Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»



бет7/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   129
§ 4. Борттық жинақ

 

230. Борттық жинақ жүйесі алмасатын рамалық және бос шпангоутпен көлденең болуы қажет.

Негізделген жағдайларда бір ізді көлденең немесе рамалық шпангоуттарды қолданумен борттық жинақтың бойлық жүйесін, сондай-ақ құрамдастырылған жүйені қолдануға рұқсат етіледі (борттың жоғарғы және төменгі аудандарында бойлық және орташа аудандарда көлденең).

231. Рамалық шпангоуттар флор жазықтықтарында орнатылу қажет.



Олардың арақашықтығы флорлар үшін регламенттелген мәннен аспау қажет.

232. Екі есе түпсіз қималардағы рамалық шпангоут дуалдарының биіктігі флордың 0,65 биіктігінен кем болмауы;



екі есе түпсіз бөліктерде рамалық шпангоуттың еркін белдігі флордың еркін белдігінің қима ауданынан 0,65 кем болмайтын көлденең қима ауданы болуы қажет.

233. Белдікпен жалғасқан рамалық шпангоуттың көлденең қимасының қарсыласу сәті кем болмауы қажет



 

W = 10kHcd,                      (171)

 

мұндағы k — формула бойынша анықталған коэффициент:

құйма кемелерінен басқа, барлық түрдегі кемелер үшін,

 



 

құйма кемелері үшін

 



Нс —қарастырылып жатқан қимадағы борт биіктігі, м;

d — рамалық шпангоут аралығының арақышықтығы,м.

234. Белдікпен жалғасқан бос шпангоуттың көлденең қимасының қарсыласу сәті см3, кем болмауы қажет



 

W = 12kla,                   (174)

 

мұндағы к — осы Қағиданың 233-тармағымен бекітілген коэффициент;



l — түп және борттық стрингер аралығының (екінші түп төсенішімен), борттық стрингерлер аралығының немесе борттық стрингер және палуба аралығының борт бойынша өлшенген үлкен арақышықтығы, м;

а — шпация, м.

235. Борттық жиынтықтың біртектілік көлденең жүйесі кезінде шпангоуттың жалғанған белдігі көлденең қима кедергісінен аз болмауы қажет, см3;

 

W = 14 kНса,                 (175)

 

мұндағы к — осы Қағиданың 233-тармағымен бекітілген коэффициент.

236. Шпангоут ұштарында бимстер және қаңқалық кництер орнатылуы қажет.



Бос шпангоуттың қаңқалық кницасы немесе борттық жинақтың бірізді көлденең жүйесінде қаңқалар домалақтап жабылуы;

қаңқалық кництің биіктігі шпангоут оның қырының екі есесіне тең ұзындықта кницаны жабатындай болуы қажет.

Егер бос түптік шпангоуттардың көлденең қимасының қарсыласу сәті бос шпангоуттарға арналған талаптардан кем болмаса, онда түптік шпангоуттарды жоғары қарай қаңқалық кницті орнатпай қаңқа және борт бойынша жалғастыруға рұқсат етеді.

237. Екі түпті және бір бортты кемелерде рамалық және бос шпангоуттарды өлшемі осы Қағиданың 146-тармағы талабына сәйкес келетін книц көмегі арқылы екінші түпте аяқтау керек.



Белдем дуалының жазықтығында орналасқан кницты, текше жазықтығында орналасқан қосымша қойылған немесе фестонды кницпен ауыстыруға рұқсат етіледі.

Қосымша қойылған кництің және текшенің ені немесе фестонды кництің ені текшенің үш енінен кем болмауы қажет. Жазықтықта бұл кництерге екінші түп төсенішінде «қатты нүктелерді» жоятын қабырға қаттылығын немесе бракеттер орнату керек.

238. Белдікпен жалғасқан бойлық қабырға қаттылығының көлденең қимасының қарсыласу сәті, см3, кем болмау қажет



 

W = 6kd2,                 (176)

 

мұндағы к және d осы Қағиданың 233-тармағына сәйкес қабылданады.

239. 2 м асатын борт биіктігінде Нс бір борттық стрингер орнату қажет; биіктігі 4 м және одан жоғары борттарда екеуден жоғары стрингерлер орнату қажет.



Борт биіктігі 2 м асатын кемелерде, төменгі брус деңгейіндегі екі сүйелмелі борттық стрингер орнату ұсынылады. Егер кемеде сүйелген тілме қолданылса, борттық стрингерді орнату міндетті.

Борттық стрингер өлшемі рамалық шпангоутке немесе бірізді көлденең жинақ жүйесі кезіндегі борттық шпангоуттарға арналған талаптар өлшемініен кем болмауы қажет.

240. Борттың көлденең жинақ жүйесі кезінде эквивалентті брустың есепті жоғарғы белдік ауданын ұлғайту мақсатында ширстрек және «ус» аяқталатын ішкі борттың жоғарғы бөлігінде бос шпангоуттар үшін қолданылатын қырынан кесуге арналған бойлық қабырға қаттылығын орнатуға рұқсат етіледі.



Қабырға қаптама және биіктік қалыңдығына тең, 10 жоғары қалыңдыққа тең тілімше қалыңдығынан орындалады. Қабырға ұшының және шпангоут аралығының арақашықтығы 30 мм аспауы қажет.

Эквивалентті брусқа кесуге арналған бойлық қабырға қаттылығы қосылмайды, бірақ олардың жалғасқан белдіктері ғана ескеріледі.

241. Ішкі борт қаптамасы егер ол екінші түп төсенішінде аяқталса, қосымша кильсон түрінде дон аралық жазықтықта жалғасы болу немесе түптік қаптамаға дейін жеткізілу қажет.



Көлденең сияқты ішкі борттың бойлық жинақ жүйесі рұқсат етіледі. Рамалық және бос жинақтың өлшемі, мұздық нығайтуды ескермей сыртқы бортқа арналған талаптар өлшемінен кем болмау қажет.

242. Екі бортты кемелерде сыртқы және ішкі борттардың бір деңгейде орналасатын стрингерінің орнына платформалар, ал рамалық жинақ белдемінің орнына - диафрагма орнатуға болады. Платформа және диафрагма қалыңдығы осы Қағиданың 158-тармақ талабына сәйкес тағайындалу қажет, ал балласт астындағы борт аралық кеңістікті қолдану кезінде - 197-тармағын ескеріп.

Екі есе борттың барлық ауданнына кіруге рұқсат болу үшін, өлшемі осы Қағиданың 165-тармағында бекітілгенге сәйкес тағайындалатын лаздарға арналған тіліктер қарастырылу тиіс.

Платформалар және диафрагмалар осы Қағиданың 157 және 167-тармақтарына сәйкес қабырға қаттылығымен нығайтылу қажет.



Кеме қатынасы тіркелімнің келісіміміен оларды қосымша нығайту жағдайында диафрагмалардағы тіліктерді ұлғайтуға рұқсат етіледі.

243. Сыртқы және ішкі борттардың рамалық жинақ белдемінің талап етілген қарсыласу сәті бір платформа болғанда -30% және екі платформа болған жағдайда 50% төмендетілуі мүмкін.



Қарсыласу сәттерін ұқсас төмендетулер бір және екі кергіштер орнатқанда рұқсат етіледі. Сонымен бірге кергіштің ең аз қима ауданы F, см2, кем болмауы қажет

 

F = 0,22dH2,                       (177)

 

ал, кергінің қима ауданының ең аз инерция сәті І, см4, кем емес

 

 

І = 0,25 H2dl2,                      (178)

 

мұндағы Н — борт биіктігі, м;

d — рамалық шпация, м;

l — кергіш аралығының ұзындығы, м.

 

 

§ 5. Палубалық жинақ



 

244. Рамалық бимстерді әрбір рамалық шпангоуттың жазықтығында орналыстыру керек, сондай-ақ жүк люктерінің көлденең комингс жазықтықтарында, машиналы-бу қазандығы шахтасында және палубалық механизмге және құрылғыға нығайтылған орындарда.

245. Белдікпен жалғасқан бимстың көлденең қимасының қарсыласу сәті, см3, кем болмауы қажет



1) жүкті орналастыруға арналған, палу аумақтары үшін,



мұндағы k0 - мыналарға тең коэффициент:

егер жүкті тиеу және түсіру грейфермен қарастырылмағанда, бос бимстер үшін - 4;

бос жартылай бимстер үшін - 5;

рамалық бимстер үшін - 7;

екі есесіз бортсыз кемелердегі рамалық жартылай бимстер үшін - 28;

k1 - мыналарға тең коэффициенттер:

бос бимстер және жартылай бимстер үшін - 1;

рамалық бимстер үшін осы Қағиданың 48-қосымшасына сәйкес, «кильсон» сөзін «карлингс» деп ауыстыру керек;

k2 - мыналарға тең коэффициент:

бос бимстер және жартылай бимстер үшін - 1;

рамалық бимстер үшін осы Қағиданың 49-қосымшасына сәйкес, «флор» сөзін «бимс» деп оқу керек;

d - бос бимстер және жартылай бимстер үшін - шпация; рамалық бимстер және жартылай бимстер үшін - көршілес рамалық бимстер немесе жартылай бимстер аралығының арақашықтығы,м;

В1 - едәуір арақышқтық, м:

рамалық бимстер үшін - борт аралығы немесе борт және бойлық қалқа аралығы (кергі фермамен), қалқалар аралығы (кергі фермалармен);

бос бимстер үшін - карлингс арасында немесе карлингс және бойлық аралық арасында (бортпен). Рамалық бимстер үшін В1 мәні үш немесе төрт бойлық аралықтарда В/3 кем емес және бес және одан да жоғары бойлық аралықтарда (кергі фермамен) В/4 мәнінен кем қабылданбайды;

р - формула бойынша анықталған, жүктің есепті қысымы, кПа,

 

p = 9,81 M/f,                  (180)

 

мұндағы М - осы жүк тиейтін палуб аумағындағы қабылдай алатын жүк ең көп көлемі,т;

ƒ - осы жүк тиелетін палуб аумағының ауданы, м2.



Корпуста борт және бойлық аралық арасында пиллерстер қатарын орнату кезінде және W мәні 20% төмендетілуі мүмкін.

Пиллерс арасындағы арақашықтық флор аралығының екі еселенеген арақашықтығынан кем болмауы;

Р қысымы осы Қағиданың 46-тармағына сәйкес анықталған жүк қысымынан кем болмауы қажет.

Рамалық бимстер үшін W мәні, егер жүкті тиеу және түсіру грейфермен қарастырылса, осы тармақтың 5) тармақшасында анықталғаннан кем болмау қажет;

2) жүк қималары ауданындағы құйма кемелердің палуба учаскесі үшін



мұндағы kо, k1, k2 - осы тармақтың 1) тармақшасыда бекітілген коэффициенттер;

3) құймалардан басқа, палуба учаскелерінің жүк орналастыруға арналған барлық ашық кемелер үшін,

 



мұндағы kо — мыналарға тең, коэффициент:

«О» және «М» сыныпты кемелердің бос бимстері үшін -5,5;

«Р» және «Л» сыныпты кемелердің бос бимстері үшін - 3,7;

«О» және «М» сыныпты кемелердің жартылай бос бимстері үшін - 7,5;

«Р» және «Л» сыныпты кемелердің жартылай бос бимстері үшін - 5;

«О» және «М» сыныпты кемелердің рамалық бимстері үшін - 11;

«Р»және «Л» сыныпты кемердің рамалық бимстері үшін-7,2;

«О» және «М» сыныпты кемелердің рамалық жартылай бимстері үшін - 42;

«Р» және «Л» сыныпты кемелердің рамалық жартылай бимстері үшін - 28;

мұндағы k1, k2, d, B1 - осы тармақтың 1) тармақшасында қарастырылған деректер.

Жүктеме пиллерстер, дуал қондырмалары, қоршаулар және т.б арқылы жоғары орналасқан палубтан берілетін палуба учаскелері үшін, осы Қағиданың 182-формуласы бойынша анықталған рамалық бимстің көлденең қимасының қарсыласу сәті т = (n+1) коэффициентініе көбейтілу қажет, мұндағы п — осы тармақтың 4) тармақшасы қоспағандағы жоғары орналасқан палубалар саны. Сонымен бірге В1 мәні бимсті ұстап тұратын, бойлық пиллерс қатары арасының немесе бойлық аралық арасының және бойлық аралық (борттық) аралығы арақашықтығының үлкені қабылдануы қажет;

4) жолаушыларға және экипажды орналастыруға арналған палуба корпусының, қондырманың және рубканың жабық учаскелері үшін



мұндағы ко — мыналарға тең коэффициент:

бос бимстер үшін — 1,85;

жартылай бос бимстер үшін — 2,5;

рамалық бимстер үшін — 3,6;

екі есе бортсыз кемелердегі жартылай бимстердің рамалары үшін-14;

k1, k2, d, B1 - осы тармақтың 1) тармақшасында қарастырылған деректер.

Жүк қоюға және жолаушылар кіруіне арналмаған жоғарғы палубалардың қондырма сы мен рубкалары үшін қарсыласудың ең аз сәті осы Қағиданың 183-формуласы бойынша есептеулермен салыстырғанда 30 % төмендетілуі мүмкін;

5) егер грейферлармен жүкті тиеу және түсіру қарастырылғандағы, кеме-алаңдардың бос бимстері үшін

 

W = 115 kас1,                  (184)

 

мұндағы W —осы Қағиданың 224-тармағында қарастырылған деректер;

k - осы Қағиданың 227-тармағында қарастырылған деректер.

6) рамалық бимстердің өлшемдері Ln/B1 <0,7 болғанда, осы Қағиданың 250-тармағына сәйкес анықталатын карлингстер өлшемдеріне тең деп қабылдау керек.

Мұндағы Ln - көлденең аралықтары мен көлбеу фермалар арасындағы арақашықтық.

246. Рамалық бимс дуалының немесе рамалық жартылай бимстің биіктігі палубаның рамалық шпангоут дуалы биіктігінің 2/3 кем қабылдамау қажет.



Көлденең қима ауданы палубаның рамалық шпангоуттың еркін белдігінің көлденең қима ауданынан 0,75 кем болмауы қажет.

247. Белдікпен жалғасқан рамалық бимстің көлденең қимасыныңы инерция сәті,см4, мынадан кем болмауы қажет;



 

І = 3B1W.                      (185)

 

бос бимстің немесе жартылай бос бимстің инерция сәті см4, осы Қағиданың 159-формуласы бойынша анықталатын мәннен кем болмауы қажет, мұндағы:

с - карлингс арасының немесе карлингс және бойлық аралық (бортпен) арасының едәуір арақашықтығы, м;

t - палубалардың төсеніш қалыңдығы, см.

248. Белдікпен жалғасқан бойлық палуба астындағы қабырға қаттылығының көлденең қимасының қарсыласу сәті, см3, кем болмауы қажет:



1) жүкті тиеу және жүкті түсіру грейфермен қарастырылмайтын, жүкті орналастыруға арналған палубалар алаңдары үшін

 

W = a1d2 p,                      (186)

 

мұндағы а1 - қабырға қаттылығы аралығының арақашықтығы, м;

d - рамалық бимстер аралығының арақашықтығы, м;

р - осы Қағиданың 245-тармағы 1) тармақшасына қарастырылған деректер;



2) егер жүкті тиеу және түсіру грейфермен қарастырылғандағы кеме - алаңдарының палубалары үшін

 

W = 115kа1d,                          (187)

 

мұндағы а1, d - осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес анықталады;

к — осы Қағиданың 227-тармағында қарастырылған деректер.

3) жүк танкілері ауданындағы құйма кемелердің палубаларының учаскелері үшін

 

W = 11,5а1d2,                  (188)

 

4) жүкті орналастыруға арналмаған, «О» және «М» класты құймадан басқа барлық түрдегі кемелердің, ашық палуба аумақтары үшін

ортаңғы бөлігінде

 

W = 15a1d2,                 (189)



 

ұшындағы

 

W = 7,5a1d2,                 (190)

 

ортаңғы бөліктегі «Р» және «Л» сыныпты кемелер үшін

 

W = 10a1d2,                (191)

 

ұшындағы

 

W = 5a1d2,                (192)

 

5) жолаушыларды және экипажды орналастыруға арналған ортаңғы бөліктегі барлық түрдегі кемелер корпустарының жабық палубалары үшін

 

W = 5a1d2,                (193)

 

ұшындағы

 

W = 2,5a1d2,               (194)

 

6) жалпы иілгішке қатыспайтын, жолаушыларға және экипажды орналастыруға арналған қондырманың палуба учаскелері үшін,

 

W = 2,5a1d2,              (195)

 

Жүктерді орналастыруға және жолаушылар кіруге арналмаған, қондырма және рубканың жоғарғы палубаларға арналған мәні W осы Қағиданың 195 формуласы бойынша есептелгенмен салыстырғанда 30% төмендетілуі мүмкін.

249. Белдікпен жалғасқан бойлық палуба астындағы қабырғаның көлденең қима ауданының инерция сәті мыналардан кем болмауы қажет, см4,



 

і = 0,0127ReH (f + 100a1t)d2,            (196)

 

мұндағы ReH - материал ағымдылығының шегі, МПа;

f - белдікпен жалғаспаған палуба астындағы қабырғаның көлденең қима ауданы, см2

t - палубалық төсеніш қалыңдығы, см;

а1, d - осы Қағиданың 248-тармағында қарастырылған деректер.

250. Ln/B1 ≥ 0,7 кезіндегі карлингстер өлшемі, рамалық бимске талап етілетін өлшемнен кем болмауы;

Lп/B1 < 0,7 кезіндегі карлингстер қимасының көлденең қарсыласуы W, см3 аз болмауы қажет:

1) жүкті орналастыруға арналған, палуба учаскелері үшін

k1 - карлингсті қолдайтын бір рамалық бимс кезіндегі 1-ге тең коэффициент, үш және одан да жоғары бимстерде k1 осы Қағиданың 51-қосымшасына анықталады;

k2 - осы Қағиданың 52-қосымшасына сәйкес анықталатын коэффицент;

b - карлингспен тікелей қолданатын, палубалар ауданының орташа қалыңдығы, м;

lк - көлденең қалқалар аралығымен, көлденең пиллерс қатары немесе көлденең аралық және көлденең пиллерс қатары аралығымен өлшенген, арақашықтықтың үлкеніне тең қабылданатын, карлингс аралығының ұзындығы,м;

р - осы Қағиданың 245-тармағы 1) тармақшасында қарастырылған деректер;

Lп - көлденең аралық және көлбеу фермалар аралығының арақашықтығы, м.

2) жүк бөліктері ауданындағы құйма кемелердің палуба аудандары, сондай-ақ палуба аумағындағы жүктерді орналастыруға арналмаған ашық барлық түрдегі кемелер үшін



3) жүктерді орналастыруға және жолаушылар кіруге арналмаған қондырма және рубкалардың палуба учаскелері үшін

251. Карлингстерді, әдетте, кильсонмен бір жазықтықта орнату қажет.

252. Палубадағы тілік ені осы жердегі кеме енінің В 0,70 асып кетпеуі қажет.

Арнайы іс-шараларды жүзеге асыратын кезде (көлденең жинақтың қаттылығын ұлғайту, жартылай қалқалармен екі есе бортты орнату, тілік ұзындықтарын азайту және с.с.) тілікті 0,855 ұлғайтуға рұқсат етіледі.

253. Люктер енінің тілігі 0,705 жоғары болған кезде люктердің бойлық комингстері барлық трюм ұзындығы бойынша үздіксіз және комингстің екі есе биіктігінен кем болмайтын кницамен аяқталу қажет. Әрбір люктің ұзындығында орнатылған, бойлық комингстерді оның көлденең комингспен қалыпты жанасуы болмағанда ұзындығы екі есе комингс биіктігінен кем болмайтын кницамен аяқтау қажет.



Әрбір люктің ұзындығында орнатылған, бойлық комингстерді люктің тілік нысаны бойынша көлденең комингстермен қалыпты жанастыру ұсынылады. Бойлық комингсті көлденеңмен қалыпты жанастыруды еркін белдікпен палубаның көлденең кница жазықтығында орнатумен орындауға рұқсат етіледі.

254. Комингс дуалдары карлингс дуалдарымен бірге бір жазықтықта болу қажет.

255. Үшкір тігістерді және тіліктерді өлшемдері осы Қағиданың 53 және 54-қосымшаларында көрсетілген аудандардағы кеменің ортаңғы бөлігінде орналасқан люктердің бұрыштарында орнатуға рұқсат етілмейді, мұндағы г - осы Қағиданың 161-тармағына сәйкес люк бұрышының домалақтау радиусы, b0- люк ені.

Шетінде орналасқан люктердің бұрышы ауданындағы өлшемдер Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен азайтылуы мүмкін.

256. Рамалық бимстің жазықтығында комингс дуалдарында тік бракеттер орнатылу қажет.



Палуба бойынша бракет ені, қайсысы кіші екеніне қарап, бірақ комингс текшесінің енінен кем болмайтындай рамалық бимс биіктігінен немесе комингс биіктігінің жартысынан кем болмауы;

бракеттердің жоғарғы жиегі комингс текшесіне пісірілуі;

бракеттердің бос жиегін нығайтушы ұзынша қиық немесе фланцтар комингс текшесіне жетпей «ус» аяқталуы, ал палубтарда «ус» аяқталуы немесе кеңіп және төсенішке пісірілуі мүмкін, сонымен бірге төсеніштің кері жағынан «қатты нүктелерді» жоятын қабырға қаттылығы және бракеттер орнатылуы қажет.

257. Комингстің жоғарғы жиектері комингстердің табақшаларының тұрақтылығын жеткілікті қамтамасыз ететін, ұзынша қиықпен немесе қырмен күшейтілу қажет.



Егер комингс дуалының биіктігінің оның қалыңдығына деген қатынасы 40 асса, онда комингстың дуалы сондай-ақ осы Қағиданың 157-тармағы 2) тармақшасына сәйкес көлденең қабырғамен нығайтылу қажет.

258. Жүкке арналған люктердің комингстерінің табақшаларын рамалық бимстер жиегінің төменгі деңгейіне дейін жеткізу керек, ал комингстің төменгі жиегінде комингстің 8-12 қалыңдығын қабылдайтындай енімен майысқан фланец болуы керек.

259. Есепті палубалардағы жалғыз тіліктер, борттан кеменің ортыңғы бөлігіндегі жүкке арналған люктердің тілігіне дейін орналасқан мүмкіндігінше кіші өлшемді болуы және жүкке арналған люктердің бұрышынан және машиналық үй-жай шахталарынан, сондай-ақ аралық қондырмасы ұштарынан едәуір алыс орналасуы қажет.

Егер тілік ені (диаметр) палубалық табақшаның 20 қалыңдығынан немесе осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес палубаның үздіксіз учаскесінің 0,55 енінен жоғары болса, онда тілік палубаның тілікпен беріктілік көрсеткіші кіші шамада, бірақ осындай тіліксіз палубалардан төмен болмайтындай нығайтылуы қажет.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет