Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет66/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   129
381-қосымшасында сәйкес жинақталуы тиіс.

3619. Осы Қағиданың 380 және 381-қосымшасында * белгісімен белгіленген жабдықтау заттары ұшқын пайда болмайтын орындауда булардың жарық ету температурасы 60оС төмен тұтанатын сұйықтықтарды тасымалдайтын мұнай құйғыш кемелерге қойылуы тиіс.

3620. Авариялық жабдықтау қарастырылған әрбір кемеде авариялық жабдықтарды есепке алу журналы болуы тиіс.

 

 

346. Тығындар



 

3621. Тығындар суға тұрақты арзанқол материалды парусиннен немесе басқа тең матадан жасалуы тиіс. Оларды, оған бұрыштары бойынша төрт коуштармен бітелген ликтростармен жиектелуі тиіс. Сондай-ақ, осы Қағиданың 383-қосымшасында көрсетілген арқандар саны бойынша кренгельстер қарастырылуы тиіс.

3622. Тығындардың техникалық мәліметтері мен жабдықтаулары осы Қағиданың 382-қосымшасында көрсетілген норма бойынша қабылдануы тиіс.

3623. Әрбір шкот ұзындығы Lшк м, мынадай формуласы бойынша анықталуы тиіс:



 

Lшк = 1,6(Н + 0,5В),                 (657)

 

мұнда Н — кильден фальшборттың жоғарғы жиектеріне дейінгі борт биіктігі,м;

В — кеменің едәуір ені, м.

Созу ені кемінде 2Lшк тең болуы тиіс.

Ақырғы штерт ұзіндіғі шкот ұзындығына тең болуы тиіс.

Әрбір киль аяғы соңдардың ұзындығы Ln.к, м, мынадай формуласы бойынша анықталуы тиіс.

 

Lп.к      = 1,6(2H+0,5B),                (658)

 

Кемелерді жинақтауды аяқтау керек тығындарға арналған киль шкоттардың, асты аяғының, созу мен штерттердің ұзындығын құрамда едәуір дәу кеменің өлшемдері бойынша есептеу қажет.

3624. Маттар өсімдік арқан жасалуы және өсімдікпен жансыздандырылған маттың төменгі жағынан парусин тігілген болуы тиіс. Маттың төменгі жағына парусина тігіліп тұрады.



 

 

347. Авариялық жабдықтаудың орналасуы



 

3625. Авариялық жабдықтауды орналастыру үшін басты палубадан төмен емес орналасқан авариялық басқару орны қарастырылуы тиіс.

Ұзындығы 40 м кем кемелерде авариялық басқару орнын осы орынға бос жолды қамтамасыз ету шартымен басты палубадан төмен орналастыруға рұқсат етіледі.

Авариялық басқару орнымен палубада немесе бөлімшелерде бөлінген арнайы бөлме, жәшік немесе орын болуы тиіс.

Ұзындығы 20 м кем кемелерде авариялық жабдықтауларды бірнеше бөлмелерде орналастыруға рұқсат етіледі.

3626. Авариялық басқару орнынан бос өту ені кемінде 0,8 м, ал ұзындығы 30 м кем кемелерде - кемінде 0,6 м болуы тиіс.



 

 

348. Таңбалау



 

3627. Авариялық жабдықтау заттары немесе оларды сақтауға арналған ыдыс (тығындарден басқа) көк сырмен толық немесе жолақтап боялуы тиіс.

Авариялық мүлікті сақтауға арналған ыдыста мүлік материалының, салмағының және рұқсат етілген сақтау мерзімі көрсетілген нақты жазулар болуы тиіс.

3628. Авариялық басқару орнында «Авариялық басқару орны» нақты көрінетін жазуы болуы тиіс.



Сондай-ақ, өткелдерде және палубаларда авариялық постының орналасу орнын көрсететін көрсеткіш қарастырылуы тиіс.

Егер авариялық жабдықтау бірнеше бөлімшелерде сақталуы, жүрістегі рубкада оны кемеде орналастыру сызбасы ілініп тұруы тиіс.

 

 

 



5-бөлік. Электр жабдығы, радиобайланыс құрылғылары, навигациялық жабдық

 

50-бөлім. Электр жабдығы

 

349. Жалпы талаптар, анықтамалар және түсініктер

 

3629. Қағиданың осы бөлігі Кеме қатынасының тіркелімінің ішкі суларда жүзу сыныбымен жабдықтарға қолданылады.

3630. Қағиданың осы бөлімі мыналардан басқа шаруашылық, тұрмыстық және трехнологиялық электр жабдықтарға таралмайды:



1) қосылатын кабельдер;

2) қорғау, оқшаулау және жерлендіру құрылғылары.

3631. Қағиданың осы бөлімінде мынадай анықтаулар қабылданған:



1) авариялық жарақтау — кеме бөлмелері мен аймақтарын авариялық немесе авариялық ауыспалы электр энергия көзінен қорек алатын шаммен жарықтандыру;

2) электр энергиясының авариялық көзі - басты таратқыш қалқанда кернеудің жоғалуы кезінде қажетті кемелік пайдалану көзіне арналған электр энергия көзі;

3) электр энергияның авариялық қысқаша уақытты көзі - негізгі көзден авариялық дизель-генератордан кернеу пайда болуына дейін кернеу жойылу сәтінен қажетті кемелік пайдаланушы қорекке арналған электр энергия көзі;

4) антистатикалық жерлендіру - электростатикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғы - олардың тікелей электр байланыстары немесе антистатикалық жерлендірудің өткізгіштері арқылы конструциялық бөліктер мен кеме корпусы электр статикалық потенциалын түзетуді қамтамасыз ететін электр жалғаулары;

5) білікті генератор - айналымы басты реверстелмеген қозғалтқыштардан жүзеге асырылатын генератор;

6) жарылысқа қауіпті щона - ауа және газдардың жарылысқа қауіпті қоспалары бар немесе пайда болуы мүмкін көлем. Жарылысқа қауіпті зоналар 0, 1, 2 зоналарға бөлінеді;

7) гальваникалық шашыранды қауіпсіздігі - қоршаған суда немесе топырақты электрхимиялық құбылыстар мен жоғалған тоқтар салдарынан кеменің жағалау құрылысымен немесе басқа кемемен гальваникалық байланысу кезінде электр шашырандыдан өрт немесе жарылыс болу мүмкіндігі жоқ жабдықтың және кеме жүйелерінің күйі;

8) қорғаушы жерлендіру - жабдықты Жерге электр жалғауы. Осы қосылған кеме бортында кеме корпусына жүзеге асырылады;

9) Кеме корпусы — сыртқы металды қаптамасы бар мықты электр жабдығы бар кеменің барлық металды бөлігі. Тоқ өткізбейтін корпустары бар кемелер үшін - ауданы кемінде 0,5 м2 және қалыңдығы кемінде 2 мм арнайы мыс табақшасы немесе босатумен шөгу кезінде және кемеде бар барлық құрылғыларды жерлендіруде қолданылатын сыртқы қаптаманың су асты бөлігіне бекітілген ауданы кемінде 1,5 м2 және қалыңдығы кемінде 6 мм көміртекті болаттан жасалған табақша;

10) Аз кернеу — қызметкерлерге қауіп төндірмейтін кернеу. Егер трансформаторлар, түрлендіргіштер және басқа құрылғылардың орауыштары кернеуді түсіру үшін электрлі бөлек болса және осы құрылғылардың немесе электр энергия көзі аз кернеудің мәнінен аспаса қауіпсіздік шарттары орындалды деп есептелінеді:

50 үнемі әрекеттегі тоқ кезінде полюстар арасында;



фазалар арасында 42 В немесе ауыспалы тоқта фазалар мен корпус арасында 30 В;

11) найзағай ұстағыш — атмосфералық разрядтарды тікелей қабылдауға арналған найзағай бұрғыш құрылғысының жоғарғы бөлігі;

12) жауапты құралдар — қалыпты жұмысы кемені жүзу қауіпсіздігін, кемеде орналасқан адамдар қауіпсіздігі мен жүк сақталымын қамтамасыз ететін құрылғы;

13) ажыратқыш трансформатор - электрқабылдағышты қоректендіретін желіні алғашқы электр желісінен бөлуге арналған трансформатор;

14) Арнайы электр бөлемелер - тек электр жабдықтарға арналған және электр жабдыққа қызмет көрсететін қызметкерлерге ғана рұқсат етілген бөлмелер немесе орындар.

 

 

350. Пайдалану шарттары



 

3632. Электр жабдық конструкциясы осы Қағиданың 383-қосымшасында көрсетілген номиналды мәнінен кернеулері мен жиілігі ауытқу кезінде жұмысқа қабілетті болып қалатындай болуы тиіс.

Егер Қағиданың осы бөлімінің бөлек талаптарында жиіліктің номиналды мәнінен ауытқу мәнінен басқасы жазылса, осы Қағиданың 383-қосымшасында мәліметтері қабылданбайды.

3633. Электр жабдықтың қоршаған ауа мен салқындатқыш судың номиналды жұмыс температурасы ретінде осы Қағиданың 384-қосымшасында көрсетілген мәндер қабылдануы тиіс.

3634. Электр жабдық (40+2)оС температурада ауаның (80+3)% қатысты ылғалдығы, сондай-ақ (25+2)оС температурасында (95+1)% қатысты ылғалдылық жағдайында тоқтаусыз жұмыс істеуі тиіс.

3635. «М», «О» және бөгендерге шығатын «Р» сыныпты кемелерінің электр жабдығы кемені ұзақ уақыт қисайту кезінде 15о дейін 5о дифферентке дейін, сондай-ақ 7-9 с тербеліс уақытымен тігінен 10о дейін 22,5о бортты айдау кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуі тиіс.



Электр энергияның авариялық көзі және авариялық көзден қоректенетін электр жабдық ұзақ уақыт бойы қисайту кезінде 22,5о дейін және 10о дифферентте, сондай-ақ көрсетілген шектеулерде бір уақытта қисайту мен дифферентте сенімді жұмыс істеуі тиіс.

3636. Электр жабдық жиілігі 5—30 Гц дірілде, 5-8 Гц жиілігі үшін 1 мм амплитудасымен және 8-30 Гц жиілігі үшін 0,5g жылдамдатуымен және минутына 40 тан 80 дейін соғу жиілігінде 3g жылдамдатылған соғу кезінде тоқтаусыз жұмыс істеуі тиіс.



 

 

351. Контсрукцияға қойылатын талаптары



 

3637. Пайдалану кезінде ауыстыруды қажет ететін бөліктер жеңіл жөнделуі тиіс.

3638. Бұрандалы бекітулерді қолдану кезінде бұрандамалар мен гайкалардың өздігінен бұралу, ал жиі жөндеу мен ашуды талап ететін орындарда - олардың жоғалмау мүмкіндігі болмайтындай болуы тиіс.

3639. Электр жабдық бөліктерінің нығыздау төсемі (алмалы-салмалы немесе ашылатын, сальникті және с.с.) жабдық корпусының қорғауышы орындалуына сәйкес болуы тиіс. Нығыздамалар қақпақтар немесе футлярмен бекітілуі тиіс.

3640. Конденсаты пайда болуы мүмкін электр жабдық суды айдауға арналған тиісті құрылғымен жабдықталуы тиіс.



Жабдық ішінде жабдықтың барлық бөліктері жағынан конденсат айдауды қамтамасыз ететін каналдар қарастырылуы тиіс.

Кернеу астында жатқан жабдық орамдары мен бөліктер жабдық ішінде жиналуы мүмкін конденсат әсеріне жатпайтындай етіп орналасуы немесе қорғалуы тиіс.

3641. Ылғалды бөлмелердің төменгі бөліктерінде орнатуға арналған мәжбүрлі желдетілетін электр жабдық жабдық ішіне ылғал мен май буды сора бастау болмайтындай, осындай желдеткіш жүйесі бар электр жабдығы.

3642. Орнату орындарына байланысты электр жабдықтың қорғау деңгейі осы Қағиданың 385-қосымшасында көрсетілгеннен төмен болмауы тиіс.

 

 

352. Материалдар



 

3643. Электр жабдықтың конструкциялық бөлімдері мықты қиын жанатын, жоғары ылғал әрекетіне төзімді және материалдар майының буларын немесе тиісті тәсілмен олардың әсерінен қорғалған. Ылғалдығы жоғары бөлмелерде, ашық палубаларда орнатылатын электр жабдықтың жабуларын бекітуге арналған бүрандалар, тығырық, ілгектер және басқа бөліктер коррозияға тұрақты материалдардан жасалуы немесе мықты коррозияға тұрақты төсемдері болуы тиіс.

3644. Электр құрылғылардың барлық тоқ жүргізгіш бөліктері мыналардан басқа, ұқсас қасиеттері бар мыс, мыс ерітінділері немесе басқа материалдардан жасалуы тиіс:



1) жоғары үлесті қарсыластығы бар және жоғары температураға төзімді механикалық материалдардан жасалуы тиіс резисторлар элементтері;

2) ерекше шарттарға тұрақты алюминий немесе оның ерітінділерінен жасалған асинхронды өозғалтқыштар роторларының қысұаша бекітулі орама;

3) бұл қажетті қасиеттермен негізделген байланыс сақиналары мен басқа сол сияқты бөліктердің көмір щеткаларының, металл керамика байланыстарын, техникалық көмірдің;

4) бір өткізгіш жүйеде қайта жүретін сым ретінде қолданылған кеме корпусына тікелей жалғанған электр жабдықтардың элементтері.

Тоқ жүргізгіш бөліктерге басқа материалдарды қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелемінің арнайы қарауына жатады.

3645. Кернеу астында тұрған бөліктердің оқшаулау материалдары тиісті электр беріктілігі болуы, беті бойынша тоқ шығуы пайда болуына қарсы тұрақты, ылғалға төзімді, аз тұрақты және жеткілікті берікті немесе тиісті тәсілмен қорғалуы тиіс.

3646. Машиналар, аппараттар және басқа құрылғылардың орамдарын оқшаулау үшін В, F және Н сыныпты оқшаулау материалдары қолданылуы тиіс.

 

 

353. Тоқ жүргізгіш бөліктердің жалғаулары



 

3647. Басқару, сигнализацияны өлшеу тізбелерін қоса таратқыш құрылғылардың ішкі жөндеуіне арналған сым қималарының минималды рұқсат етілген ауданы кемінде 0,75 мм2 болуы тиіс. 0,75 мм2 кем қима ауданы тек ерекше жағдайларда рұқсат етіледі, мысалы, электронды қондырғылар үшін.

Қысқа матасу тоқтарынан қорғалмаған доңғалақтардан қорғаушы аппараттарға дейін сымдар бөліктері мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс.

3648. Тоқ жүргізгіш бөліктер қосымша механикалық жүктеме келмейтіндей етіп бекітілуі тиіс, бұл бөліктер тікелей оқшаулау материалына бұралатын бұранда көмегімен бекітілмеуі тиіс.

3649. Кабель желісінің және сымдардың көп сымды шеттері тиісті тәсілмен қолданылатын қысқыш типіне немесе кабельды ұштықтары болуына байланысты өңделуі тиіс. Сонымен бірге, коррозияны болдырмайтын шаралар қабылдануы тиіс.

3650. Оқшауланған сымдар, сонымен қатар олардың оқшаулау қарсыласуы төмендеуі және электр динамикалық күштер, діріл және сілкіну әрекет астында зақымданбауы болмайтындай етіп жиналуы мен бекітілуі тиіс.

3651. Қалыпты пайдалану шарттарында немесе тоқтың қысқа матасудан ажырау уақытында оқшауланған сымдарға рұқсат етілген температурасы көтерілмеуі үшін шаралар қабылдануы тиіс.

3652. Оқшауланған сымдар қысқыштарға немесе доңғалақтарға оларды қалыпты жұмыс режимінде оқшаулау кезінде рұқсат етілмеген температура әрекетіне салынбайтындай етіп қосылуы тиіс.



 

 

354. Қорғаушы жерлендіру



 

3653. Кернеу астында болмаған, бірақ осы Қағиданың 3654-тармағында аталғаннан басқа пайдалану жағдайда қызметкерлердің жанасуы мүмкін электр жабдықтың барлық металл бөліктері жерленуі тиіс.

3654. Қорғаушы жерлендіру мыналарға қажет етілмейді:

1) қос немесе күшейтілген оқшаулауы бар электр жабдықтың;

2) аз кернеулі тоқпен қоректенетін электр жабдықтың;

3) оқшаулау материалында бекітілген немесе одан өтетін және жерленгеннен оқшауланған және бөліктердің кернеу астында қалыпты жұмыс жағдайларда кернеу астында қалмауы немесе жерленген бөліктермен жанасуы мүмкін емес болатындай етіп кернеу астында орналасқан электр жабдықтың металды бөліктері;

4) арнайы оқшауланған мойынтірек корпустары;

5) оқшаулау материалынан жасалған немесе оқшаулау материалға бұралған шырақтарға немесе патрондарға бекітілген цоколдардың және люминестцентті шамдардың бекіту элементтері және көрсеткіштерді, кожыхтарды;

6) кабельдердің бекіту элементтерімен;

7) ажыратқыш трансформаторлардан қоректенетін ұсақ бөлек тұтынушы.

3655. Механикалық зақымдаудан қорғауға арналған стационарлы электр жабдық, кабельдердің сыртқы металл қабыршақтары (орамалар), аралықтар үшін арналған кабельдердің металды қабыршағы және желі экрандар жерленуі тиіс.



Жерлену сыртқы сымдарды қолданумен кабельдердегі жерлену желілері немесе жобдық корпусы мен кеменің металды корпусы арасындағы электр байланысты тікелей қолданумен орындалуы қажет.

Егер осы Қағиданың 387-қосымшасында көрсетілген параметрлер орындалатын болса, электр жабдықтың, кабель қабыршағын жерлендіру беріктілігі жеткілікті деп есептелінеді.

Сыртқы өткізгішпен орындалатын жерлендіру үшін коррозиялы-тұрақты материалдар қолданылуы тиіс. Мыс өткізгіштің қима ауданы кемінде осы Қағиданың 388-қосымшасында көрсетілгендей болуы тиіс.

Жерлендіру үшін кабель желісін қолданған жағдайда оның қимасының ауданы кабель негізгі желісі қимасының номиналды ауданына және кемінде негізгі желісінің қима ауданының жартысына, бірақ, қима ауданы 16 мм2 асатын кабельдер үшін кемінде, 16 мм2.

3656. Стационарлы жабдықтың жерлендіру тізбегінде ажыратқыш құрылғылары болмауы тиіс.

3657. Экрандалатын қабыршақ пен кабельдердің металды қабыршақтарды жерлендіру мынадай тәсілдердің бірімен орындалуы тиіс:

1) қима ауданы кемінде 2,5 мм2 мысты жерлендіргіш өткізгішпен жила қимасының ауданы 25 мм2 кабельдер үшін және жила қимасының ауданы 25 мм2 асатын кабельдер үшін 4 мм2;

2) мықты, жақсы өтетін тоқ пен мықты жанасатын тұтқа көмегімен кем корпусына оплеткамен немесе металды-қаптаманы бекітумен;

3) кабельді тығыздаларда орналасқан сақиналарда, олар коррозияға төзімді материалдан жасалуы, тоқты жақсы өткізу мен жеткілікті серпінді болу шартымен.

Соңғы жауапты тізбек кабельдерінің қабыршақтарды тек қоректену жағынан ғана жерленуі тиіс.

3658. Тоқ пен кернеуді өлшегіш трансформаторларды қайта орамдары жерлендірілуі тиіс.

3659. Сыртқы жерлендіретін сымдар бақылау үшін жеткілікті және механикалық зақымдардан қорғалуы тиіс.

3660. Кеменің металды корпусына жерлендіретін сымдарды немесе жерлендіретін доңғалақтарға қосу диаметрі кемінде 6 мм бұрандамалар мен болттар көмегімен жүргізіледі.



Электр жабдық, сондай-ақ кеме корпусындағы жалғастырушы бетінің жерлендіру өткізгіштің жанасу орындарында метал жылтырына дейін қорғалуы және сенімді тәсілмен коррозиядан сақталуы тиіс.

3661. Кеме корпусынан оқшауланған алюминий ерітінділерінен жасалған қондырмалар, оларды қондырма мен корпусқа жалғау орындарында электролитті коррозия келтірмейтін қима ауданы әрқайсысы кемінде 16 мм2 кемінде екі арнайы сымдар көмегімен жерленуі тиіс.



Бұндай жерлендіргіш жалғауларды қондырма периметрі бойынша барлық орындарда орындалуы тиіс, олар қарауға жетімді және зақымдардан сақтаулы болуы тиіс.

3662. Жылжымалы немесе ауыспалы электр жабдықты жерлендіру штемпельді құрылғыда байланысты жалғау тәсілімен қоректенетін иілмелі кабельдегі арнайы жіп көмегімен орындалуы тиіс.



Жерлендіретін жіптің қима ауданы осы Қағиданың

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет