Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 наурыздағы №127 бұйрығы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 2. Құрғақ жүк тиеуге арналған және құйма кемелер



бет10/129
Дата09.06.2016
өлшемі12.36 Mb.
#124536
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   129
§ 2. Құрғақ жүк тиеуге арналған және құйма кемелер

 

345. Стандартты көп жүк тасуға арналған кемелерде, палуба төсенішінде немесе екінші түпте контейнерлердің бұрыштық фитингілерінде ұяшық қарастырылу қажет және тиісті нығайтулар орындалу қажет.

346. Көліктік мұнай құятын кемелердің жүк танкілері ауданында екінші түбі және екінші борты (осы Қағиданың 452 - 467, 498 - 503-тармақтары) болу қажет немесе жүк танкілері салмалы болуы қажет.



Кеме қатынасы тіркелімінің келісімімен қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың басқа да шешімдері қабылдануы мүмкін.

347. Осы Қағиданың 347-349-тармақтарының талаптары салынған сыйымдылықтары және кіріктірілген қабықтары бар кемелерге таралмайды.



Ұзындығы 80 м құйма кемелер жүк танкілері ауданында ДП-ға бір бойлық аралығы болу қажет, ал ұзындығы 80 м және одан жағары кемелер - екі бойлық аралықтан кем болмау қажет. Екі бортты кемелерде ДП-ға бір бойлық аралық орнату жеткілікті.

Жүк танкілерінің үстінде кеңейтуші шахтаның болмауын температура жағдайына байланысты және бос палубалық көлемнің болуы есебімен негіздеу керек.

348. Қатынасы В/Н > 3,5 кемелерде бойлық аралықтарға қосымша бройлық фермалар және пиллерстер орнатылу қажет. Бойлық аралықтар және бойлық фермалар аралығының немесе бойлық фермалар және және борт аралығының арақашықтығы 2,05 м аспау қажет.

349. Құйма кемелерде арақашықтығы мыналардан кем емес көлденең аралықтар орнатылу қажет:

борт биіктігі #<2,5 м кемелер үшін 24 шпация;

борт биіктігі Н > 2,5 м кемелер үшін 36 шпация.

Өздігінен жүрмейтін құйма кемелерде бойлық аралықтар арасында көлденең фермалар немесе пиллерстер немесе өткізуші көлденең аралықтар орнатылу қажет.

Көлденең аралықтар немесе аралықтар аралығының арақашықтығы борт биіктігі Н < 2,5 м кемелер үшін 12 шпациядан, ал борт биіктігі Н > 2,5 м кемелер үшін 18 шпациядан аспау қажет.

 

 

§ 3. Су ығыстырушы жолаушы кемелері



 

350. Корпус құрылымы су ығыстырушы жолаушылар кемесінің мынадай түрлеріне арналады:

1) жалпы иілуге қатыспайтын, жеңіл қондырмаларымен бір палубалы кемелер;

2) Эквивалентті брус құрамына кіретін, берік басты палубамен және бірінші қабат қондырмасының берік палубасымен көп палубалы кемелер;

3) жалпы иілуге қатысатын немесе қатыспайтын, екі түппен немесе онсыз және қондырмасыз ашық кемелер.

351. Егер қондырма (рубка) корпустың жалпы иілуіне қатысатын болса, оның жоғарғы берік палубасының берік байланысын және ұштары бойынша жалпы аумақтардың олардың бойлық дуалдарының едәуір қатысты кедергілердің әрекеті жерлеріндегі қондырманы корпуспен жалғау беріктілігін қамтамасыз ету қажет.



Егер жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаса корпустың жалпы иіліміне қондырманың (рубканың) қатысу деңгейін төмендетуші және қондырмада және ол тірелетін палубада жоғары кернеу концентрациясына кедергі келтіретін конструктивті шаралар қолдану қажет.

352. Корпус бортына түйіспейтін ұзындығы оның алты биіктігінен жоғары қондырманың (рубканың) бойлық аралықтары 1/3 кем емес қондырма биіктігін құрайтын радиус бойынша көлденең ұштық дуалдармен бірқалыпты жалғасу қажет.



Ұзындығы кіші қондырмалар (рубкалар) үшін көрсетілген дөңгелектеу радиусы пропорционалды кішірейтілуі мүмкін. Бұл талаптарды бойлық дуалдары қондырмадан төмен орналасқан бойлық дуалдармен бірікпеген қондырмаларда (рубкалар) қанағаттандыру қажет.

353. Эквивалентті брусты қосатын бойлық дуалдардағы және қондырма аралықтардағы (рубкаларда) тіліктердің орналасуы және құрылымы әркеттегі стандарттардың нұсқаулықтарына сәйкес болу қажет.

354. Жоғарғы берік стрингердің қалыңдығы және оның артынан жүруші төменгі жолаушы кемесінің палубасы осы Қағиданың 47-қосымшасы 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілгеннен кем болмау қажет.

Жолаушылар кемесінің ортаңғы бөлігіндегі палуба төсенішінің қалыңдығы осы Қағидаға 47-қосымшаның 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетіленнен кем болмау қажет.

355. Қондырма (рубка) дуалдарының қалыңдығы 47-қосымшаның 5-тармақ 6) тармақша көрсетілгеннен, ал корпустың жалпы майысуында қатысатын қондырма (рубка) осы Қағидаға 47-қосымшаның 5-тармағы 7) тармақшасында көрсетілгеннен кем болмау қажет.



 

 

§ 4. Сүйрегіштер және итергіштер



 

356. Сүйрегіштердің және итергіштердің ортаңғы бөлігіндегі және артқы жағының ұшындағы сыртқы қаптаманың қалыңдығы, мм мынадан кем болмауы қажет:

 

t = (L + 100)/30 + t,           (231)

 

сонымен бірге күштілігі 330 кВт және одан төмен кемелер үшін t = 0;

күштілігі 330кВт жоғары кемелер үшін

мұндағы Ре - сүйрегіш және итергіштің күштілігі, кВт.

Барлық сыныптағы шлюзді және рейдтік сүйреуіштер, шлюзді және рейдтік итергіштер үшін, сондай-ақ «М»және «О» сыныпты кемелер үшін ортаңғы бөліктегі сыртқы қаптаманың қалыңдығы осы Қағиданың 231-формуламен анықталғаннан 2 мм ұлғайтылу қажет.

Барлық жағдайларда сыртқы қаптаманың қалыңдығы осы Қағиданың 47-қосымшасының регламенттелгеннен кем болмау қажет.

357. Ширстректің және қаңқалық белдіктің қалыңдығын корпустың осы қимасындағы сыртқы қаптама қалыңдығына тең, бірақ осы Қағиданың 47-қосымшасы 1-тармағы 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кем болмайтындай қабылдайды.

358. Сүйрегіштердің және итергіштердің сыртқы қаптамасының алдыңғы жағының ұшының қалыңдығы осы Қағидаға 330 және 331-тармағына сәйкес анықталған ортаңғы бөлік қалыңдығынан кем болмау қажет, бірақ 47-қосымшада көрсетілген алдыңғы жағының ұшындағы қаптама қалыңдығынан кем болмау қажет.

359. Ортаңғы бөліктегі палубалық стрингердің қалыңдығы борттық қаптама қалыңдығынан кем болмауы;



палубалық стрингердің ені 500 мм кем болмауы қажет.

360. Сүйрегіш және итергіштердің ортаңғы бөлігіндегі және ұшындағы палубалық төсеніштің қалыңдығы,мм, кем болмау қажет:



ашық учаскелер үшін

 

t = (220 + L)/60 + t;             (232)

 

қондырмамен жабылған учаскелер үшін

 

t = (180 + L)/60 + t,             (233)

 

мұндағы t осы Қағиданың 356-тармағына сәйкес қабылданады.



Шлюздік, рейдтік сүйрегіштер мен итергіштер үшін артқы жағының ұшындағы палуба төсенішінің қалыңдығы ортаңғы бөліктегі сыртқы қаптаманың талап етілген қалыңдығынан кем болмау қажет.

361. Аралықтар табақшасының қалыңдығы осы Қағиданың 47-қосымшасына сәйкес көрсетілген мәннен және 1 мм ұлғайтқаннан кем болмау қажет.

362. Итергіштердің транцтік алдыңғы жағының аралықтарындағы табақшалар және тірек табақшаларының қалыңдығы алдыңғы жағының ұшындағы палуба төсенішінің қалыңдығынан кем болмау қажет.

363. Итергіштер корпусының алдыңғы жағының ұштарын тіректен күштер борқа және корпустың бойлық байланыстарына бірқалыпты таралуын қамтамасыз ететіндей нығайтылады.



Тірек жазықтығында кеме корпусына мықты орнатылған және форпик аралықтарына дейін жеткізілген бойлық аралықтар немесе көлбеу фермалар орнатылу қажет.

Тірек аудандарында жабық шпангоуттық рамалар орнатылу қажет (флорлар, борттық рамалық шпангоуттар және бимстер).

 

 

§ 5. Мұзжарғыштар



 

364. Осы бөлімнің талаптары D1/4P1/3 < 230 шарттарды қанағаттандыратын және басты өлшемдердің қатынасы және мынадай шектегі корпус жиегінің сипаттамасы бар мұзжарғыштарға арналған:



мұндағы D —конструтивті ватерсызығы бойынша отырғызу кезіндегі кеменің су ығыстыруы, кН;

Р — еспелі біліктегі қосынды күш, кВт;

L — конструктивті ватерсызығы бойынша кеме ұзындығы, м;

В — конструктивті ватерсызығы бойынша мидель-шпангоуттағы кеменің ені, м;

Т — конструктивті ватерсызығы бойынша кеменің отыруы, м;

α — форштевн сызығына қатысты аралықтың және конструктивті ватерсызығы деңгейіндегі негізгі жазықтықтың бұрышы, бұрыш;

φ — конструктивті ватерсызығына қатысты аралықтың және қимадағы диаметралды жазықтықтың алдыңғы жақты перпендикулярдан 0,15Z қашықтықтағы бұрыш, бұрыш;

β- тік және теоретикалық шпангоутқа қатысты аралықтың бұрышы алдыңғы жақты перпендикулярдан конструктивті ватерсызығының 0,15Z деңгейіндегі бұрыш, бұрыш;

βм - тік және мидель-шпангоутқа қатысты аралықтың бұрышы құрылыс ватерсызығы деңгейіндегі, бұрыш.

365. Осы бөлімде кеме корпусының учаскелерінде мынадай анықтамалар қабылданған:



1) алдыңғы жағының ауданы - алдыңғы жақты перпендикулярдан ұзындығы 0,3Z корпус учаскесі;

2) орташа аудан - алдыңғы және артқы жақтарының аудандар аралығында орналасқан ұзындығы 0,5Z корпус учаскесі;

3) артқы жағының ауданы - артқы жақты перпендикулярдан ұзындығы 0,2Z корпус учаскесі.

366. Мұзжарғыш кемелердің корпустары үшін сыртқы қаптамадан басқасына маркасы D және Е төмен емес кеме жасаушы болатты қолданады, сыртқы қаптама үшін - Е маркасынан төмен емес.

367. Беріктілік және орнықтылық есептері кернеуді рұқсат ететін, конструтивті рәсімдеулер және мұзжарғыш корпусы элементтерінің өлшемдері, егерде осы бөлімде арнай нұсқаулықтар болмаса, осы Қағиданың 3 - 6 және 8 бөлімі талаптарын қанағаттандыру қажет.

368. Корпустық конструтивті жергілікті беріктілік есебінде кернеуді жіберетін мұздық жүктемені материал ағымдылығының ReH.0,95 шегіне тең деп қабылдайды.

369. Мұздық жүктемені сынайтын түптің және борттың бойлық байланысы үшін жалпы және жергілікті иілімде кернеуді қосындылау жүргізілмейді.

370. Алдыңғы жағының ауданындағы мұздық белдік қаптамасына мұз қысымының есебі МПа мынадай формула бойынша анықталады.



 

рн = 1,4 + 0,004D1/4Р1/3,         (234)

 

371. Мұздық белдік қаптамасына мұз қысымының есебін МПа, мынаған тең дер қабылдау керек:



орташа ауданда

 

рс = 0,60рн;                  (235)

 

артқы жағының ауданында

 

рк = 0,75рн.                  (236)

 

мұндағы рн - осы Қағиданың 370-тармағында қарастырылған деректер.

372. Мұздық белдіктен тыс түптік қаптамаға мұз қысымының есебі МПа, мынадай формула бойынша анықталады:

 

рд = рнD1/4Р1/3/400,         (237)

 

мұндағы рн - осы Қағиданың 370-тармағында қарастырылған деректер.

D, Р - осы Қағиданың 364-тармағында қарастырылған деректер.



Қысым рд, рс. мәнінен жоғары болмауы тиіс.

373. Кеменің мұздық жамылғыға соққысы кезінде мұздық белдікте алдыңғы жағының ауданында әрекетететін борттық жиынтықта әрекет ететін мұздық жүктеменің интенсивті есебі кН/м, мына формуламен анықталады:



мұндағы к — а және в бұрыштарына қатысты кесте бойынша қабылданатын 61-қосымшада өлшеусіз коэффициент,



v — мұзбен соққы кезіндегі м/с, таза суда vo мұзжарғыштың 60% жылдамдығына тең қабылданатын мұзжарғыштың есепті жылдамдығы.

D - осы Қағиданың 364-тармағы, рн- осы Қағиданың 370-тармағы.

374. Борттық жиынтыққа кН/м, мұздық жүктеменің есепті интенсивтілігін qc төмендегідей қабылдау керек:



орташа ауданда - мына биіктіктен кем емес

 

qc = 0,6qн;                 (239)

 



артқы жағының ауданында

 

qк = 0,75qн.                 (241)

 

qн - осы Қағиданың 373-тармағына сәйкес.



Интенсивтілік qK қандай жағадайда да қабылданған мәннен qc кем болмау қажет.

375. Бойлық қабырға қаттылығына және мұздық белдіктен тыс түптің бос шпангоутарына мұздық жүктеменің интенсивтілік есебі, кН/м:



 

qд = 10рдL.                (242)

 

Интенсивтілік qu осы Қағиданың 239-фомуласы бойынша анықталған мәннен qc, жоғары болмауы тиіс.

376. Алдыңғы жағының ауданында шпацияны 300 мм жоғары емес қабылдайды. Оны аралық борттық шпангоут орнату арқылы 600 мм дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі.

377. Орташа және артқы жағының аудандарда мұзжарғыштың шпациясы 500 мм аспау қажет. Шпацияны аралық борттық шпангоут орнату арқылы 650 мм-ге дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі.

378. Мұзжарғыштың корпусының ұзына бойына сыртқы қаптаманың мұздық белдігі орнатылуы қажет.

379. Мұздық белдіктің жоғарғы шегі кеменің едәуір отыруына сәйкес 0,6 м кем емес ватерсызығынан асуы қажет, ал мұздық белдіктің төменгі шегі 0,02 Z ватерсызық кемесі басылу қажет, балластсыз отын және қодың жүктемесінің сәйкес жағдайы 10% бірақ ватер сызығының астындағы бос кемеден 08 м кем емес.

380. Алдыңғы жағының ауданында - алдыңғы жақты перпендикулярдан 0,2Z кем емес ұзындықта және артқы жағының ауданында - алдыңғы жақты перпендикулярдан 0,15Z ұзындықта мұздық белдіктің төменгі жиегі диаметралды жазықтыққа дейін жеткізілу қажет.

381. Мұздық белдік қаптамасының табақшаларының қалыңдығын мынадай формуламен есептелгеннен төмен емес қабылдайды,мм:



мұндағы s —жиынтық белдемдері арасының арақашықтығы,м;

р — кеменің ұзындығы бойынша табақшаның орналасуына байланысты осы Қағиданың 234 - 242-формулалары бойынша анықталған мұз қысымының есебі, МПа;

ReH - сыртқы қаптаманың материал ағымдылығының шегі, МПа.

382. Мұздық белдіктен тыс сыртқы қаптаманың табақшаларының қалыңдығын осы Қағиданың 231-формуласы бойынша анықтау керек, мұндағы Ре еспелі білктегі Р қосынды күшке тең деп қабылдау қажет, кВт.

383. Мұздық белдіктен биіктік бойынша сыртқы қаптама қалыңдығының табақшаларының кішіреюі, қалыңдығы бойынша көршілес табақшалар жұқа жалғастырушы табақшалардан 30% ажыратылу үшін біртіндеп болуы қажет.

384. Палуба төсенішінің табақшаларының қалыңдығы осы Қағиданың 356-тармағының талабын ескеріп 232 және 233 формулаларына сәйкес анықталады.

385. Алдыңғы жағының ауданында борттың рамалық шпангуот аралығының арақашықтығын 1,2 м жоғары емес, ал кеменің қалған ұзындығында - 2,0 м жоғары емес қабылдау керек.

Алдыңғы жағының ауданындағы мұздық белдік шегіндегі рамалық шпангоут дуалдарының ең аз қалыңдығы- 10 мм, кеменің қалған ұзындығында - 8 мм.

386. Конструктивті ватерсызығы деңгейіндегі мұзжарғыштың ұзына бойына (немесе онан төмен 0,25 м жоғары емес) борттық стрингер немесе платформа орнату керек.

387. Мұздық белдік шегінде борттық стрингерлер (стрингер және палуба немесе платформамен, стрингермен және түппен) аралығының арақашықтығын 1,2 м жоғары емес қабылдайды. Мұздық белдік ауданындағы сыртқы қаптамаға жанасатын көрсетілген стрингерлер және платформа табақшаларының қалыңдығы, осы ауданда орнатылған рамалық шпангоут дуалдарының қалыңдығынан кем болмау қажет.

388. Бос шпангоуттардың борттық стрингермен қиылысатын жерінде кница орнатады.

389. Борттың бос шпангоуттар стрингерге (платформаға), палубалық төсенішке, кильсон немесе түптің қаңқалық табақшасына сүйенген көпаралық белдемдер сияқты есептеледі. Борттың бос шпангоуттары есептелетін шоғырланған жүктемені, мынадай формула бойынша анықтау керек, кН,

 

Q = qs,                               (244)

 

мұндағы q — осы Қағиданың 365-тармағына сәйкес мұздық белдіктің тиісті ауданындағы мұздық жүктеменің интенсивтілік есебі, кН/м;



s — бос аралықтың немесе бос және рамалық шпангоут аралығының арақашықтығы, м.

Күштің қосымша нүктесін Q мұздық белдіктің шпангоут арасының ең ұзын ортасында қабылдау керек.

Аралық шпангоуттарды s ретінде қою кезінде осы Қағиданың 244 формуласында аралық және бос шпангоут аралығының арақашықтығын қабылдау керек. Аралық шпангоуттарды бос шпангоут сияқты есептейді.

Бірқалыпты борттық жиынтықтың көлденең жүйесі кезінде борттық шпангоуттарды рамалық шпангоутпен борттық жиынтықтың құрылымы кезіндегі бос шпангоуттар сияқты есептейді. Сонымен бірге бірқалыпты жүйе кезінде борттық стрингерлер жүктемені таратып беруші болып табылатынын ескеріп және сондықтан да шпангоуттарға тіреу болып табылмайды.

390. Борттық стрингерлер және рамалық шпангоуттар есебін борттық жабу құрамында орындау керек, сонымен бірге кеменің ортаңғы ауданы үшін мұздық жүктеменің қосымша зонасындағы бойлығын борттық жабудың барлық ұзындығы бойынша қабылдайды.



Алдыңғы және артқы жағының аудандарындағы мұздық жүктеменің қосымша ұзындығын мынадай формула бойынша есептейді, м.

 

l = 0,01 q/p,                          (245)

 

мұндағы қысым есебі р және мұздық жүктеменің интенсивтілігінің q мәндерін осы Қағиданың 370 — 375-тармағына сәйкес анықтайды.

391. Мұздық белдік деңгейіндегі бос және рамалық шпангоут дуалдары кеменің барлық ұзындығының сыртқы қаптамасына бірыңғай екі жақты тігіспен дәнекерлеу керек.

392. Ұштарда орналасқан шпангоуттар осы Қағиданың 328-тармағы талаптарын орындау қажет.

393. Бірыңғай флорларды кеменің алдыңғы және артқы жағының аудандарындағы барлық ұзындықтарында әрбір шпангоутта орнату керек.



Кеменің ортаңғы ауданындағы бірыңғай флорлар аралығының арақашықтығы 2,0 м аспау қажет.

394. Бірыңғай флорлар және кильсондардың есебін бірқалыпты таралған мұз қысымымен жүктелген 0,3рд, тең, түптік жабу құрамында орындау керек мұндағы рд осы Қағиданың 237-формула бойынша анықталады.

395. Түптің бос шпангоуттарын ұзындығы клиьсондар аралығының немесе кильсон және борт немесе бойлық аралықтар аралығының едәуір қашықтығына тең белдем ұшына қысылған бір аралықты сияқты есептеу керек. Түптің бос шпангоуттарын есептейтін шоғырланған жүктемені Q, кН, аралықтың ортасында қосылған деп есептеп және мынадай формуламен анықтау керек,

 

Q = qдs,                            (246)

 

мұндағы qд —осы Қағиданың 242-формуламен есептелетін, мұздық жүктеменің интенсивтілік есебі, кН/м,

s — түптің бос шпангоут аралығының немесе түптік бос шпангоут және флор аралығыныңарақашықтығы, м.

Бойлық қабырға қаттылығын олардың аралығының ұзындығы бірыңғай флорлар аралығының арақашықтығына, ал s мәні қабырға аралығының арақашықтығына тең болған кезде есептеу керек.

396. Көлденең қалақалар жазық болу қажет және олардың конструкциясы осы Қағиданың 361, 362, 3797- 400-тармақтары жауап беру қажет.

397. Борт қаптамасына және түпке жанасатын аралықтар матасының қалыңдығы рамалық шпангоут дуалдарының және сәйкесінше флордың қалыңдығынан кем болмау қажет.

398. Көлденең аралықтарда борттық жиынтыққа жанасатын көлденең қабырға қаттылығы орнатылу қажет.



әрбір борттан ДП-ға дейін бұл қабырғалардың ұзындығы аралықтар енінен 10% кем болмауы;

осы қабырға жеткізілетін жақын жердегі аралықтардың тіреуі рамалық болуы;

қабырға қыры осы Қағиданың 275-тармақ талаптарын қанағаттандыру, ал қабырға ұштарын «ус» қиып тастау қажет. Бұдан басқа мынадай шарттар орындалу қажет:

1) қабырғалар аралығының арақашықтығы мынадай формула бойынша анықталғаннан кем болмауы керек,м



мұндағы t — бортқа жанасатын аумақтағы аралықтар табақшаларының қалыңдығы, мм;

RеН - аралықтар материалының ағымдылық шегі, МПа;

2) белдікпен аралықтар қаптамасына жалғасқан, ені қабырға арлығы ұзындығының 1/6 тең қабырғаның инерция сәті см4, мынадай формуладан кем болмауы керек

 

і = 191psal2,                  (248)

 

мұндағы р - кеменің тиісті ауданы үшін, мұздық белдік қаптамасына мұз қысымының есебі, МПа;

s - бос аралықтың және бос және рамалық шпангоутаралығының арақышықтығы;

l - қабырға аралығының ұзындығы, м.

3) көлденең қабырға қаттылғына дейін жеткізілетін белдікпен қаптамаға жалғасқан аралықтардың рамалық тіреуінің инерция сәті см4, мынадай форсуламен анықталғаннан кем болмауы керек



мұндағы l1 - тірек аралығының ұзындығы,

l - қабырға аралығының ұзындығы, м;

і - белдікпен қаптамаға жалғасқан қабырғаның инерция сәті, см4.

399. Мұздық белдік деңгейіндегі көлденең аралықтарда орнатылған көлденең қабырғалар және шельфтер аралықтар табақшаларына бірыңғай екі жақты тігіспен дәнекерлеу қажет.

400. Көлденең аралықтардың беріктілігі тесікті палубаға дейін толтырушы мұздық жүктемені және судың гидростатикалық қысымын қабылдау кезіне сәйкес орнықтылық және иілу есептерімен тексерілу қажет.

401. Форштевннің үстінде диаметралды жазықтықта ұзындығы форштевн ұзындығынан кем емес бойлық аралықтар орнату ұсынылады.



Бұл аралықтардың табақшаларының қалыңдығы форпиктік аралықтардың қалыңдығынан кем емес қабылданады.

402. Мұзжарғыштың форштевні және ахтершевні қапталған немесе құйма болаттан жасалу қажет.



Форштевнді қалыңдығы кіші шама бойынша форштевнге жанасатын мұздық белдік табақшаларының қалыңдығынан екі есе жоғары болат табақшалардан жасауға рұқсат етіледі.

403. Форштевннің мұз соққысынан оған сыртқы қаптама табақшаларының жиегінің жанасуынан сақтайтын шпунты немесе қандай да бір басқа құрылымы болу қажет.

404. Форштевн кеменің түбіндегі жоғарғы палубадан жердегі осы көлденең аралықтардың көтергіші орнына дейін жақын диаметралды жазықтықта алдыңғы жақты көтергіштің барлық ұзына бойына орналасады.

405. Форштевень осы Қағиданың 401-тармағына сәйкес белгіленген оған сыртқы қаптамамен және бойлық аралықпен жанасатын бірыңғай дәнекер тігіспен жалғасу қажет.

406. Мұздық белдік ауданында фоштевень, аралығының қашықтығы биіктігі бойынша 0,5 м аспайтын брештуктармен нығайтылу қажет. Сонымен бірге дуалдардың биіктігі және қалыңдығы және брештук белдігінің өлшемдері, форпикте орнатылған рамалық шпангоут сияқты қабылданады. Брештуктерді шпангоуттарға жеткізу керек.

407. Мұздық белдік деңгейінде форштевннің көлденең қимасының ауданы мынадай фомуламен анықталғаннан кем болмау қажет, см2



 

F = 2L.                         (250)

 

Мұздық белдіктен жоғары қарай жою шаралары бойынша форштевннің көлденең қимасының ауданы осы Қағиданың 250-формуласы бойынша есептелген F, мәні 70% төмендеуі мүмкін.

408. Ахтершевннің көлденең қимасының ауданын осы Қағиданың 218-формула бойынша есептелген мәндермен салыстырғанда 1,5 — 2 есе ұлғайту керек.

Сонымен бірге осы Қағиданың 307-тармағы талаптары ескерілу қажет.

409. Мұзжарғыштың артқы жағының ұшында артқы жүріспен қозғалу кезінде жарылған мұздардан бұранда және меңгерікті қорғауды қарастыру ұсынылады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет