 2. Сауыттар
2849. Сұйытылған көмірқышқыл газын сақтауға арналған сауыттар мөлшері толтыру деңгейіне байланысты анықталады (1 л сыйымдылыққа көмірқышқыл газының мөлшері) сауыттағы 12,5 Мпа көмірқышқыл газының есепті қысымы кезінде 675 кг/м3 жоғары болмау қажет және жоғары немесе сауыттағы 15 Мпа және жоғары көмірқышқыл газының есепті қысымы кезінде 750 кг/м жоғары болмау қажет.
Сауыттарды толтыру кезінде сауытқа көмірқышқыл газының есепті көлемінен 0,5 кг қарағанда жоғары емес ауытқуы рұқсат етіледі.
Осы Қағиданың 2798-тармағында қарастырылған жағдайда толтыру деңгейін жоғарыда көрсетілген шекті мәндермен салыстырғанда 75 кг/м3 төмендету керек.
2850. Сауыттарды ағаштан болуы мүмкін орнатулардың қатарымен тік күйінде орнату қажет.
Сауыттар қарау және көмірқышқыл газының мөлшерін анықтау үшін кіруге мүмкін болу қажет. Әрбір сауыт реттік нөмірмен таңбалану қажет.
Іске қосқыш сауыттар өрт сөндіру станцияларында орналасу және ерекше сырлану қажет.
2851. Көмірқышқылмен өшіру станцияларында сауыттарды өлшеуге немесе олардағы сұйықтық деңгейін өлшеуге арналған құрылғы болу қажет.
§ 3. Құбырлар және арматура
2852. Сауытты коллектормен жалғаушы құбыр толықтай тартылған және қызыл мыстан орындалған болу қажет.
Мақұлданған материалдардан жасалған арнайы майысатын тармақтарды қолдануға рұқсат етіледі.
Құбырда кері (қайтпайтын) клапан орнатылу қажет.
2853. Көмірқышқыл газбен өшіру станциясының коллекторында, жоғарғы мәні сауыттарды гидравликалық сынаудың 1 Мпа кем емес қысымының мәнінен асатын, шкаласы бар манометр орнатылу қажет.
2854. Сауыттардың клапандары мынадай талаптарды қанағаттандыру қажет:
1) сақтандырғыш құрылғысы болу қажет.
Сақтандырғыш мембрандардың жарылуы сауыттағы қысым (1,3±0,1)р мәнге дейін артқан кезде болу қажет, мұндағы - р сауыттағы есепті қысым. Қосымша сақтандырғыш мембрандармен жабдықталған тілінген мембранды клапандар үшін, кесілген мембрандардың жарылу қысымы сақтандырғыш мембрандардың жоғарғы шекті жарылу мәнінен 1 Мпа кем емес жоғары болу қажет.
Сақтандырғыш құрылғының іске қосылуын көрсететін бақылау бейімдегіш көзделу қажет;
2) клапанды ашуға арналған құрылғы рычаг типті болу және рычагты 90о жоғары емес бұрышқа айналдырғанда толық ашылуын қамтамасыз ету қажет. Құрылғы клапандардың жеке немесе топпен ашылуын қамтамасыз ету қажет;
3) сауыттардың 5—15 мм түбіне дейін жетпейтін қисық тілікті түтіктің болуы. Көрсетілген түтіктің, сондай-ақ сауыттардың клапандарын коллектормен жалғаушы түтіктердің диаметрі 10 мм кіші болмау қажет;
4) егер іске қосқыш сауыттардың клапандары конструкциясы бойынша қалған сауыттардың клапандарынан айрықшаланатын болса, олар басқа түсті бояумен белгіленуі қажет және корпусында «іске қосқыш» деген таңбасы болу қажет.
2855. Клапандардың сақтандырғыш құрылғыларынан газды атмосфераға бұру жекелеген құбырлар бойынша шығу қосымшасында дыбысты сигнал құрылғысы немесе төменде болатын таратқыш коллекторымен станциядан тыс жүзега асырылуы қажет:
1) екі құбыр, біреуі жапқыш клапанмен және ашық ұшымен, ал екіншісі - сақтандырғыш мембранасымен;
2) үнемі вахтамен үй-жайға шығарылған, коллекторда қысымның бар болуы туралы сигналды құрылғы.
Бұл жағдайда сақтандырғыш құрылғының іске қосылуын көрсететін бақылау бейімдеу талап етілмейді.
2856. Іске қосқыш сауыттардан сервомоторларға көмірқышқыл газ түсетін құбырларда, іске қосқыш сауыттарды ашу құрылғысымен блоктанған жапқыш клапандар көзделу қажет.
§ 4. Іске қосқыш құрылғылар
2857. 2845-тармақтың 1) тармақшасымен көзделген үй-жайлар үшін орталық өрт сөндіру постынан немесе оларға кіруге жақын жерде қашықтықтан іске қосуды көздеу ұсынылады.
Өрт сөндіру станциясындағы жүйелердің іске қосқыш құрылғылары, көрсетілген үй-жайларға арналған сауыттардың клапандарының бір мезгілде ашылуын қамтамасыз ету қажет.
2858. Жүйелерді қашықтықтан іске қосу қорғалатын үй-жайға көмірқышқыл газының түсуі туралы сигнал беретін құрылғымен жабдықталуы қажет. Постының орналасу жеріне байланысты осындай құрылғының қажеттілігі әрбір жағдайда Кеме қатынасы тіркелімінің арнайы қарау нысаны болып табылады.
265. Өрт сөндірудің аэрозольді жүйесі
2859. Аэрозольды өрт сөндіру жүйесінде Кеме қатынасы тіркелімімен келісілген типті аэрозольды өшіру генераторы қолданылу қажет.
2860. Аэрозольды өрт сөндіру жүйесі мыналарды қосады:
1) аэрозольды жалын сөндіргіш генераторлар;
2) басқару және сигнал беру қалқаны;
3) аэрозольды өрт сөндіру жүйесінің іске қосылуы туралы хабарлау құрылғысы.
2861. Аэрозоль құраушы құрамның есепті көлемі, кг, мынадай формула бойынша анықталу қажет:
мұндағы V — қорғалатын бөлменің есепті бос көлемі, м3;
Vbxi— ауа сақтағыштың көлемі, м3;
n — қорғалатын бөлмедегі ауа сақтағыштардың саны;
і — ауа сақтығыштардың реттік нөмірі;
Pbxi — ауа сақтығыштағы жұмыс қысымы, МПа;
Ра — атмосфералық қысым, МПа;
φ— аэрозольдың нормативті жалын сөндіру концентрациясы, кг/м3;
к — 1,5 тең коэффициент запасы.
2862. Генераторлардың есепті қысымы мынадай формуламен анықталу қажет:
N=G/m, 623)
мұндағы G — аэрозоль құраушы құрамның есепті көлемі, кг;
m — бір генератордағы заряд көлемі, кг.
Есептеу нәтижесінде алынған бөлу санын N үлкен жағына қарай бүтінге дейін домалақтау керек.
2863. Жүйені іске қосқан кезінде мыналар қамтамасыз етілу қажет:
1) осы Қағиданың 4043-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қорғалатын бөлмедегі хабарлаудың автоматты қосылуы;
2) қорғалатын бөлмедегі желдетікштің автоматты ажырауы.
2864. Генераторлар жанбайтын негізде тікелей қорғалатын бөлмеде орнатылуы қажет.
2865. Генераторлар қоршаған ауаның температурасы 250оС жоғары артқан кезде автоматты (өздігінен) іске қосылу мүмкіндігі болу қажет.
2866. Генераторлардың орналасуы қорғалатын бөлмедегі жалын өшіретін аэрозольдың тең таралуын қамтамасыз ету қажет.
Қорғалатын бөлмеде жабдықтармен және қоршаушы конструкциялармен құралған іркілген зона болған жағдайда, тікелей іркілген зонаға жалын өшіретін аэрозольды беруге арналған қосымша генераторларды орнату көзделу қажет.
2867. Аэрозольдың есепті көлемін беру машиналық үй-жай, апатты дизель-генераторлар және үшін сұйық отын немесе басқа тез тұтанатын сұйықтықтар, жанатын сұйықтықтар қолданылатын басқа үй-жайлар 2 мин ішінде қамтамасыз етілу қажет.
2868. Генераторалардың жұмыс істеуі кезінде аэрозольды сорғалау эвакуация, кемелік жабдықтар, электрлік сымдар, апатты жарықтандыру, ескертетін сигнал беру, отынды және майлы цистерналар және осы Қағиданың 2869-тармақтағы нормаларды ескеріп құбырлардың жолына жылулық әсерін тигізбеу қажет.
2869. Генератордың әрбір типі оның генератордан шығу жерінен бастап температурасы + 70оС жылулық зонасының шекарасына дейінгі арақашықтық (аэрозольдың сорғалау осі бойынша) туралы мәлімет болуы қажет.
2870. Басқару және сигнал беру қалқаны осы Қағиданың 351, 354, 356-тарау талаптарына сәйкес келу қажет.
2871. Басқару және сигнал беру қалқаны қорғалатын бөлмедегі барлық генераторлардың бір мезгілде қашықтықтан іске қосылуын қамтамасыз ету қажет. Қорғалатын бөлмеде саны 5 данадан көп генераторлар болған кезде, осы Қағиданың 2867-тармақтың шарттары орындалған жағдайда генераторлардың топтық іске қосылуы мүмкін.
2872. Аэрозольды өрт сөндіру жүйесімен бірнеше үй-жайларды қорғаған кезде басқару және сигнал беру қалқаны генератораладың әрбір бөлмеде бөлек іске қосылуын қамтамасыз ету қажет.
2873. Кернеу жоғалған жағдайда апатты көзге көлемді аэрозольды өрт сөндіру жүйесінің автоматты қосылуы қамтамасыз етілу қажет.
2874. Басқару және сигнал беру қалқаны генераторлардың жалған іске қосылуына қабілетті электрлік импульстарды бермеу қажет, оның ішінде қоректі апатты ажырату және қосу кезінде, қысқа тұйықталу немесе сымның үзілуі жатады.
2875. Іске қосқыш тізбектер экрандалған сым өткізгіштермен орындалу қажет. Сым өткізгіш желі осы Қағиданың 60-бөліміне сәйкес келу қажет.
266. Мұнай құюға арналған кемелердегі инертті газдар жүйесі
2876. Инертті газ жүйесі жүк сорғыларының максималды есепті берілісінен және 125 % кем емес мөлшерде газ берілісін қамтамасыз ету және күзетілетін бөліктерде 20 кПа жоғары емес қысымды құрау қажет.
2877. Инертті газ жүйесінде болу қажет:
1) инертті газдың генераторы және қазандардың түтін құбырынан газды таңдау құрылғысы;
2) қатты бөліктерден және жанудың күкірт өнімдерінен тазартуға арналған жабыдықтар, инертті газдарды құрғату (газ тазартқыштар);
3) газды айдамалауға арналған желдеткіштер (бу эжекторлары);
4) құбырлар және күзетілетін бөліктерге газдың берілісін іске қосу және реттеуге арналған арматура;
5) кислородтың немесе көмірқышқыл газдың, газдың температурасын және қысымының көлемді бөлігін көрсететін, бақылау құралдары;
6) күзетілетін бөлікке берілетін инертті газдың температурасының шекті мәні бойынша дыбыстық және жарықтық сигнал беру.
Температура бойынша датчиктер инертті күзетілетін бөлмедегі бірінші тармаққа дейін газ жүйесінің арынды құбырында орнатылу қажет.
2878. Инертті (түтін) газдардағы кислородтың көлемді бөлігі 5 % жоғары болмау қажет немесе көмірқышқыл газының көлемді бөлігі 12 % кем болмау қажет.
2879. Күзетілетін бөлікке түсетін инертті газдың температурасы 40оС жоғары болмау қажет.
2880. Газ тазартқыштар желдеткіштердің сору жағынан немесе бу эжекторлардың айдамалау жағынан орнатылу қажет.
2881. Инертті газ жүйесі бөліктерді ауамен тазартуды қамтамасыз ету қажет.
Ауаға арналған қабылдау саңылаулары «Ашық» және «Жабық» көрсетілген жапқыш арматурамен жабдықталу қажет.
2882. Дыбыстық және жарықтық сигнал беру мынадай жағдайларда қондырғының параметрлерінң өзгеруіне байланысты жұмыс істеуі қажет:
1) инертті газдың температурасы 40оС жоғары көтерілуі - жарықтық және дыбыстық дабыл беру қосылады;
2) инертті газдың температурасы 60оС жоғары көтерілуі - желдеткіш немесе эжекторға будың берілуі ажыратылады.
2883. Инертті газ қондырғысының салқындату жүйесі болу қажет. Осы мақсат үшін арнайы сорғылар көзделмейді.
§ 1. Құбырлар және арматура
2884. Оны әрекетке дайындау кезінде, күзетілетін бөліктерге газ беруді ажырату кезінде инертті газдың қондырғысының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін атмосфералық құбыр көзделу қажет. Атмосфераға газды шығаруға арналған келте құбырлар күзетілетін бөліктерге бірінші жапқыш клапанға дейін инертті газ берілісінің арынды құбырында орнатылу қажет.
2885. Газ берілісіне арналған құбырлар конденсатты жою үшін төмен түсіруші тығындармен, сондай-ақ құбырларды булау және коррозия және ластану өнімдерін тазартуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталуы қажет.
2886. Инертті газ жүйесінің жақын маңайдағы күзетілетін бөліктің тармағына дейінгі құбырда қайтпайтын-жапқыш клапан немесе желдеткіштер (бу эжекторлары) тоқтаған кезде газ тазартқышқа (жылу ауыстырғыш - газ салқындатқыштар) жүк бөліктерінен булардың түсуін болдырмайтын ұқсас мәнді құрылғы орнатылу қажет. Егер қайтпайтын құрылғы ретінде сулы қақпақ қолданылса, онда оның сумен қоректенуі үздіксіз жүзеге асырылу қажет.
2887. Сулы қақпақтың тоңазудан қорғауға арналған шаралар қабылдану қажет, бірақ мұндай түрмен қыздыру нәтижесінде оның су өткізбеушілігі бұзылмау керек.
2888. Инертті газ жүйесінің құбырында, егер желдеткіш (бу эжектор) рұқсат етілгеннен жоғары қысым тудыратын жағдайда, сұйықтық немесе басқа эквивалентті типті күзетілетін бөліктерде 20 кПа жоғары қысымның құрылуын болдырмайтын сақтандырғыш құрылғы көзделу қажет.
2889. Күзетілетін жүк бөліктеріне инертті газды беруге арналған құбырлардың қосымшалары, мұнай өнімдерінің деңгейінен жоғары газ шығарушы құбырлардан мүмкіндігінше үлкен қашықтықта жоғарғы бөлікте, жүкпен көршілесте - бөліктердің төменгі бөліктерінде орналасу қажет.
2890. Инертті газдардың магистральдарын инертті газдың ішкі бастауларына қосуға арналған тиісті құрылғылар көзделу қажет.
267. Жолаушылар кемесіне қойылатын қосымша талаптар
2891. 12 жоғары адам тұруға арналған және осы Қағиданың 2776-тармағында аталған қозғалтқыштармен жабдықталмаған экипажы 3 және одан жоғары адамнан тұратын дебаркадерлерде, брандвахталарда және басқа тұрақтағы кемелерде өрт сөндіру сорғысы ретінде мынадай талаптарды қанағаттандыратын ауыспалы мотосорғылы агрегатты қолдануға рұқсат етіледі:
1) ол бүрку диаметрі 12 мм кем емес екі қолдық өрт сөндіру бағандарының бір мезгілде жұмыс істеуін сору қамтамасыз ету қажет, биіктігі 5 м кем емес және айдамалау қысымы 0,4—0,6 Мпа кезінде, сенімді өздігінен соратын құрылғысы болу қажет;
2) сорғы қозғалтқышы қоршаған ауаның дұрыс және кері температураларында да (5 оС дейін) оңай және жылдам іске қосылу қажет.
Қозғалтқыштың отын багының сыйымдылығы сорғының 1,5 с ішінде жұмыс істейтін қамтамасыз етуге жеткілікті болу қажет; кемеде отын багын толтыруға жеткілікті отын қоры болу қажет;
3) лақтырылатын тармақтардың және бағандардың өлшемдері және жалғаушы арматураларының типі кемеде сумен өшірудің стационарлы жүйесі үшін қабылданғанмен бірдей болу қажет;
4) мотосорғылы агрегат бейімделулермен және ұйым-дайындаушының ерекшелігімен сәйкес құрал-саймандармен жабдықталу қажет.
Ауыспалы мотосорғылы агрегаттарды палубада арнайы шкафтарда немесе жәшіктерде сақтау керек.
2892. Көп палубалы жолаушылар кемесінде және негізінен жатын каютамен жабдықталған кемелерде, қуттылығы 220 кВт және одан кіші қозғалтқышты кемелерді қоспағанда, өрт сөндіру құбыры орама сызба бойынша орындалу қажет. Өрт сөндіру құбырларының жекелеген учаскелерін ажырату үшін онда қол жетімді жерлерде клапандар орнатылу қажет.
2893. Тұрғын үй-жайларда ауыспалы көмірқышқыл немесе газбен өшірулер рұқсат етілмейді.
2894. Автомобильдерді және багында отыны бар басқа техникаларды тасымалдауға арналған жабық үй-жайлар (трюмдар), көлемді өрт сөндіру жүйесінің бірімен және өртті байқайтын автоматты сигнал берумен жабдықталу қажет.
2895. Жабудың жетегін қашықтықтан басқаратын есіктері бар кемелердегі рульдік рубкада есікті жабуды орындаушы сигнал беру көзделу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |