383. Таратқыш қалқандардың орналасуы
3838. Таратқыш қалқанның қорғаушы орындауы IP10 болса, және арнайы бөлмеде, шкафта немесе ойықшадан төмен орналасса, онда осындай бөлмелер жанбайтын материалдардан жасалуы немесе осындай материалдан жасалған қаптамасы болуы тиіс.
3839. Құбырлар мен цистерналарды таратқыш құрылғыларға жақын орналастыруы осы Қағиданың 231-тарау талаптарына сәйкес болуы тиіс.
3840. Басты таратқыш қалқан генераторлары бар өртке қарсы бір зонада орналасуы тиіс. Өртке қарсы зоналарды анықтауды осы Қағиданың 36-тарауында келтірілен.
3841. Таратқыш құрылғылар діріл көзінен және жоғары температурадан қорғануы және жойылуы тиіс.
3842. Бос тұрған таратқыш қалқандардың алдыңғы және артқы жақтарында (жаңтайтылған типті қалқандардан басқа) ұзындығы 3 м қалқандар үшін ені кемінде 600 м және аса ұзын қалқандар үшін кемінде 800 мм торап қарастырылуы тиіс.
3843. Ұзындығы 1,2 м аса таратқыш қалқандар, әдетте бос тұруы тиіс.
Жаңтайтылған типті таратқыш қалқандар үшін қызмет етуді талап ететін бөліктерге жолды қамтамасыз етуі тиіс.
3844. Кернеу астында тұрған бөліктері ашық бос тұрған қалқандар артыныдағы аймақ қоршалған және есіктермен жабдықталуы тиіс.
Есіктер ішінен кілтсіз, ал сыртқы жағынан - кілт арқылы ашылуы тиіс. Есіктерде сақтандыратын жазулары бар тақтайшалар қарастырылуы тиіс. Есікті ашық күйде бекітуге мүмкіндік беретін құрылғы қарастырылуы тиіс.
3845. Осы Қағиданың 3844-тармақтарда көрсетілген ұзындығы 3 м аса таратқыш қалқандарда қалқан орналасқан бөлмеден шығатын қалқан артындағы аймаққа кіру үшін кемінде екі есік қарастырылуы тиіс. Осы есіктер бір-бірінен мүмкіндігінше алыс қашықтықта орналасуы тиіс. Есіктердің бірі аралас бөлмеге шығуы мүмкін.
384. Статикалық күш түрлендіргіштер
3846. Осы тарау талаптары кемелік статикалық күштерді түрлендіргіштерге және Қағиданың осы бөлімінің басқа тарауларының талаптарына қосымша жартылай өткізгіш күш қондырғыларын қамтиды.
3847. Күш жартылай өткізгіш қондырғылардың жұмысымен негізделген кемелік желінің сызықсыз бұрмалауы коэффициенті Кна 10% аспауы тиіс.
Қисық кернеудің көрсетілгеннен аса синус қашықтық бұрмалауына келтіретін жартылай өткізгіш күшті қондырғыларды қолдану Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
Сызықсық бұрмалаудың коэффициенті, %, мынадай формула бойынша анықталуы тиіс:
мұнда: Un — бұрмаланған кернеудің n-ді гармоинктерінің әрекеттегі міндері;
U1 — 1 гармониктің әрекеттегі мәні.
3848. Электр және магнитті желілердің параметрлерін өлшегішпен өлшенген олардың қоректендіру кабельдерін қоса алғанда жартылай өткізгіш қондырғыларымен жасалатын электр магнитті кедергілер осы Қағиданың 355-тарауында көрсетілген мәндерінен аспауы тиіс.
3849. Күш желісі кабельдерімен жасалынатын электромагнитті сызықтар әрекетіне қарсы шаралар қабылдануы тиіс.
3850. Жартылай өткізгішті күш құралдарында ауамен салқындатуы (жасанды немесе бағындырғыш) болуы тиіс.
Сұйықтық салқындатуды Кеме қатынасының тіркелімімен ерекше келісім бойынша рұқсат етіледі.
3851. Бағындырып салқындатылатын жартылай өткізгіш күш қондырғылары салқындатуды өшіру кезінде қондырғы жұмысын болдырмайтын оқшаулаумен қамтамасыз етілуі тиіс.
3852. Жартылай өткізгішті күш құрылғыларда сыртқы және ішкі тоқ күшінің көбею қорғауы болуы тиіс.
3853. Жартылай өткізгіш элементтер блоктары қысқа матасқан тоқтардан қорғалуы тиіс. Диодтар мен тиристорлардың қорғауы жүктеменің қорғаушы тізбегінен бөлінуі тиіс.
3854. Егер тек бір тұтынушы қарастырылса, диодтар мен тиристорлар жүктемесінде және блоктарында бір жалпы қорғанышы болуы тиіс.
385. Трансформаторлар
3855. Жарықтандыру желілері және жауапты құрылғылар трансформаторлар арқылы қоректенетін кемелерде олардың ең аса едәуірінің бұзылуы кезінде қалғандары кеме жұмысының барлық шарттарында электр энергияның тұтынуын толық қамтамасыз ететін күйде болатындай қуатты кемінде екі трансформаторлар қарастырылуы тиіс.
Жинақ шиналардың секциялық жүйелері қолданылатын болса, онда трансформаторлар түрлі секцияларға қосылуы тиіс.
Ұзындығы 25 м кем, сондай-ақ тұрақтағы кемелерде (жолаушыларды тасымалдауға арналған кемелерден басқа) бір трансформаторды орнату рұқсат етіледі.
3856. Кемелерде құрғақ трансформаторлар қолданылуы тиіс. Түрлері басқа трансформаторларды қолдану әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің арнайы қарауына жатады.
3857. Паралельді жұмыс істейтін қысқа матасу кернеулер кез-келген трансформаторлардың жүктемесі әрбір трансформатор қуатының пропорционалды бөлігінің тиісті мәні осы трансформатордың номиналды тоғынан 10 % ауытқымайтындай болуы тиіс.
3858. Паралельді жұмыс істеп жатқан трансформаторлардың номиналды қуатының қатынасы 3:1 аспауы тиіс.
3859. Бірінші және екінші реттік кернеуге арналған трансформаторлар орауыштары электрлі бөлінген болуы тиіс.
Осы талап іске қосу трансформаторларға және қызу трансформаторларына жатпайды.
3860. Бос жүріс пен номиналды жүктеме шегінде белсенді жүктемеде кернеу ауытқуының кемелік желісін қоректендіруге арналған бір және үш фазалық трансформаторларда қуаты 5 кВА дейін трансформаторлардың фазаларына 5 % және қуаты одан аса трансформаторлар фазасына 2,5 % аспауы тиіс.
3861. Ауамен немесе құрғақ диэлектрмен салқындатылатын трансформаторалар 1 с бойы 10 % және 5 мин бойы 50 % шамадан артуына төзуі тиіс.
3862. Трансформаторлардың бірінші орауыштарының қоректену тізбектерінде қысқа матасу тоқтарынан қорғайтын құрылғылар орнатылуы тиіс. Шамадан артудан қорғауды тек қуаты 6,3 кВА аса трансформаторларға көлденең қажет. Трансформаторлардың қорғау құрылғылары шамадан артудан сигнал бергішпен ауыстыру рұқсат етіледі.
3863. Егер трансформаторлар паралель жұмыс істеуге арналса, онда олардың алғашқы және қайта орауын ажырататын, ажыратқыштар орнатылуы тиіс бірақ міндетті түрде бір мезетте емес.
Егер осындай трансформаторлар пайдалану кезінде ажырауы мүмкін басты таратқыш қалқанның түрлі секцияларынан қоректенетін болса, басты таратқыш қалқанның секцияларының ажырауы кезінде олардың паралель жұмыс істеуін болдырмайтын, оқшаулауды көлденең қажет.
3864. Тоқ өлшегіш трансформаторлардың ауысуы матаспаған күйде олардың қайта оралу мүмкіндігі болматындай етіп орындалуы тиіс.
55-бөлім. Электр машиналары және жетектер
386. Жалпы талаптар
3865. Жинақталған орындардан қашықтан немесе автоматты түрде басқарылатын электр жетектері бар механизмдер басқару орындарда электр жетектер қосылуы туралы түсті сигнал бергіштері болуы тиіс.
3866. Егер құрылғылар және механизмдерде автоматты, қашықтан және жергілікті басқарылатын болса, онда жергілікті басқаруға өту кезінде автоматты және қашықтан басқару өшірілуі тиіс. Сонымен бірге, жергілікті басқару автоматты немесе қашықтан басқарудан тәуелсіз болуы тиіс.
387. Электр машиналары
3867. Электр машинаға салқындатқыш ауа кіретін желдеткіш терезелер төсемнен төмен деңгейде орналаспауы тиіс.
3868. Щетка ұстағыш серіппені тоқтан бұру үшін қолдану рұқсат етілмейді.
Тоқты щеткадан бұруы иілімді мысты сым бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
3869. Генераторлар қыздырудан кейін номиналды жүктемесіне сәйкес орнатылған температурасына дейін осы Қағиданың 396-қосымшасында көрсетілген тоқ бойынша шамадан артуына төзе алатындай конструкциясы болуы тиіс.
3870. Электр қозғалтқыштар осы Қағиданың 397-қосымшасында сәйкес ұлғайтылған сәттердің тоқтаусыз ұлғаюы немесе айналу жиілігінің аяқ астынан өзгеруі мүмкін болатын конструкциялы болуы тиіс.
3871. Паралель жұмысқа арналмаған генераторларда шамадан арту мен қысқа матасудан қорғанысы болуы тиіс. Қуаты 4 кВт генераторларды қорғау үшін автоматты ажыратқыштар қолданылуы тиіс.
3872. Паралель жұмысқа арналған генераторлар үшін кемінде мынадай қорғаулар орнатылуы тиіс:
1) шамадан арту;
2) қысқа матасу;
3) теріс тоқ немесе кері қуат;
4) минималды кернеу.
Осындай құрылғыларын жүктеменің номиналды тоқтың 150 % дейін қорғалып жатқан генератордың термиялық тұрақты уақытына тиісті ұстау уақыты бар генераторларды өшіру және номиналды тоқтың 100 нан 110% дейінгі жүктеме үшін 15 мин дейін ұстаумен әрекеттегі шамадан арту туралы сигнал бергіші бар генераторларды шамадан артудан қорғау үшін ұсынылады.
Генератордың номиналды тоғының 150 % на генератордың ауыспалы тоғының 2 минуттан және генератордың тұрақты тоғының 15 с аспауы үшін қорғауды орнату ұсынылады. Номиналды тоқтың 150 % аса жүктеме кезінде генераторларды өшіру мүмкіндігінше уақытпен ұстаусыз өтуі тиіс.
Шамадан арту мен уақытпен ұстаудан қорғауды орнату үшін генератордың жетек қозғалтқыштарының шамадан арту сипаттамаларына қозғалтқыш уақытпен ұстау бойы қажетті қуатты өсіру үшін тұрған күйінде болатындай етіп таңдалуы тиіс. Генераторларды шамадан артудан қорғау үшін генераторды сол сәтте қайта қосылу мүмкіндігін болдырмайтын құрылғылар қолданылмауы тиіс.
3873. Генераторлардың шамадан арту кезінде жауапты тұтынушылардан кем автоматты түрде және таңдаулы өшірілетін құрылғылар орнатылуы тиіс. Тұтынушылардың өшірілуі генератордың шамадан арту қасиетіне тиісті бір немесе бірнеше сатылы болып орындалуы мүмкін.
3874. Оқшауланған нөлдік жүйелері үшін тоқтардың қысқа матасудан генераторлардың қорғауы үшін барлық фазаларда немесе полюстарда орнатылуы тиіс.
3875. Кері қуаттан немесе теріс тоқтан паралель жұмыстарға арналған генераторларды қорғау жетекті қозғалтқыштардың сипаттамаларына сәйкес болуы тиіс.
Теріс тоқтың немесе кері қуаттан қорғау үшін қолдану мүмкіндігінің шектері осы Қағиданың 398-қосымшасында көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс.
3876. Минималды кернеуден қорғау генератор кернеуі белгіленбей және номиналды тоқтың минималды 80 % жетпей генераторлардың шиналарға қосылу, сондай-ақ оның қысқыштарында кернеудің азаюы кезінде генераторларды өшіру мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Минималды кернеуден қорғау, кернеудің азаюы кезінде генераторларды шиналардан ажыратуды уақытпен ұстау әрекеті және жоғарыда көрсетілген минималды кернеуге жету үшін генераторды шиналарға қосу кезінде сол сәтте әрекет ету қажет.
3877. Қуаты 0,5 кВт жоғары электр қозғалтқыштарды қоректендіретін таратқыш қалқандардан шегінген сызықтарда қысқа матасу тоқтардан және шамадан артуға арналған құрылғылар, сондай-ақ электр қозғалтқыштарды автоматты түрде қайта қосу қажет болмаса, нөлдік қорғау құрылғысы орнатылады.
Шамадан артудан және нөлдік қорғау бойынша қорғаушы құрылғылар, әдетте, электр қабылдағышта немесе оның қосу құрылғысында орнатылуы тиіс.
Қуаты 0,5 кВт кем электр қозғалтқыштар үшін қысқа матасу тоқтарынан қорғаныс қарастырылуы тиіс.
3878. Ауыспалы тоқ электр қозғалтқыштарды шамадан артудан қорғауы екі фазада орындалуы тиіс.
Тұрақты тоқ электр қозғалтқыштарды шамадан артудан қорғауы екі полюстарда орындалуы тиіс.
3879. Электр қозғалтқыштарды шамадан артудан қорғауға арналған құрылғылар қорғалып жатқан электр қозғалтқыштарды жылуға төзімділік сипаттамасына сәйкес уақыт ұстаумен номиналды тоқтың 105—125 % шегінде қорғалып жатқан электр қозғалтқыштарды ажыратуға арналған орнатулары болуы тиіс.
Электр қозғалтқыштарды шамадан артудан қорғауға арналған құрылғыны, әрбір жағдайда Кеме қатынасының тіркелімінің қарауына жататын тиісті сигнал бергішпен ауыстырылуы мүмкін.
3880. Электр муфталар үшін қызудың жеделдету режимінде ең үлкен сәт муфталардың екі еселенген номиналды сәтінің мәнінен аспауы тиіс.
388. Электр жетектерді оқшаулау.
Коммутациялық аппаратура
3881. Электр және қолды жетектері бар кемелік техникалық құрылғылар жетектердің бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін болдырмайтын оқшаулау құрылғысымен жабдықталуы тиіс.
3882. Механизмдерді белгіленген ретпен жұмысқа қосу қажет болса, онда тиісті оқшаулау құрылғылары қолданылуы тиіс.
Оқшаулаудың алдын ала байқалмаған ажыратулардан қорғалу шартымен оқшаулауды ажырататын құрылғылар орнатылуы мүмкін. Осы құрылғыға жақын оның тағайымы мен онымен лауазымды емес тұлғамен қолдануына тыйым салатын жазулары болуы тиіс.
3883. Электр қозғалтқыштары немесе аппаратуралары қалыпты жұмыс істеу кезінде қосымша желдетуді қажет ететін механизмдерді іске қосу әрекеттегі желдету кезінде ғана мүмкін.
3884. Қолданылатын қосуды реттейтін аппаратура электр қозғалтқыштардың қосылу мүмкіндігі нөлдік күйден ғана рұқсат етіледі.
3885. Паралельді қызудың орауын өшіретін қосуды реттейтін аппаратура алаңды өшіруге арналған құрылғысы болуы тиіс.
3886. Қосуды реттейтін аппаратураның қуаты 0,5 кВт және одан аса әрбір электр қозғалтқыш үшін қоректі ажырату үшін құрылғы қарастырылуы тиіс. Егер қосуды реттегіш аппаратура басты немесе басқа таратқыш қалқанда осы бөлімде орнатылса, онда осы құрылғы ретінде қалқанда орнатылған ажыратқышты қолданылуы мүмкін.
Егер жоғарыда көрсетілген іске қосу реттегіш аппаратураның орналасу туралы талаптар орындалмайтын болса, қарастырылуы тиіс: таратқыш қалқанды өшірілген күйінде ажыратуды оқшаулайтын құрылғы, немесе электр қозғалтқыштарға жақын орналасқан қосымша ажыратқыш, немесе сақтандырғыштың осындай қондырғысын қосуды реттейтін әрбір полюста немесе фазада оларды жеңіл алынуын және қайта салынуына қызмет ететін қызметкерлермен.
389. Қаупсіздіктің ажыратқыш құрылғылары
3887. Белгіленген жағдайларда жұмыстары адамдар қауіпсіздігіне қауіп келтіруі мүмкін механизмдерді басқару жүйелері Электр жетектердің қоректенуін сенімді ажырауын қамтамасыз ететін қауіпсіздіктің ажыратқыш құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
3888. Қауіпсіздіктің ажыратқыш құрылғысы қызыл түске боялуы және кездейсоқ ажырауынан қорғалған болуы тиіс. Оған жақын оның тағайымы көрсетілген жазулары болуы тиіс.
3889. Ажыратқыш құрылғылар пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқару орындарында немесе басқа орындарда орналасуы тиіс.
3890. Зақымдану немесе авариялық жағдайлар болмауы үшін әрекетті шектеуді қажет ететін құрылғылар мен механизмдердің электр жетектерінде соңғы ажыратқыштар қарастырылуы тиіс.
390. Басқару құрылғысының электр жетектері
3891. Негізгі және қордағы электрлі басқару жетектері электрстанцияның басты таратқыш қалқанынан бөлек жолақтар бойынша тікелей немесе авариялық дизель-генератор қалқаны арқылы қоректенуі тиіс.
3892. Әрбір сызық оған қосылған және бір уақытта жұмыс істеуі мүмкін барлық электр қозғалтқыштарды қоректенуіне есептелінуі тиіс.
3893. Егер электр энергияның авариялық және негізгі көзі бір текті тоқті және бірдей кернеуді қамтамасыз ететін болса, онда осы Қағиданың 3891-тармағында көрсетілген жолақтардың біреуі авариялық таратқыш қалқан арқылы өтуі тиіс.
3894. Басқарғы жетектердің бірнеше күш агрегаттарын орнату кезінде кемінде екі бір-біріне тәуелсіз басқару рубкасында басқару жетектерін басқару жүйелері қарастырылуы тиіс. Осындай басқару жетектермен басқару жүйелері үшін бөлек кабельдер салынуы тиіс.
Бір аппаратта екі электр жетектерде қолданылатын тізбектерді үйлестіру рұқсат етілмейді.
3895. Басқару тізбектерінің қорғаушы аппараттары басқару жетектің күш агрегаттарының қорғаушы аппараттарының орнынан қосылуы тиіс.
3896. Басқару тізбегінде үзілуі (қабыл алмағаны) туралы сигнал бергіш қарастырылуы тиіс.
3897. Электрлі немесе электр гидравликалық басқару құрылғысының электр қозғалтқыштары үшін тек қысқа матасу тоқтарынан қорғау құрылғылары қарастырылуы тиіс. Минималды кернеуден және шамадан артудан қорғау рұқсат етілмейді. Электр қозғалтқыштың шамадан артуы туралы сигнал бергіш орнатылуы тиіс.
3898. Басқару құрылғылардың тұрақты тоқты электр қозғалтқыштарды қысқа матасудан қорғайтын автоматты ажыратқыштарда электр қозғалтқыштардың қорғалып жатқан номиналды тоғы кемінде 300 және 400 % аса болған кезінде сол сәтте ажыратқыш орнатулары, сондай-ақ ауыспалы тоқтың қозғалтқыштары үшін - қорғалып жатқан қозғалтқыштар тоғының едәуір іске қосуы 125 % аса тоқ кезінде сол сәтте ажыратқыш орнатулары болуы тиіс.
3899. Іске қосу құрылғылар қорек беру кезіндегі үзілістен кейін кернеудің қалыптасуы кезінде электр қозғалтқыштардың автоматты қайта қосылуын қамтамасыз етуі тиіс.
3900. Басты қозғалтқыштармен басқару орны (осындай орындар болу жағдайында) немесе орталық басқару орнында (оның болуы кезінде) және меңгерікпен басқару орнының қасындағы басқару рубкасында басқару құрылғысының коректендіру тізбегінде кернеу болуы туралы, оның шамадан артуы және ажырауы туралы, ал гидравликалық жүйелер үшін және шығымдану цистернасындағы минималды май деңгейі бойынша сигнал бергіш құрылғысы болуы тиіс. Шамадан арту мен ажырауы жөніндегі сигнал түсті және дыбысты болуы тиіс.
3901. Штурвалдың айналу бағыты, басқаратын аппараттың тұтқаның әрекеттері кеме жүрісінің қарастырылатын бағытымен сәйкес болуы тиіс.
Кнопкалық басқару жүйесі кезінде кнопкалар оң жақта орналасқан конпканы басу кеменің оңға жылжуын, ал сол жақта орналасқан кнопкалар - солға жылжуын қамтамасыз ететіндей орналасуы тиіс.
3902. Басқару құрылғының электр жетегіқамтамасыз етуі тиіс:
1) осы Қағиданың 279-тарауында көрсетілген уақытқа және бұрышқа борттан бортқа ауыстыруды;
2) кеменің әрбір агрегаты үшін максималды жылдамдықта алдыңғы жүрісі және жүк ватерсызығы бойынша шөгу кезінде 30 мин бойы меңгерікті борттан бортқа үзіліссіз ауыстыруды;
3) белгіленген температуралық режимде жұмыс істеуден кейін 1 мин бойы тоқ астында электр қозғалтқыштардың тұрақтау мүмкіндігі (тікелей электр жетегімен тек басқару құрылғысыз).
3903. Тікелей электр жетегімен қоса басқару құрылғысының қозғалтқышын бастапқы іске қосу сәті номиналдыдан кемінде 200 % болуы тиіс.
3904. Басқару электр жетектердің басқару тізбектерінде меңгерікті ауыстыруды немесе сол және оң бортқа саптаманы шектейтін соңғы ажыратқыштар қарастырылуы тиіс. Олардың бірі іске қосылған кезінен бастап меңгерікті кері бағытта ауыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
3905. Меңгеріктің электр жетектерін бірнеше басқару орны болған кезде жұмысты таңдау бойынша тек бір басқару орнында қамтамасыз ететін айырып-қосқыш қарастырылуы тиіс.
3906. Меңгерік күйінің көрсеткіштері басқару рубкасында және әрбір басқару орнында орнатылуы тиіс. Меңгерікпен электрлі немесе гидравликалық басқару кезінде меңгерік күйінің датчигі тікелей онымен қатты жалғанған меңгерік баллерінен немесе детальдан жетегі болуы тиіс. Датчик қоректенуі басқару жүйесінен тәуелсіз болуы тиіс. Меңгерік күйінің индикация датчигінде бөлек қоректендіретін желісі және тұрақты әрекеті болуы тиіс. Қосымша белгіленген авто басқару үшін беретін құрылғыларды бөлек желілер көмегімен және осы жүйеден электрлі бөлінген болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |